Жеке басқа табынудың «шарықтауы» ЖӘне «жылымық» Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата07.02.2022
өлшемі264,58 Kb.
#90966
Байланысты:
ДәрісТЕР
Жаркынбек Карлыгаш семинар, англ, grants 2021 kz

Дәріс №5

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУДЫҢ «ШАРЫҚТАУЫ» ЖӘНЕ «ЖЫЛЫМЫҚ»

1. Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы
2. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай
3. «Хрущев жылымығының» әлеуметтік-экономикалық сипаты

1. ЕЛДІҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ



Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды.
Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн.365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).
1945 жылдың шілде-қыркүйегі-бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. 1945-1948 жылдар -8,5 млн.адам босатылды. 1946 жылғы 18 наурыз -1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Оның міндеттері:
1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру;
2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез қарқынмен дамыту.
Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды.
Соғыс аяқталған соң қатаң бір орталыққа бағындырылған экономиканың тиімділігі бұрыңғыдан да тұрақты идеологиялық сипатқа ие болды. Жеңіске жетудегі таңдаған даму моделінің дұрыстығына сенген сталиндік партиялық-мемлекеттік насихат әміршіл-әкімшілік жүйенің мызғымастығын бұқара санасына үстемелей енгізе түсті. 1946 жылы ауыл шаруашылығында орын алған табиғат апаты әрі соғыс зардабы салдарынан тереңдей түсті. Ғаламат қуаңшылық, 1891 мен 1921 жылғыдан да асып түсіп, сол жылдың көктемі мен жазында Молдавия, Украина, Орталық қаратопырақты облыстарды, Төменгі Поволжье, Примор өлкесін және кең-байтақ еліміздің басқа да өңірін қамтыды. Күйіп кеткен егістің жалпы ауданы 4,3 млн гектарды құрады. Жүз мыңдаған гектар жердің егісі тұқымға кеткен егіннің есесін де толтыра алмады. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56 % мемлекетке тапсырылған. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министерлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық жиналды.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың өзінде ірі қара саны 4,5 млн. (1928 жылы 6,5 млн болған); жылқы 1,5 млн. (3,5 млн), түйе 127 мың (1 млн.) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы санына жақындады: 1951 жылы 18036 мың қой болды (1928 жылы 18566 мың). Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құнының сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 колхозға 143 000 сом ақша жұмсаса, 1950 жылы 170 000 сом ақша жұмсалған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды, немесе тек 60 % колхозшының бір күндік жұмысына 1 кг астық тиесілі болса, қалғандарінікі бұдан да төмен болған. Шаруаның колхоздан алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күн көріс көзі - өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.
Әміршіл-әкімшілік экономика жағдайында азық-түлік тапшылығынан шығу жолы мүлде тарыла түсті. Түптеп келгенде барлық таңдау екі тетікпен: халықты нормаға отырғызу және экстенсивтендірумен шектелді.1946 жылы желтоқсанда КСРО Министрлер Кеңесі «Егіс алабын кеңейту және дәнді дақыл, әсіресе КСРО шығыс аудандарында жаздық бидай өнімін арттыру туралы» қаулы қабылдады. Онда көрсетілген нұсқауға сәйкес 1947 жылы егістік алқабы мөлшерін 10 млн гектарға ұлғайту жоспарланды. 1947-1949 жылдары астық себілетін алқап Қазақстан, Сібір, Оңтүстік Оралда 6,5 млн гектарға ұлғайтылуы тиіс болды. Астық өндіруді экстенсивтендіру бағдарламасы аясында 1950 жылы Қазақстандағы егіс алқабы 1946 жылмен салыстырғанда 1 млн 173 мың гектарға өсті. Тек осы фактор есебінен астық дақылы ішкі өнімін біршама ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп комплексін дамыту; Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Бесжылдық құрылыстары:
1. 1946-1951 жылдары республика болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
2. Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
3. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
4. Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.
5. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды.
6. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52%-ға артты.
50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны-65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:
1. Семей илеу-сығынды зауыты өнім бере бастады.
2. Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.
3. Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық телефон станциясы салынды. Радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жж. Қазақстанда теміржол траспорт түрі жедел қарқынмен дамыды. 1950 жылы ұзындығы 483 км.Мойынты-Шу темір жолы салынды. Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды.Байланыс ісі жақсартылды: барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.
Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті: 1945 жылы – 1.044 мың, 1950 жылы -1.403 мың.
Әміршіл-әкімшіл өзгермес жүйе аясында өнеркәсіпті дамыту стратегиясы да қатар бой көтерді. Сол тұста, сырттан төніп тұрған қауіпті асыра бағалаған Сталин, басымдылық мақсатында қорғаныс кешендерін және ауыр индустрияны яғни, «А» тобын барынша дамытуды алға қойды. Ал жалпы тұтыну тауарын өндіруге бұл «Б» тобы деп аталды, шын мәнінде тосқауыл қойылды, оған өз кезінде кеңес көсемінің «революция шығынсыз болмайды», әлеуметтік жағдайды өркендету жарқын болашақтың ісі деген тұжырымы негізге алынды.
Соғыстан кейін де жалғасқан «Б» тобын өндіруді екінші кезекке ығыстыру, елдің ресурсын барынша әскери-өнеркәсіп кешендерін дамытуға жұмылдыру және ауыр өндіріс құралдарын көптеп шығару «жаңа империялистік агрессия» төндіріп отырған қауіптен шығу жолымен ақталды.
Республикада осы тұста Қарағанды металлургия заводын (оны Қазақстан Магниткасы деп атады)салу жұмысы қолға алынды. Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін бере бастады.Балқаш мыс қорыту заводының өндірістік қуаты ұлғайтылды, Жезқазғанда аса ірі мыс қорыту комбинаты кешендері салына бастады, Қарағанды мен Екібастұз кеніштері көмірі кеңінен пайдаланылды. Осы жылдары Қазақстан КСРО әскери-өнеркәсіп кешенінің ірі буынына айналды.Әскери өндіріс инфрақұрылымын кең ауқымда дамытумен қатар, мұнда Семейдің жанынан атом полигонын, Балқаш маңынан-зымыран полигонын, сәл кейінірек-Байқоңыр ғарыш айлағын салу ісі қолға алынды.
Тұтыну заттарын өндіруге келетін болсақ, оның ауқымы республикада өте төмен деңгейде болды. 1950 жылы Қазақстанда барлығы 65 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді, оның дені қазан төңкерісіне дейін салынған болатын. Мақта мен жүн, былғарыны мол өндірушінің бірі бола отырып, республиканың одақ көлеміндегі мақта-мата - 0,1%, жүннен тоқылған мата 1,4%, былғары аяқ киім-1,7% өндірудегі үлес салмағы керісінше мүлде төмен болды. Осы жағдай «Б» тобындағы барлық салаға тән сипат еді.
1947 жылғы желтоқсан-карточка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік, өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Ұлы Отан соғысынан кейін тағам өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына 1947 жылы наурызда карточкалық жүйе алынып тасталды.Товарды карточкамен беру жүйесі жойылып, 1947 жылы ақша реформасы жасалғанмен, соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың өмір сүру деңгейі төмендей түсті. Оның үстіне, карточка жойылып, ақша реформасы жүргізілгеннен кейін де, 1940 жылмен салыстырғанда бөлшек саудадағы баға үш есе жоғары болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы 1950 жылы соғысқа дейінгі деңгейден орташа жалақы есебімен екі есеге тарта артты, яғни 1948-1954 жылдардағы бағаның төмендеуі оның жалпы деңгейін 2,2 есеге түсірді, сол себепті, 1940 жылғы деңгейге жете алмады. Солай бола тұра, 1940 жылғы бөлшек сауда индексі 1928 жылғы деңгейден 6,4 есе асып түсті. Осы жылдар аралығында жалақы мөлшері де осы шамада өсті, яғни соғысқа дейінгі он екі жылда сатып алу мүмкіндігі де сол бұрыңғы деңгейінде қалды.
Бұдан басқа да еске алатын жайт, 1948-1954 жылдардағы бағаның төмендеуі, халықтан мемлекеттік займ түрінде мәжбүрлеу жолымен ақша жинау және жалақы мөлшерінің мүлде төмен деңгейі арқасында жүзеге асырылды. Ұлы Отан соғысынан кейін бағалардың себепсіз төмендеуі ауылдар мен селоларда өмір сүрудің қиындауы есебінен өткізілді.
Ауыл тұрғындарының халі мүлде ауырлай түсті. Олардың еңбекақысының мөлшері колхоз кірісі деңгейімен белгіленді, ол болмашы ғана сомадан тұрды. Себебі, ауыл шаруашылығы өнімін мемлекеттің сатып алу бағасы өте төмен еді, астық өндіру саласында жұмсалған шығынның мемлекет тарапынан сегізден бірі ғана, ал мал шаруашылығында одан да аз төленді. 1946 жылы Қазақстанда бір колхоздың беретін кірісі 143 мың рубльді, ал 1950 жылы 170 мыңға жуық рубльді құрады. Сондықтан ауыл тұрғынының бесжылдықтың соңына қарай, 1950 жылы орташа жалақысы әрең 40 рубльге жуықтады. Ал жалақыны өнімдей төлеуге келетін болсақ, колхоздардың 60% ғана бір еңбеккүнге 1 кг-дай бидай, ал қалғандары одан да төмен төледі. Колхозшы отбасының барлық мүшелері табысын қосқанда колхоз табысынан алар үлесі аз болды, ол ақшалай табыстың 20% және астық кірісінің 38% ғана құрады. Негізгі күнкөріс көзі жеке отбасылық шаруашылығы болып саналды. Соның арқасында колхозшылар өзіне қажет картоптың - 88,4%, көкөністің-73,4%, ал еттің – 85,3%, жұмыртқаның – 95,6%, сүттің - 97,7% осы отбасылық шаруашылығы арқылы қамтамасыз етті. Ауыл тұрғындарының жеке отбасылық шаруашылықтан өндірген азық-түлігін сатқандағы түсім барлық тапқан табысының үштен бірін құрады. Бірақ, мемлекет бұл арада өз үлесін қалт жібермеді. КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Бүкілодақтық Коммунистік большевиктік партиясы Орталық Комитетінің 1939 жылғы қаулысына сәйкес колхоздағы отбасылық шаруашылығы бар әр үй ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекетке ең төменгі бағамен мәжбүрлі түрде өткізіп тұруға тиісті болды. Әр аймақ жағдайына қарай әрбір отбасы жылына мемлекетке 40-тан 60 кг-ға дейін ет, 120-280 литр сүт, 30-150 дана жұмыртқа тапсырып тұрды. Шаруалар өздері өндірген азық-түлік өнімдерінің бір бөлігін ғана базарға сата алатын, бірақ тапқан табысының денін түрлі алымдар мен салыққа төлейтін.
Мемлекет саясаты мұнымен шектелмеді. Колхозшылар онсыз да мардымсыз табысынан мәжбүрлі түрде сақтандыру төлемі мен мемлекеттік займ алды. Түрлі алым-салықтармен мемлекет шаруалардың жағдайын күйзелтіп отырды. 1939 жылдан бастап салық табыстың мөлшеріне орай, малдан тапқан табысқа, еккен егіске, бақшадағы жеміс ағашына дейін салынды. Әр сиырдың беретін табысы, егістің әр «сотығынан», әр жеміс ағашынан түсетін табыс есепке алынып отырды. Егер түсетін табыс 2 ден 3 мың рубль мөлшеріне жетсе, онда шаруашылықтан алынатын салық 220 сом және 2 мыңнан асқан әрбір сомға қосымша 13 тиын төлеуге тиіс болды. Колхозшылар жеке отбасылық шаруашылығын жан-жақтан қыспаққа алған мемлекет оның күнкөріс көзін тарылта түсті. 1946-1948 жылдары Қазақстанның 1600 ауыл шаруашылық артелінде жеке отбасылық шаруашылық жерінен 536,6 мың гектар жер «заңсыз иеленген» деген желеумен, 70 мың мал, дебиторлық қарыз деп аталатын 213 млн. сом ақша өндіріліп алынды. Осындай тікелей немесе жанама алым-салық шаруа отбасының онсыз да мардымсыз күнкөрісін күйзелтіп кетті. Осылайша, мемлекет халықты азап пен ас ішіп жарымас тіршілікке душар етіп, социалистік иделогияның болашақ кереметтілігін сөз жүзінде ғана терең насихаттай берді.

2. РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ



Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе 40 - 50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.
1949 жыл –М.Әуезовке «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді.
Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.
Москва мен Ленинградта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан XIX ғасырдың 20 - 40 жылдарында» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады.1950 жылы «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақалада Е. Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, «Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылғы 4 желтоқсан –Қазақ КСР Жоғарғы Сотының сот алқасы үкімімен РСФСР ҚК-ның 58-10 бабы бойынша «Кеңес мемлекетіне қарсы үгіт-насихат үшін (бабы бойынша)» 25 жылға бас бостандығынан айрылды.Е. Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б. Сүлейменов, Е. Смайлов, жазушы Ю. Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә. Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.Аса ірі ғалым Ә.Марғұланның (1904-1985жж) көзқарастары ғылымға жат тұжырымдарға толы деп жарияланды.Ә.Марғұлан-Қола және ерте темір дәуірінің ерекше ескерткіші – Бегазыны ашқан, көзқарасы жалған деп айыпталған ірі тарихшы.
1948 жылы «космополитизммен», яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О. Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ. Сәтбаев «Едіге батырға» алғыс сөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанса, М. Әуезов 1945 ж. жарық көрген «Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі» еңбегінде Абайды «феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін» қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мәжбүр болды. «Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В. Бартольд та енгізілді. Оған «араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А. Маметованың «Абай Құнанбаев» атты әдеби еңбегінде де космополиттік деген кінә тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С. Мұқановтың «Балуан Шолақ», С. Мұқанов алғыс сөз жазған Қ. Аманжолов пен Х. Бекхожиннің «Батырлық эпосы», Қ. Сатыбалдиннің «Әлия», М. Хакимованың «Мәншүк» еңбектері қайтып алынды.
1946 жылғы маусым-Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды Тұңғыш президенті – Қ.И.Сәтбаев (1899-1964жж).
1946-1949 жылдары Академияның ғылыми-зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін 900-ден астам ұсыныс жасады.
1950 жылдың соңы – Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі, 16 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база болды. 500-ге жуық аспирант оқыды. Кеңес қоғамында қалыптасқан екі жақтылық байқалды: Жоғары идеялар, өмір шындығы, олардың арасында қарама-қайшылық күшейе түсті.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын «ұлтшылдардан» тазалау саясаты тоқтатылды.
Соғыстан кейінгі жылдары қоғамда өзгеріс қажет деген түсінікті әкімшілік жүйе идеологиялық және қудалау сипатындағы шаралар арқылы тұншықтырды. 1953 жыл 5 наурыз күнгі Сталиннің қазасынан кейін аппаратқа, қуғындаушы органдарға сүйенген жүйе дәуірі аяқталды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысы басталды.
1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың пайда болу себептерін, мәні мен ерекшеліктерін және салдарларын анықтап, талдады. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын-сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молтов, Каганович, Ворошиловты қорғады.Коммунистік Партияның XX съезінің тарихи маңызы И.В.Сталиннің жеке басына табыну тоқтатылды.
«Жеке басқа табынушылық және оның салдары» туралы мәселе 25 ақпанда сьездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында «Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою» жөнінде қаулы қабылданды.Шетелдік баспасөзде баяндама мәтіні XX съезд өткеннен бірнеше күннен кейін жарияланды.Ал КСРО-да 1989 жылы «Известия КПСС» журналында 33 жылдан кейін ғана Партияның XX съезінде Н.С.Хрушевтің Сталиннің жеке басына табынуды жою туралы баяндамасының толық мәтіні жарияланды.
Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. 1953-1955 жылдар – Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бұл-кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудакты, А.Рыковты, В.Чубарьды ақтады.
Осы кезеңде қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенесбаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан , әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерге қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақта көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Айматуытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлар, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға , әміршіл-әкімшіл жүйе тыйым салды.
Әміршіл-әкімшіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің «Ақын аға», Қ.Шаңғытпаевтың «Намыс» және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялануға тыйым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына «Партия ұйымдарының бұқара арасындағы жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде» арнаулы жабық хат жолдады.
Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов «1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы» аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана «Советтік шындықты бұрмалағаны үшін» және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Москваға бағындырылды. Ақмола - Целиноградқа, Батыс Қазақстан - Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуэзов бас болып «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты - қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді.
3.«ХРУЩЕВ ЖЫЛЫМЫҒЫНЫҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ

1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды.Н.Хрушев ел өміріне өзгеріс енгізуді аграрлық сектордан бастады.Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауыл шаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады. Бірақта бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды.


1954 жылғы қаңтар-наурыз-КОКП Орталық Комитетінің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.
Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 100 млн.-1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар:Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар .Бұрыңғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрды.1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг. жетті. Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Европалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың европалық бөлігінде жылдан жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған европалық аудандардан тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30-шы жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша үлестік салмағы 30%-ке дейін төмендеп кетті. Сөйтіп, Кеңестік Республикалар ішінде Қазақстанда ғана қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған ұлт болды.
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды.
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы - 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді.
Бесжылдықты мерзімінен бұрын орындау жолында социалистік жарыс кеңінен қанат жайып, әсіресе, қара металлургия саласы үлкен табыстарға жетті. Түсті металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол алғашқы мырышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52% артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті. Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрикасы, Жамбылдағы,Қызылордадағы, Павлодардағы тері заводтары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан тұтыну тауарлары халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады.
50-ші жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың 6-шы бесжылдық, 1959 жылы ХХІ съезде қабылданған 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспарлармен белгіленді. 60-шы жылдардың өзінде ғана 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясының бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киім комбинаты және т.б. болды. «Қазақсельмаш» зауыты ауылшаруашылық машиналары бөлшектерін шығаруға мамандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстардың механизацияландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар мен жабдықтар шығара бастады.
Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс комплексінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да әскери өнеркәсіп комплекстері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен №2 оқу полигоны деп аталған Семей атом полигоны салынды.1949 жылы Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс болды.
Осы полигонда 1949-1963-ші жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала басталды. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.1962 жылы Қазақстанда радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу басталды.
1950 жылдың басында Байқоңыр ғарыш айлағы салынды. Бұл құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Ракета ұшқандағы жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай ауа қабаттарын, жердегі су, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сырдария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин Қазақстан жерінен Байқоңырдан ғарышқа ұшты.Хрушев тұсында жеңіл және тамақ өндіріс салаларына тежеу жасалынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқынмен дамығандықтан, халықтың материалдық жағдайы төмен қалпында қала берді. Республикада 200-дей жаңа өндіріс орындары салынды.
Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты - Шу темір жол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстарған Павлодар темір жолы ашылды. Ал Қазақстанның мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау-Астрахань, Бейнеу-Қоңырат секілді темір жол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда темір жол транспортымен бірге республикада автомобиль, құбыр, әуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаңа ірі автомобиль жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60-шы жылдары құбыр транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеруге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Атырау-Куйбышев мұнай құбырлары іске қосылды. Транспорттағы бұл нәтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қатынасымен қамтылудың жеткіліксіздігі байқалды.Жергілікті ұлт өкілдерінен маман жұмысшы кадрларын даярлауға қамқорлық жасалмағандықтан, 1957-1973 жылдар жұмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4%-тен, 11,7%-ке дейін төмендеді. 60-шы жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік, бюрократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жасады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстанның қарамағына берілді.Кеңес үкіметі кезінде ауыл шаруашылығының тиімсіздігінің негізгі себебі: шаруалардың өз еңбектерінің нәтижесінен шеттетілуі. 60 жылдардың ортасында Қазақстанда шаруашылық есепті енгізу қолға алынды.1954-1964 жылдар тарихта «жылымық жылдары» деген атаумен қалды.

КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.


Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы.
Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.
Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Дәріс №7
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ӘРЕКЕТТЕРІ
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991 жылдар)
1. ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. 1920-1930 жылдардағы қасіретті белес меншік қатынастарын бүрын-соңды болмаған мемлекеттік қатынастарға айналдыру жөніндегі кеңестік эксперименттің басталуы болатын. Сталиндік «аграрлық революция» (ұжымдастыру) мен бүкіл өнеркәсіптік инфрақұрылымды мемлекет меншігіне айналдыру (индустрияландыру) қоғамды ұзақ онжылдықтар бойына құрсаулаған, оны саяси тоталитаризм мен иррационалдық экономикалық болмыстың озбыр өктемдігінде болуға душар еткен жүйені дүниеге әкелді.
Хрущевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық «жылымығы» сталинизмнің «мұз құрсауын» аздап жібіткенімен, қоғам өмірінің қалыпты ережесін өзгерте алмады. Қоғамдық қағидат әкімшіл-әміршіл жүйенің бұрынғысынша тамыр соғысынан қуат алып өзін «сергек сезінді».
Алайда оның жалған экономикалық тонының өңі айналып, шын тұрпаты көріне бастады. Брежнев командасы «қоғамның күткеніне» етене деп кеңінен насихаттап үлгерген кезекті реформаторлық шара да, сол сылбыр ишарадан аспады.
Кеңестік бейнеарықтық экономика тек бір ғана экстенсивтендіру ресурсымен әрекет ете алатын. Шексіз кеңейтіле беретін табиғат қорын пайдалану және еңбек бұқарасын толассыз еселей түсу стратегиясы халық шаруашылық серпінінің басты шарты деп танылды. Белгілі бір уақыт үзігінде бұл факторлар «экономикалық сергу» әсерін туғызды, бірақ мұның өзі барған сайын «бір орында тұрып секіруге» көбірек ұқсады.
Кеңестік әкімшіл-әміршіл тәртіп экономикасында бұған мүлде кереғар үрдіс дамыды. Өндіргіш күштердің құрылымы индустриялық-аграрлық құрылым болып қалды. Өнеркәсіптегі өндіруші (шикізаттық) сектор өңдеуші салаға күшті қысым жасады. Бұл орайда өңдеуші сектордың ақырғы өнімі орташа өлшемдік көрсеткіштерде қосылған құны төмен және инновациялық-креативті зияткерлік еңбектің жұмсалу коэффициенті біршама аз болды. Дәстүрлі салалар өндірісі өнеркәсіпте бұрынғысынша еңбек ресурстарын тартудың негізгі саласы ретінде көрінді. Өнеркәсіптің ғылымды көп қажетсінетін секторларында істейтіндердің үлес салмағы мүлде төмен болды. Экономиканың бейнарықтық сипаты еңбек ресурстарының жұтылуында қызмет көрсету секторы үлес салмағының да болмашы екенін айқындады: Қазақстанда 1980 жылдардың ортасында халық шаруашылығында барлық жұмыс істейтіндердің небәрі 8%-ы ғана осы салада істеді, ал өнеркәсіп пен құрылыста олардың бүкіл жиынтығының үштен бірінен астамы еңбек етті.
Қазақстанның ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 1970 жылмен салыстырғанда 1985 жылы небәрі 2%-ға ғана артты (және бұл он бес жылда!) ал 1980 жылмен салыстырғанда тіпті 9%-ға құлдырат кетті. Аграрлық сектордың жалпы өнімнің өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта (1966-1970 жылдар) 28% деңгейінде тіркелді (бұл көрсеткішті 1965 жылғы наурыз реформасы «сергітті»), тоғызыншы бесжылдықтың (1971-1975 жылдары) өзінде бұл көрсеткіштер 15%-ға дейін құлдырады, ал оныншы бесжылдықта (1976-1980 жылдары) республиканың ауыл шаруашылығы өнімнің жалпы өндірісінде нөлдік белгіге әрең дегенде шықты: оның өсімі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ды құрады.
Экстенсивтендірудің таптаурын болған арнасымен жылжыған үкімет өндірістік инфрақұрылымды кеңейту саясатын жалғастыра берді, сол себепті сақалды құрылыстарды еріксіз инвестициялады және тауармен қамтамасыз етілмеген ақша жиыны өсті (қарапайым тілмен айтар болсақ, мұнда мынадай байланыс болды: жылдар бойы салынатын объектілер өнім бермеді, ал оларды салушылар осы уақыт бойына үзбей жалақы алып тұрды, яғни шартты түрде айтқанда, қаңыраған тұтыну нарығы салдарынан «тауарға» айнала алмаған «бос» ақшаны алып тұрды). Егер 1986 жылы жаңадан салына бастайтын құрылыстың сметалық құны 48,5 миллиард сом болып белгіленген болса, 1988 жылы қаржының құлдырап кеткеніне қарамастан 59 миллиард деңгейінде болды.
Жанталаса қарулану, социалистік лагерь мен «халықаралық жұмысшы және коммунистік қозғалысқа» жәрдем қаржы бөлу бюджетті барынша қатты тұралатты. Мемлекеттің қоғаммен құпия, бірақ өктем келісімшарт бойынша жүру саясаты ықтимал айла-амалға орын қалдырмады: әлеуметтік референциялардың алуан түрлі кешеніне айырбас ретінде режимге саяси төзімділік танытты (тұтыну тауарлары мен коммуналдық қызметтердің төмен, болмашы дерлік бағасы, әлеуметтік қызмет кешенінің барлығына жуығының тегін болуы т.б.).
Бұлардың бәріне ақша керек болды. Ал оны алатын ешқандай мүмкіндік болмады. Сыртқы саудадағы жағдайдың нашарлауынан, ең алдымен мұнай бағасының құлдырауынан болған шығыны 1985-1989 жылдары 90 миллиард доллар, ал 1990 жылы 18 миллиард доллардан астам болды. Сырттан қарыз алу КСРО-ның халықаралық несиегерлерге борышының бұрын-соңды болмаған дәрежеде өсуіне әкеліп соқтырды. Егер 1971 жылы ол 1,8 миллиард доллар болса, 1989 жылы 50 миллиард долларға жақындады (кейбір сараптамалық бағалау бойынша бұдан да көп көлемге жуықтаған).
1990 жылға қарай, КСРО Қаржы министрінің баяндамасында айтылғанындай, «сыртқы борыштың көлемі жаңадан қарыз алмай-ақ, тек оны өтеу қызметіне жұмсалатын шығыстың көбеюі есебінен ғана өсе түсетін деңгейге жетті», ал борышты және ол бойынша өсетін пайызды төлеу үшін 1990 жылы «отын-энергетикалық кешен өнімнің экспортынан түскен бүкіл ақшаны дерлік жұмсауға» тиіс болды. Сонымен бірге КСРО-ның 1990 жылы 400 миллиард сом мөлшерінде болып айқындалған ішкі мемлекеттік борыш ішкі жалпы өнімнің 44%-ына теңелді.
КСРО елі несие өтеу қабілетінен айырылды. Тарих берген «уақыт несиесі» де таусылып бітті. «Ұлы утопияның» ақырғы сағаты жақындады, насихат қоғамға тастаған бұлдыр жұбаныштың ешқайсысы да төніп келе жатқан апатты енді кері серпіп тастай алмады. Белден басқан ұтымсыз бастаулардан зорлықтың қысымына ұшыраған экономика өзін-өзі күйретудің ақырғы сатысына сол көзсіз екпіндеген бойы келіп жетті.
80-жылдардың басында КСРО экономикалық, әлеуметтік, саяси дағдарыс алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе қазіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негіздерін, әлеуметтік өмірді, саяси құрылымды, рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді. Дағдарыс үш негізгі салада байқалды. Саяси салада, экономикалық және әлеуметтік салада.
Саяси салада: басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі, қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі, заңдылықтың бұзылуы, жариялылықтың болмауы.
Экономкалық салада: шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі, ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте арттта қалушылық, бақылаусыз басқару аппараты, шығындық тәсіл, инфляция, тауар зәрулігі.
Әлеуметтік салада: тұрмыс деңгейінің нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық.
КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.1982 жылғы 10 қараша –Л.И.Брежнев қайтыс болды. Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андропов (1982-1984жж) келді. Ол 80-жылдардың басындағы елде қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді: Өкіметтің жоғары эшелонында жүйелі түрде тәртіп орнатуды бастады. Өндірісте реттілік пен тәртіпті жолға қоюды қолға алды.Бірақ, бұл шешімдерді іске асыруда дәстүрлі әкімшілдік-бюрократтық рухтағы жергілікті органдар заңдылықтың өрескел бұзылуына жол берді.
1984 жылғы ақпан-Ю.В.Андропов қайтыс болды. Саяси басшылық КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшылығына К.У.Черненконы сайлады (1984-1985жж). Оның басшылығы тұсы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады: Молотовтың партиялылығын қалпына келтірді.
-КОКП ОК-нің ғылыми-техникалық саясат жөніндегі пленумы өткізілмеді (1984ж). Елді күйзеліске ұшырататын, орасан зор қаржыларды мағынасыз жұтатын гидромелиорациялық жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берілді.
1985 жылғы наурыз - К.У.Черненко қайтыс болды. КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды (1985-1991жж).
1985 жылғы сәуір – КОКП Орталық Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.
М.Горбачевтің саяси ұрандары: жариялылық, жеделдету, қайта құру деп аталды.
1985 жылы қайта құру бағыты басталды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды.
Бұл идеяны ұсынушылар - академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып алуға бөлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 ж. қарай құрал-жабдық және машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді. Бірақ та, іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толық қанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен фабрикаларды өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Өйткені товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да заводтар мен фабрикалар шетелдік құрал-жабдықты сатып алу арқылы жеделдетуге бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға сатып алынған құрал-жабдықтар іске асырылмай, заводтар мен фабрикалар алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда қар мен жаңбыр астында жатты.
Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты бөлу принципін өзгертпеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.
Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді.
Халықаралық аренада кеңестік басшылық өз беделін өсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. желтоқсанда басталған ауған жанжалын тоқтату болып табылады. Кеңестер Одағы 1988 жылы өз әскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-дейіқаза тауып, 393-і мүгедек болып, 22-сі хабарсыз кетті. Бұл шаралар Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақта, КСРО әлі де болса бұрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп комплексін ұстап отырды. 1987 жылдан бастап ядролық сынақты қайтадан бастады.
«Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.
ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек - 69, Одақта әрбір 10 мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуына кедергі жасады. Соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегіуші аудандарға айналды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті.
Басшылық 80-жылдары сыртқы саясаттағы және ішкі экономикалық дағдарыстарды жеткілікті бағалай алмады. Ел басшылары бұл проблемаларды ескі әміршіл әдістермен шешуге болады деп есептеді.
Кеңес Одағы экономикасының милитаристік сипаты сақталған, ядролық арсеналы мен үлкен армиясы бар держава болғанымен, әлеуметтік жағынан өте дәрменсіз қоғам болды.
КСРО-дағы, соның ішінде Қазақстандағы 1962-1989 жж. реформалардың тиімді нәтижелер бермеуінің себебі: реформалар экономикалық қатынастарды түпкілікті өзгертуді көздемеді.

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САЯСИ ӨМІРІ (1985-1991 ЖЫЛДАР)


Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бюастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
Қазан төңкерісінің 70 жылдығындағы мерекелік мәжілісте М.С.Горбачев қоғам дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады: Тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралды. Сталинизм қылмысты құбылыс деп танылды.
1987 жылғы қазан - КОКП ОК-нің Пленумында Москва қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Н.Ельцин қайта құру барысында, реформа баяулығына наразылық білдірді. Бірақ, оның сөзі «қайта құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылданып, баспасөзде жарияланбады. Б.Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді. «Қайта құруға» сай жүзеге асырыла бастаған косметикалық реформалар республика басшылығын ауыстыруды қажет етті.
Қазақстанның жоғарғы билік органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу жалғаса түсті. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады.Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айрықша көзге түсті. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Қазақстанды 1960 жылғы қаңтардан -1986 жылғы желтоқсан аралығында басқарды. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран бар еді. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар болды. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсандағы бейбіт шеруді тарату мақсатында биліктің жасаған арнайы операциясы «Боран» деп аталды. Мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды жастар өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Бейбіт шеруді басып-жаншу кезінде тәртіп сақтау органдары заңдылықты өрескел бұзып темір таяқтарды, сапер күректерін, иттерді пайдаланды. Жастарды прокурордың шешімінсіз түрмеде ұстап, партия органдары құқық қорғау органдарына айыптау қорытындыларын тезірек шығару жөнінде қысым жасады. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист - шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Желтоқсан көтерілісі бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков – Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Қ.Рысқұлбеков қазақ тарихында желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген қайсарлы жас, әрі ақын ретінде қалды. 1988 жылғы мамырда қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы: Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты. 1989 жылғы мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының 1 съезінде дарынды ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етті.Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды төрағасы КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов болды. Комиссия жұмысы барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.
1990 жылғы 24 қыркүйек – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрацияның жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Ол себептер:
- Республика басшыларының саяси мешеулігі, олардың тығырықтан шыға алмауы.
- Басшылардың күшке арқа сүйегендігі.
1991 жылғы 12 желтоқсан – «1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы шықты.
2006 жылы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің атаулы күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш орнатылды.
Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін Г.В. Колбиннің саясатының қатаң және валюнтаристік бағытына жол берілді. Басшылық жүйесінде үлкен кадрлық тазалау жүзеге асырылды, мәдениет пен баспасөзге бақылау күшейді, жоғарғы оқу орындарына студенттер Қазақстандағы ұлттардың алатын проценттік үлесіне сай қабылдана бастады. Орталыққа жіберілетін фондыларды азайту нәтижесінде қол жеткен өзгерістерге жалған сипаттама берілді.
Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы және қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырылған жеңіл-желпі шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-айқын көрсетті. 1988 жылдан бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - әлеуметтік-экологиялық «инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына соғысқа қарсы тұру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы да елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары ерекше роль атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады. «Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені, компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені, көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе - халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты.
Толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге республиканың құқылы болуы Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік туғызды.1988 жылы Қазақстан компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-40 жылдары және 50-жылдардың бас кезінде сотталып, жазаға ұшыраған қазақтың даңқты ұлдарының есімі халқына қайтарылды. Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтың шығармашылық мұралары ақталды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды.
1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласындағы ірі толқу болды. Оның шығу себебі: әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен туындады.
«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 жылы көктемдегі сайлауға байланысты басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға және меншікке көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін белсенді күрес басталды. Демократиялық процесстердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының І съезі болды. Осы съезде Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың оянуын туғызды. Мұның айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс болды. 1989 жылы ақпандағы республика жұртшылығының жиынында тұңғыш «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын О. Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 6 тамызында Семей облысы Қарауыл ауылында өткен жиында КСРО мен АҚШ-тың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей полигонындағы жарылысты азайтуға мәжбүр болып, 1989 ж. полигонда жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатты. «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы бойынша 1990 ж. мамырда Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатында «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық конгресс өтті.
XX ғасырдың 80 жж. құрылған Балқаш пен Арал мәселесі туралы комитетті Қазақстанның көрнекті қайраткері М.Шаханов басқарды.
Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі - республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы республикада саяси-экономикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғарғы кеңесі 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы комиссия құрды
1990 жылы 1986 жылы желтоқсан оқиғасына байланысты сотталған адамдардың «Желтоқсан» партиясы құрылды.
1990 жыл қыркүйек – Н.Назарбаевтың «30 – 40-ж.ж. аралығында және 50-ж. басында заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлығы шықты.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада 1990 жылы сәуірде он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» 1989 ж. 22 қыркүйекте қабылдауы маңызы зор оқиға болды.
1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. «Әділет» қоғамы-сталиндік репрессия құрбандарын ақтау ісімен, тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарумен айналысып келе жатқан қоғам.
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті.
1990 жылы 24-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-інің Президенті лауазымын белгілеу және Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Заң қабылданды. 1990 жылы қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация жарияланды. Республика егемендігінің орнығуымен бірге Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. 1991 жылғы 1 желтоқсан - бүкілхалықтық Президент сайлауы қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
1991 жылғы 10 желтоқсан - Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. 1991 жылғы 10 желтоқсан - Қазақ КСР-нің атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
Сонымен, ХХ ғасырдың 70-ші - 80-ші жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. 1990 - 1991 жж. Елде КСРО-ның болашағы туралы мәселе талқыланды. Бұл мәселе бойынша Қазақстанның көзқарасы «Жаңарған федерация және республикалардың егемендігі негізінде Одақты сақтау» болды.
Бірақ, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.
80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында КСРО-да саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық жойыла бастады
Оның көрінісі тамыз төңкерісінен анық байқалды. 1991 жылғы 19 тамыз - КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығының нашарлауына байланысты Президенттің өкілеттігі КСРО-ның вице-президенті Г.И.Янаевтың қолына көшетіндігі туралы мәлімдеме жарияланды. Елді басқару мен төтенше жағдайды жүзеге асыру үшін төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет мақсаты: КСРО-дағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу болды. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің КСРО халықтары арасында қолдау табуға деген талпынысы жүзеге асқан жоқ.
21 тамыз күні Президент М.С.Горбачев Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Москваға қайтып оралып, ел басшылығын қолына алды. КСРО Бас прокуроры төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет мүшелері үстінен қылмысты іс қозғады.Бұл мемлекеттік төңкеріс нәтижесі КСРО-ның күйреу процесін тездетті. 20-тамызда жасалуға тиісті Одақтық келісім-шарт біржола жойылды. Украина, Әзірбайжан республикалары өз әскерлерін жасақтайтыны жөнінде мәлімдеді.
Қазақстан Президенті «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде» жарлық шығарды. Мемлекеттік төңкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді:
-1991 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев КОКП ОК-нің Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылғы 7 қыркүйек-Қазақстан Компартиясы таратылды.Жаңадан Қазақстан Социалистік партиясы құрылды. Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1987 жылдан 1990 жылға дейін комсомол қатарының азаюы үздіксіз жүріп отырды.
1991 жылғы қазан –Қазақстан Ленин Комсомолының кезектен тыс XVIII съезі өткізіліп, Жастар Одағы қайта құрылды. Республика комсомол ұйымы-Қазақстанның жастар Одағы деп аталды. Көптеген ұйымдар өздерін тарату жөнінде шешім қабылдады: Пионер ұйымы таратылды. Кәсіподақтар жекелеген тәуелсіз ұйымдарға ыдырады.
Саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсан-Минскідегі Беловеж келісімі (Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары) кездесті Онда қаралған мәселе: 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы келісім-шартты жою. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге келу.
1991 жылғы 13 желтоқсан - Ашхабад келісімі өтті. Оған Орта Азия мен Қазақстан басшылары қатысты. Қаралған мәселе: Беловеж кездесуінде қабылданған шешімді қолдау. Алматы кездесуін жоспарлау.
1991 жылғы 21 желтоқсанда тарихи Алматы келісімі өтті. Қатысушы елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, РКФСР, Украина, Беларусь, Молдава, Әзірбайжан, Армения. Барлығы 11 республика. Грузия бақылаушы есебінде қатысты. КСРО Президенті М.С.Горбачев шақырылған жоқ. Кездесуде қаралған мәселелер:КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды, Ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, РКФСР, Украина, Беларусь) ТМД-ға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.
1991 жылғы желтоқсанда Алматыда өткен тәуелсіз елдер басшыларының кездесуі КСРО-ның құлауын заңды түрде бекітумен аяқталды. 1991 жылы желтоқсанда Алматыда ТМД-ның құрылуы жарияланды.1991 ж. желтоқсандағы Алматы декларациясына бұрыңғы КСРО-ның 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшылары қол қойды.
Осы оқиғалардан кейін: 1991 жылғы 25 желтоқсан - М.С.Горбачев КСРО Президенті қызметінен босатылды. 1991 жылғы 26 желтоқсан - КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Декларация жарияланды.

Дәріс № 8

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы


2. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысы

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЖАРИЯЛАНУЫ



1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 жылғы 16 желтоқсан республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. 1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды. 1992 жылы 7-мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.Қазақстан тәуелсіздік алу барысында бірнеше тарихи кезеңнен өтті.
1 кезең - 1989 жылдың қыркүйегінен 1990 жылдың сәуіріне дейінгі аралық. Ол республиканың жоғары лауазымды тұлғасы-Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы институтын енгізу кезеңінен президенттің мемлекет басшысы ретіндегі институтын енгізгенге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуімен, жарым-жартылай шаруашылық реформалардан және Одақ басшылығының саясатішілік бостандықтар саласындағы енжар іс-қимылдарынан туған саяси-құқықтық қарама-қайшылықтардың көбеюімен сипатталады. КСРО-ның мемлекеттік билігі мен экономикасының жедел қарқынмен құлдырауы жағдайында, 1990 жылы Қазақ КСР-інде республиканың саяси және экономикалық өмірін тұрақтандыра алатын президенттік басқарудың енгізілуі заңды құбылыс еді.
2-кезең-1990 жылғы қазанның 25-інен 1991 жылғы желтоқсанның 8-іне дейінгі аралық. Ол «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация жарияланған кезден Ресей, Украина және Белоруссия арасындағы Беловеж келісіміне, яғни КСРО-ның тарауына дейінгі уақытты қамтиды. Қазақстанның тәуелсіздігі қалыптасуы үдерісінде 1990 жылы қазанның 25-інде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясының қабылдануы шын мәнінде тарихи маңызы бар қадам болды. Декларация республикамызға халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясатты өз мүдделерінде айқындау және сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешу мүмкіндігін берді.Бұл кезеңге халықтардың ұлттық сана-сезімінің қарқынды өсуі, бұрыңғы КСРО-ның барлық одақтас республикаларында әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың батыл қызмет атқаруы тән.
1990 жылдың басында, Қазақстан Республикасы егемендік алған соң, егемен мемлекет құру, азаматтық қоғамның институттарын қалыптастыру бірінші кезектегі мәселелерге айналды: мән-мағынасы мемлекеттің барлық элементтерінің тәуелсіз мемлекет белгілеріне сай болуынан тұратын жаңа мемлекеттіліктің сипатын айқындап алу керек болды.
1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақстан президентінің бүкілхалықтық сайлауы өтіп, республика президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1991 жылы желтоқсанның 10-ында Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы» Заң қабылдады.
3-кезең - 1991 жылғы желтоқсанның 16-сынан 1992 жылдың соңына дейінгі уақытты қамтиды. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» бірінші конституциялық акт болып табылады. ҚазКСР-інің 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен Қазақстан Республикасы болып қайта аталуына байланысты құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» деген жаңа атауға ие болды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда тарихи құжат - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдаған соң, сол арқылы Қазақстан өзінің аумағы мен ұлттық байлығына қатысты ішкі де, сыртқы да саясатын дербес жүргізетін тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланды.Аталған заң республикамыздың саяси және конституциялық дамуындағы маңызды кезең болды және ұлттың өз жолын айқындауы құқық, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілуі, саяси тұрақтылық, биліктердің бөлінуі, ұлтаралық келісім және тағы басқа мәселелер бойынша негізге алынатын ұстанымдары бекітілді.
Бұл кезеңде Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі ядролық мұра туралы болды. 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылғы 5 желтоқсанда Будапештте Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Комитетінің кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған кезең біртұтас қазақстандық азаматтылықтың белгіленуімен ерекшеленеді. 1991 жылғы желтоқсанның 20-сында «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға қол қойылып, 1992 жылы наурыздың 2-сінде Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды. Қазақстан азаматтары бүкіләлемдік істерге және жалпыадамзаттық мәселелерге қатысу мүмкіндігін алды.
Тәуелсіздік пен егемендік алуына байланысты Қазақстанда жаңа мемлекеттік рәміздер әзірленіп, қабылданды. Бұл қыруар жұмыс өте қысқа мерзімде жүргізілді және 1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы заңдарға қол қойды. Тұңғыш Мемлекеттік Ту 1992 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласындағы резиденциясы төбесінде көтерілді.
1992 жылғы қыркүйектің 29-ында қазақтардың алғашқы бүкіләлемдік құрылтайы ашылса, ал желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы өтті. Еліміздің ішкі саяси дамуының басты мақсаты мемлекет ішінде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау болды.
Сөйтіп, республикмыз тәуелсіз мемлекетке айналып, жан-жақты дамудың нақты мүмкіндіктеріне ие болды
4-кезең - 1993 жыл қаңтарының 23-інен басталып, 1995 жылғы тамыздың 30-ында аяқталды. Бұл қазақстанның демократиялық мемлекеттілігі қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. 1993 жылғы қаңтардың 28-інде тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысында 1995 жылғы тамыздың 30-ынан жаңа кезең басталды. Нақ осы күні Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздерін салды, қоғамның дамуын реттеп, бағыттай алатын біртұтас мемлекеттік билік орнатты. Президентке мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және халықтың алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге жағдай туғызатын конституциялық төрешінің өкілеттіліктері берілді. Қолданыстағы Конституция-қоғамымыздың негізгі жетістіктерінің бірі және сол ғана реформалар кезеңінде басты ынталандырушы факторлардың бірі ретінде қызмет етеді. Жаңа Конституция негізінде 1995 жылғы желтоқсанның 9-ында Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет екіпалаталы Парламент сайлауы өтті. Жоғарғы палата-Сенат, төменгі палата- Мәжіліс.
1993 жылғы 15 қараша –Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта-теңге айналымға енгізілді. Оның тарихи маңызы: Республика тәуелсіз мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық реформаны жүргізуге мүмкіндік алды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің көп векторлы саясатын қалыптастыра бастады.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шетелге алғашқы сапары 1991 жылғы шілдеде Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданына барудан басталды. Сапар барысында Қазақстан мен Шынжан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың принциптері мен негізгі бағыттары туралы келісімге қол қойылды.
1991 жылғы 25 желтоқсан АҚШ Президенті Джордж Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін тану және Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында ірі ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылатынын қуаттау туралы Президент Н.Назарбаевқа жолдау жібергені халықаралық жағдайдағы айтулы күннің біріне айналды.
БҰҰ-да Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ашылғаннан кейін 1992 жылғы 16 мамырда Президент Назарбаев Қазақстан Республикасының шетелдегі Түркия Республикасындағы тұңғыш Елшілігін ашу туралы Жарлығын шығарды.
1992 жылдың 29 қыркүйегі бүкіл әлемдегі қазақтар үшін үлкен мереке болды, бұл күні Алматы қаласында Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы ашылды.Бүкіл әлемнен келген отандастарды қызу құттықтаған Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Тәуелсіздік жарияланған уақыт ішінде Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды, ел бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүшелікке кірді».
1992 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның 47-сессиясында Бас Ассамблея мінберінен сөз сөйлеп, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру туралы бастама көтерді. Азия өңірінің ұлан-байтақ кеңістігінде қауіпсіздік құрылымдарын құруға бағытталған бұл ұсыныс Қазақстанның сыртқы саяси бағытының лейтмотивіне айналды, оның басшысын халықаралық ауқымда кеңінен танымал етті.

2. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ



Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау, асқақтата дәріптеу қазақстандық әрбір азаматтың ең қымбатты борышы. Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің мәжілісі Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. ҚР елтаңбасының басты бөлігі – шаңырақ-елтаңбаның жүрегі. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді. 1992 жылы 4 маусым Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.
Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «Қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек салынған.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
1992 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды.
Бұл еңбектің маңызы: Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді.
Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.
2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұранның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Әнұраны - жұртқа әйгілі «Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нажмиденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.
Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігінің бесжылдық даму қорытындысын «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде жариялады.
Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл тарихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі 1997 жыл 10-желтоқсан. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дәл ортасында жаңа астанамызды тұрғыздық. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал «Отан», «Ақ жол» т.б. партиялар бой көтерді.


1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінше қоспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз дауыстарын берді.
1993 жылы Қазақстанда Кеңестер өзін-өзі таратуы басталды. 1995 жылғы наурызда Конституциялық Сот Жоғарғы Кеңесі заңсыз деп таныды.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды.
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жасауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады.1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. ҚР 1995 жылғы Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық деп жазылды. ҚР 1995 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанды, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Жаңа Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның кіріспесінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінеді. Конституция бойынша Қазақстан Президенттік республика болып табылады. Президент елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.
Конституцияда Парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент - Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, жер, тіл, азаматтық,, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. Екі палаталы Қазақстан Парламентіне бірінші сайлау 1995 жылы желтоқсанда өткізілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-і сенаторлардан құралады.Мәжіліс депутаттары 5 жыл мерзімге сайланды. Сенат депутаттары 6 жылға сайланады. Бірінші сайланған Парламент 1996-1999 жылдар қызмет атқарды.
Екінші сайланған Парламент 1999-2004 жж қызмет атқарды.
Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рәміздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті.
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды. Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзіреті едәуір кеңейтілді. Президенттің құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып-кеңесуден кейін әрі Мәжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды Мәжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде, демек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске беріледі.
Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәжіліске енді 107 депутат сайланды. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтар бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланды. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға, әрі депутаттардың сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады. Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.
Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындау және оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді.
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа деңгейге көтеріледі. Мәслихаттардың бұл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі. Жергілікті мәслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады. Мәслихаттар жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері сол деңгейлердегі мәслихаттардың келісімімен ғана тағайындалатын болады. Сондай-ақ мәслихаттарға басым көпшілік дауыспен әкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату жөнінде мәселе көтеру құқығы берілді. Осылайша, мәслихаттар мен олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі мәслихаттар болатыны Конституцияда баянды етілген.
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып тасталды. Енді саяси партиялар бұл қаржыға иек арта алады. Республика Президентінің өз өкілеттілігін атқару кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата тұратындығы туралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді Президенттің саяси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның рөлін арттыра түспек.
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғары Сот Кеңесі жасайтын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады, әрі олардың кешірім жасау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.
Жаңарған Конституция бойынша жасы қырыққа толған, мемлекеттік тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, туа республиканың азаматы болып табылатын кез келген адамның Президент болып сайлануға құқығы бар.
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарийлердің ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел Президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны палаталардың бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы ерен еңбегін бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын арттыру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл әлемге таныту жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай қадамға барғанын депутаттар ашық айтты. Екі депутаттан басқасы мұны бірауыздан қолдады. Соған сәйкес Н. Назарбаев тұңғыш Президент әрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды.
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты Конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл Конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктерден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышарты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы - Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Әрине, нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-ден астам пайызын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум 1995 жылы өткізілді.
2005 жылғы 4-желтоқсанда өткізілген Қазақстан Республикасының Президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаев 91,5% дауысқа ие болды.
Қазіргі Конституцияға сәйкес Қазақстан республикасындағы басқарудың нысаны Президенттік. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мемлекеттің басшысы – Президент. Республика Президенті болып Тумасынан Республика азаматы болып табылатын 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мүшелері 7 адамнан тұрады. 2007 жылы мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Конституцияға Парламенттің құзіретін едәуір кеңейту өзгерісі енгізілді.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына алғашқы «Қазақстан-2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауы жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Бағдарламасының мақсаты: Тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриялды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу.
Қазіргі реформалардың барлығы Елбасының «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзімді 7 басымдық белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бірінші басымдық «Ұлттық қауіпсіздік» деп аталады.
Жолдауда қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.2.Реформаларды аяқтау.3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жыл-Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 ж. 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырдың жаһандық 10 сын-қатері атап өтілді. Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан - 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр - ол «Қазақстан - 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» .
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан - 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды .
«Қазақстан - 2050» Жаңа Стратегиясы - ол бір жағынан «Қазақстан - 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
«Қазақстан 2050» стратегиясының ең алғашқы бағыты: Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетіп берген, 2004 жылы 19 наурызда жариялаған Қазақстан халқына кезекті жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» деп аталады.
Негізгі бөлігі әлеуметтік мәселеге арналған және Парламент құзіретін кеңейтуге мән берілуімен де ерекшеленген Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы халыққа Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына арналған Жолдауы жарияланды. Ол «Қазақстан -2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті.
Дәріс № 9

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ


1. Нарықтық экономикаға көшу. Жекешелендіру
2. 1994-1998 жылдар аралығындағы өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты реттеу
3. Экономиканы тұрақтандыру

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ



Елде қоғамның дамуын түбірімен қайта құру және нарықтық экономиканы жүзеге асыру тәуелсіздік алған уақыттан бері бірнеше кезеңнен өтті. Экономиканы реформалаудың алғашқы кезеңі Қазақстанның егемендігін жариялаудан бастап ұлттық валютаның енгізілуіне дейінгі кезеңді, яғни 1991-1993 жылдар аралығын қамтиды
Тәуелсіздік жолына түскен мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. 1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде -186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді. Бұл жылдарғы Қазақстандағы кедейліктің негізгі себептері: жұмыссыздық, табыстың төменгі деңгейі болды.
Қазақстанда бағаны ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пай¬да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді.
Қазақстан экономикасын нарықтық түрлендіру әлеуметтік-экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту ең алдымен басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінен және орталықтандырылған жоспарлаудан бас тартуды, оны шаруашылықты жүргізудің жеке меншікті субъектілерімен ауыстыруды талап етті. Мемлекет жеке меншікке негізделген әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты құру, шетелдік инвестицияларды тарту, экономиканы басқарудың халықаралық тәжірибесін жинау бағытын ұстанды. Экономиканы ырықтандыру барлық салаларда түбегейлі құрылымдық және институттық қайта құрумен ұштастырыла жүргізілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады. Жекешелендірудің мақсаты: Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. Еркін баға орнату. Жеке меншік секторлар құру. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең: 1991-1992 жылдар, екінші кезең: 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең: 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды
Республика экономикасы жекеменшікке өтуді шағын жекешелендіруден бастады. Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу. Меншіктік құқық беруді дайындау. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.
Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.
Міндеті: 1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау.
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру.
3. Инвестициялық купондар енгізу.
1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті: 1. Меншік республика азаматырына тегін таратылып берілуге тиіс.
2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу.
Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді.
200-ге жуық инвестициялық қорлар құрылды. Мақсаттары купондары жинастарын, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.
Жекешелендірудің алғашқы кезеңі, 1991-1992 жылдары аралығында 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.
Екінші кезең: «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.
Үшінші кезең: 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жыл¬дан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты.
Осы кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла баста¬ды. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды.
Мұнай-газ секторында - бұл «ҚазМұнайГаз», энергетикада - «КЕГОК», телекоммуникацияда - «Қазақтелеком», темір жолда - «Қазақстан темір жолы». Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экс¬портқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты.
Бұл кезеңде Қазақстан Республикасындағы меншік түрі: мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінді. Осындай жылдары тарихта 1992 жылдың қаңтарынан Тәуелсіз Қазақстанның өзінің алтын қорының бастамасын жасауына негіз салған алғашқы алтын құймасын шығаруы басталды.

2. 1994-1998 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫ РЕТТЕУ



Елдегі экономикалық дағдарысты реттеу үшін үкімет пен барлық экономикалық институттар, Статистика мен Қолдау Комитеті қатыса отырып, терең талдау жасауды уақыт талап етті. Осыған байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 жылы 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы-теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны - ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша - қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі - экономикалық орталық болу тиіс еді. Бірақ, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыратын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994-1995 жылдары дағдарысқа қарсы ша¬ралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және құнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. Ауыл шаруашылығын жекешелендіруде көптеген қиыншылықтар болды. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер халық қажетін өтей алмады, себебі өзін-өзі әрең асырады. Нәтижесінде 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы - 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы - 45%-ке жетті.
Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны - 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.
1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болыу (9-11%). Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.
Соңғы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2млн. долларға жетті.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық тұтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің құлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.
Өндірістің құлдырауының басты себебі - Одақ бойын¬ша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі - оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де¬ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Бірақ, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Аграрлық секторды реформалау ісінде мемлекеттің түбегейлі маңызды қадамы жер қатынастарын реттеп, жерге жеке меншік құқығын енгізгені болды. Бұл кезеңде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру бұрыңғы мемлекеттік және кооперативтік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкін атаулы етіп арнайы әзірленген заңнамалық-құқықтық актілер негізінде олардың айрықшылығын ескере отырып жүргізді. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындарын акцияландыру жүргізілді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын сатып алудың 75% - ін тұрғын үй жекешелендіру купондарымен төлеуге мүмкін болды. 1996 жылдың басына қарай 1490 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары жекешелендірілді, яғни мұның өзі олардың жалпы санының 70% астамын құрады. Сонымен бірге аграрлық-өнеркәсіптік кешенде өтпелі кезеңде мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатымен түрлі бағыттар бойынша 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды, оларға акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену, пайдалану және басқару құқығы берілді.
Экономика түбегейлі өзгерістер жағдайында ірі ауқымдағы қайта құруларға біршама орнықтылық және бейімделгіштік танытты. Елдің экономикалық дамуының орта мерзімдік бағдарламасы инфляцияға қарсы саясаттан инвестициялық саясатқа көшудің басталғанын жариялады.
1996 жылы қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрудың 1996-1998 жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданды, ол жеке меншік институтын қалыптастырудың үшінші кезеңіне тұспа-тұс келді. Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің тек акционерлер мен тендерлік сауда-саттықтарда ғана ақшалай төлемдер негізінде жүзеге асырылуы оның басты ерекшелігі болды.
Экономиканың негізгі салаларында Қазақстан Республикасы Үкіметі энергия тасымалдаушылардың, металдардың, астықтың, нан-тоқаш тағамдарының және әлеуметтік маңызы бар басқа да өнім мен көрсетілетін қызметтердің бағасын реттеуді өз қолында ұстады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында бағаның біркелкі өспеуі олардың деңгейінің әркелкілігін туғызды. Өнеркәсіпте ауыл шаруашылығымен салыстырғанда бағаның озыө өсуі 1995 жылы 2,3 есені құрады, соның ішінде мұнай өнімдері мен минералдық тыңайтқыштардың бағасы астықтың бағасынан 1,8 есе тезірек өсті. Электр энергиясының, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқымның, өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын заттардың бағасы ауыл шаруашылық өнімінің бағасынан едәуір өсті. Ауыл шаруашылық өнімі бағасының деңгейін 1994 жылдың қарашасына дейін үкімет тежеді, баға ырықтандырылғаннан кейін, ақырғы өнім тым қымбаттады, оның бәсекеге жарамдылығы төмендеді. Іс жүзінде Қазақстан нарықтағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлерінің бағасын ырықтандырудың монетарлық әдісін пайдаланды, мұның өзі бағаның көтерілуіне әкеп соқты.
Қазақстан Республикасы Президентінің теңгенің ішкі нарықтағы пайдалануын кеңейту, оның айырбасталымдылығы үшін алғышарттар жасау, ақша айналысын тұрақтандыру туралы 1994 жылғы 8 ақпандағы арнаулы Жарлығымен іс жүзінде мемлекеттің қаржы саясатының негіздері мен принциптері айқындалды. Жарлық бойынша Қазақстан аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіруі жүзеге асырылатын болып белгіленді. Осы жарлықпен 1994 жылдың 25 ақпанынан бастап мамандандырылған аукциондарда экспорттық үлестеменің кемінде 30% меншік формаларына қарамастан заңды тұлғаларға, соның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға да міндетті түрде сату белгіленді. Іс жүзінде 1994 жылы әдеттен тыс жағдайда атаулы құны 200, 500 теңгелік жаңа ақша шығарылды. Теңге төтеп берді және теңге енгізілген сәтте нөлдік белгіде тұрған валюта нарығы Қазақстанның нарықтық шаруашылығының серпінді секторларының біріне айналды. Ал бір жылдан сәл-ақ асатын уақыт ішінде, 1995 жылы, Қазақстанның валюта-қор биржасында операциялардың көлемі 1,8 миллиард долларды, 60 миллион неміс маркасын, 734 миллиард Ресей рублін құрады. 1995 жылдың екінші жартысынан бастап валюталық нарықтың биржадан тыс сегменті жедел дамыды.Шетел валютасын меншік формаларына қарамастан заңды тұлғаларға қолма-қол айырбастау үшін барлық жерлерде айырбастау орындарының желісі көбейді. Доллар қорланудың және төлем төлеудің сенімді құралы ретінде ішкі валюталық нарықтың ашықтығына қол жеткізу және ақша айналысын тұрақтандыру құралы ретінде пайдаланылды, оның үстіне іс жүзінде ол ел аумағында қолданыста жүрді.
Ұлттық валютаны нығайту неғұрлым қатал ақша-несие және салық-бюджет саясатын жүргізу қажеттігімен орайластырылды, мұның өзі реформалардың бүкіл жүргізілуі бойына экономиканы тұрақтандырудың өзекті бағытына айналды.
Макроэкономикалық тұрақтылық көбінесе қазақстан Ұлттық Банкінің 1994 жылдың шілдесінен жүргізілген қатаң ақша саясатын жүзеге асыру кезінде қамтамасыз етілді. Ақша саясатын жүргізу ақша жиынын өндірістің одан әрі өсуі үшін инфляцияның төмендеуін де, айырбас бағамен тұрақтылығын да қамтамасыз ететіндей көлемде басқаруға жұмылдырылды.
1995 жылдың ортасынан бастап қазақстанның ақша-несие саясатының құралдары дамыған елдер үшін дәстүрге айналған тағы бір шарамен – ашық нарықтағы операциялармен толықты, мұнда Ұлттық Банк бағалы қағаздардың меншікті қоржынын жасақтады. Бұл мақсаттар үшін арнаулы бағалы қағаздар – Ұлттық Банктің ноталары шығарыла бастады, олардың шығарылымының көлемі ақша агрегаттары бойынша нысаналы бағдарларды басшылыққа ала отырып белгіленді.
1996 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктерді несиелендіру саясаты біраз өзгерді, олардың көлемі қысқартылды, банк жүйесінің өтімділігін қолдау осы операциялардың негізгі бағытына айналды.Жеңілдікті несие беру және кәсіпорындардың несие алу үшін Ұлттық Банкке тікелей өтінішпен шығуын қарау тоқтатылды. Несие аукциондар, банк аралық нарық арқылы, сондай-ақ ломбардтық негізде орналастырылды.
1997 жылдан бастап ақша-несие саясатын жүзеге асыру әдіснамасы дамыған елдердің ұқсас стандарттарына сәйкес біржола қалыптасты және ол Ұлттық Банктің ресми мқлшерлемелерін өзгертуді, міндетті сақтық қор нормаларын белгілеуді, ашық нарықтағы операцияларды және ішкі валюталық нарықтағы басқыншылықты қамтыды.
1998 жылы ақша-несие саясаты әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және осы жағдайда реттеудің айрықша қажеттіліктерін көрсетті, мұның өзі оның Қазақстанның қаржы секторын қорғауға бағытталған қатағ сипатта болуын талап етті.
Бұл 1994-1998 жылдар аралығындағы өтпелі кезеңде республика басты екі: тәуелсіз мемлекет құру және жаңа экономикалық уклад қалыптастыру міндетін шешті. Елде күрделі нарықтық реформалар жүргізілді. Қазіргі заманғы экономиканың институттық, құқықтық және нормативтік негіздері жасақталды, ұлттық қаржы институттары, біршама орнықты екі деңгейлі банк жүйесі құрылды.

3. ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ



Қазақстан экономикасы дамуының үшінші шешуші кезеңі тұрақтандыру болды. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылғаннан кейін олардың мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына қатысуы көбейе бастады. 1999 жылдың аяғына қарай зейнетақы қорларының активтері 500 миллион АҚШ долларынан асты, бұл олардың мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға қатысуын кеңейтті. Мұның өзі банк капиталының нақты секторды дамыту жобаларын инвестициялауға құйылуы үшін алғышарттар жасады. Елдегі экономикалық реформаның осы кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету және өндірістік инфрақұрылым объектілері мемлекеттік инвестициялық саясаттың басым бағыты болды.
Ішкі инвесторлар үшін де, шетелдік инвесторлар үшін де тартымды инвестициялық ахуал жасауға көңіл бөлінді. Қазақстан банктері несие ресурстарының көлемі біршама болғандықтан оларды қаражаттың қайтарылуы кепілдігі жоғары жобаларға - саудаға, мемлекеттік бағалы қағаздарға салуға тырысты. Бұл кезеңде, яғни 1998 жылдары жергілікті халықта ұлттық валютаға деген сенім әлсіреді. Жергілікті халықтың қорланымы айырбасталатын валютаға айналдырылды. Теңге түріндегі депозиттік салымдар жалақыны пластикалық карточкалар бойынша төлеуге көшу есебінен де көбейді. Жергілікті халықтың іс жүзінде бағалы қағаздар мен тұрғын үй құрылысына инвестиция салуына мүмкіндігі болмады. Негізіг капиталға инвестиция, негізінен мұнай-газ өнеркәсібіне, металлургияға және тамақ өнеркәсібіне салынды.
1999 жылдан бастап шикізаттан басқа өнеркәсіп салаларында өндіріс біршама өсті. Бұл отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік өнеркәсіптік саясат жүргізудің нәтижесінде мүмкін болды. Осы салалардың кәсіпорындарына инвестициялық қолдау көрсетілді, салықтар бойынша жеңілдіктер берілді, мемлекеттік бюджетке берешекті төлеу мерзімі ұзартылды, айыппұлдар мен өсімпұлдар жойылды.
Осы жылдары Қазақстанның мемлекет басшысы Н.Назарбаев Еуразиялық Одақ туралы идеяны ұсынды. Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақ Ұйымының Алматыдағы Орталығы 1999 жылы ашылды. 2000 жылы 10 қазанда Астанада Кедендік одаққа мүше елдер Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісімге қол қойды.
Бұл кезеңде отандық тауар өндірушілер өнімінің, ең алдымен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің бәсекеге жарамдылығының төмендігі шешілмеген сұрақ болды. Сыртқы сауданы ырықтандыру оның өнімін ішкі нарықтан ығыстырды. Халық тұтынатын отандық таворлар өндірушілер төлем төлеуге қабілетті сұраныстың төмендігі жағдайында өздерінің шетелдік бәсекелестерінен баға факторы бойынша да, сыртқы сапалық белгілері бойынша да ұтыла бастады.
Өндіріске шығынның көп жұмсалуы себепті химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау өнімдері өткізілетін сыртқы нарықты жоғалтты, бұл фактор отын өнеркәсібі мен металлургия жағдайын әлсіретті. Тұтастай алғанда өнеркәсіпке салынатын инвестицияның жетіспеушілігі оларды көбінесе кен өндіруші салаларға қайта бөлу жағдайында өңдеуші салалардың технологиялық жағынан артта қалуына әкеп соқты. Отандық тауарлардың бәсекелесуге қабілетсіздігіне салық жүйесінің жетілдірілмеуі де ықпал жасады, мұның өзі отандық тауарларды импорттық тауарлардан гөрі, олардың құнына көлік шығыны кіретініне қарамастан, қымбатырақ етті.
Сонымен, өнеркәсіпте 1995 жылдан бастап экспорттық өнім өндірісі өсті. Бірақ мұнай мен металдардың нақты көлемінің оларды өткізуден алынатын табыспен салыстырғанда озық өсуі орын алды.
Ауыл шаруашылығында реформалар жүргізілген езден бастап ауыл шаруашылық өндірушілерінің құрылымында түбегейлі өзгерістер болды. Өнім өндіруде меншіктің мемлекеттік емес формасы басым болды және оның үлесі 1990 жылғы 32%-дан 2000 жылы 99%-ға дейін өсті. Совхоздарды жекешелендіру және колхоздарды реформалау аяқталды, мұның өзі шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын 15 еседен астамға көбейтті. Аграрлық құрамалар қайта тіркеуден өткізілді. 2000 жылдың аяғына қарай республикада нарыққа бағдарланған, жеке меншікке негізделген 75 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымы, соның ішінде 70 мыңнан астам шаруа қожалығы және 1,6 мың өндірістік кооператив жұмыс істеді. Бірақ 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы ауыл шаруашылық өнімін өндіру көлемі екі есе дерлік қысқарды. Ауыл шаруашылығында өндіріс деңгейі, әдетте, астық өндірумен айқындалады. Барлық ауыл шаруашылық өндірушілерінің пайдалануындағы ауыл шаруашылық жерлері мен егіс алқаптары 1999 жылмен салыстырғанда 2001 жылға қарай 2 есе дерлік қысқарды. Суармалы жерлердің техникалық жағынан жарақтандырылмауы және суару жүйелерінің тозуы салдарынан олардың үштен бірі пайдаланылмады. Егер астық өндіруде егістік жерлер негізінен кепілдікті астық бермейтін жерлерді айналымнан шығару мақсатында қысқартылған болса, онда суармалы жерлерде бұл тауар өндірушілердің қаржы жөнінен дәрменсіздігі салдарынан қысқартылды.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнім өндіру көлемінің қысқаруы теміржол көлігі табысының деңгейіне, техникалық күйіне зардабын тигізді. Жылжымалы құрамның жаңартылуы тоқтады, теміржолдарды жөндеу жұмыстарының көлемі күрт азайды, осыған байланысты жөндеу мерзімінің уақыты өтіп кеткен жолдарының жалпы ұзақтығы (ұзындығы) көбейді және жол қозғалысының қауіпсіздігі нашарлады. 1998-2001 жылдары саланы басқару құрылымын жетілдіру жалғастырылды, оның қайта құрылымдаудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді, онда теміржол көлігінің құрамынан бейімсіз кәсіпорындарды бөліп алу, жолаушы тасымалының еншілес кәсіпорындарын құру, теміржолдың түрлі қызметтерін оңтайландыру көзделді.
Автомобиль көлігінде 1995-1997 жылдары кәсіпорындарды акцияландыру және жекешелендіру бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жүк көлігінің барлық кәсіпорындары акцияландырылды және жекешелендірілді. Жолаушылар тасымалдау шаруашылығының кәсіпорындарын акцияландыру жалғастырылды.
Жол шаруашылығында автомобиль жолдарының желісі транзиттік автомобиль тасымалын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін халықаралық (республикалық) маңызы бар жолдарға және жергілікті маңызы бар жолдарға бөлінді. Несие ресурстарын жолдарды дамытуға, қайта салуға және көпірлер салуға тарту жұмысы жүргізілді (Азия даму банкі, Жапон халықаралық даму қоры т.б.). Жол қоры есебінен жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.
2001 жылы халықаралық қаржы институттарының несиесін тарту есебінен халықаралық тасымал көбейді (Астана-Алматы автомобиль жолы телімі, Батыс Қазақстандағы автомобиль жолдары).
Әуе көлігі саласында ұлттық жаңа авиакомпаниялар мен бірқатар жергілікті шағын компаниялар құрумен байланысты құрылымдық реформалар жүргізілді. Әуежайлар дербес кәсіпорындар ретінде бөлек шығарылып, кейіннен акцияландырылып, жекешелендірілді.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл мәселелерді шешуде темір жол құрылымын жетілдіру ерекше орын алады. 1996 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. 2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу және темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін құруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Ко-рея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек 2002 жылдың өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихында Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол құрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы - 184 шақырым. Жолды салуға республиканың әртүрлі аудандарынан 1500 жұмысшы қатынасты, құрылысқа 6,5 млрд. тенге жұмсалды. Бұл жол елдің Солтүстік және Шығыс облыстарының арасындагы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.
Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстанның Солтүстік және Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты және елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бұл жол - мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделді.
1998-2000 жылдары Ақтау теңіз портын дамыту және осы өңірде халықаралық теңіз тасымалын дамыту су көлігіндегі негізгі басым бағыт болды. Ақтау портын қайта құрастырудың бірінші кезеңінің аяқталуы жүкті ауыстырып тиеу жұмысының қуатын құрғақ жүктерді 1,5 миллион тоннаға дейін және мұнай жүктерін 6 миллион тоннаға дейін тиеуге мүмкіндік берді.
Байланыс пен телекоммуникация-инфрақұрылымның ең серпінді дамыған нарықтарының біріне айналды. 1995-1997 жылдары саланың құрылымдық реформасы жүргізілді, «Қазақтелеком» акционерлік компаниясы құрылды, ол Қазақстанның телекоммуникация саласында қызмет көрсететін ұлттық операторы болды. 1998-2000 жылдары атқарылған байланыс қызметтерінің өсуі сақталды. Сонымен бірге ауылда халықтың төлем төлеуге қабілеті төмен болуы себепті халықтың телефон қондырудан бас тартуы орын алды.
Ұзындығы 1754 км Трансазия оптикалық-талшықты байланыс желісі учаскесінің іске қосылуы телекоммуникация саласындағы маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытайға және Еуропаға шығуға мүмкіндік алды. Шымкент-Ақтөбе-Ресей бағыты бойынша ұзындығы 2500 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желісі батыс учаскесінің құрылысы қолға алынды.
Шымкентте, Таразда, Ақтөбеде және Оралда электронды стансалар салу арқылы Республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Шалғайдағы және нашар дамыған аудандарға байланыс қызметтерін көрсету үшін ДАМА спутниктік байланыс жабасын іске асыру басталды.
2000 жылы Еуразиялық экономикалық Одақ құрылды. 2014 жылы екі ірі «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол желілер қозғалысы іске қосылды. 2004 жылы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы басталды.
Әлемнің көптеген мемлекеттері сияқты 2007 жылғы әлемдік дағдарыс Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Экономикамызды дағдарыстың көлеңкелі тұстарынан сақтандыратын шаралар қабылдау қажеттілігі нәтижесінде «Қазақстан-2030» Статегиясының келесі кезеңі «Қазақстан-2020» Статегиялық даму бағдарламасы қабылданды. «Қазақстан-2020» бағдарламасы дағдарыс кезеңінде бәсекеге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталды.Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриялдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі болып саналады.ҚР әлемде зерттелген қор бойынша мырыш пен фольфрамнан алғашқы орын алады.
Қарастырылып отырған кезеңде республикада салалық және өңірлік аспектілерде еңбекақының күрт саралануы қалыптасты. Жоғары ақы төленетін салалар мен төмен ақы төленетін салалардың арасындағы алшақтық 6 – 10 есеге жетті. Салалық және өңірлік айырмашылықтардан басқа кәсіпорындардың ішінде еңбекақы бойынша үлкен айырмашылық қалыптасты.
2001 жылға қарай әлеуметтік саладағы жұмыссыздық неғұрлым елеулі проблемаға айналды. Елдің еңбек ресурстарын халықтың табиғи өсуінің төмендігі және едәуір бөлігінің республикадан сыртқары жерге кетуі себепті жыл сайын азая берді. Мәселен, республика халқының саны 1990 жылғы 16,3 миллион адамнан 1999 жылы 14,9 миллион адамға дейін қысқарды, яғни 9%-ға дейін азайды, ал экономикаға тікелей араласатын халық 2001 жылға қарай (белсенділік индексінің 80%-ға шағып есептегенде) 6,0 миллион адам болды.
Бірақ, 1992-2000 жылдары жүзеге асырылған іс-шаралар Қазақстан Республикасының еркін бәсеке, экономиканы ырықтандыру, өндіріс құрал-жабдығына жеке меншік негізінде орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге байланысты нарықтық өзгерістердің келесі кезеңіне көшуі үшін заңнамалық, институттық, құрылымдық, экономикалық, әлеуметтік және саяси база жасады. Жүйелік өзгеріс енгізуді жүргізудің 10 жылы мынадай аралық нәтижелерге жеткізді:
1. Саяси және мемлекеттік жүйе өзгерді: бір партиялық режим Конституция және заңдардың баптары негізінде іс-қимыл жасайтын пікір алуандығы формасына ауыстырылды, Демократиялық дәрежесі тарихи дамудың ерекшеліктерімен, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, басқарушылық элитаның жай-күйімен байланысты болды.
2. Қоғамның экономикалық негіздері өзгерді: мемлекеттік сектор белгілі бір рөл атқарғанымен, жеке меншік сектор тез дамыды. «Нарықтық шаруашылықтың» дамуы үшін құқықтық негіз жасалып, жетілдірілді. Алайда шетелдік институттар ұсынған бағдарламалардың жетілдірілмеуі қаржы жүйесінің әлсіреуімен, инфляциямен, жұмыссыздықтың өсуімен, жалпы мәдени қордың нашарлауымен, қылмыстың , нашақорлықтың, сыбайлас жемқорлықтың күрт көбеюімен, иммиграциялық ағынның күшеюімен, басқару мәдениетінің кері кетуімен – мемлекет рөлінің төмендеуімен байланысты қиыншылықтарды туғызды.
3. Қоғамдық орта ырықтандырылды: барлық қатынастардың коммерциялануы жалпы мәдени көріністі айтарлықтай өзгертті, адамдар арасындағы қатынастарда шиеленіс туғызды, қоғам кедейлер мен байларға жіктелді, адамдар оқиғалардың кепіліне айналды, адамдар оларды басқаруды енді ғана үйрене бастады, сондықтан ТМД мүмкіндік беретін ықпалдастықтан гөрі неғұрлым елеулі негіздегі ықпалдастық үрдістеріне әрекет жасалды (ЕурАзЭС, ШНОС).
4. Рухани құндылықтар саласында бірқатар өзгерістер орнықты: адамдардың жаңа тіршілік жағдайына әлеуметтік-рухани бейімделуі, дәстүрлі құндылықтардан кері кету, адамгершілік қадір-қасиеттің құлдырауы проблемалары шықты.
Оң өзгерістермен қатар өзекті мәселелер де туындады. Алайда өзгеріс енгізу қоғамның одан әрі дамуы үшін негіз қалады және оң айқындамаларды экономикадағы тұрақтандыруды оңайлату, әлеуметтік үдерістерді жеделдету, қоғамдағы жасампаздық ахуалды орнықтыру үшін пайдалану керек болды.
Ел нарықтық реформалардың оныншы жылында жүйелік ұзақ дағдарыстан еңсесін көтерді. Бірақ бұл жетістіктердің құны өлшеусіз жоғары болып шықты: Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 80-жылдармен салыстырғанда 40% ға дерлік төмендеді, өнеркәсіптік өндіріс 50%-ға құлдырады, химия өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс материалдары индустриясы іс жүзінде азып-тозды. Ғылым өзінің әлеуетінен айырылды. Әлеуметтік сала: медицина, білім, мәдениет өте қиын жағдайда қалды. Жұмыссыздық деңгейі өсті. Ең бай адамдардың 10%-мен кедей адамдардың 10%-ы арасындағы табыстың айырмашылығы ондаған еседен асып түсті, ол қабылданған әлемдік индекстен әлдеқайда көп еді.
Сонымен, 2005 жылдан бастап Қазақстанның экономикасындағы өзгерісті халық нық сезіне бастады, яғни ел өтпелі кезеңнің келесі белесіне аяқ басты. Ол Қазақстанның терең әлеуметтік өзгеріс енгізуге күрт бет-бұрыс жасауымен және «Экономиканың Қазақстандық әлеуметтік үлгісі» ретінде айқындалатын шаруашылық қатынастардың нарықтық үлгісін еңгізе бастауымен сипатталады. 2006 жылы наурызда Ұлттық бәсекеге қабілетті идеяның терең анықтамасы баяндалған «Қазақстанның әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына ену стратегиясы: басымдықтар мен оларды іске асыру жолдары» Жолдауы жүзеге асты.
Қазақстанның 2003-2015 индустриялық даму бағдарламасында 7 негізгі ұзақ мерзімді приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілді. Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы 2016 жылға арналған кедейлік деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-на тең болды.
Экономикалық өсудің басты мақсаты ұлттық байлықты арттыру және халықтың әл-аухатын көтеру болып табылады. Кез-келген мемлекеттің өсуі негізгі төрт факторға тәуелді. Олар: табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі, еңбек ресурстарының сапасы мен саны, негізгі капитал қорының көлемі, технологияның дамуы болып табылады.
2010 жылға дейінгі еліміздің ішкі және сыртқа саясатының негізгі бағыттарын айқындап, әрі қарай дамытуды жеделдетудің нақты бағдарламасы ұсынылған, Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылы 18 ақпанда жариялаған Қазақстан халқына кезекті жолдауы: «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталды.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

Дәріс № 10

ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.


2. Зейнетақы жүйесінің реформасы. Зейнетақы қорлары және олардың қызметі
3. Қазіргі білім жүйесін жаңғыртудың өзекті мақсаттары мен міндеттері.

1. ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУ.


Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің экономикалық саясатының өзекті мәселесі болып табылады.Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарында көпшілік қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалды, қоғамның әлеуметтік саласы дағдарыс жағдайына түсті. Қоғамда әлеуметтік кереғарлық орын алды: табыстары әртүрлі адамдар дағдарыс жылдары жағдайларын әлсіретіп алды. Еңбек шарттарына қатысты жағдай да сын көтермеді. Өндірістегі әрбір төртінші-бесінші жұмыскер тау-кен, металлуригия және химия өнеркәсіптерінде - санитарлық және экологиялық талаптарға, әрбір үшінші, көп жағдайда әрбір екінші адам қауіпсіздік техникасы талаптарына сай келмейтін зиянды жағдайларда еңбек етті.
Экономикалық дағдарыс 1992 жылы және содан кейінгі уақытта бағалардың ырықтандырылуымен, инфляцияның күшейе түсуімен қатар жүрді. 1992-1996 жылдары баға 35 есе өсті. Бағаның тез көтерілуі, валютаның құнсыздануы шекті нормаланған жалақы алатындар үшін қатты соққы болды.
1991-1993 жылдардағы ақша реформалары жұртшылықтың бұрын жинақталған ақша қаражатын көп есе қысқартты, жалақының және басқа да төлемдердің уақытылы төленбеуі кіріс көздерін азайтты. Еңбекақы төлеудің кешіктірілуі 1990 жылдарға тән әдеттегі іс болды.
Сөйтіп, 1990 жылдардың бірінші жартысындағы экономика дағдарысы көптеген теріс әлеуметтік салдарларға, бірінші кезекте, ел жұртшылығының үлкен бөлігінің әл-ауқатының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Өзінің саяси-экономикалық жүйесін қайта құрып жатқан Қазақстан үшін халықты әлеуметтік қорғау 1990 жылдардың өте қиын, сонымен бірге аса маңызды міндеттерінің біріне айналды.
1990 жылдары жұмыссыздық мәселесі өткір болды. Еңбекке ақы төлеудің кешіктірілуі, материалдық ресурстардың жетіспеушілігі, дайын өнімді сатудағы қиыншылықтар, энергия көздеріне, бензин мен отынға бағалардың жиі көтерілуі өндіріс үшін ауыр соққы болды. 1993 жылы 114 мың жұмысшы жұмыс істейтін 130 кәсіпорын, оның ішінде Қарағанды машина жасау заводы, Өскемен тоқыма фабрикасы тағы басқалары толық немесе ішнара өнім өндіруді тоқтатты. Одан өзге көптеген нысандар нормаланбаған жұмыс күніне көшті, ал «Ақтөберентген», Ақтөбе ферроқорытпа заводы, Атырау химия заводы, сол кездегі Жамбыл қаласындағы «Химпром», Қарағандының «Карбид» өндірістік бірлестігі өндірісін тоқтатып қоюға мәжбүр болды.
1993 жылы ақысыз немесе ішінара ақы төленетін еңбек демалыстарына жіберілген жұмыскерлер саны 60% ұлғайды.
Статистика деректері бойынша, республиканың сегіз облысында ғана және Алматы қаласында 78 өнеркәсіптік және 13 құрылыс ұйымның тоқтап қалуына байланысты 500 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды.
Жұмыссыздық серпіні мынадай болды: 1991-1992 жылдарда жұмыссыздықтың алғашқы фактілері (1991 жылы -0,5%,1992 жылы - 1%), 1993 жылы жұмыссыздар санының тұрақты өсіп отырғаны байқалды. Жалпы алғанда, 1991-1995 жылдарда мемлекеттік секторда жұмыс істейтін адамдар саны 1,7 млн. адамға қысқарды. Жасырын жұмыссыздық сияқты құбылыс көбірек орын алды. Жұмысшылардың 60-70%-іне дейін мәжбүрлі, ақысы төленбейтін еңбек демалыстарын алуға, толық емес жұмыс аптасы режимімен еңбек етуге мәжбүр болды. Жасырын жұмыссыздық халықтың еңбекке жарамды бөлігінің 4-6%-ін қамтыды. Жұмыссыздық экономиканың барлық салаларында, әсіресе құрылыс пен ауыл шаруашылығында кең тарады.
1990 жылдардың соңында халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету жағдайы дағдарысқа ұшырады. Елде жұмысқа орналасу жөнінде өтініш берген 362 мың адамның 73 мыңы (20%-і) ғана жұмысқа орналастырылды. Республикада кедейлік өткір сезілді. Әртүрлі облыстар бойынша тұрмысы нашар жұртшылықтың үлесі 20%-тен 50%-ке дейін жетті. Жұмыссыздар саны 1999 жылы 251 мың адам (3,9%) болды. Сонымен қатар 1997-1999 жылдарда әлеуметтік саясатта оң өзгерістер байқалды. Мемлекет зейнетақы, білім беру, денсаулық сақтау салаларында ұзақ мерзімдік реформаларға кірісті. Ауылдарда да жағдай біршама түзелді. Еліміз бірте-бірте, бірақ қиындықсыз емес, әрине, дағдарыстан шығып, даму жолына түсті. Сондықтан 1990 жылдардың екінші жартысын экономикадағы да, әлеуметтік саладағы да өтпелі кезең деп атауға болады. Қазақстандағы кедейліктің негізгі себептері: жұмыссыздық, табыстың төменгі деңгейі болды. Ауылдық жерлердегі жағдай тіпті қиын болды. Статистика деректері бойынша, 1997 жылдың соңына қарай ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздық: ұзақмерзімдік аграрлық саясаттың болмауы; ауылдық жерлердің нашар инфрақұрылымы; ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаршаруашылық өнімдеріне сұраныстың теңгерімсіздігі; мал шаруашылығымен айналысудың нашар ұйымдастырылуы сияқты басқа да көптеген себептерге байланысты туған. 1991-1996 жылдарда ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылмаған халықтың жалпы санының 40-48%-ін алған. Осындай жағдайларда мемлекет жұршылықты әлеуметтік қолдау құралдарын, дағдарыстан шығуды қамтамасыз ететін іс-шараларды іздестіріп, қарастыруды қолға алды. 1990 жылдары: еңбек қызметін, жұртшылықтың жұмыспен қамтылуын, еңбекке ақы төлеудің жаңа шарттарын, зейнетақымен қамтамасыз етуді реттейтін, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларын міндетті зейнеткерлік сақтандыру үшін жағдай туғызатын нормативтік-құқықтық актілер шығару қажет болды. 1991 жылы Қазақстан Республикасындағы «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» тұңғыш Заң қабылданды. Еңбекке жарамсыз болып қалған қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды арттыру және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сақтандыру мәселелерін шешу үшін 2001 жылы «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» дайындалды.
1993 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» Заңы қабылданды. Жұмысынан айырылған азаматтар, жұмыссыз жас мамандар, бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан әйелдер мардымсыз жәрдемақы алды, бірақ олар жеткіліксіз еді.
Халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әлеуметтік инфрақұрылымда 1990 жылдардың ортасынан басталған «оңтайландыру» саясаты да себеп болды: тегін медициналық қызмет, білім беру, әлеуметтік қызметтер қысқарды. Сонымен бірге осы салаларда мемлекеттік емес қызметтер көрсету түрлері қалыптаспаған болатын. Ақысыз қызметтер көрсетуден ақылы қызметтер түрлеріне көшу жалақы, зейнетақы және басқаларының мөлшерлері көбейгенде ғана ауытпалықсыз өткен болар еді. Бірақ, елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай халыққа қызмет көрсету салаларын жекешелендіруге бірден мүмкіндік бере қоймады, ал бұл шағын бизнестің, демек әлеуметтік негіздің дамуын тежеді.
Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылы желтоқсанның 10-ында тұрмысы нашар отбасыларын қолдау үшін жалпыұлттық қор құрылды. Үш жыл атқарған жұмысы барысында қорда 938 млн. теңге жинақталды. Кедейлікте күн кешіп жатқан 240 мыңнан астам азамат азық-түлік, товарлар түрінде және ақшалай көмек алды.
Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, елде табыстары аз адамдар саны көбейді. Егер 1996 жылы күнкөріс деңгейі төмен азаматтар саны 34% болса, 1998 жылы 43%-ке жеткен. Елдің басына сыртқы экономикалық сынақта түсті: 1997 жылдардағы қаржы дағдарысы Азияның көптеген елдерінің және көршілес Ресейдің де қаржы жүйелерін тұралатты, Ресейге қарағанда, Қазақстан дағдарысқа төтеп беріп, дефолттан құтылды, бірақ зауыттар жабылып, жаппай жұмыссыздық, инфляция жайлаған, еңбекақы, зейнетақы төлей алмау сияқты қиындықтарға тап болды.
2000-2001 жылдары әлеуметтік саясат жүргізу ісінде түбегейлі бетбұрыс орын алды. 2000 жылы «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заң қабылданды.Енді бұл саясат экономиканың тұрақталуы және дамуы жағдайында жүзеге асты. Жүргізілген саясаттың басты бағыты зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен көпбалалы аналарға және басқаларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналды. 2002 жылға қарай инфляцияның 7%-тен төмендегені байқалып, жалақы мен зейнетақының жыл сайынғы мөлшерін ұлғайта алатын мүмкіндік туды. Сондай-ақ негізгі: таяу онжылдықта кедейлікті жою, тез арада орта тап қалыптастыруға басымдық беру іспетті стратегиялық міндеттер айқындалды.
2001 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңы күшіне кірді. Әлеуметтік саясат енді заң тәртібімен білім беру, денсаулық сақтау, және, жалпы, бюджет саласының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау үшін бөлінетін қаражат мөлшерін ұлғайтуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауларында үнемі тиімді әлеуметтік саясат жүргізуге жете көңіл бөліп, «қазақстандықтардың, оның барлық топтарының және әлеуметтік топтардың әлеуметтік жай-күйін тұрақты жақсартып отыру мемлекет саясатының бірінші міндеті екені және солай болып қала беретінін» баса айтады.
Республикада үкімет әзірлеген «Кедейлік және жұмыссыздықпен күресудің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында» 400 мың жұмыс орнын құру жолымен жұмыссыздық деңгейін 9% қысқарту көзделген. Бағдарлама Қазақстанның әрбір өңірінде жүзеге асырылды. Әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларының картасы жасалды. 2000 жылдан бастап осы санатқа кіретін адамдарға 8,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге бөлінген, ал қайырымдылық қорлары және бюджеттен тыс ұйымдар да бұл бағдарламадан шет қалмай 2,4 млрд. теңге бөлген. Алматы қаласында, Алматы және Ақтөбе облыстарында еңбекпен қамту жоғары деңгейде байқалды. Жұмыс орындарын құруға өңірлік қорлар белсенді қатысты. Олар жалпы сомасы 300 млн. теңгеден асатын 9,8 мың шағын кредит бөлген.
Өңірлерді дамыту ісінде ауыл шаруашылығының әлеуеті нашар пайдаланылды. Мәселен, республика деңгейінде ауыл шаруашылығының үлесі 1999 жылғы 11%-тен 2003 жылы 8%-ке төмендеді. Қалыптасқан жағдайды түзету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 2003-2005 жылдарды ауылды көтеру кезеңі («ауыл жылы») деп жариялау туралы ұсыныс айтты. Мақсатқа сай аграрлық саясат тоқыраған, экологиялық жағдайы қиын өңірлерге оң әсерін тигізді. Бірақ сонымен қатар аграрлық сектордағы жағдай қиын күйінде қала берді: жұмыссыздық көбейді, жеке шаруашылықтардың қалыптасуы өте баяу жүрді, көптеген ауыл тұрғындары жаппай қалаларға, аудан орталықтарына қоныс аударды.
2000 жылдардың ортасында «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды ары қарай тереңдете жүргізудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленіп, қабылданды. Аталған бағдарлама аясында негізгі сипаттамаларына: қаржы тұрақтылығы, мемлекет пен жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершіліктің бөлінуі жатқызылған әлеуметтік қамсыздандырудың үшдеңгейлі жүйесі құрылды. 2000 жылдардың ортасында халыққа төленетін зейнетақы, стипендия, жәрдемақылардың кейбір түрлері мен төлемдерінің мөлшері өсті.
Қазіргі уақытта өзіне: зейнетақымен қамтамасыз етуді, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтыған аралас әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасты. 2005 жылдан әлеуметтік катерлер мен қиындықтар туған жағдайда әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып саналатын әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Ол ресми сектор қызметкерлерін, яғни олар үшін жұмыс берушілер әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына (ары қарай-қор) әлеуметтік аударымдар төлейтін қызметкерлерді қамтиды.
Соңғы уақыттарда 3,5 миллионнан астам адам бюджеттен әлеуметтік төлемдер алады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе (1999 жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд. теңгеге дейін) өсті. Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде әлеуметтік-еңбек саласында елеулі табыстарға қол жетіп, бұл халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. Кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету және саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау үшін әкімдердің жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңартуы керек екенін баса көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы 2016 жылға арналған кедейліктің деңгейі: ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-на тең болды.
Қазақстандағы нарықтың қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамды бөлігі ретінде, оның толыққұнды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің потенциалын анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, деркезділігін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-аухатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Өркендеу, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Біз өз қоғамымызды құру барысында адамдарымыздың өмір бойы дені сау және оларды қоршаған ортаның да сау болуы үшін қарқынды күш жұмсауымыз керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.
Соңғы онжылдықта Қазақстанда жүргізіліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы саясатқа экономикалық және саяси трансформацияның салдары қатты әсер етті, сонымен қатар денсаулық сақтаудағы реформалар бірнеше рет түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда Қазақстанның Денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын экономиканың барлық секторларымен ықпалдастыққа негізделген перспективалық мақсаттар анық көрінетін жаңа стратегиялар енгізіп, сондай-ақ дамудың замануи ғылыми және институциялық технологияларын қолданып одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Республикадағы денсаулық сақтау жүйесі елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдасуы - денсаулық сақтауды дамытудың негізгі принциптерінің біріне айналуы керек. Яғни, денсаулық сақтау елдің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс. Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру сияқты салалар тұрақы экономикалық дамудың өзара байланысты элементтері болып табылады.
2004 жылы медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті толыққанды және жан-жақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жөніндегі комитет құрылды. Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына фармацевтикалық бақылау комитеті және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті де кірді. Жалпы денсаулық сақтау саласында оны басқару тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды талап еткен бірқатар мәселелер болды. Ол міндетті шешу үшін «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту бойынша 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» әзірленді. 2005 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында Денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылды. 2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қабылданды.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің жоғарытехнологиялық дамуы болуы керек деп атап көрсетті.
Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсібилік деңгейі және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген мотивациясының болуын, медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру процестерін басқарудың заманауи технологияларын енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ұқсас басқа да елдермен салыстыра отырып денсаулық сақтау жүйесі жағдайының бағасына, Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру механизмдері анықталды.
Спорт пен дене шынықтыру саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының өзіне тән ерекшелігі дәстүрлі түрде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытудың теңгерімді тәсілдерін іске асыру болып табылады. Бұқаралық спорт саласында ел халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр. Республика халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі: (2012 жылы - 21,6%, 2013 жылы - 23,2%, 2014 жылы - 25,1%) байқалады. Спорт секцияларына баратын студенттерді қамту - 55,8% немесе 278,6 мың адам, еңбек ұжымдарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны - экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 15%-ын немесе 1,6 млн. адамды; дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер саны - 9,2%-ды немесе 22,6 мың адамды құрады. 2014 жылы дене шынықтыру ұжымдарының саны 19,3 мың болды. Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында барлығы 92,5 мың спорт секциясы құрылды, оларда 3,3 млн. адам, оның ішінде ауылдық жерде 1,6 млн. адам спортпен шұғылданады. Халықты дене шынықтырумен қамтуды көп жағдайда саланың қолданыстағы инфрақұрылымы айқындайды.
Сала заңнамасын жетілдіру шеңберінде 2014 жылы саланы дамытудағы заманауи талаптарға сәйкес келетін «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Тәуелсіздік кезеңінде республикада кәсіби спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңінен жоғары спорттық шеберлікке дейінгі жүйесі қалыптасты.
Қазақстанда спорт түрлерінен 109 республикалық федерация, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлерінен - 40, ұлттық спорт түрінен - 7 федерация, мүгедектер спорты түрлерінен - 3 федерация және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 59 федерация жұмыс істейді. Біліктілікті арттыру мақсатында 2013 жылдан бері жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде жақын және алыс шет елдерде оқуға мүмкіндік алды. Отандық спортшылар жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуы ең маңызды нәтиже болып табылады.
Қазақстанда 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының өткізілуі жалпыұлттық спортты зор салтанатқа бөледі, онда ел құрамасы бұдан бұрынғы Азия ойындарының бәріне қарағанда, жеңіп алған медальдар бойынша рекорд орнатып, бірінші орынға ие болды.
2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан спортындағы елеулі оқиға болды, мұнда Қазақстан командасы өз тарихында тұңғыш рет әлемнің 205 елі ішінде бейресми командалық есепте 12-орынға табан тіреді. 2014 жылы Инчхон қаласында (Корея Республикасы) өткен жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама команда 84 медаль (28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль) жеңіп алып, 4-орынды иеленді.
2014 жылы Сочи қаласындағы қысқы Олимпиадада қазақстандық 15 спортшы 6 спорт түрінен ғаламның 10 үздік спортшысы қатарынан орын алды. Қазақстанның маңызды халықаралық имиджін көтерген жобасының бірі 2017 жылғы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында ХХVІІІ-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы жоғары деңгейде өткізуі болып табылады.

2. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Қазақстан тәуелсіздік алған кезде елдегі табыстары төмен жұртшылықтың үлкен бөлігін зейнеткерлер мен мүгедектер құрайтын. 1990-1996 жылдар кезеңінде республикада еңбек қызметімен айналысатын халық санының азайғаны байқалды. Егер 1990 жылы бір зейнеткерге еңбекпен қамтылған үш адамнан тура келсе, 1996 жылы бұл көрсеткіш 1,8 адамға дейін қысқарды.
Әлеуметтік саясаттағы дағдарыс зейнеткерлердің жағдайына да әсер етті. Зейнетақылар: зейнеткердің жасы, сіңірген еңбегі, мүгедектігі, отбасының асыраушысынан айрылуы сияқты белгілер бойынша ажыратылатын. Зейнетақы жүйесі жұмыскерлерді сақтандыру жолымен құрылған қорлар есебінен қаржыландырылатын.Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін 1991 жылы -9,5 млн.теңге, 1992 жылы – 72 млн.теңге, 1993 жылы 1,3 млрд.теңге бөлінсе, 1994 жылы бұл сома 20 миллиард теңгеден асты. 2016 жылы жасы ұлғайған азаматтарға әлеуметтік көмек беру үшін 6,2 миллиард теңге бөлінді, тағы екі миллиардқа жуық теңге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бағытталды.
Қазіргі уақытта республика бюджетінен зейнетақы 1,9 млн.зейнеткерге төленеді, ал оны төлеуге қажетті шығыстар 2015 жылы 918,4 млрд. Теңге құрап, 1999 жылмен салыстырғанда 9,3 есе өсті. Оның үстіне зейнетақының орташа мөлшері 9,4 есе, ең төменгі зейнетақы 7,8 есе, ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 8,4 есе көбейді. Ал барлық зейнеткерлерге олардың еңбек өтілін есепке алмай төленетін базалық зейнетақы 2016 жылы 11965 теңгеге жетті. 2016 жылғы қаңтардың 1-іне жеке зейнетақы шоттарының саны 9,5 миллион немесе 1998 жылмен салыстырғанда 3,2 есе көп болды, зейнетақы жинақтарының сомасы 5,8 трлн.құрады.
1990 жылдардың екінші жартысында қалыптасқан экономикалық ахуалды, демографиялық мәселелерді ескере отырып, ел үкіметі зейнетақы жүйесін реформалауға кірісті. Зейнетақыларды жай ғана көтеріп қоймай, сонымен қатар барша зейнетақы жүйесін кейінге қалдырмай реформалау қажет болды. Үкімет 1997 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау» тұжырымдамасын бекітті, ал 1997 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң қабылданды. Зейнеткерлік жасы қайтадан қаралып, ер адамдар үшін - 63, ал әйелдер үшін 58-деп белгіленді. Қазақстан Республикасының зейнеткерлік зағнамасына 2016 жылы 6 сәуірде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдан бастап зейнеткерлік жасы әйелдер үшін жыл сайын жарты жылдан қосыла отырып, 2027 жылға дейін 63 жас шегіне жеткенше ұзартылды.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан (МЗТО) зейнетақы алу үшін, 1998 жылғы қаңтардың 1-інен бастап әйелдерден- жиырма жыл, ер адамдардан 25 жыл құрайтын міндетті еңбек өтілі талап етілді. Заң зейнеткерлікке шығу ережелері мен шарттарын белгіледі. Зейнетақымен қамтамасыз етудің қосарлы жүйесі қалыптасты, біріншіден, зейнетақы орталықтандырылған жүйеден, яғни МЗТО-дан қамтамасыз етіледі. Ол әлеуметтік салықтарға және республикалық бюджеттен басқа да түсімдерге негізделеді. Екіншіден, зейнетақы жинақтарынан немесе зейнетақы жинақтаушы қордан қамтамасыз етіледі.
Зейнеткерлікке 2001 жылдан кейін шыққан адамдардың барлықтарына төлемдер екі көзден: бір бөлігі – бюджеттен, екінші бөлігі жинақтаушы қордағы дербес жиналып, қорланған ақша жинағынан төленуге тиіс. Оның үстіне, 2001 жылдан бастап, бюджетке аударымдар үлесі тұрақты түрде азаюға және дәл сондай шамада жинақтаушы қорларға аударымдар үлесі ұлғая беруге тиіс. Бұл Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етудің жинақтау жүйесі, яғни салымшылардың жеке капиталына бағдарланған жүйе жұмыс істейтін, мысалы, Чили секілді (онда бұндай жүйе 1980 жылдардан бері бар) елдердің тәжірибесіне көшкенін көрсетеді.
Елдің жинақтаушы қорлары жүйесінің дамуы үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (1998-2000 жж.) барысында жүйенің және оған қатысушылардың қалыптасуы орын алды. 1999 жылдың соңына дейін зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу бойынша берешек 50 млрд. теңге сомасын толық жабылды.
2000 жылдары зейнетақы жүйесі жетілдірілді. Жинақтаушы қорлардың дамуында жаңа кезеңдер: екінші кезең (2001-2004 жылдар) және үшінші кезең (2005-2006 жылдар) басталды. Инфляцияны, ерекше қауіпті нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыс берушілер есебінен қосымша қамтамасыз етуді, зейнеткерлік жасты, жинақ ақша көлемін, жинақ ақшаны кестеге сай беріп отыруды жүзеге асыруды ескере отырып, заңдарға зейнетақы жинақтау деңгейін кепілдік беріп сақтауға қатысты толықтырулар енгізілді. Мамандандырылған зейнетақы қорларының пайда болуы жаңа құбылыс іспетті еді.
2000 жылдардың екінші жартысында республикада он төрт зейнетақы қоры жұмыс істеді. Мемлекет күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына жәрдемақы төлей бастады. Одан өзге бала тууға байланысты жәрдемақылар тағайындалды. Жәрдемақылардың басқа түрлеріне қатысты жеңілдіктердің ерекшелігі - олар отбасылық табыстарды есепке алмай берілді. Жәрдемақылар сондай-ақ экология жағынан екі санатқа: «дағдарыс алдындағы» және «экологиялық жағдайы нашар» деп ажыратылған өңірлердің жұртшылығына да бөлінді. Экологиялық жағдайы нашар Семей және Қызылорда облыстарында жәрдемақылардың мөлшері белгіленген нормадан 50% жоғары болды.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің қиындығы мен маңыздылығы ескеріліп, зейнетақы жинақтаушы қорлардың қызметі Президенттің тұрақты бақылауында болды, ал зейнеткерлік жинақ ақшаның сақталуы үшін дербес жауапкершілік Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүктелді.
Республика президенті 2013 жылдың қаңтарында елдің зейнетақы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы тапсырма берді. Зейнетақы жүйесін реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі – Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрып, оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Ел басшылығы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) негізінде Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру туралы шешім қабылдады.
2013 жылы маусымның 21-інде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы жаңа, түзетілген жалғыз акционері болып ҚР Үкіметі танылады. Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің міндетіне жатады. Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқару да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүктелген. Одан өзге, аталған Заңда Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. 2013 жылы тамыздың 22-сінде Әділет органдарында тіркеуден өткен соң, Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры акционерлік қоғамы жұмысын бастады.

3. ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.



1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, кәсіптік-тех. мектептер, колледждер өмірге келді. Қазақстан Республикасында қабылданған білім беру жүйесіндегі негізгі принциптерге сәйкес, саланың қызмет жасауының негізгі факторларының бірі: жалпы орта білімнің міндеттілігі және ақысыздығы. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары Білім туралы» Заңына ақылы білім алу енгізілді. 1999 жылдан басталған Қазақстан Республикасындағы мектептердегі жалпы орта білім берудің сатылы жүйесі: бастауыш саты (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар), жоғарғы (10-12 сыныптар). 2001 жылы Қазақстан Республикасында жоғары мектептерді жекешелендіру үрдісі басталды.
Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орнының инновациялық үлгісінің қалыптасуы «Назарбаев университеті» негізінде басталды.
2003 ж. республикада – 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлік және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс істеді. Сондай-ақ, 312 кәсіптік-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. Орта (толық) білім алудың түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде берілетін болды. Мұнда оқушы кәсіби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. «Білім беру туралы» Заңға сәйкес бұрынғы нормативтік құқықтық негіз жаңартылып, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін реформалауды қазіргі экон., әлеум. және саяси жағдайға сәйкестендірді. 1990 - 99 жылдары ҚР білім саласына қатысты оннан астам мемл. бағдарламалар қабылданды. Олар: «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы. Дарынды балалардың шығарм. дамуын қолдау мақсатын көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде 1997 жылы республиканың сегіз облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар республикалық «Дарын» ғылыми-практикикалық орталығы құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберіне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді.
1997 жылы Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты - республика мектептерін мультимедиялық компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, білім беруді басқару жүйесін ақпараттандыру болды. «Жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және басып шығару туралы» кешенді бағдарлама жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа үлгідегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауды мақсат етті. Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына 2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ерекше ұлттық мәртебесі берілді. Олар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық тех. университеті; С.Ж. Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы. Алғашқы мемлекеттік емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды. Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемл. емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемлекеттік лицензия алған 121 мемлекеттік емес жоғары оқу орны болды. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделді. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Сондай-ақ, 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Ресей, тағы да басқа елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.
Заманауи білім беру жүйесін жаңғырту үшін 2010 жылы Қазақстан Болон декларациясына қол қойды.
2009 жылдың маусымынды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Астананың Жаңа университеті» Акционерлік Қоғамы құрылды. Аталған университет 2010 жылы маусымның 7-сінде, Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, атауын «Назарбаев Университеті» деп өзгертті. Оған алғашқы студенттер қабылдау 2010 жылы қыркүйекте басталды. Университет білім берудің ұлттық жүйесінің артықшылықтары мен ең жақсы әлемдік ғылыми білім беру тәжірибесін сәтті ұштастыра отырып, Қазақстанның жоғары білімінің үлгісіне айналды.
ҚР Президенті 2011 жылы қаңтардың 19-ында «Назарбаев Университеті» мәртебесі туралы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы Заңға қол қойды.
Университет 2011 жылы маусымның 15-інде заңды мәртебесін ауыстырып, «Назарбаев Университеті» автономиялық білім беру ұйымы деп аталатын болды. «Назарбаев Университеті» 2013 жылы алғаш рет Жоғары бизнес мектебінің және Жоғары білім беру мектебінің магистрлік және докторлық бағдарламаларына қабылдау үшін есік ашты. «Назарбаев Университетінде» 2014 жылы тамыздың 20-сында оқуды аяқтаған магистранттарға дипломдар тапсырылып, 46 студент магистрлік бағдарламаның алғашқы түлегі атанды.
Сонымен, реформалар мен өзгерістердің нәтижесінде, Қазақстанда жалпы (орта), арнаулы орта және жоғары білім берудің мемлекеттік те, мемлекеттік емес те секторлардан тұратын, негізінде халықаралық стандарттарға сай, қазіргі заманғы жүйесі пайда болды.

