Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында көрнекілік құралдарды пайдалану-оқушылардың коммуникативтік құзіретіліктерін қалыптастырудың шарты.
Жакиянова Г.Қ.
Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ
қазақ тілі оқытушысы.
Көрнекілік мұғалімдердің шығармашылық ізденесін,әдістеме жаңалықтарын сергектігі,оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Болашақ маманың ең негізгі міндеті таңдаған мамандағы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын меңгеру болса,кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады.Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан көрнекіліктерді пайдалана отырып,оқушыларды қызықтыра білу керек.
Оқытудың көрнекілігі дидактиканың негізгі ұстанымдардың бірі екені мәлім.Әсірісе,қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдаланудың маңызы ерекше.Сабақта қолданылатын көрнекіліктің тілдік ұғымдарды (материалдарды) түсіндіруді жеңілдететін,көрнекілік арқылы түсіндірілген тақырып оқушының ойында берік сақталатының,оқушының елестету қабілетінің дамитынын,теориялық білімнің практикамен байланысын нығайтатынын көреміз.
Оқушының байқау,көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп,дамытатын-көрнекілік болып табылады.
Көрнекілік мұғалімнің шығармашылың ізденесі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап,сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
«Қазақ жастары ғылым,өнерді кітап сөзі деп қарамай,заттай,көзімен көріп ажырата білулері керек»,-деген.
Көрнекілік сабақтың кез келген бөлімінде,атап айтқанда,жаңа сабақты түсіндіру,бекіту,қайталау кезеңдерінде де қолданыла береді.
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдардың түрі көп.Соның ішінде дәстүрлі әрі кеңінен пайдаланытыны – кесте (таблица).
Көрнекіліктін кесте ретінде берілуіндегі артықшылық-тілдік категориялардың ұқсастығын,айырмашылығын,ерекшілігін салыстырып көрсетуге мүмкін болады.Көрнекілік арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыта аламыз.
Сабақты түсіндіру кезеңінде мынадай кестелерді пайдалануға болады.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |