Жанар it-мамандар үшін бөлінетін гранттарға келер болсақ, 2016-2017 оқу жылында бакалавр мен магистратураға 37 мыңнан астам грант бөлініп, оның 4719-ы акт-мамандарына бағытталған
Жанар IT-мамандар үшін бөлінетін гранттарға келер болсақ, 2016-2017 оқу жылында бакалавр мен магистратураға 37 мыңнан астам грант бөлініп, оның 4719-ы АКТ-мамандарына бағытталған. Ал 2017-2018 оқу жылында жалпы 46 мыңнан астам грант қарастырылып, оның ішіндегі 6236 грант ақпараттық технология мамандарына берілді. 2018-2019 оқу жылында 63 мың грант бөлу жоспарда тұр, оның 11 мыңы IT-мамандарға арналмақ.
Нұртас Қазақстанда IT-мамандар мектептерде де, жоғары оқу орнында да оқытылады. 2018-2019 оқу жылында 5-11-сынып оқушыларына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді. Ал 2019-2020 оқу жылында бұл пәнді оқушылар 3-4-сыныпта оқиды. Одан кейін 1-сыныптан бастап оқыту жоспарда тұр. Осы мақсатта арнайы оқытушыларды дайындау жұмысы да қолға алынды. Мысалы, Назарбаев интеллектуал мектептерінің базасында соңғы үш жылда 6500 мұғалім оқып шыққан. Олар робототехника, 3D-принтинг және программалауды меңгерді. Бұған қоса, 5-11-сыныптарға сабақ беретін оқытушылар үшін роботехника пәнінің таңдамалы курсы жасалды.
Әсем
Әлемдік тәжірибе. Үздіктер қатарынан көрініп жүрген мемлекеттер инновация мен жаңа технологияны жолға қойған. Әлем елдері ақпараттық технология саласындағы кадр мәселесін шешуде екі негізгі тенденцияға назар аударады. Біріншісі жаһан жұртына ортақ ғылыми тәсіл болса, екіншісі — халықаралық стандарттар. Дегенмен 1990-жылдардың соңында әлемнің алпауыт компанияларының көбі кадр дағдарысын, соның ішінде IT-мамандарын ауадай қажет етті.
Диас Дамушы елдер батыс елдерінен кадрлар шақырып, өзара алмасып отырды. Кей ел IT-қызметті экспорттаушы болса, енді бірі импортқа мұқтаж. Экспорттаушы мемлекеттер — Оңтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Үндістан, Оңтүстік-шығыс Азия, Ресей және кейбір ТМД елі болса, импорттаушы мемлекеттер – АҚШ, Батыс Еуропа және Аустралия.
Смайлов Қазбек
Кез келген компьютер маманы Google, Microsoft және Apple сияқты алпауыт компаниялардың отанында білім алуды армандайды. Өйткені дәл осы елде әлемдік сұранысқа сай келетін IT-мамандарды даярлайды. Cала бойынша үздік университет — Массачусетс технологиялық институты. Стэнфорд университеті де мықтылардың қатарында. Ал Карнеги-Меллон университеті болса, ғылым мен техника саласын зерттеу жүйесімен әлемге әйгілі. Онда қазіргі технологиялық тренд саналатын жасанды интеллект пен роботехниканы оқытады әрі зерттеумен айналысуға мүмкіндік жасалған.
Сарқытбаев Қазбек АҚШ-та IT-саласы жоғары жылдамдықпен дамып келеді. Сол себепті де бұл мемлекетте ақпараттық технология мамандарының жетіспеушілігі бар. Атап айтқанда, Финикс, Колумбус, Денвер, Даллас, Бостон, Остин, Сиэтл, Сан-Франциско, Сан-Хосе қалаларында АКТ-маманына сұраныс көп.
Бегайым
Үндістанда IT-нарық жақсы дамыған, кәсіби мамандары жеткілікті. Бұл ел ақпараттық технология қызметтері мен өнімдерін экспортқа шығарумен әйгілі. Олардағы білім жүйесі сапалы мамандарды дайындауды әлдеқашан жолға қойған. Сондықтан болар өзге мемлекеттерде үнді IT-маманына сұраныс жоғары.
Айбар Дели және Бомбейдегі технологиялық институттар кәсіби технологтар мен инновация мықтыларын дайындап шығарады екен. Үндістанда мамандандырылған программистердің барлығы ағылшын тілін жетік біледі. Бұл да болса технология тілін білуге, меңгеруге айтарлықтай септігін тигізуде. Айта кетерлігі, «үндінің технология ғажайыбын» құруда ұлттық үкіметтің жүргізген саясаты үлкен роль атқарды.
Ақниет Израиль IT-мамандарды даярлау бойынша әлем елдері арасында алдыңғы орында. Ондағы 8 университет пен 60 академиялық колледжде ақпараттық технология мамандарын оқытады. Олардың арасындағы ең үздігі — Technion политехникалық институты және Иерусалимдегі Еврей университеті.
Алмаз Израиль мектептерінде информатиканы оқу үшін оған дайын болу қажет. Өйткені арнайы күштер (спецназ) мектептерінен кем түспейді. Осылайша олар компьютер мамандарын даярлауда тәртіп пен дисциплинаны қолданады. АКТ-саласының болашақ мамандарын әскери жағдайды білуі үшін, бірлескен технологиялық жобалар жасауы үшін әскерге жіберіп отырады.
Осымен біз ЖАС IT маман челенджін аяқтаймыз.