Дәріс № 11



ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЫҒАЮЫ
1. Қазақстан Республикасы халқының демографиялық даму динамикасы
2. Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
КСРО ыдырағаннан кейін құрамындағы республикалар өз тәуелсіздіктеріне ие болды. Осының нәтижесінде күрделі демографиялық өзгерістер мен көші-қон толқындары пайда болды. Мұндай жағдайды егеменді еліміз - Қазақстан Республикасы да бастан кешірді.
Қаз АКСР-дегі алғашқы санақ 1926 жылы өткізілді.1954-1962 жж. аралығында Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 2 млн астам адам келді.1989 жылғы санақ бойынша қазақтар республика халқының 39,7% құрады. 1989-1999 жж. санақ аралығында он жылда қазақтардың саны 1 млн 488 мың адамға көбейді.1994 жылы Қазақстаннан мигранттар ең көп кеткен жыл болып тарихта қалды.
XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы өткізілді. Қазақстан аумағындағы өзге ұлт өкілдерінің ішінде орыстардың үлес салмағы басым болып табылады. Жақын шет елдерде қазақтардың ең көп шоғырланған мемлекеті - Өзбекстан. Қытайда шамамен 1 млн.258.500 мың қазақ тұрады. Моңғолияда шамамен 83000 мың қазақ тұрады. 1991-1996 жж. аралығында Қазақстаннан басқа елдерге 1 274,7 мың адам қоныс аударды.
Бұл кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі – халықтардың жалпы санының кемуі, өлімнің көбеюі, бала туудың азаюы осының нәтижесінде табиғи өсімнің құлдырауы. Осы келең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көші-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, Кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қон нәтижесінде өсті.
Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттер арасында халықтың саны жағынан Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды иеленеді, ал территориясы бойынша Ресейден кейінгі екінші орында.
Қазақстан 2724,9 мың шаршы километрге тең кең байтақ аумақты алып жатса да, халық аз қоныстанған ел болып табылады. Бірінші Ұлттық санақ деректеріне сәйкес, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге небәрі 5,5 адамды құрады. Қазақстан халқына 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) бойынша біркелкі орналаспау тән. Қала және қала секілді поселкалар саны - 284. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 16,9 адамнан келетін Оңтүстік Қазақстан облысы халқы ең тығыз орналасқан аумақ болып табылса, Маңғыстау облысында халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 1,9 адамды құрады. 1997 жылы Қазақстан Республикасында ауылдық аудандар мен әкімшілік аумақтардың шекарасын өзгерту туралы реформа жүргізілді, соған сәйкес республикадағы 19 облыс 14 облыс болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы да ірі-ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады.
Қазақстандағы 16 млн. халықтың аймақтық орналасу ерекшеліктері әртүрлі еді. Республика халқының 45,2% Оңтүстік аймақта, 23,0% - Солтүстік аймақта, 14,4% - Батыс, 8,9% - Шығыс, 8,5% - Орталықта өмір сүреді. Оңтүстік аймақ тұрғындары үлесі 1989-2009 жж. 6,9%, ал адам саны 15,9% (яғни 935 мың) өсті. Солтүстіктің 4 облысы тұрғындары саны 1 млн 114 мыңға азайды, тек Астана тұрғындары 358 мыңға көбейіп, аймақ үлесі 4,1% кеміді. Сол сияқты, Шығыс және Орталық аймақтардың тұрғындары да азая түсті: олардың үлесі тиісінше 10,9%-дан 9,0%-ға, 10,8%-дан 8,5%-ға дейін төмендесе, тұрғындар саны тиісінше 19,8% және 22,7%-ға азайды. Батыста, Оңтүстік сияқты, үлесі 13,0%-дан 14,4%-ға көтеріліп, тұрғындар саны 7,0%-ға көбейді.
20-жылдың ішінде халық саны қайта қалыптасып, бұрынғы деңгейіне келуі табиғи өсім мен көші-қон процестерінің оң бағыт алуының нәтижесі болды. Көші-қон процестері де әртүрлі, қарама-қайшылықтарға толы кезеңдерді басынан өткізді. Кеңес өкіметі дәуірі соңында, 1970-1980 жж. басталған теріс айырым (сальдо-келгендерден кеткендердің көптігі) тәуелсіздік жағдайында - 13 жылдай (1991-2003 жж. арасында) күрт көтеріліп кетті, оның шыңы 1994 ж. болып, теріс айырым 406,6 мыңнан асып түсті, жалпы осы 13 жылдың ішінде еліміз тек көші-қонның өзінен 2 108,5 мың адамы кеміп қалды.
Кеткендер ең алдымен европалық этнос өкілдері, оның ішінде әсіресе орыс, украин мен белорустар және немістер өз тарихи отандарына қайта оралды. Тек 1993-2004 жж. арасында көші-қон теріс айырымында орыстар саны 1 206,7 мың, немістер 531,2 мың, украиндер 177,5 мыңға дейін жетті. Жалпы 1991-2009 жж. теріс айырым бойынша 2 млн. 058 мың адам шетелдерге кетсе, соның басым көпшілігі Ресей мен Германияға барды, олардың 1 370 мыңы Орыстар, 690,1 мың Немістер, Басқа ұлт өкілдері – 398,7 мың еді. Дегенмен көші-қонның да оң нәтижелері де болды – ол шетелдерге ауып кеткен отандастарымыздың өз еліне қайта оралуы еді. Бұл толқынмен келген оралман бауырларымыз Кеңес өкіметі дәуірінде аштық пен қуғын-сүргінге ұшырап, ауа көшкендер мен солардың ұрпақтары болатын. Жалпы тәуелсіздік жылдары ресми мәлімет бойынша 750 мыңдай қазақ өз Отанына оралды, оған еңбек етуге және оқуға келгендерді қоса есептесек, 1 млн-дай қазақ қайта оралған екен. Сөйтіп, көші-қон процестерінің қайта қалпына түсуі еліміздегі халық санының бұрынғы деңгейіне жетуіне әсер етті.
1992 жылы маусымда «Көші-қон туралы» Заң қабылданды. 2008 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды. «Нұрлы көш» бағдарламасының
басты мақсаты - этникалық көшіп келушілерді, шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. XX ғасырдыңсоңына қарай Қазақстан бойынша халықтың этникалық құрамында қазақ халқының саны 85,7% құрады.
1992 жылы қыркүйекте дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы болды.2002 жылы қазанда дүниежүзі қазақтарының 2-ші құрылтайы болды.2005 жылы қазанда дүниежүзі қазақтарының 3-ші құрылтайы өткізілді.Қазақстанның адам ең аз қоныстанған аудандары Маңғыстау мен Атырау.Халық санағының қорытындысы бойынша 2009 жылғы ақпандағы Қазақстан халқының саны: 16 004,8 мың адам. Қазақстан Республикасының демография саласына өз үлесін қосқан ғалым М.Тәтімов. 2014 жылы 11 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Қазақстан республикасында жүзден аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер қатарындағы бірден-бір мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің территориясындағы барлық ұлт өкілдерінің тілінің, мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырған ел. Оны біз кейінгі санақ қорытындыларынан да көре аламыз. Бізде барлық ұлт өкілдерінің өз тілінде білім алуына мүмкіндіктер жасалған, әр ұлт өкілінің мәдени орталықтары бар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан аз ұлттардың Ассоцациясы құрылған. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап бір ұлт өкіліндей ел экономикасын дамытуға үлес қосуда. Көші-қон процестердің әсерінен Қазақстандағы көп ұлттың құрамы үнемі артып отырды: егер 1920 жылы 30 халықтың өкілі тіркелсе, 1970 жылы 114, ал 1986 жылы 120 болды. Ал қазіргі кезеңде елімізде ресми деректер бойынша 130 ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде 8 ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар және беларустар - саны жағынан көп болып табылады, олардың үлесіне елдегі барлық халықтың 95,7% келеді.
1-кестеде көрсетілгендей, ұлттық құрамның күрт өзгеруі ең алдымен қазақтардың үлесі көбейгені мен европа ұлт өкілдерінің азаюынан көрініс тапты. Қазақтар 1989 жылы - 40,1% болса, 1999 жылы - 53,5%-ға, ал 2009 жылы - 63,1%-ға жетті, яғни осы 20 жыл ішінде олардың үлесі 23,0%-ға өсті, саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға жетіп, 3 млн 600 мыңға өсті, яғни 55,4%-ға көбейді.
1-кесте Қазақстан республикасының ұлттық құрамы
Ұлттар мың адам үлесі, пайызбен
санақ қорытындысы бойынша
санақ қорытындысы бойынша
1989 ж. 1999 ж. 2009 ж. 1989 ж. 1999 ж. 2009 ж.
Барлығы 16199154 14953126 16009597 100 100 100
қазақтар 6496858 7985039 10096763 40,1 53,5 63,1
орыстар 6062019 4479620 3793764 37,4 29,9 23,6
украиндар 875691 547054 333031 5,4 3,7 2,1
өзбектер 331042 370663 456997 2,0 2,5 2,8
немістер 946855 353441 178409 5,9 2,4 1,1
татарлар 320747 248894 204229 2,0 1,7 1,3
ұйғырлар 181526 210365 224713 1,1 1,4 1,4
беларустар 177938 111927 66476 1,1 0,8 0,4
корейлер 100739 99665 100385 0,6 0,7 0,6
азербайжандар 88951 78295 85292 0,6 0,5 0,5
түріктер 49475 75933 97015 0,3 0,5 0,6
поляктар 59354 47297 34057 0,7 0,3 0,2
басқа ұлттар 567313 392230 338466 3,5 2,5 5,0
Қазақтар көптеген ғасырлар бойы алғаш рет 10 млн-нан асып, өз елінде тәуелсіздік жылдары басымдыққа ие болды. Кеңес заманында, 1931-1933 жж. ашаршылықта жаппай қырғынға ұшыраған қазақтар үлесі 1939 ж.- 38,9%, ал 1959 ж. - 29,8%-ға дейін құлдырап, тек 1960-1980 жж. табиғи өсім арқылы 1980 жылы - 40,1% әзер жеткен-ді. Енді 63,1% болып, Қазақстан халқының демографиялық даму көздері мен жолдарын, табиғи өсім, көші-қон, жастық-жыныстық құрамын, білім деңгейін, қала мен ауыл, аймақтар мен облыстарға орналасу ерекшеліктерін де анықтайтын, еліміздің санын да, өсу бағытын да өзі ғана белгілейтін дәрежеге көтерілген көш басшы ұлтқа айналды. Қазақтардың аймақтар мен облыстарға орналасуы дәстүрлі түрде күшейе түсті: тәуелсіздік жағдайында қазақтардың жартысынан көбі - 50,4% - Оңтүстікте орналасуы ерекшелене түсті, ал қалған қазақтар Батыста - 19,1%, Солтүстікте - 16,9%, Шығыста - 8%, Орталықта - 6,2% еді. Қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,2%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 72,3%, Жамбыл облысында - 71,30%, Алматы облысында - 67,6%, Алматы қаласында - 53,0%, Атырау облысында - 91,1%, Маңғыстау облысында - 88,2%, Ақтөбе облысында - 79,3%, Батыс Қазақстан облысында - 72,2%, Шығыс Қазақстанда - 55,9%, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) - 46,3%, Солтүстікте де әлі де қазақтар басым емес (46,3%), Павлодар облысында - 47,6%, Ақмола облысында - 47,3%, қалған екі облыста мұнан да төмен: Қостанайда - 37,1%, Солтүстік Қазақстан облысында - 33,3%. Тек Астанада ғана қазақтар үлесі 69,3% болып, басымдыққа ие болды.
Орыстардың үлесі 20 жыл ішінде 37,4%-дан 23,7%-ға дейін, яғни - 13,7%-ға төмендеді, саны 2 млн. 268 мың адамға азайып кетті. Орыстар дәстүрлі түрде Солтүстік, Шығыс және Орталық аймақтарда орналасқан, осы үш аймақта Қазақстандағы орыстардың 2009 жылы 64,5% тұрды. Сыртқа бағытталған көші-қон нәтижесінде орыстардың үлесі бұл аймақтар тұрғындары арасында да едәуір төмендеп, 2009 ж. солтүстікте - 37,9%, шығыста - 40,2%, орталықта - 39,5% болды. Дегенмен орыстардың үлесі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жартысынан (50,4%) әлі де асып тұр, Қостанай облысында 43%-ға жетеді.
Сан жағынан үшінші орынға шыққан өзбектер (456,9 мың - 2,8%) негізінде - 98%-ға жуығы - Оңтүстік аймақты мекендейді, ал төртінші орындағы украиндықтардың (333,0 мың - 2,1%) үштен екісі Солтүстікте тұрады, қалғандары басқа аймақтарда шашыранды түрде орналасқан (9-15%), тек Шығыста олар өте аз (2,5%). Бесінші орындағы ұйғырлардың (224,7 мың - 1,4%) басым көпшілігі - Оңтүстік аймақта (98,0%), негізінде Алматы облысы мен қаласында тұрады. Келесі орындағы татарлардың (204,2 мың - 1,3%) үштен екісі Оңтүстік аймақта, нақтылап айтқанда Алматы қаласы мен облысында орналасқан, қалғандары Солтүстік пен Астанада тұрады. Саны жағынан 1989 ж. қазақтар мен орыстардан кейінгі үшінші орындағы немістер (946,8 мың - 5,9%) енді жетінші орынға түсті - 178,4 мың - 1,1%, олардың жартысынан көбі Солтүстікте, 18,4% - Орталықта, 7,8% - Шығыста тұрады, қалғандары басқа аймақтарды шашырап мекендейді. Саны жүз мыңнан асқан этнос өкілдерінің соңғысы – кәрістер (100,3 мың – 0,6%) – 1989 жылы салыстырғанда сол деңгейден (100,7 мың - 0,6%) сәл-ақ төмендеді. Олар негізінде – 70%-ға жуығы Оңтүстікте орналасқан. Қалғандары Солтүстік пен Орталық аймақтары қалаларында тұрады.
Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан халқының қала мен ауылдық (селолық) мекендерге орналасуы қайшылыққа толы урбанизация процесі ықпалында жүруге мәжбүр болды. Урбанизация негізінде қала халқының, біріншіден, үлесі де, саны да азаюымен қабат, екіншіден, қалалықтардың дәстүрлі (европалық этнос өкілдері басым) ұлттық құрамында алғаш рет қазақтардың басымдыққа жетуі, яғни, бұрын негізінде аграрлық этнос болып келген қазақтардың қалаға бет бұруымен ерекшеленді. Қала тұрғындарының үлесі де, саны да кемуі онда мекендеген орыс, украин, белорус, неміс және басқа европалық этнос өкілдерінің сыртқа, өз тарихи отандарына көші-қоны себебінің нәтижесі еді. Бұған қосымша 1980 ж. соңы мен 1990-жылдардағы экономикалық дағдарыс та қала халқының кемуіне зор әсер етті.
2-кестеде көрсетілгендей, Республика халқының арасында қала тұрғындары 1989 жылы 56,7% болса, 1999 жылы - 56,0%, ал 2009 жылы - 54,1%-ға төмендеп, осы 20 жыл ішінде 2,6% азайды; ал саны 9. 182,6 мыңнан 8. 662,4 мыңға түсті, яғни 520,2 мыңға кеміді. Әсіресе, алғашқы онжылдықта кему күшті болды - (- 805,3 мың еді), тек екінші онжылдықта қала тұрғындары саны қайтадан көтеріле бастады - (285,1 мың адам қосылды).
Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп-дамуына жол ашқан көптеген ірі завод, фабрика, шахта және басқа кәсіпорындар тоқтап қалды, олардың және күйзеліске ұшыраған ауыл шаруашылығы (кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған соң) еңбеккерлері ірі - Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарына қарай беталды, соның нәтижесінде жұмыссыздық проблемалары да күшейе түсті. Қалаға беталғандардың, әсіресе ауылдан келгендердің ішінде қазақ жастары басым еді.
2-кесте. Қазақстан Республикасының қала халқы
1989 ж. 1999 ж. 1989-
1999 жж. 2009 ж. 1999-2009 жж.
абс. % абс. % абс. %
Қазақстан Рес. 9182636 56,7 8377303 56,0 -805333 8662432 54,1 285129
Ақмола обл. 502382 47,2 380427 45,5 -121955 341915 46,4 -38512
Ақтөбе обл. 396377 54,1 383674 56,2 -12703 461050 60,8 77376
Алматы обл. 537040 32,7 464953 29,8 -72087 416858 23,1 -48095
Атырау обл. 256011 60,3 256121 58,2 110 238936 46,8 -17185
Шығ.Қазақ. обл. 1031598 58,4 899745 58,8 -131853 801475 57,4 -98270
Жамбыл обл. 491769 47,3 456939 46,2 -34830 404535 39,6 -52404
Батыс-Қаз. обл. 267362 42,5 251761 40,8 -15601 277751 46,4 25990
Қарағанды обл. 1426386 81,7 1158948 82,2 -267438 1040203 77,5 -118745
Қостанай обл. 617938 50,5 552104 54,2 -65834 439554 49,6 -112550
Қызыл-Орда обл. 345782 60,2 360985 60,5 15203 284248 41,9 -76737
Маңғыс. обл. 287239 88,6 246848 78,4 -40391 263182 54,2 16334
Павлодар обл. 603176 64,0 511900 63,4 -91276 504579 68,0 -7321
Солт.Қаз.обл. 327450 35,9 274631 37,8 -52819 237436 39,8 -37195
Оңт.Қаз.обл. 738947 40,5 729587 36,9 -9360 972072 39,4 242485
Астана қ. 281252 100 319324 100 38072 613006 100 293682
Алматы қ. 1071927 100 1129356 100 57429 1365632 100 236276
1989-1999 жж. Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік тұрғындар азайды, Бұл азаю 10%-дан 25%-ға дейін көтерілді. Әсіресе ірі индустриялық орталықтар осы жағдайға душар болды. Мысалы, тұрғындар саны Балхашта 24,6%, Теміртауда - 20,2%, Риддерде - 18,1%, Жезқазғанда - 15,9%, Семейде - 15,0%, Кентауда - 13,1%, Рудныйда - 12,6% және көптеген облыс орталықтарында: Талдықорған - 17,4%, Петропавловск - 15,1%, Қарағанды - 13,9% және т.б. кеміп кетті.
Қазақстан бойынша тұрғындар тек бес қалада, оның ішінде Астана (13,4%) мен Алматыда (5,4%), екі облыс орталығы: Тараз (8,6%) бен Қызылордада (4,6%) және жалғыз Түркістанда (10,2%) өскені байқалады.Урбанизация процесі 1980 жылы соңында Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында күшті болса (тиісінше, қала тұрғындары үлесі 88,6% және 81,7%), 2009 жылы Қарағанды мен Павлодар облыстары (тиісінше 77,5% және 68,0%) алға шықты. Қалалану процесі Оңтүстік өңірде төмен болды. Мысалы, қала тұрғындарының үлесі Алматы облысында - 23,1%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 39,4%, Жамбыл облысында - 39,6% ғана еді; Солтүстік Қазақстанда осы деңгейге (39,8%) жақын болды.
Қазақтардың қалаға бет бұруына келсек, Кеңес заманында қазақтардың қаланы мекендеуі төмен болды (1989 жылы 27,1%). Тәуелсіздік жағдайында қала тұрғындары арасында қазақтардың саны да, үлесі де күрт өзгерді: қаладағы үлесі 1999 ж. 43,2%-ға, ал 2009 ж. - 55,9% жетіп, осы 20 жыл ішінде 12,7% өсті, ал саны 2.488,9 мыңнан 4 841,0 мыңға көтеріліп, екі есеге жуық - 2 352,1 мың адамға көбейді, яғни 2,5 млн. қазақ жаңадан қалаға келіп орналасып, (заңды түрде есепке тіркелмегендерді қоса есептегенде) өмір сүріп жатыр деген сөз.
Республика халқының көпшілігі әлі де болса ауылда тұрады. 1989 жылы санақ бойынша ауыл халқы 43,3% болса, 1999 жылы - 44,0%, 2009 жылы - 45,9% құраған. Республикадағы ауыл халқының өсу динамикасын мына төмендегі кестеден көре аламыз.
2009 жылдың мәліметі бойынша, Республикада тұратын ауыл халқының үлесі 45,9% құрап, абсолюттік саны - 7347,1 мың адамға жетті. Ең көп ауылда тұратын халықтар Алматы облысында - 76,9%, Оңтүстік Қазақстан - 60,6%, Жамбыл облысы - 60,4%, Солтүстік Қазақстан - 60,2%, Қызыл-Орда - 58,1%, және Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында - 53,6% болып тұр.
Қорыта келгенде, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқының демографиялық дамуы қазіргі кезде негізінде оң қалыптасуда. Көші-қонның сыртқа бағытталған толқыны баяулап, оң айырым қалыптасты. Табиғи өсім де бұрынғы деңгейіне жетті. Ұлттық құрылымда қазақтардың басымдығына қол жетті. Ендігі демографиялық көрсеткіштерді қазақ ұлтының өз дамуы қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекетіміздің демографиялық және әлеуметтік салада ғылым мен тәжірибеге негізделген саясат жүргізуін талап етіп отырған проблемалар да баршылық.

2. БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастырудағы және қоғамдық сана қарым-қайшылықтарын шешудегі тағы бір аса маңызды тарихи кезең - жаңа дүниетанымның, жалпыұлттық қазақстандық идеяның негіздерін іздестіріп, айқындау болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы үрдісінде қазақ ұлттық идеясы өзінің өн бойына қазақтың бүкіл байлығын жинап, қазақстандық ұлттық идеяға түрленді. Қазақстандық идеяны әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу формасы, құндылық-нормативтік айқындама ретінде, ішкі бірлікке, біздің транзиттік қоғамымыздың орнықтылығы мен тұрақтылығына жәрдемдесетін әмбебап біріктірушілік мазмұнды қамтитын экзистенциал ретінде түсіну міндеті тұр - сонымен бірге сенімділіктің ішкі сәулесімен нұрланған, жеке бастың келісімі, Қазақстанның бүкіл көп мәдениетті халқын құрайтын болмыстың бәрін мақұлдау ретінде түсіну керек.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан қоғамының санасындағы өзгерістер тарихи тағдыр тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен құндылықтарды қайта жаңғыртумен сипатталады. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы - мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.
Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.
Қазақстандық көпұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі – әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ болады. Сонымен қатар, бұрыңғы концепциялар қайта қаралып, тарихта ұмытылған немесе тоталитарлы кезеңде тыйым салынған құбылыстарды қайта жаңғырту үрдісі байқалуда.
Осылайша, қазіргі қоғамдық өмірдің реформалануы мен демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлттық идеяны қалыптастыру - тарихи қажеттілік, әрі уақыт талабы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Себебі, өз дамуының белгілі бір шарықтау шыңына жетіп, дамудың түбегейлі жаңа сатысына көтерілудің орасан зор мақсаты жолындағы қоғам мен мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және басқа барлық күштерін біріктіру міндеті туындаған кезде кез келген ел өзінің ұлттық идеясын қалыптастыруға деген қажеттілікті сезінеді.
Бүгінгі таңда қазақ идеясы егеменді ұлттық мемлекет ретіндегі Қазақстан формасында өзгеріп, жүзеге асты. Әлем картасында осыдан 18 жыл бұрын өзін халықаралық аренада бар даусымен жар салып мәлімдеген, мемлекеттердің демократиялық қоғамдастығының толық құқылы әріптесіне айналған егеменді тәуелсіз мемлекет пайда болды. Бірақ осынау ұлан-ғайыр міндетті шешу Қазақстанның алдына жаңа проблема қойды: қазақ ұлттық идеясының құдіретті әлеуетін пайдалана отырып, жаһандану дәуірінде республиканың барлық этностары мен диаспораларын біріктіре алатын қазақстан идеясын тұжырымдау міндеті тұрды. Ұлттық идея ұлттық тарих пен мәдениеттің бүкіл қисынынан туындауға және жалпыұлттық құндылық пен ел коституциясына сүйенуге тиіс. Ол болашақтың тұжырымдамасы бола отырып, болашақтың нобайын айқындайды. Тарихи тәжірибені қорытындылай отырып, тарихи даму үрдістерін зерделейтін идея осы тәжірибенің шегінен шығарды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық идеясының негізінде жатқан мынадай бес қағиданы тұжырымдады: 1) республикадағы барлық этностардың іс жүзіндегі және заң жүзіндегі теңдігі; 2) қазақ халқы мемлекет құраушы этнос болып табылады, сондықтан оған басқа этностардың алдында жауапкершілік жүктеледі, ал басқа этностар қазақ ұлтының өзін-өзі танытуына түсіністікпен қарауға тиіс; 3) халықтардың діни бірегейлігі және төзімділігі; 4) қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; 5) шағын және орта бизнесті дамыту, қазақстандық орта тапты жасақтау. Барлық басқа этностар қазіргі кезде ел халқының жалпы санының 65% -дан астамын құрайтын қаһарман және ұстамды қазақ халқында бүгінгі таңда олардың өзгеге өктемдік ету ниетінің жоқ екенін терең ұғынуға тиіс. Оның жан дүниесі әрқашанда жайсаң, риясыз, сабырлы.
Қазақстандық идея - бұл демократиялық ашықтық, әлеуметтік әділеттілік идеясы, жаңа рухани адамгершілік кеңістікті қалыптастыру және соның негізінде әрбір этностың ұлттық сана-сезімін қайта түлету, татулықтың, бейбітшіліктің және аман-саулықтың кепілі ретіндегі күшті де өркениетті тәуелсіз мемлекеттілік құру символы.
Қазақстандық ұлттық идея қоғамның ішкі бірлігіне, орнықтылығына және тұрақтылығына, топтасуына және өзара түсіністікке, сол арқылы тәуелсіз мемлекеттіліктің нығаюына жәрдемдесуге тиіс. Ол әлеуметтік-экономикалық, саяси және ең бастысы-бүкіл Қазақстан халқын құрайтын рухани-адамгершілік тұтастық құрылуы үшін түрлі этностар, конфессиялар, әлеуметтік жіктер арасындағы қарама-қайшылықтың шешілуіне ықпал етуге тиіс.
«Халық» ең алдымен этникалық алуан түрлілікте бүкіл бірлік, топтасқандық, ынтымақ, өзара түсіністік дегенді білдіреді. Бұл бірлік қазақ және орыс халықтарынан этникалық туыстығымен және діл бірлігімен байланысты болуы мүмкін. Бірақ ол басқа бір негізде-ортақ азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және тиісінше рухани-адамгершілік және мәдени ортақтық негізінде де іске асырылуы мүмкін.
Өзінің ежелгі арманын, қазақ халқының «Атамекен» идеясын ұлттық егемендік формасында жүзеге асырған қазақтар өзінің үлесіне шын мәнінде тарихи миссия: Қазақстанда тұратын, оны өзінің Отаны деп есептейтін, қазақтардың ежелгі жерін шын жүрегімен және жан-тәнімен сүйетін, оны бүгін де, ертең де тастап кеткісі келмейтін барлық диаспора-этностарды мықты демократиялық мәдени бірлікке топтастыру міндеті жүктелгенін анықтап білді. Бұл қазақ халқының ерекше мақтанышы-басқа этностардың өздері бүкіл жүрегімен және бүкіл жан-дүниесімен осынау жайдары, қонақжайлы жерде қалғысы келуі және өз балалары мен немерелерінің болашағын байланыстыратын жерде өмір сүргісі келуі. Ірі мемлекет ретіндегі Қазақстанның ұлан-байтақ даласы мен қарлы таулары сүйіспеншілік мейірімге жомарт болып шықты-ғажайып төзімділігі, қазақтың ішкі жан дүниесінің кеңдігі мен сұлулығы, оның басқа адамдарды қолдауға, көмектесуге, мақұлдауға қабілеттілігі арқасында көптеген ұлыстарды өзінің құшағын тартты.
Ұлттық идеяға негізделген түрлі этностардың пікір алысуы Қазақстан халқы құрылуының негізі болып табылады, ол сондықтан ең алдымен барынша төзімді қазақ халқының ынтымақтастыққа, өзара түсіністікке және татулыққа деген ерік-жігерін көздейді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде одан әрі дамуына орай қазақ ұлтының елдің этносаралық қатынастары жүйесіндегі біріктіруші рөлі арта береді. Қазақ халқы тәуелсіздік туралы ғасырлар бойына армандады, туып-өскен «Атамекен» идеясымен рухтанды. Тоқсаныншы жылдары қазақтардың осы ежелгі арманы мемлекеттік егемендік формасында жүзеге асты. Қазақ идеясы, ұлттық мақтаныш пен қадір-қасиет, ұлттық рух демократия мен бостандық принциптерін халықаралық аренада орнықтырушы тәуелсіз ұлттық мемлекет бейнесінде жүзеге асты. Қазақ идеясы тәуелсіздік идеясы ретінде барлық қалған этностарға жақын әрі қымбат.
Ұлттық идея, ел Президенті Назарбаевтың пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты тұғырларын анықтайды: бірінші тұғыры - ел бірлігі; екінші тұғыры - экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші тұғыры - интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры - өркениетті мемлекет.
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады. Қазақстан Халқы Ассамблеясы басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
2015 жылғы 28 желтоқсанда Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы» бекіді. Тұжырымдаманы әзірлеуге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы, Қазақстан саясаттанушылар конгресі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Қазақстан бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Жазушылар одағы» және басқа да шығармашылық одақтар тартылды. Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдамасына негізделеді.
Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:
1) негізгі бағыт - ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;
2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;
3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;
4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі.Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болды.
Президент Н.Назарбаев 2012 жылы 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті. Онда: «Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады» деген болатын.
Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол-бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқа Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзірі түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызға ие бола бермек.
Қазақстан әлемге қарапайым, бірақ ұлы ақиқатты дәлелдеді: татулықта және бейбітшілікте, жанжалсыз өмір сүруге әбден болады, қарама-қайшылықты пікір алысу үрдісінде шеше аламыз, мәдени және конфессиялық алуан түрлілікті сақтай отырып, бірлікке толық қол жеткізуге болады, күшке шынында да күшті-ұлттық Рух күшін қарсы қою керек. Сөйтіп қазақ ұлттық идеясы ғылыми айналымға жаһандану жағдайында Қазақстанның орнықты дамуының күрделі проблемаларын зерделеу үшін аса маңызды біріктіргіш принцип ретінде енгізілген қазақстандық ұлттық идея болып табылады. Бүгінгі ұмтылыстар, өмірлік басымдықтар және қазақстандықтардың өркениеттік мұраттары Қазақстанның ұлттық идеясының мазмұнын көрсетеді.

Дәріс №13


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢАРУ БАҒЫТЫ

1. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары.


2. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.

1. ЖАСТАР ІСТЕРІ БОЙЫНША САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Мемлекеттік жастар саясаты - Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 28 тамыздағы №73 өкімімен бекітілген Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында қалыптасқан. «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы 3 бөлімнен тұрады.
Тұжырымдама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне сай келеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес жасалған. Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің 26 жылында алғашқы қалыптасу кезеңінен өтті.
Жастар - келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар ХХІ ғасырда дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет - жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының миссиясы осы.
Жастар саясатының 2005-2007 жж. арналған бағдарламасын іске үшін республикалық бюджет қаражатынан 2006 жылы 154. 980 теңге қаржылық шығындар көзделді. 2011 жылы елімізде жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы пайда болды. Жастар саясатының 2005-2007 жж. арналған бағдарламасы бойынша 2007 ж. Қазақстан өңірлерінде 10 әлеуметтік қызмет құрылды.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар арасында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
Қазақстандықтар - жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар.
Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан - 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды.
2002 жылы құрылған Қазақстан жастар конгресі және «Нұр Отан» Халық Демократиялық Партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты сияқты бұқаралық ұйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі құрылды.
2008 жылы «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды.
2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бүкіл өңірлерінде - жастар мәслихаттары жұмыс істейді.
2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті.
Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара іс-қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды.
2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады.
Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған құжаттары өз міндеттерін іске асырды және жастар саясатының келесі кезеңін бастау үшін негіз дайындады. Ел тұрғындарының 26 %-дан астамын 14 - 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары құрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. адамға жақындады. Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты үлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14 - 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды құрайды.
Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облысына - 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына - 24 % келеді.
Қазіргі кезде жастар үшін негізгі «әлеуметтік лифті» – сапалы білім болып табылады. Жалпы, жастардың білім деңгейі мынандай: 718 мыңы – жоғары білімді (15,9%), 306 мыңы – аяқталмаған жоғары (6,8%), 728 мыңы – арнаулы орта (16,2%) білімді.
Соңғы 10 жылда жоғары білімді жастардың саны орташа есеппен 4 есе, арнаулы орта білімді жастар 2 есе, ауылдық жоғары білімді жастар – 6 есе, қалалық жастар - 4 есеге өсті.
Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және т.б. ірі жобалар іске асырылуда.
Нәтижесінде, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайған әрі ТМД мен Еуропа елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда едәуір төмендеген. 2011 жылы жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Оның ішінде қаладағы жұмыссыз жастар ауылдағы жұмыссыз жастардан (3,8%) 1,5 есе (5,0%) көп.
Соңғы 11 жылда жастар ұйымдары 7 есеге өскен, ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жылда 10 есеге ұлғайған. Соңғы сайлау науқандарында жастардың жоғары белсенділіктері байқалды.
Осылайша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығында жастардың өз мүдделері, бейімділіктері, тәни мүмкіншіліктеріне сай еркін әлеуметтік даму құқықтарын жүзеге асыруына, шығармашылық бастамашылықтарына барлық жағдай жасалған.
Жастардың білім саласында тегін орта және жоғары білім алуларына, шет мемлекеттерде оқып білім алуларына, денсаулық сақтау саласында тең дәрежеде тегін медициналық көмек алуларына мүмкіндіктері бар. Қазақстан жастары халықаралық спорттық және мәдени ареналарда жоғары көрсеткіштер көрсетуде. Жастар «100 мектеп, 100 аурухана», «Мәдени мұра», «Болашақ»» «Балапан», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламаларын іске асыруда.
Жастар саясатының инфрақұрылымы құрылған. Олар: Қазақстан Республикасы Президенті мен барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы кеңестер, Жастар істері жөніндегі комитет, мемлекеттік бағдарламалар, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және т.б.). Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және қызметтік өсуіне, жеке істерін ашып, оны жүзеге асыруларына мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар ел жастарының бүгінгі таңдағы әлеуметтік хал-ахуалын зерттеу бірқатар басты мәселелердің барын аңғартты.
Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың бүгінгі күннің қауіп-қатерлері мен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерге айтарлықтай дайын еместігін көрсетті.
Көптеген жастар үшін негізгі мәселе тұрғын үйге қолжетімділік болып қала береді. Жұмысқа орналасуда бәріне бірдей тең қол жетімділіктің болмауы жастар арасындағы жұмыссыздыққа әкелуде, бұл олардың материалдық жағдайына теріс әсерін тигізуде.Ауылды жерлерде спорттық және мәдени инфрақұрылымдар дұрыс дамымаған.
«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 26 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың басында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді. Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.
Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру.
Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.
Сонымен қатар, жастардың әлеуметтену процесі, оларды қоғамдық-саяси өмірге жұмылдыру мынадай құндылықтарға негізделеді: «Патриот болу - бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату» - Мемлекет басшысы бұл құндылықты осылайша айқындап берді.
Жас қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы - өз елінің патриоты болудың жарқын үлгісі болып табылады. Отан өз жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, онда тұратын халыққа, мерекелері мен күнделікті тірлігіне, мемлекеттік нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасатын отбасыдан басталады.
Жастардың санасына патриотизм - өзің, отбасың және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін сіңіру ерекше маңызды. Тұрақтылық - Қазақстанның 26 жылдық дамуындағы табысының негізі және басты нәтижелерінің бірі.
Көп этносты және көпконфессиялы Қазақстан халқының бірлігі - абсолюттік құндылық және барша ұрпақтың міндеті - осы құндылықтарды қорғау және елді көркейту жолында оны дамытып, орнықтыра түсу.
Жастарды адамгершілік жағынан қалыптастыру процесіне әсер ете отырып, мемлекет мәдениеттің жалпы деңгейінің өсуіне, коммуникациялық технологияларды дамытуға назар аударуы тиіс.
Жастардың даму деңгейінің үшінші мыңжылдықтың талаптарына сәйкес болуына қол жеткізу қажет. Ар-ождан және діни сенім еркіндігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету жұмыстың маңызды бағытына айналуға тиіс.
Заңға бағынатын азаматтар ғана демократияны жетілдіруге және шынайы құқықтық мемлекет құруға қабілетті екені айқын. Заңды бұлжытпай орындау жастардың өмірлік дағдыларына айналуы керек. Құқықтық сананың өсуі, белгіленген тәртіп ережелері мен қағидаларын құрметтеуді қалыптастыру барлық әлеуметтік институттардың ерекше назар аударатын нысанасына айналуға тиіс. Заңның беделді болуы қазақстандық жастардың санасында қазіргі кезеңнің дамуының базалық құндылығы ретінде мығым орнығуы қажет.
Жастардың дәстүрлі құндылықтары - білім мен мансап білім беру жүйесінің еңбек нарығына айқын бейімделуді, анықталған қажеттіліктер мен технологиялық жаңалықтарды ескере отырып, білім беру мен кәсіптік даярлау жүйесінің экономикалық, әлеуметтік және кәсіпкерлік болмысқа сәйкестігін қамтамасыз етуді назарға ала отырып, қайта қаралуға тиіс.
Жалпыға ортақ еңбек қоғамында жастардың аса маңызды негізгі құндылықтары жастарды экономикалық-еңбек қызметіне тартуға негізделген еңбексүйгіштік пен ерекше еңбек этикасы болуы керек. Осыған байланысты, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жастарға өздерін көрсетуге айрықша мүмкіндік беру үшін ұсынады.
Жастардың іске жұмыла білуінің экономикалық құндылығы аса жоғары.
Инновациялық экономикаға өту - қазақстандық жастардың инновациялық мінез-құлқын қалыптастыру міндеттерін өзекті етеді. Жастар өткен күнмен астасқан дүниенің бәріне құштар емес. Сондықтан барлық жаңаны айрықша қабылдағыш, өмірдегі өзгерістерге бейімделгіш, мол әлеуеті мен шығармашылық зияткерлік энергиясы бар және әлеуметтік белсенді қызметке дайын жастар тәжірибеге жаңа идеяларды, бастамалар мен технологияларды жылдам ендіретін жолбасшы. Онымен қазақстандық ғылымның өсуі, әсіресе жаратылыстану, техникалық ғылымдардың өсуі байланысты болуы керек. Жастардың ғылымға бет бұруы - бұл болашаққа айқын жол болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясына денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау мәселесі енгізілді. Өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидасы, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыша маңыздылығы жоғары болып қалады. Қазақстандағы спорт бүгінгі әлеуметтік лифтілер жүйесінде анағұрлым үйлесімді жұмыс істейтін сала болып табылады. Қазақстандық спортшылардың ғаламдық табыстары жігіттер мен қыздарға өздерінің жарқын талантын, ерік-жігерін, мінезі мен еңбексүйгіштігін көрсете оотырып,жоғары нәтижелерге, сонымен бірге даңқ пен құрметке бөлене алатындығын, материалдық игілікке де қол жеткізуге болатындығын көрсетіп берді.
Спорт пен бұқаралық дене шынықтыруды дамыту жастар саясатының ерекше басымдығына айналуға тиіс.
Нарық экономикасы мен Қазақстанның индустриядан кейінгі дамуы жастардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының жаңа стратегиясын қалыптастыру қажеттілігіне себепші болады. Кәсіпті таңдай білу, мансапқа дұрыс жолмен жету, еңбек саласындағы ықпалдастыққа және табысқа жету жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі ретінде қарастырылуы қажет.
Сонымен қоса, жастарда меритократия қағидасын («лайықтылар билігі») ұстануды қалыптастырудың маңызы зор. Заманауи кәсіби мансаптың нышаны деңгейлік, кәсіби, еңбегіне қарай қызметтік сатылық өсу болуы керек. Жастар оң идеалдар мен өз талантына, жұмыс істеу қабілеті мен жеке жауапкершілігінің нәтижесінде табысқа жеткен үздіктерге теңесіп, алға жылжуы тиіс. «Жасыл экономиканы» дамыту индустрияландырудың негізі ретінде «экологиялық сұрақтардың маңыздылығын арттырады. Жастар жаңа экологиялық этиканы ұстанушылар болуы керек, туған жері мен оның табиғи байлықтарына жанашырлықпен қарауы тиіс.

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА КОНФЕССИОНАЛДЫҚ ШЫНДЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.


Кеңестер Одағы тұсында «халықтар лабораториясы» атанған Отанымыз Қазақстан қазір ТМД елдері ішінде конфессионалдық кеңістігінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Елімізде қазіргі таңда 46 конфессияны құрайтын, 3 мың культтік ғимараты бар, 4209 діни бірлестіктің жұмыс істейтінін, олардың 38 басылым, яғни газет-журнал шығарады.
1995 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республика Үкіметімен келісу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстандағы діни бірлестіктерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады.
Біріншісі, Қазақстан территориясында баяғыдан бар және ел тұрғындары басым көпшілігінің мәдени-тарихи дәстүрлерін анықтайтын діни бірлестіктер. Бұл топқа ислам және христиандық православие жатады.
Ислам дінін қазақтардан басқа 17 түркітілді этностар (өзбек, татар, ұйғыр, әзербайжан т.б.), сондай-ақ, тәжік, күрт, дұңған, шешен, ингуш сияқты ұлттар ұстанады. Ал Қазақстандағы орыс православие шіркеуі негізінен үш славяндық ұлтты (орыс, украин, беларус) біріктіріп отыр.
Қазіргі замандағы халықаралық саяси қатынастар дінаралық өзара түсіністікке көп байланысты. Сол себепті толеранттық тәрбие адамзаттың күн тәртібінен ешқашанда түскен емес. Бірақ басқаға деген құрмет пен сыйластықтың іргестасына рухани ілім қалануы керек. Сонда ғана төзімділік кемел, сыйластық берік болады.
Конституцияға сәйкес, Қазақстан өзін әлемге зайырлы мемлекет ретінде көрсетеді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы бойынша мемлекет діннен және діни бірлестіктерден ажыратылған, ал діни бірлестіктер мен азаматтар дінге деген көзқарастарына қарамастан, заң алдында тең.Мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне (егер заңға қайшы болмаса) араласпайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде 1995 жылы қарашаның 16-сында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында бекітіліп, қол қойылған «Төзімділік ұстанымдары туралы» мағлұмдаманы қолдайды, сондықтан елдің конфессияларға қатысты саясатында діни төзімділік және бейбітшілік ұстанымдары ерекше орын алады.
Соңғы жиырма алты жыл ішінде дін саласында орын алған өзгерістердің мән-мағынасын түсіну үшін, кеңес заманында конфессиялардың атеистік идеологияның қатаң қысымында болғанын ескеру керек. Ресми түрде дінді әлеуметтік өмірден аластау саясаты үстем болды. Бірақ, дін XX ғасырда бұл саясатқа төтеп беріп, соңында атеистік саяси институттарға қарағанда өміршең екендігін көрсетті.
Конфессия тұрғысынан алғанда, Қазақстан-басым халқы мұсылмандардан тұратын ел. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, 2016 жылы дүние жүзінде мұсылмандардың саны 1 млрд. 757 млн. адамға жеткен. Процентпен есептегенде, планетада өмір сүріп жатқан әрбір төртінші адам ислам дінін ұстанады, 57 адам – ең ірі және аса беделді ресми халықаралық мұсылман ұйымы болып табылатын Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі.
Қазақстанда 1990 жылы тәуелсіз мекеме-діни бірлестіктер мен мешіттердің қызметін ұйымдастыратын және шетелдік мұсылман ұйымдарымен сыртқы қатынастар орнататын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы құрылды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел мұсылмандары үшін дәстүрлі сүннит құндылықтарын уағыздайды, ал құқық мәселелерінде – ханафит мәзһабын ұстанады.
Қазақстан діни басқармасының басты мақсаты - халықтың сенім-нанымын нығайту, қоғамда тұрақтылықтың, ұлтаралық және конфессияаралық татуластықтың сақталуы ісіне өз үлесін қосу, адамдарды жақсылыққа, бірлікке, Отанға адал қызмет етуге үндеу.
Қазіргі уақытта мемлекеттің діни ұйымдармен қарым-қатынастарын Діндер және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлік реттейді. Оның орталық атқарушы органы 2016 жылы қыркүйектің 13-інде ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған. Бұл министрліктің деректері бойынша, 2016 жылы еліміздегі діни бірлестіктердің саны 3621-ге жеткен, оның ішінде: ислам діни бірлестіктері - 2517, православие шіркеуі - 329, елулікшілер шіркеуі - 217, Інжіл христиан-баптистері шіркеуі -181, католиктер шіркеуі 84 болған.
Діни бағыттың ұйымдастырылатын сапарлары - көбінесе мұсылмандардың қажылығы. Қажылық сапарға аттанатындардың саны жыл сайын артып келеді. Егер 2000 жылы қажылыққа 80 адам барса, 2009 жылы -4000 адам, ал 2015 жылы 4600 адам қажылық сапар жасаған.
Қазіргі уақытта республикамызда 3300 діни құрылым, оның ішінде: 2500 мешіт, 300-православие ғибадатханасы, 90 католик костелі (ғибадатхана), 6 синагога (еврейлер ғибадатханасы) бар.
Сөйтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ірі саяси және қоғамдық қана емес, сонымен қатар рухани да орталыққа айналды. Қоғамның тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып Қазақстан Республикасының Негізгі заңынан, яғни елдегі халықтардың қай ұлтқа және дінге жататынына қарамастан, барлықтарының теңдігін айқындап берген Конституцияның ережелерінен шығатын конфессияаралық сұхбат саналады.
Ел азаматтарының өздерінің этномәдени мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құқықтары бар. Тәуелсіздік жылдары ішінде белгілі бір дәрежеде, шын мәнінде, Қазақстанның барлық этностары діни сенімдеріне оралды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің өтуін айтуға болады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша шақырылған бірінші съезі 2003 жылы қыркүйектің 23-24-інде Астана қаласында өтті.
Съезд жұмысына әлемнің: ислам, христиандық, яһудизм, бұдда діні, индуизм, даосизм, синтоизм секілді діни конфессиялары және басқа да діндер өкілдері қатысты. Бірінші съездің қорытынды құжатында Қазақстанға аса жоғары құрмет, яғни Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астанада ұйымдастырып өткізу құрметі көрсетілді. Аталған шешімнің ұйғарымы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын - діндер сұхбаттарын және келісілген шешімдер қабылдауды жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институт құруға байланысты барлық мәселелерді ойластыру тапсырылды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезі 2006 жылы қыркүйектің 12-13-інде Астана қаласында өтті. Екінші форумға енді 29 делегация қатысты. Съезд Астанада дінаралық саммиттер өткізу үшін арнайы салынған жаңа бірігей сәулет ғимаратында - Бейбітшілік және келісім сарайында «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырыппен өтті. Съезде қазіргі әлемдегі діннің рөлі туралы көзқарасты бекіткен мағлұмдама форматында қорытынды құжат қабылданды. Бұл мағлұмдама өзіне үшжылдық сұхбат пен бірлесе атқарған жұмыс кезеңі ішінде қол жеткен, әлемдік діндер көшбасшыларының жаһандық әлем құрылысын белгілеу үдерісіндегі рөлі мен атқаратын қызметін күшейтуге бағытталған келісімдерді біріктірді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі 2009 жылы шілденің 12-сінде Астана қаласында өтті. Съезге Еуропа мен Азияны, Таяу Шығыстың 35 елінен және Америкадан 77 делегация құрамында 400 делегат қатысты. Съездің басты тақырыбы: «Діндер көшбасшыларының төзімділікке, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құру ісіндегі рөлі» деп аталды.
Үшінші съезд қорытындылары бойынша қатысушылар бірлескен мағлұмдама қабылдап, онда дүниежүзілік қоғамдастықты шынайы дінаралық сұхбат орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдарды тұрақты түрде қолдауға, діндер мен өркениеттердің мемлекеттер мен қоғамдарда өзара түсінісуі мен құрметтеуіне жағдай туғызуға үндеді.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезін өткізудің маңыздылығын: «Мен III съезд қорытындыларының өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы сұхбатты ілгерілету ісінде аса өзекті тұжырымдамалық рөл атқаратынына сенімдімін. Олар, сөз жоқ, адамдарды жақындастырып, әлемде дінаралық өзара түсінісушілікті нығайтады. Мәдениетаралық және дінаралық ашық сұхбат Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелерінің бірі екенін айтқым келеді», - деген сөздермен атап көрсетті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезі 2012 жылғы мамырдың 30-31-інде Астанада өтті. Съезге әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Бұл съездің басты тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Секциялар отырыстары қазіргі заманда аса өзекті: «Діндер көшбасшыларының тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі», «Дін және әйел: рухани құндылықтар және қазіргі қатерлер», «Дін және жастар» іспетті тақырыптарды талқылады.
Діндер көшбасшыларының IV съезі аясында маңызды тарихи оқиға - Қазақстан Президентінің ұсынысымен және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бір ауыздан қолдауымен құрылған Дін көшбасшылары кеңесінің бірінші отырысы орын алды. Кеңес құрамына әлемдегі діндердің танымал 15 көшбасшысы кірді. Салмақты халықаралық институт ретінде Дін көшбасшылары кеңесін құру діндер көшбасшыларының астаналық дінаралық саммиті тарихындағы жаңа кезең болды. Дін көшбасшылары кеңесі қызметінің мақсаты - мәдениеттер сұхбатына, экономикалық өзара іс-қимылдарға бағытталған жұмыс атқаратын басқа форумдармен және халықаралық ұйымдармен сұхбат пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің басым міндеттері мен тетіктерін айқындау.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі 2015 жылы маусымның 10-11-інде Астанада: «Дін көшбасшылары мен саясат қайраткерлерінің бейбітшілік пен даму мақсатындағы сұхбаты» тақырыбы бойынша Бейбітшілік пен келісім және тәуелсіздік сарайында өтті.
Съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 80 делегация қатысты.
Съездің бірінші күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев пен БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун сөз сөйледі. Бесінші съезд сессиялары отырыстарының тақырыптары: «Дін және саясат қайраткерлері: адамзат алдындағы жауапкершілік», «Діннің жастарға ықпалы: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары», «Дін және саясат: жаңа үрдістер мен болашақ жоспарлар», «Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесім үшін, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында өзара құрмет пен түсіністік негізіндегі сұхбат» болды.
Съезд қорытындылары бойынша мәлімдеме қабылданып, қол қойылды. Онда съезге қатысушылардың әлемдік және дәстүрлі діндердің адамзат өркениетінің дамуына қосатын үлесін түсінетіні, діннің өзара сыйластық орнатудағы маңызды рөлін жете ұғатыны айтылған.
Олар әлемнің кейбір өңірлерінде дінаралық және этносаралық шиеленістердің, саяси тұрақсыздықтар мен қарулы қақтығыстардың орын алып жатқанына алаңдаушылық білдірді, экстремизм мен лаңкестіктің барлық діндердің шынайы мақсат-міндеттеріне ешқандай қатысы, ортақтығы жоқ екенін баса айта отырып, төзімсіздіктің барлық көріністерін айыптады.
Сонымен, тәуелсіз Қазақстан үшін: «діни қатынастар - дамып жатқан азаматтық қоғамның маңызды саласы, өйткені Қазақстан көпұлтты ғана емес, көпконфессиялы да ел». Сондықтан ішкі тұрақтылықты сақтау үшін, конфессияаралық татулықты қатаң ұстану қажет. Көптеген елдердің алдында үлгі бола отырып, егемен Қазақстан Республикасы дәл осы жолмен жүріп келеді.

