«Жаңа ойын технологиялары және оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» Зерттеудің өзектілігі



Дата07.02.2022
өлшемі20,04 Kb.
#92680
Байланысты:
ғылыми аппарат


«Жаңа ойын технологиялары және оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»


Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі білім беру ісіндегі басты мәселе болашақ ұрпақты еліміздің тірегі етуге даярлау, білім беру және тәрбиелеу болып табылады.
Қазіргі қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің өзектісі - бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Елімізде білім беру мамандары 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде шетелдік іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне негізделіп, 2016-17 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру стандарты мен бағдарламаларын қайта қарады. Бұл жағдайда мұғалім оқушы тұлғасының дамуын жобалаушы маман ретінде оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдейтін, олардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға құзіреттілігі болуы тиіс. Осыған орай, бастауышта білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде жаңа ойын технологиялары ене бастады. Соның бірі оқытудағы ойын технологиясы. Ойын технологиясын қолдануда оқушы білімін кеңейтуге, ой-өрісін жетілдіруге, тілін дамытуға, шығармашылығын арттыруға, оқуға деген ынтасын жоғарылатуға, жалпы оқуға танымдық қызығушылығын арттыруға негіз болады.
Зерттеу объектісі: ойын технологиялары және оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері процесі.


Ғылыми жұмыстың зерттеу пәні - бастауыш мектепте оқушының ойын технологияларын пайдаланып, ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыту, сондай-ақ оқытудың ғылыми-әдістемесінің мазмұны.
Зерттеудің мақсаты:
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті. Оқыту – білім беру мен тәрбиелеу жұмысын ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілін байытқан, қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады.
Жоғарыдағы айтылғандарды негіздей отырып, ойын – оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады. Сондықтан негізгі мақсаты осы деп есептейміз.


Бұл мақсат мына міндеттерді шешуді көздейді:
1. Оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтау.
2. Оқушының оқуға ойын технологияларын қолдану арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру ерекшеліктерін анықтау.
3. Бастауыш мектепте о оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекеттерін дамыту бойынша эксперименттік жұмыс арқылы оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеру және оның нәтижелерін талдау, ұсыныстар қатарын әзірлеу.
Зерттеудің методологиясы: әлемдік педагогика ғалымдарының еңбектері, педагогика тарихындағы жеке тұлғаның танымдық қзығушылығын зерттеудегі ғалымдардың әдіснамалық тәжірибесі, педагогикалық тұжырымдамалар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Мемлекеттік бастауыш білім беру стандарты», философтардың, психологтардың еңбектері, озат ұстаздардың тәжірибесі.
Зерттеу әдістері:
- философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік зерттеулерді оқып-үйрену және талдау;
- озық педагогикалық іс-тәжірибені оқып-үйрену және талдау;
- бақылау;
- оқушылар іс-әрекетінің нәижелерін оқып-үйрену және талдау;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыпты магистрлік зерттеу тақырыбы етіп алуымыздың жаңалығы ретінде мынадай жүйесі бар:

  1. Оқытуда білім беруге байланысты ойын тәсілдерін қолдану, онда баланың білімдік, танымдық біліктілігі бойынша ойын, тілін дамыту ойындарының жүйесі жасалынып, оның әдістемесі ұсынылады.

  2. Сабақта ойындарды қолдану оқушының теориялық білімдерін тәжірибесінде пайдалануға тәрбиелейді. Ойын әдісін оқу үдерісінде қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Соныдықтан біз ойындардың типтерін, түрлерін ажыратып, тиімді ойын түрлерін топтастырып, білім мен тәрбие беруге нәтижелі ойындар түрінің қолданылуының әдістемесін ұсынамыз.

  3. Ойын арқылы оқушының өтіліп жатқан сабақ мақсатына сәйкес ойы, тілі, сөйлеуін арттыру туралы оқытудың теориялық және практикалық үлгілерін ұсыну болып табылады.

Ғылыми жұмыстың құрылымы мен мазмұны: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертация мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, пунктілердің (егер олардың атаулары болса) атаулары мен реттік нөмірлері, қорытынды, Әдебиеттер тізімі мен диссертацияның бұл элементтері басталатын беттердің нөмірлері нұсқалған қосымшалардың атауы болады.
Магистрант: Сейілбек Ж.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет