Ішкі секреция бездерінің қызметі және олардың жас ерекшеліктері Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікілей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйесі арқылы кері байланысты жолы мен реттеліп отырады да, денедегі гормоналдардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпын да сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса, организге түрлі заталмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықтайды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейтрондар өздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар- нейросек реттерді –түзейді. Нейросек реттердің түзілеуінде гипоталамустың нейрондары маңызды роль алады, ол құрлысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал олар қылы басқада ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипот аламустың нейросекреттерін рилизинг- гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гармондарының өндірілуін, ал статиндер – тежелуін реттейді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. Гипо- аз, төмен ) және күшейгенде гиперсекреция(грек. Гипер- артық, жоғары, шегінентыс ) байқалады. Демек ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп қауіп төндіреді.