Ахмет Иүгінеки «Хибатул хақайық» дастанының зерттелуі



Pdf көрінісі
Дата21.10.2023
өлшемі161,02 Kb.
#187262
Байланысты:
Бітімбай Нұржан КОК223.docx әдебиет практика 4
Енбек коргау-7 лекция, Реферат та ырыбы « ндірістік саниатрлы-гигиеналы факторлары», 981071.pptx, 981071.pptx


Бітімбай Нұржан
КОК
223 
1.
Ахмет Иүгінеки «Хибатул хақайық» дастанының зерттелуі. 
Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасының атын „Хибатул-
хақайық» деп әдейі араб- ша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бүл шығарманың аты 
„Айбатул-хақайық», ал кейбіреулерінде „Атебатул-хақайық» («Шындық қақпасы”) деп 
жазылған. „Ақиқат сыйы» дастанының көне қолжазбасы та- былғаны жөніндегі алғашқы 
мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бүл шығарманың 
бірнеше қолжазба нүсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі, әрі біршама толық 
сақталғаны Самарқанд нүсқасы. Бүл қолжазба қазір Ыстамбүл қаласындағы Айя- 
София кітапханасында сақталуы. Оны 1444 жылы Са- марқанд қаласында атақты 
каллиграф Зейнул Абидин Джураний деген кісі үйғыр әрпімен көшірген екен. Дастанның 
бүдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жы- лы Шейхзаде Әбдіразақ-бақши көшірген 
нүсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнүсқасымен 
қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп ба- сып шығарады.Ахмед Иүгінеки дастанының 
араб әрпімен көшірілген қолжазба нүсқаларының бірі қазір Берлин қалалық 
кітапханасында сақталуы түр. Бүл дастанның ғылымға мәлім барлық қолжазбаларын 
өзара салыстьіра отырып, шығарманың толық мәтінін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы 
Рашид Арат Рахмат бол- ды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық текстін әзірлеп, оны 
латын әрпімен кітап етіп шығарды. Әйтсе де Ахмед Иүгінеки дастанын тіл, әдебиет, 
тарих және философия ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерт- теп, шығарманың 
ғылымға негізделген мәтінін, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге 
аудару жөнінде қыруар жұмыстар тындырған орыс, қазақ, өзбек ғалымдары болды. 
Әсіресе, белгілі түркологтар Е. Э. Бер- тельс, С. Е. Малов, Қ. Махмудов, тағы басқалар 
бул салада жемісті еңбек етті. „Ақиқат сыйы» дастанын зерттеу ісіне В. В. Радлов, Т. 
Ковалевский, Ж. Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Өзбек 
ғалымы Қ. Махмудов бул дас- тан жөнінде аса қүнды монографиялық еңбегін жарияла- 
ды
[2]
. Бұл — Ахмед Иүгінеки дастаны жөніндегі ең толық, әрі сәтті шыққан зерттеу деуге 
болады. „Ақиқат сыйы- ның” прозалық және поэтикалық аудармасы қазақ тілінде де 
жарық көрді. „Ақиқат сыйы»—дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан 
сюжетке қүрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде 
әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бүл дастан өзінің 
көтерген тақырыбы мен идеялық мазмүны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы 
моральдық үғымдар мен мінез-қүлық нормаларының жиынтығы болып келеді. Адам 
қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында 
оқушысына өсиет- уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы оқушысына: адам адал 
өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді кісіні қадірлеу қажет
жақсыдан — шара- пат, жаманнан кесапат деген сияқты ғибрат айтады. Сол кездегі 
шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор „Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, 
Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. 
Ақын бүл дастанды Ыс- паһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескер- теді. 
Тегінде ақынның өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет 
қайраткерлерінің бірі бол- са керек. „Ақиқат сыйы» дастаны негізінен „Білімнің пайдасы 
мен надандықтың зияны жайында» деп аталатын жырдан басталады
2.
Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» дастаны 
3.
Құтты білік дастанының көркемдік ерекшелігін саралау. 
Дастандағы сөз өнері туралы бәйіттердің мәні мен мағынасын ашу 
4.
Дастандағы діни мәселелерді талқылау. Діни уағыздағы өлеңдердің 
көркемдік мәнін сипаттау.
Ж.Баласағұн адам мен Жаратушы арасындағы байланысты Құран кітабы аясында түсіндірді. 
Мысалы, Алла адамға ақыл, ерік пен таңдау берген. Ақыл мен ерікті бірдей дамыта білген 
адамға Алланың құты тұрақтайды, сондықтан нағыз мұсылман әрдайым Аллаға құлшылық 
жасап, одан жол көрсетуін тілеуі қажет. Адам Алланың құты арқылы жақсылыққа жетіп, оның 
көркем бейнесін көре алады. Жақсы, дұрыс, адамгершілігі мол адам ғана қоғамда сенімді 
орнығады деп баяндаған. Ойшыл мұрасында «дүниеқұмарлық, ашкөздік, пендешілік және де 


жаман істер адамды түрлі пәлекетке ұрындырады, Алланы ұмыттырады. Адамның ең басты үш 
дұшпаны бар: дүние, тән және шайтан. Алланы аузыңа алсаң, шайтан қашады, дүниеден бас 
тартсаң, құтыласың, ал тәннен қалай бас тартасың? Өле-өлгенше біргесің. Өліп барып 
құтыласың. Сондықтан тәннен, яғни оның қажеттілігі мен құмарлығын тежеу арқылы тән 
дұшпандығынан құтылуға болады» деп түсіндірген. Және де ол: «Алла әр нәрсені мақсатпен 
жаратқан. Соның ішінде адамды Алла жердегі өзінің орынбасары еткен. Әрбір жаратылғанның 
өзіндік қызметі бар. Барлық жаратылғандар Жаратушыға ұмтылады, оған қайта оралады. Себебі, 
әлем Жаратушысымен ғана мәнді. Адам, табиғат, рух, қоғам өзара үйлесімділікпен жаратылған. 
Сондықтан олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау адам баласының парызы болып табылады» 
деген. Баласағұн табиғаттың төрт элементін от, су, ауа, топырақты Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли 
сияқты төрт халифке ұқсатады. Сонымен қатар, «Құтты білік» шығармасында биліктің тек 
адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және сол 
жолға апаратыны көрсетілген. Осы «Құтты білік» шығармасы туралы А.Кононов былай дейді: 
«Өзінің насихаттық уағыздық мәтелдерінде Жүсіп ойдан шығарылмаған, нақты өмірден 
алынған өмірдің жарқын шынайы бейнелерін берді». Қорыта келе, Жүсіп Баласағұнның 
«Құтадғу білік» еңбегі ислам дінінің бар қағидаларына сай келеді. «Құтадғу білік» шығармасы 
адамдарды адамгершілікке, әдептілікке және имандылыққа шақырады. Әр адам Баласағұнның 
бұл шығармасын оқуға міндетті деп білемін. 
1)В 2)В 3)А 4)В 5)С 6)D 7)D 8)D 9)D 10)C 11)E 12)С 13)Е 14)А 15)А 16)В 17)С 18)С 19)А 20)Е


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет