Сахна жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Музыка ойналып Аққала шығады. Аққала: Мына жақтың бәрін дайындап қояйын. Қонақтар келетін уақыт жақындап қалды.
Мааа, далада қыс қандай суық. Барлығы жаңа жылды ұарсы алуға дайындалып жүр.
Ой, балақайлар, сендер осында екенсіңдер ғой. Мен сендерге бір ертегі айтып берейін бе?
Ерте,ерте,ертеде..., ой мен не деп кеттім ей, дұрыс емес.
Өткен жылы өлкеде , қоян таққа мінгенде жыл иесі атанып қалаға кетіпті. Ол қаланы уалатып-шулатынъп, әнге бөлеп, биге бөлеп, неше түрлі ойындар ойнатып, солай қызық оқиғаларды бастан кешіріпті. Ал, сол қоян биыл қалдан жалығып , бір ауылға келіпті. Айтпақшы мен бәрін сендерге айтып бергенімше, сендер одан да өздерін көріп алыңдар. Ал мен кеттім, деп кетіп қалады.
Әдемі музыкалық әуенмен сахнаға қоян шығады. Ол жан жағындағы әдемі көріністерді көріп... Қоян: Уау, қандай керемет, уаааууу..... Қандай керемет, деп қатты қуанып, айналады.
Мынау деген кереметтің кереметі ғой. Алақай, Жаңа жылды енді осы ауылда қарсы алатын боламын. Жаңа жыл демекші.... (ойланып тұрып қалады да, балаларды көріп, мәз болып) Ой, балалар, сәлем! Сендер мені таныдыңдар ма? Иә, мен дегенін Жыл иесі Қоянмын ғой. Жыл иесі демекші... ұмытып кете беремін. Балалар, сендер келер жаңа жылдың кім екенін білесіңдер ме? Білесіңдер ме? Егер білсеңдер (телефонын алып шығып) менің инстаграм парақшама Аққоян.Тоттидеп іздеп, дирекке жаза салыңыздаршы жарайды ма?
Ал мен болсам оны таба алмай жүрмін.
Анда барсам жоқ жоқ, мында барсам жоқ жоқ, сені іздеймін , үмітті үзбеймін.
(Ерке Есмахан қайда әнінің мотивіне салып орындайды) ОЙ, шапшап кеттім. Ал менің балалар , жаңа жыл иесіне беретін керемет сыйлығым бар. Көрсетейін бе? Жоооқ, көрсетпеймін. Өзіне беремін.
Ой... құұұррқққ (қарны ашып) балалар, менің қарным шырылдап барады. Жыл иесін іздеймін деп шаршап та қалдым. Ай, қазір осы ауылдың бір тұрғынынан азық сұрап көрейін. Қайда барам. Таптым ( үй жанына келеді)