Жазушы: Сəуле Ахметқалиева
,
Еуразия ғылыми
-
зерттеу институты, Қазақстан
13.06.2017-19.06.2017
• No:
120
БҰҰ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ: ƏЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ
2030 жылға
дейінгі Тұрақты дамудың
күн тəртібі аясында Біріккен Ұлттар Ұй
-
ымының (БҰҰ) Тұрақты даму мақсатта-
ры (ТДМ) 2030 жылға дейін кедейліксіз
əлемге қол жеткізуге бағытталған жа-
һандық
мақсаттар болып табылады.
ТДМ 2015 жылға дейін əлемдік кедейлік
деңгейін екі есе азайту, жұқпалы ауру-
лардың таралуын тоқтату жəне жалпыға
бірдей бастауыш білім беру мақсатында
2000 жылы қабылданған халықаралық
күн тəртібі –
Мыңжылдық даму мақсат-
тарының (МДМ) орнына белгіленді.
МДМ мынадай мақсаттардан тұрады: 1)
кедейлік пен аштықты жою; 2) жалпыға
бірдей бастауыш білімді қамтамасыз
ету; 3) гендерлік теңдікті қолдау жəне
əйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту; 4)
балалар өлімін азайту; 5) аналар денсау-
лығын жақсарту; 6) АҚТҚ/ЖҚТБ, безгек
жəне басқа да аурулармен күрес; 7) эко-
логиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету
жəне 8) даму мақсатында жаһандық
əріптестікті қалыптастыру. МДМ аясын
-
да əсіресе, кедейлікпен күрес жəне бас-
тауыш білімге қол жеткізу саласында
айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткі-
зілді. Дегенмен, БҰҰ
-
ның Мыңжылдық
даму мақсаттарының 2015 жылғы есебі-
не сəйкес, бағдарлама ең кедей жəне
жағдайы төмен қоғамдастықтардың жа
-
сын, жынысын, ұлтын немесе мүгедекті-
гін ескермеген. 2015 жылы МДМ мерзі-
мі аяқталған соң 2015
жылдан кейінгі
Дамудың күн тəртібін белгілеу үдерісі
ТДМ
-
ның құрылуына əкелді. Осылайша,
ТДМ МДМ
-
ның барлық кемшіліктерін
ескере отырып əзірленді
.
Бəрін қамтитын мақсаттарды қалыптас-
тыру үшін комитеттегі 30 орынды ие
-
ленген
БҰҰ
-
ға мүше 70 мемлекет қа-
тысқан жоғары деңгейдегі БҰҰ Ашық
жұмыс тобы ТДМ
-
ды əзірлеу бойынша
жұмыс істеді. Əрбір орынды бір БҰҰ
аймақтық тобынан бірден төртке дейін
ел бөлісті. МДМ «БҰҰ
-
ның ішкі бюрок-
ратиялық құрылымы» деп сипатталды.
2014 жылдың 19 шілдесінде күн тəртібі-
нің соңғы жобасы мақұлданды. Ал 2015
жылы 25 қыркүйекте
ТДМ шеңберінде
«Əлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі тұ
-
рақты дамудың күн тəртібі» деп те ата-
латын кедейлікті жоюға жəне əлемді
қорғауға бағытталған 17 мақсат қойыл-
ды. Жоспар 2016 жылдың қаңтарында
күшіне енді. ТДМ «Біз қалайтын бола-
шақ» атты құжаттың қағидалары негі-
зінде дайындалды. Аты аталған құжат
2012 жылы 20
-
22 маусымда Бразилия-
ның Рио
-
де
-
Жанейро қаласында өткен
БҰҰ
-
ның «Рио+20» Тұрақты даму жө-
ніндегі конференциясында
қабылданған
болатын. ТДМ заңды түрде байланыс-
тырушы болып табылмайды, бірақ елдер
ұлттық деңгейде шаралар қабылдайды
деп күтілуде. Мақсаттардың іске асыры-
луы əр елдің тұрақты даму саласындағы
саясатына негізделуі керек.
ТДМ дамушы елдерге қаржылық қол-
дау, технологиялар трансферті жəне да
-
мушы елдердің экспорттық мүмкіндік-
терін арттыру үшін ашық сауда жүйесін
дамыту сияқты бірқатар құралдар арқы-
лы қамтамасыз етіледі. Осыған байла-
нысты 2014 жылы ТДМ Қоры үкімет-
тердің, академиялық ортаның, азамат-
тық қоғамның жəне жеке сектордың
күш
-
жігерін біріктіріп, халықаралық до
-
норлық агенттіктер мен өкілдерді тарту
арқылы күн тəртібін іске асыру мақса-
тында құрылды. ТДМ Қорының төрт ай
-
мақтағы 21 елде шамамен 70
миллион
доллар болатын ортақ бағдарламалары
бар. Африка, Латын Америкасы,
Азия
жəне Араб мемлекеттеріне бағытталған
бағдарламалар негізінен үш салаға көңіл
бөлуде: кедейлікті жою, азық
-
түлік қа
-
уіпсіздігі жəне тамақтану, су жəне сани-
тария қызметтерін дамыту үшін эконо-
микалық өсуді қамтамасыз ету мəселе-
лері. Бағдарламаларды іске
асырудағы
əріптестікке қорларды біріктіру арқылы
қол жеткізіледі. Яғни сыртқы қаржы-
ландырудан түскен қаражат Қордан жа
-
салған ақшалай қолдауға сəйкес
келуі
керек дегенді білдіреді.
МДМ
-
ның мұқтаж адамдарға көмек көр
-
сете алмауына қатысты сынды назарға
алатын болсақ, ТДМ
-
ның тіпті ең кедей
жəне ең алыстағы қоғамдастықтарды
қамтыған əмбебап табиғатының болға-
нын айта кеткен жөн. Күн тəртіптері
арасындағы ең үлкен айырмашылық
мақсатты елдер болып табылады: МДМ
тек дамушы елдер сияқты кедей елдерге
көмек көрсетсе, ТДМ кедейлер мен бай-
лар арасындағы алшақтықты азайту
үшін дамушы елдерде де, дамыған ел-
дерде де кедей адамдарға ерекше назар
аударып, бүкіл əлемде жұмыс істеуге
ұмтылуда. ТДМ үкіметтер,
ірі корпора-
циялар, жекеменшік сектор жəне табысы
төмен, орташа жəне жоғары елдердің
азаматтық қоғамын іс
-
əрекетке шақыру
болып табылады.
Екі күн тəртібі мақсаттары ұқсас болса
да, МДМ аясының шектеулі болуына қа
-
тысты сынға байланысты ТДМ
-
ның не
-
гізгі мақсаттары 8
-
ден 17
-
ге дейін ке-
ңейтілді. Бұл мақсаттар 169 нысаннан
тұрады. ТДМ МДМ
-
да көрсетілмеген
жаңа мəселелерді қосып,
келесі мақсат-
тарды алға қойды: 1) кедейлікті жою; 2)
аштықты жою; 3) денсаулық пен аман-
дық; 4) сапалы білім беру; 5) гендерлік
теңдік; 6) таза су мен санитария; 7) қол-
жетімді əрі таза энергия; 8) лайықты жұ
-
мыс пен экономикалық өсу; 9) индус-
триализация, инновация жəне инфрақұ-
рылым; 10) теңсіздікті төмендету; 11)
тұрақты қалалар мен елді мекендер; 12)
жауапты тұтыну мен өндіру; 13) кли-
маттың өзгеруіне қарсы күрес; 14) мұхит
экожүйелерін қорғау; 15)
құрлық
эко-
жүйелерін қорғау; 16) бейбітшілік, сот
əділдігі мен мықты институттар жəне
17) тұрақты даму мүдделеріндегі əріп-
тестіктер. Осы мақсаттардың əрқайсы-
сына 15 жыл ішінде қол жеткізуге бола-
ды деп күтілуде.
Көріп отырғанымыздай, барлық 17 мақ-
сат бір
-
бірімен байланысты жəне бір
-
бірінсіз прогреске қол жеткізу мүмкін
емес. Климаттың өзгеруі, су тапшылы-
ғы, аурулар, теңсіздік сияқты өмір сүру-
дің жағымсыз аспектілері ең алдымен ең
кедей қоғамдастықтарға ықпал еткендік-
тен, барлық күн тəртіптерінде біркелкі
даму қамтамасыз етілмегенше ең ма-
ңызды
мақсат –
кедейлікті (соның ішін-
де шектен шыққан кедейлік пен аштық-
ты) жою мүмкін емес. Экономикалық,
əлеуметтік жəне экологиялық даму бірге
жүзеге асырылады жəне қайыршылық
пен аштықты жою үшін барлық аспекті-
лерді жетілдіру маңызды. Күн тəртібінде
белгіленген
мақсаттар орындалса, ке
-
дейлік, климаттың өзгеруі жəне теңсіз-
дік мəселелері 2030 жылға қарай шеші-
луі тиіс.