ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
ОРЫНДАҒАН: Ажибекова А.Б. С1511-10ж тобы
Географиялық қабық дегеніміз – литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені. Географиялық қабықтың құрылысы мен дамуында, өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы жатады. Географиялық қабықтың тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір – біріне тәуелді болуынан көрінеді. Географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дами отырып, өзге компоненттерідің әсеріне де ұшырайды және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Осы заңдылыққа сәйкес, бір компоненттің өзгерісі өте ауқымды болса, онда географиялық қабық та өзгеруі мүмкін. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңын білудің шаруашылық маңызы зор: батпақтарды құрғатқанда топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Адамның табиғатқа зиянды әсері бірден көріне қоймады, керісінше көп жыл өткен соң көрінеді. Оған Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз деңгейінің төмендеп тартылуы, шөлді аудандар аумағының қарқынды артуы, топырақтың тұздануы мен сортаңдануы тоқтату көп қиындық туғызады. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын сақтау үшін шаруашылық шараларды жүзеге асырмас бұрын игеруге жобаланған аймақтардыв географтардың мұқият зерттеуі қажет. Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысты тоқтаусыз жүретін зат және энергия айналымы нәтижесінде жүзеге асады. Айналымның бірнеше түрі бар: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы, жер қыртысындағы зат және энергия айналымы және т.б. Географиялық қабық үшін су айналымының маңызы зор. Бұл судың үнемі қозғалыста болатындығы мен еріткіштігіне, температура өзгерістеріне байланысты қатты, сұйық, газ күйіне ауысу қабілетіне, судың әр түрлі табиғи процестерді тездетуіне байланысты. Су тау жыныстарының бұзылуы мен үгілуін тездетіп, оларды тасымалдап, ойпаң жерлерге жинайды. Су айналымы ауа массаларының қатысуымен жүретіндіктен, мұхит пен материк арасындағы ылғал мен жылу алмасуы да жүзеге асады. Айналым нәтижесінде мұхит сулары 3 мың жыл ішінде жаңарып, ал атмосферадағы су буы 10 күнде толық ауысады. Айналымға түсу арқылы су басқа компоненттерді бір – бірімен байланыстырып, олармен өзара тығыз әрекеттеседі. Сондықтан су географиялық қабықтықалыптастыруға тікелей қатысады. Географиялық қабықтың дамуында биологиялық айналым да айрықша рөл атқарады. Сендерге өсімдіктану сабақтарынан жасыл өсімдіктердің органикалық зат пен оттегін түзетінібелгілі. Жарық көмегіменкөмірқышқыл газы мен судан түзілген органикалық заттар жануарлардың қорегі болып табылады. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын көзге көрінбейтін бактериялар мен ұсақжәндіктер ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарғаайналдырады. Бұл әрекеттерді жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттарды топырақтағы су арқылы өсімдіктердіңтамыр жүйесі сіңіреді. Сол себепті биологиялық айналым жылу және ылғалдың қатысуымен үздіксіз жүріп отырады. Жер қыртысында да күрделі зат айналымы жүзеге асады. Бұл айналымының негізгі қозғаушы күштері – Күн энергиясы мен Жердің ішкі энергиясы. Зат айналымының қарқынды жүруін су, ауа және тіршілік дүниесінің әрекеті де тездетеді. Өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір айналым тұйық шеңбер жасамай, бір-бірімен өзара байланыста болады. Осының нәтижесінде географиялық қабықтағы біртұтас зат пен энергия алмасуы жүзеге асады. Мысалы, жасыл өсімдіктің шіріген кезде топыраққа қайтып беретін минералдық заттарының мөлшері оның топырақтан тамыр жүйесі арқылы алған қоректік заттарынан әлдеқайда көп болады. Өйткені өсімдік құрамындағы органикалық заттар негізінен фотосинтез нәтижесінде ауадағы көмірқышқыл газы есебінен жасалады. Оның үлесі топырақтансу арқылы сіңірілетін заттарға қарағанда әлдеқайда көп болады. Бұл бірнеше айналымның өзара байланысы негізінде жүзеге асады. Айналымдардың тұйық болмауының арқасында табиғаттң барлық компоненттерінің, тұтастай алғанда географиялық қабықтың дамуы жүреді. Географиялық қабықтағы ырғақты (ритмді) құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінде айналуы тәуліктік ырғақтыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтығң, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы күнмен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуы мен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді. Жердің Күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылықты туғызады. Ол температура мен жауын-шашын жылдық барысынан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан өзендердегі су режимінен құстардың жылу жаққа қайтуларынан қыста ұйқыға кеттін жануарлардан және т.б. құбылыстардан айқын көрінеді.Әр табиғат кешенінің өзіне тән ырғақтылық сипаты бар. Мыңдаған жылдар бойы табиғатта қалыптасқан ырғақтылық тіршілік дүниесі үшін қажетті шарт болып табылады. Жердің даму тарихында жүздеген мыңдаған және миллиондаған жылдарды қамтыған ырғақты құбылыстар байқалған. Мысалы апатты жер сілкінулер мен тау түзілу кезеңдері климаттың суынуы мен жылынуы қуаңшылық суы тасқандар ырғақты түрде ұзақ уақыт (11, 22-23, 80-90 жылдық және т.б.) аралығында қайталанып отырады. Географиялық қабықтағы ең ірі кешендері – материктер мен мұхиттар. Олардың жіктелуі жер қыртысының құрылысына және оларды құрайтын табиғат компоненттерінің әр түрлілігіне байланысты. Географиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. Бұл географиялық қабықта Күн сәулесінің әркелкі таралуына байланысты. Әрбір материк мен мұхит аса ірі, өзіне тән қайталанбас табиғат кешендерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Материктердің экватор маңындағы жылу мен ылғалды көп алатын бөліктерінде географиялық қабықтағы табиғат процестері анағұрлым тез жүреді. Мұнда тіршілік дүниесінің түр құрамы мен саны өте көп. Ал полярлық аудандарда керісінше табиғат процестері баяулап, тіршілік дүниесі біршама кедейленеді. Бір ендік аумағында да табиғат жағдайлары өзгеріске ұшырайды, ол жер бедері мен мұхиттың алыс – жақындығына тәуелді болады. Сондықтан географиялық қабық табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан ауданы әр түрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі. Құрлықтағы табиғат кешендері бірнеше табиғат компоненттерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. Табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір – бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан зат пен энергия алмасуы жүретін біртұтас жүйені құрайды. Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар. Сонымен қатар олардың сыртқы көрінісі де айқын ажыратылады. Мысалы, орман, батпақ, көл тәрізді табиғат кешендерінің сыртқы көрінісі бір – бірінен айырмашылық жасайды. Мұхиттық табиғат кешендері құрлықтағыдан айырмашылық жасайды. Олар әр түрлі еріген газ және тұз қоспаларынан тұратын су массаларынан, тіршілік дүниесінен, мұхит табаны жер бедері мен түпкі шөгінділерден және т.б. компоненттерден тұрады. Дүниежүзілік мұхит жекелеген мұхит айжындары және олардың бөліктері болып саналатын теңіз, шығанақ, бұғаз сияқты табиғат кешендеріне жіктеледі. Сонымен қатар мұхитта тереңдікке қарай ажыратылатын табиғат кешендері де бар. Табиғат кешендерінің барлығы да әр түрлі дәрежеде адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне ұшырауда. Сондықтан қазіргі кезде адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендерін антрпогендік табиғат кешендері деп атайды. Олардың қатарына егістіктер, бау – бақша, парктер, қалалар, бөгендер, каналдар және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |