Мотвациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру- іздестіру
|
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң!
Қайырлы таң, мөлдір көздерім!
Қайырлы таң, жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң, мықты аяқтарым!
Қайырлы таң, арайлы күн, аспан!
Өлең тыңдаймыз
Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқиды:
Сары ала жапырақтар,
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар,
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен,
Ағады жылға-бұлақ.
Сұрақтар қояды.
-Балалар бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?
Жауаптырын тыңдап толықтырады.
Жаңылтпаш айтамыз
Санай бер, қарай бер,
Бояуы жүз, келді күз.
«Жапырақтар» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлетеді.
Жапырақтар қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып, балаларды орманға серуенге баруға шақырады.
-Көзімізді жұмып, сары жапырақтар сияқты айналып, орманға ұшып барамыз.
«Ормандағы оқиға» ойыны
Топтың бір бұрышына алдын ала орман көрінісі дайындалады: ағаштар мен бұталар, тығылып отырған сұр қоян, түлкінің суреттері.
«Бұл қандай жануар?» ойыны
-Балалар орманда қандай жануарларды кездестіруге болады?
-Қараңдаршы, анау ағаштың арасында біреу отырған сияқты (қоянның құлақтарын көрсетеді).
Балалар мен тәрбиещі ағашқа жақындап қоянның суретіне назар аударады, сұрақтар қояды:
-Қоян қандый? Түсі қандай?
Осы ретпен түлкіні де тапқызып, ол туралы сұрақтар қояды,екеуін салыстыртады.
|
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Өлеңді тыңдайды.
Ойланып, жауап береді: күз туралы.
Жаңылтпашты қайталап айтады.
ойланаады, жауаптарын айтады.
Балалар жолға шығуға дайындалады.
Балалар жауап береді.
Балалар ойланады.
Аңдарды тамашалайды
|