Құжатарды мұрағатқа қабылдау жəне өңдеу



Дата03.06.2020
өлшемі15,76 Kb.
#72192
Байланысты:
Құжатарды мұрағатқа қабылдау жəне өңдеу


Құжатарды мұрағатқа қабылдау жəне өңдеу

Кез келген бизнесте мұрағатта саны үнемі көбейіп өсіп отыратын құжаттарды ретімен орналастыру маңызды болып табылады. қағаз құжаттар сақтауға берілер алдында сәйкес жағдайға келтіріп алу қажет, яғни даярлап алу керек. Құжаттармен жұмыс істеу тазалығы әртүрлі төлемдер мен айыппұлдардан сізді босатады.



Құжаттарды тізімдеу, айқын каталогтау, құжаттарды индекстеу-сараптамалық қызмет түрлері, осылардың барлығы сіздің мұрағатты кәсіби ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Құжаттарды мұрағатқа даярлау кезеңдерін дұрыс бағдарлай алу үшін өз мұрағатыңызда, немесе кеңседен тыс құжаттарды сақтау қорын қолдана отырып, бірқатар әрекеттерді жүзеге асыра отырып, танысу ұсынылады:

  • Жеке құрам бойынша құжаттардың құндылығын сараптау;

  • Уақытша мерзімі бар құжаттарды алу;

  • Жеке құрам бойынша уақытша мерзімнің құжаттарын алу;

  • Жеке құрам бойынша әрбір бұйрықты ғылыми техникалық өңдеу;

  • Әрбір істі ішкі тізімдеу;

  • Әрбір істі түптеу;

  • Әрбір істің сырты мен түбін рәсімдеу;

  • Уақытша белгілері бойынша істерді үнемі және уақытша сақтау үшін тізімдеу.

Сақтауға берілетін құжаттардың тізімін міндетті түрде рәсімдеу керек. Бұл кезеңді жіберіп алсаңыз мұрағаттан құжатты іздеп табу сізге оңай соқпайды. Егер, құжат мұрағаты үлкен болса, заманауи кәсіби есеп жүйесі болмаса, онда құжаттарды табу қиынға соғады.

Құжаттарды мұрағатқа тапсыру қалай жүзеге асырылады

  1. Құжаттардың құндылығын сараптау

Мұрағаттық құжаттарды уақытша сақтаудың шекті мерзімдері көптеген құжаттар үшін тағайындалып қойылған. Сақтау мерзімі біткен құжаттар акті бойынша жойылған. Үлгіге байланысты құнды құжаттың күші және өзі жойылғандығына байланысты акті құрастырылып, толтырылады.
  1. Мұрағатқа беруге құжаттарды даярлау

Мұрағатқа құжаттарды беруге дайындық құрастыру, рәсімдеу, және түптеу бойынша барлық жұмыс түрлері кіреді.
  1. Құжаттарды сақтау

Өзіндік жеке меншік мұрағатты ұйымдастыру немесе құру күрделі. Осыған байланысты заманауи мұрағаттар қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет