Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер — Ресей мен Қытай және Қазақстанды атауға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Ол кезде орта есеппен 100 000 адамға шаққандағы суицид жасаушылардың саны 30 адамды құраған. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді.
Елдегі мұндай ахуал жаңадан пайда болған үрдіс емес. Суицид жасаушылар сонау Кеңес заманынан бері бар. Ол кездің өзінде жыл сайын 4-5 адам өз-өздеріне қиянат жасап, масқара өліммен өмірлеріне нүкте қойып отырған. КСРО және әлем бойынша суицид жасаушылардың саны жағынан Қазақстан сол кездері-ақ алдыңғы қатарлы орындардан көрінген. Бір өкініштісі, суицид жасаушылардың басым бөлігі – еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Мұндай қара өлімге тап болған адамдардың небары 2-5% ғана Жүйке-неврологиялық диспансерде тіркеуде болған.
1995 жылғы теңгенің жаппай құнсыздануы салдарынан сол жылғы суицид жасаушылардың саны 20-30%-ға артқан.
2005 жылы 3 919 адам суицид жасаған болса, олардың қатарында 3 283 ер адам болған.
Қазақстандағы суицид көп орын алатын аймақтардың қатарына Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды мен Ақтау қалалары және Солтүстік Қазақстан облысы кіреді.
2008 жылы Павлодар қаласында алғашқы бес айдың ішінде 18 жасөспірімнің түрлі жағдайлардағы суцид жасаулары тіркелсе, оның оны қайғылы жағдаймен аяқталған. 2008 жылғы деректің өзі алдыңғы жылдарға қарағанда жастар арасындағы суицидтің белең алғандығын көрсетеді.
Өміріміз — аманат.
Біздің кеудемізде жанымыз болғанымен оны өз еркімізбен қиюға хақымыз жоқ. Өмір Аллаһтың адамдарға берген аманаты. Шариғат заңдары адамдарға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ол туралы хадисте: «Егер кісі өзін өлтіру үшін нені қолданса, Қиямет күні сонымен азапталады» деген.
Ислам дінінде суицид жасаушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр. Тіпті, ертеден-ақ ата-балаларымыз Ислам дінін ұстанып, ондай адамдардың жаназа намазын оқымаған және мұсылмандар жерленетін мазарға емес айдалаған көмген. Бірақ бұл жағдай халық арасында діннің жоғары мәртебеге ие болған кездерінде болатын Қазіргі кезде мыңдаған өз-өзіне қол жұмсап көз жұмса да жаназа намазы оқылып, мұсылмандар мазарына жерленуде.
«Мүмінді лағнеттеу оны өлтіргенмен тең, кім мүмінге кәпірсің деп жала жапса, оның өлтірушісі сияқты болады. Және кім өз нәпсісін (өзін) бір нәрсемен өлтірсе сол себепті Аллаһ оны қиямет күні азаптайды» – деген (Бухари мен Муслим риуяты) хадис бар.
Христиан діні мен Иудаизмде суицидке оң көзбен қарамайды. Ауыр күнә деп санайды. Библиядан суицидтің ауыр күнә екендігін хабарлайтын мәліметтерді кездестіруге болады.
Қазіргі кездегі суицидтің себептері.
Әр суицидтің шығу себебі бар. Бірақ көп жағдайлардағы себеп ондай адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеулерінде болады. Бұлар басты себептері. Ал басқа себептердің барлығы осы басты себептерге тікелей тәуелді. Мысалы, сүйген қызымен ұрысып, немесе аралары ажыраған жігіттің өзін-өзі өлтіруіне санасы ояу адам баласы үшін ешқандай ақылға қонымды себеп жоқ. Ақымақтықпен өз өмірін қияды.
Қаржылық жағдайлардың әсері де кей адамдар үшін суицидтің тудырушы күші болып табылады. Алайда, қаржылық қиындықтар басты себеп емес. Егер ондай қиындықтарға шыдамай өз-өзін өлтіру белең алса, онда әлемнің тең жартысы қырылып қалады емес пе?! Қиындық кімде жоқ дейсіз?! Демек, иманы мен өмірге деген көзқарасы дұрыс емес болған адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмай, ең дұрыс жол ретінде суицидті таңдайды.
Ренжу. Кейде жасөспірімдердің арасындағы суицид ата-анасына ренжудің салдарынан болады. Бірақ сондай ардақты жандарға ренжіп өзін-өзі өлтіру де жан дүниесінде кемістігі бар адамның істейтіні болса керек.
Қателік. Өмір болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Қандай қателік жасасақ та суицидпен шешімін табуымыз дұрыс емес. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Ата-анасынан қорқып қателігін жылы жауып қою мақсатында өлімге бару көзі ашық, көкірегі ояужандардың істейтін әрекеті емес.
