Білім басқармасының
2013 жылғы «____»________
№ ____ бұйрығына
1 қосымша
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған
«Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!»
облыстық байқауы туралы ереже
Кіріспе.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!» облыстық байқауын облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе облыстық білім басқармасы өткізеді.
Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
ұйымдастыру комитеті - номинациялар жоспарын бекітеді; байқаудың өткізілу уақыты мен жұмыс бағдарламасын бекітеді; байқау жұмыстарын бағалау өлшемдерін өңдейді; байқаудың өткізілуі туралы есеп ұсынады.
қазылар алқасы – өңделген әдістеме және бағалау өлшемдеріне сәйкес қатысушылардың жұмыстарын тексереді; хаттама рәсімдейді; жеңімпаздарды анықтайды.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- оқушылардың танымдық белсенділіктерін, дербес шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушыларға жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту;
- оқушыларды бос уақыттарында шығармашылық және пайдалы дәрістерге ынталандыру.
3. Байқауға қатысушылар:
Байқауға тек команда құрып қатысу қаралған. Байқауға қатысуға білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары шақырылады. Команда құрамы 3 – 4 адамнан аспауы қажет. Бір білім беру ұйымынан 1 команда ғана қатыса алады. Команданы жетекші басқарады. Информатика мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы немесе ДК мен Интернет желісін білікті қолдана алатын білім беру ұйымының басқа да қызметкері команда жетекішісі бола алады.
Команда жетекшісі келесі қызметтерді атқарады:
Байқауға бағытталған фотоматериалдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру (бір білім беру ұйымынан 9 жұмыстан аспауы тиіс);
материалдарды www.foto.ciso.kz сайтына орналастыруға көмектесу;
4. Байқауды өткізу шарттары және жұмыстарға қойылатын талаптар:
байқауға қатысу үшін команда, сынып, білім беру ұйымының (аудан, қала) атауы мен жетекшінің аты-жөнін көрсете отырып, www.foto.ciso.kz сайтына сұраныс жіберу қажет (сұраныстар 2013 жылдың 18 қарашасынан бастап қабылданады);
жұмыстар төменде белгіленген номинацияларға сәйкес дайындалуы қажет (фотосуреттер мектеп мұрағатынан алынбай, осы байқауға арналып түсірілуі қажет);
байқауға JPG графикалық форматындағы фотосуреттер қабылданады (300 пикс/дюйм рұқсатымен);
фотосуреттерді белгіленген номинацияда және міндетті түрде фотосуреттің атауын көрсетіп, сайтқа орналастыру қажет;
Фотосуреттер www.foto.ciso.kz сайтында тек 3 күн ішінде – 2013 жылдың 18 - 21 қарашасы аралығында орналастырылуы қажет);
байқау қорытындылары 2013 жылдың 28 қарашасында www.foto.ciso.kz сайтында жарияланады.
Барлық номинацияларға қойылатын жалпы талаптар:
Коллаждар қатыстыру қабылданбайды;
Командамен байқауға ұсынылатын жұмыстар бір номинацияға 3 жұмыстан аспауы тиіс;
Бір білім беру ұйымынан 9 жұмыстан аспайтын жұмыс қабылданады.
5. Байқау номинациялары:
«Мектеп ішіне саяхат жасау» (мектептің оқу кабинеттері, кітапханалары, асханалары және т.б. фотосуреттері); «Ал біздің аулада…» (мектептің сыртқы көрінісі, мектептің алдыңғы жағы, ауласы, спорттық алаңының және т.б. жерлерінің фотосуреттері); «Біздің сүйікті ұстазымыз бәрімізді баурап алды …» (сабақ кезіндегі сүйікті мұғалім сабақтарынан үзінділер, мысалға, тәжірибе жасау кезіндегі физика пәнінің мұғалімі).
Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жұмыстар келесі себептер бойынша қаралуға қабылданбауы мүмкін:
Жұмысқа қойылатын талаптарды сақтамау (осы ереженің 4 тармағын қараңыз) – форматы, көлемі, графикалық файлдың атауы, авторлық құқықтың бұзылуы;
Бір командадан бір номинацияға бір жұмыстан артық жұмыстың ұсынылуы (ұйымдастыру комитетінің шешіміне қарай біреуі таңдалады);
Фотокөрмеге ұқыпсыз рәсімделген, өте нашар жұмыстың ұсынылуы;
Этикалық нормалардың сақталмауы.
6. Байқау қорытындылары:
Байқау құжаттарын бағалауда фотосуреттерді рәсімдеуге қойылатын барлық талаптар ескеріледі. Жұмыстар қазылар алқасымен келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
Фотосуреттің қызықты аталуы;
Тақырыптың номинацияға сәйкестігі және оның ашылуы;
Жұмыс мазмұнының бірегейлігі (фотосуреттер);
Сурет сапасы: суреттің анықтығы және айқындығы;
Композициялық шешім.
Байқау қорытындылары туралы ақпарат 2013 жылдың 28 қарашасында www.foto.ciso.kz сайтына орналастырылады.
7. Байқауды қаржыландыру
Облыстық байқауды ұйымдастыру бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй.
Байланыс телефоны: 26-04-64, 105 кабинет
e-mail: zkociso@mail.ru (ұйымдастыру комитеті үшін)
веб-сайт: www.ciso.kz
Достарыңызбен бөлісу: |