Жаңалықтар
Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл - қыздардың арасында кездеседі. Соңғы кездері біздің аудан бойынша осы оқиғалар жиі орын алып, Тұрғындар арасында үлкен қобалжу туғызуда. Оның неден пайда болатынын, оның алдын алу шаралары туралы аудандық аурухананың психиатр - наркологі Энгельс Бақтыгерейұлы Ткатовпен сөйлесіп, мына жайларды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік: Суицид - қазақша айтқанда, өзіне - өзі қол жұмсау. Оларды екіге бөлуге болады. Ішкі және сыртқы. Ішкі суицидқа ұшырайтындар - суицидқа жылдар бойы әзірленіп, алдын - ала жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзірлеп, ыңғайлы уақытты күтіп жүреді. Олар тіпті туған - туыстарына да, ең жақын адамдарына да соңғы сағаттарға дейін білдірмей - ақ, ішкі күйзелісін, жан айқайын шығармай жасырын күй кешеді. Олар суицидтің нышаны бар деп әсте ойламайды. Ал, сыртқы суицид аса қауіпті емес, өйткені тіршіліктен түңілу кезеңдері ерте ме, кеш пе бәрінің де басынан күйзеліс кезеңдері өтуі заңды құбылыс. Бірақ бұндай жәйттің алдын алуға әбден болады. Ол үшін суицидтың даму себептерін білу қажет. Оның себептері: жасөспірім мен оның ата - анасының арасындағы түсінбеушілік, жасөспірімнің өмірде кездесетін қиыншылыққа төзе алмауы немесе «гипоопека» - ата - ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, «гиперопека» жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тиым салу, еркіндік бермеу, кейбір балалардың өзінің дүниеге келгеніне кінәлі сезінуі, құрбылары арасындағы қарым - қатынастың нашарлауы, жанұядағы ахуал. Оқушы мен ұстаз арасындағы немесе қызметкер мен басшы арасындағы шиеленіс те суицидке негіз болады.
Сол үшін де мектепте, студенттер арасында, жалпы көпшілік жерлерде суицид оқиғаларының алдын алу шаралары атқарылуы тиіс, қандай жерде болмасын күйзелісте жүрген, немесе жеке қиындығы басынан асып, еш шара таба алмаған жағдайды байқасаң, жедел түрде қол созып көмек берудің психологиялық күйзелістен шығарудың жағдайын ойлаған жөн. Өзін өзі өлтіру фактілері әсіресе ерлер арасында жиі кездеседі. Олардың көпшілігі жастар мен орта жас аралығындағы, яғни 20 мен 50 жас аралығындағы адамдар болып келеді.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тқұым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем - дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жүргізіп, арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады.
Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейрім - шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық, ағайын.
Өмір – Алланың адамға берген сыйы, сонымен қатар – аманаты. Ол аманатқа қиянат жасасаң, ауыр күнәға батасың. Десе де, адамзат қасіретіне орай жыл сайын өзіне-өзі қол жұмсайтындардың саны көбеймесе, азаяр емес.
Тұздыбастау «трагедиясы»
Алматы облысындағы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылындағы мектеп оқушыларының өздеріне қол жұмсап, қайтыс болғандығы туралы хабар Қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Тұздыбастауға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Александр Кулинич арнайы ат басын тіреп, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Тұздыбастау елді мекеніндегі балалардың өліміне сырттан себепкер болғандар бар деген версия екінші суицид фактісінен кейін пайда болды. Алғашқы өлген бала Сержан Тұрысбеков қыркүйектің 30-ында белгісіз себептермен өзіне-өзі қол жұмсаған. Медициналық сараптама денеде қинап өлтіру белгісі жоқ болғандықтан «суицид» деген анықтама бергендіктен, қылмыстық іс қозғалған жоқ. Екі аптадан кейін асылып қайтыс болған Абай Исабековтің жұмбақ өліміне қатысты оның ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғауды талап еткен болатын. Әкесі Әбу «Абай өзіне қол жұмсаған жоқ, оны біреулер өлтірген» деген тұжырам жасады. Осыдан кейін прокуратура Қылмыстық кодекстің 102-бабы (өзіне қол салуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары осы жұмбақ өлімдердің түйінін шешуде.
Қайғылы оқиға болған ауыл тұрғындарымен жүздесуге министрдің орынбасарымен бірге Алматы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жайлаубек Кембаев, Талғар ауданы әкімінің орынбасары еріп келді. Мектептің залына жиналған халықтың алдында министрдің орынбасары бұл мәселені аяғына дейін жеткізетіндіктерін айтты. - Тұздыбастаудағы жағдайды Ішкі істер министрлігі өз қарауына алды. Қылмыстық іс қозғалды, оның қаншаға созылатыны әлі белгісіз, бірақ біткен кезде баспасөз арқылы хабарлайтын боламыз. Абай Исабековтің әкесі «суицид емес, өлтірген» деп отыр. Оның бәрі ескеріліп отыр. Ол кісінің өзі тергеу амалдарына қатысуына болады, - деді Александр Кулинич. Жиынға қатысқан ата-аналар мектепте жоғары сыныптың балалары әлімжеттік жасап, кіші сыныптағылардан ақша талап ету фактілері бар екендігінен министрліктен келген шенеунікті құлағдар етті. Бір ата-ананың мектепте оқитын қызы, 10 сынып оқушылары 9 сыныптағыларды сабап, ақша берулерін талап еткендігін көргенін айтады.