Дәріс №14


ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНДЕГІ ТАРИХИ САНАНЫ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ
1. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
2. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы
3. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы

1. ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНДЕГІ ТАРИХИ САНАНЫ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ



Тәуелсіздік Қазақстанның рухани өміріне ұлан-ғайыр өзгерістер әкелді. Ең әуелі атап көрсететін мәселе, ұзақ жылдар бойы отаршылдық бұғауында болған қазақ тарихы қайта жаңғырды. Қазақ тарихының бұрын аз зерттелген немесе мемлекет тарапынан тыйым салынған кезеңдері оқырман қауымға жетіп, жаңа рухани негіздің іргесі қалана бастады. «Қазақстан тарихы» мектептер мен жоғарғы оқу орындарында арнайы пән есебінде оқытылатын болды. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихи оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ.
Егеменді Қазақстанның алғашқы қадамдарынан бастап біздің мемлекеттігіміздің тарихи-мәдени өткеніне ден қою басталды.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдениеттердің үнқатуы, өзара түсіністігі» және жақындасуы» халықаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешімін әлем жұртшылығы жылы қабылдады.
1996 жылғы шілдедегі тарихи-этнографиялық экспедиция жасақталды, оның жүріп өткен жолы Ұлытаудан Үстіртке дейін көш тартты, бұған қоса Жезқазған, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарын қамтыды. Экспедиция өз жеріміздегі ата-бабаларымыздың дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымын насихаттауды, Қазақстан аумағын ежелгі заманнан жаңа заманға дейін мекендеушілер мұрасының әлемдік мәніне жұртшылықтың назарын аударды, еліміздің мәдени өткенінің жетістіктері мен тағылымын игеруге жәрдемдесуді негізгі мақсат етті. Экспедиция мүшелері көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерде болып, іс жүзінде олардың бүгінгі жай-күйімен танысты, олардың арасында Домбауыл, Дүзен, Абат Байтақ, Есет батыр, Исатай, Маханбет, Құрманғазы, Қазанғаптың, Маңғыстаудағы барлық белгілі әулиелер мен батырлардың кесенелері бар. Республика Үкіметі Жошы және Алаша хандардың кесенелерін қалпына келтіруге 60 миллион, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге 40 миллион теңге бөлді. Бүгінгі күні осы қалпына келтіру жұмыстарының көбі ойдағыдай аяқталды.
Қазақ жеріне ежелгі түрік жазулары жәдігерлерінің оралуы тарихи оқиға болды. 2001 жылғы маусымда Астанаға қазақ тарихы мен мемлекеттілігінің бастау көздері туралы баға жетпес ақпараттан тұратын Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі келді.
Тарихи мұраны қорғау туралы Заңның негізінде көне дүние жәдігерлері болып табылатын және түбірімен қайта қалпына келтіруге жатпайтын Алматы ғимараттарының тізбесі жасалды.
Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі Қазақстан егемендігінің алғашқы символына айналды.
1995 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілді.
Жаңа уақыт діни мәдениет жәдігерлерінің мәнін түсінуге де өзінің түзетуін енгізді. 1999 жылғы шілдеде Алматыдағы Орталық мешіттің заңғар үйі пайдалануға берілді. Мешіт бір мезгілде 5 мың адамның кіруіне арналып есептелген. Оның мұнараларының биіктігі әр түрлі, ал басты мұнарасының биіктігі 40 метрге жетеді. Ғибадатханалардың құрылысы басталды, ұлттық діни мәдениет, ағарту, ғибадат орталықтары қайта түледі. Алматыда 25 ұлттық мәдениет орталығы бар. ислам дінін ұстаушылар 22 мешіт тұрғызды, Ислам университеті құрылды, қасиетті Райымбек қабірі көркейтілді. «Ислам әлемі» журналы және «Нұр Шапағат» газеті басып шығарылды. Жыл сайын Қазақстанның 1500-ге жуық мұсылмандары Меккеге қажылыққа барады. «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдени орталығы ашылды.
Қазіргі кезде өткендегі тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр, олар: тарихи-археологиялық, тарихи-сәулет бағыттары. Сонымен бірге Қарахан, Айша бибі т.б. кесенелер сияқты жеке алғандағы тарихи-сәулет өнері жәдігерлерін зерттеуге зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оларды мәдениеттану тұрғысынан, әлемдік мәдениет пен өркениет тұрғысында одан әрі зерделеу қажет.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ баспасөз беттерінде қазақ тарихына қатысты: Алашорда тарихы, жаппай саяси репрессия тарихы, екінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан тарихы, тың және тыңайған жерлерді игеру, кеңестік кезеңдегі демографиялық үдерістер тарихының «ақтаңдақтарына» арналған М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, М. Асылбеков, О. Смағұлов, Қ. Алдажұманов, З. Қинаятұлы, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, М. Тәтімов, Ж. Қасымбаев, Б. Көмеков, К. Байпақов, Х. Әбжанов, Ж. Абылхожин, С. Әжіғали, А. Тоқтабай, т.б. ғалымдардың зерттеу мақалалары жарияланды.
«Ақтаңдақ» беттер деген терминнің өзі алғаш рет 1987 жылғы ақпанда қолданылды. 1992 жылы М. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. Алматыдағы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді.
Осы еңбегінде академик М.Қозыбаев: «Тарихымыздағы ақтаңдақтар жағдайы ертеден-ақ белгілі еді. Студент болып жүрген кезімізде біздің ұстазымыз, профессор Ермұқан Бекмаханов Кенесары қозғалысы туралы концепциясы үшін жер аударылды. 1972 жылы мен Коммунистік партияның кадрлық саясаты жөнінде З.А. Голикова деген кісімен бірігіп монография шығардым. Бірақ сол кітапта кейбір еркін айтқан ойларым үшін қуғынға түстім. Алайда, біз догматтық, схоластық рухта тәрбиелендік», - деп мәлімдейді.
Кеңес заманында ұлт-азаттық көтеріліске біржақты көзқарасты пікір айтылып келді. Ұлт-азаттық көтеріліс бұқара халықты отарлық езу мен қанаудан туды. Өз елінде бөтеннің кейпін киген ұлт, өздерінің күн көрісінің бірден-бір табыс көзі саналатын құнарлы жерлерінен айырылғандығы олардың ашу-ызасын тудырды. Осы тақырыпта тарихшы-ғалым К.Нұрпейісов «Ұлт-азаттық күрес және «Алаш» қозғалысы» мақаласын жариялады. Мақаласында ғалым: «Өзінің ұлттық құрамы жөнінен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс негізінен қазақтардан тұрды немесе моноұлттық болды. Көтерілістің тікелей басталуына патша өкіметінің 1916 жылғы 25-маусымда Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтарының азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы шығарған жарлығы түрткі болды. Көтерілісшіл халықты да, оның зиялы қауым өкілдерін де келе жатқан 1917 жылдың қос төңкерісі мен оларға жалғасқан азамат соғысының «тар жол, тайғақ кешу» кезеңі күтіп тұрды» .
Қазақстан тарихының келесі бір ауыр нәубеті ашаршылық қасіреті болды. Елді социализм халқы атандыруға асыққан совет үкіметі қазақ жерін иеленуде күштеп ұжымдастыру саясатына көшті. Бұл ұжымдастыру науқанының салдары байырғы ата қонысында отырған қазақ жұртын орны толмас қасіретке душар етті, арты ашаршылыққа келіп тірелді қаншама халық қырылып қалды. Кәсіби тарихшы Т.Омарбековтің архив құжаттары негізінде жазылған баспасөз беттерінде «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарымен мынадай тақырыпта: «Қазақтар шыбындай қырылып жатыр...», «Жазықсыз жапа шеккендер», «Қазақ неге атқа қонды?» сияқты мақалалары жарияланды.
Бүтін елдің мақтанышына айналған хан-cұлтандарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жырау, батырларымыз бен ұлт интелегенциясының өкілдері ағартушы-ғалымдарды ұлықтау тарихшыға артылған жүк. Аталған тақырыптарда тарихшыларымыз Ж.Қасымбаев: «Хан тарихы – Халық тарихы» (Абылай хан туралы), Х.Әбжанов: «Қазақстан интеллигенциясы: тарих пен тағдыр», «Жалған жұмақты әшкерелеген хат», «Ұлттың ұлы ұраншысы» мақалалары, М.Қойгелдиев: «Алашорда Ұлттық мемлекет құру мақсатының қойылуы: тарихтағы орны мен тарихи маңызы», «Алаштың Әлиханы немесе ол туралы архив материалдарына сөз берсек» атты тағы басқа да осы сияқты тақырыптар төңірегінде көптеген мақалалары жарияланды.
Осылайша халқымыздың қасіреті мен қуанышы қатар өрілген сан ғасырлық тарихын білу біздің абзал борышымыз. Ал біз сол ата тарихымызды насихаттау үшін ең алдымен біржақты көзқарастардан ада болуымыз керек. Кешегі бізді отар елге айналдырған отарлаушы елдердің үстем көзқарасымен бұрмаланған тарих беттеріндегі ақтаңдақтардан арылу жолдарын қарастыруымыз керек. Осындай ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың артында қалған құнды мұраларының ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихының зерттелуі барысында ұлт баспасөзінің алатын орны өте жоғары. Себебі, баспасөз беттерінде жарияланған тарихи тақырыптарға арналған мақалалар мен арнайы сұхбаттар Қазақ тарихын кәсіби тұрғыда зерттеушілер мен қызығушылық танытушылар арасында екі ұдай пікірлер тудыруда. Ғылыми тұрғыда дәйекті зерттелген кәсіби маманның тұжырымы мен әуесқой тарихшының немесе журналистің ортақ тақырыптағы зерттеуінің мазмұны мен қорытындысы екі түрлі болып жататын тұстары болады.
Жалпы Қазақ тарихын зерттеуде архивтердегі құжаттарға жүгініп тиянақты түрде, қолда бар деректермен салыстыра отырып зерттелген материалдар ғана ұлт тарихындағы ақтаңдақтарды жоюға өз үлесін қоса алады. Сол пікірлерге назар аудару тарихта адасуға жол бермейтіні анық.
2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Бағдарламаның 1-бағыты халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған. «Мәдени мұраның» 2 маңызды бағыты - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. Бағдарламаның 3- бағыты - тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы кезеңге бөлініп, жүзеге асырылды: 2004-2006 жылдар, 2007-2008 жылдар, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді. Мәдени мұра бағдарламасы негізінде: елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді. Ең маңызды жоба Дамасктағы Сұлтан Бейбарстың мавзолейін қалпына келтіру болып табылады. 1266 жылы Бейбарыстың өзімен салынған бұл кешен мектептен, мұражайдан және мавзолейден тұрады. Жұмыс барысында кешеннің барлық қабырғалары мен сәулет пішіндері бекітілген, сериялық мамандарды шақыртумен нақыштарға, әшекей рәсімдеулерге, 200 мыңнан аса раритетті кітап сақталынатын мұражайға қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталды. Каирдағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру шеңберінде қазақтандық тарап жұмыстарды қаржыландыру бойынша барлық міндеттерін орындады. Сондай ақ Дамасктағы тарихи мәдени орталығының және Әл Фараби Мавзолейінің құрылысы жасалды, ол мешіттен, тарих және мәдениет бойыша экспозиялық залдардан, оқу залы бар кітапханадан, конференц залдары мен қонақ үйлерден тұрады.
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді. Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында - Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша - бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені.
«Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек - бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі - деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті.
Бағдарламаның екінші үлкен бағыты - Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет - 3 мың құжат - Қытайда болды. Бұл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген.

2. «ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» АТТЫ ЕЛБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАҢА ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ



Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген cауалдарға жауап береді. Кеңінен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға тиіс. Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тәуелсіздігіміздің 5-ші жылында-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің тарихына қатысты өзінің көзқарасын айтып: «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол, негізінен, тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті» деп атап көрсетті.
Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Елбасы өз еңбегінде Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты баяндаған.
«Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті».
Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері және нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдау.
2013 жылы 5 маусымда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді.
«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасында тарихшылар қауымының назары орталық¬азия¬лық көшпенді өркениетті зерттеудің маңыз¬ды¬лығына ерекше аударылды, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақ¬¬тар¬дың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағ¬¬дарламасын дайындауды, тың тұрпаттағы тарих оқулықтарын жазу өзекті мәселе қатарына көтерілді.
Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы - бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің - саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді.
Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек.
Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте - ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе - тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе - ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді.«Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау болып табылады.

3. ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ» АТАЛЫП ӨТУ МАҢЫЗЫ



Қазақстан - аса бай тарихты және ата-бабалардың мәдени мұрасын иеленуші. Барлық уақыттарда да адамзат үшін өзінің тарихын біліп, зерттеу өзекті мәселе болған. 2015 жылы ресми қазақ мемлекеттілігінің 550 жылы аталып өтті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы - Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.
2014 жылы 11 қарашада Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді. Ал, 2014 жылы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» № 1448 қаулысы қабылданды. Онда «Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу - «батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін» жас ұрпақты мемлекетімізді құрметтеуде, отансүйгіштікке баулуда, «мемлекет» және «мен» деген ұғымды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз» деп атап өтілді.
2015 жылы 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді. Салтанатты жиынға Әзірбайжан Республикасының Президенті И. Әлиев, Қырғызстан Республикасының Президенті А. Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері И. Йылмаз, және т.б. қатысты. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қытай, Иран, Түркия, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдерден мыңнан аса қонақтар келді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. …Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын» дей келе, «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды», - деді.
Ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек - Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйеніп, Елбасы 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғалар жөнінде: «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады» деп атап көрсетті. «Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды.
Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді» деп тарихымыздың кезеңдеріне тоқталды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аталатын мемлекетіміз - ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол - қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз.
Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз - солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз». Айта кетер жайт, Президент Н. Назарбаев Ұлытау сұхбатында: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деген еді. Салтанатты жиында сол сөзінің жалғасы ретінде: «Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады» - деп түйіндеді Елбасы.
Аталған мерейтойды тойлау аясында, 2015 жылғы қазанның 9-ында Н.Назарбаев Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің ашылуы салтанатында қатысып, сонымен қатар, «Көне Тараз» мұражайында болды. Салтанат барысында Елбасы монументке гүл шоғын қойып, құттықтау сөз айтты. Ол қала халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, астанада басталып, Таразда жалғасқан мерекелік іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен біздің ертедегі өткеніміз жайында мағлұматтарды зерттеп, жинау үшін экспедициялар ұйымдастырылды. Біздің тарихымыз сақтар мен ғұндардан, түріктерден бастау алып, Қазақ хандығының туы көтерілген Шу өзені жағалауларына хандарымыз Керей мен Жәнібектің қоныс аударуына ұласты. Біз осы мерекені тарихымыздың ерте кезеңдерден басталатынына күллі әлемге паш ету үшін, бұл жайында өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға айту үшін өткізіп жатырмыз», - деді Президент өз сөзінде.
Қазақ хандығының 550 жылдығы - ол терең мағына алған, еліміз үшін аса маңызды оқиға. Оның аталып өтуі мемлекеттік сананың қайта оралуының тарихи сабақтастығын білдіреді және жаңа тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасының елеулі тірегіне айналды. Ал бұл - біздің Мәңгілік Еліміздің бар екенін паш ететін көрсеткіш. Қазақ халқының қалыптасып, қазақ хандығының құрылғанына бес жарым ғасыр толып отыр, ал қазақ халқының ғасырларға кететін тарихы және ұлы қазақ хандарының саяси тарихы қазақстандық мемлекеттілік пен отаншылдықтың нығаюына септігін тигізетін болады.

Дәріс №15


«МӘҢГІЛІК ЕЛ»-XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы
2. Қазақстан - әлем мойындаған ел

1. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ


«Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегия¬сында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре оты¬рып, мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемле¬кет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-баба¬лар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымыз¬ды ақтауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа жол» атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой халық арасында кеңінен қолдау тапты.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыты:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық па¬триотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемле¬кет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
«Мәңгілік Ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама болып табылады.
Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші сұрақ ретінде қарастырады. Әлеуметтік-мәдени категория ретінде сипатталатын тарихи жады мейлінше терең болған сайын, сондай-ақ тарихи сана неғұрлым тереңнен тамыр тартқан сайын, адам және тұтас қоғам соғұрлым рухани байи түседі.
Бүгінгі күнді түсініп, келешекті болжау үшін өткенді білу қажет. Адам алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне терең бойлағанда, оның өмірлік және азаматтық ұстанымдары айқындала түседі.
Жаһандану үстіндегі әлемдегі қатаң бәсекеге қабілеттілік жағдайында Қазақстанның «Мәңгілік елді» қалыптастыруға ұмтылысы саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендікпен қоса, рухани тәуелсіздікке де қол жеткізуді қажетсінеді.
Осыған орай ұлт сынды күрделі жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы қоғамға тән тарихи сананы қалыптастыру керек (төл тарих пен мәдениеттің өзіндік болмысын сипаттайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнар көздерді, жаңғырту арқылы).
Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас. Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет.
Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген - осы».
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәнін жоғарыда айтылған қағидалар аясында зерделеу нәтижесінде келесі ой қорытылады: «Мәңгілік Ел» - Қазақстан Республикасының мемлекет құрушы ұлты болып табылатын қазақ халқының - Қазақ елінің тарихы. Сонымен қоса бұл - әлемді мойындатуға және дүниежүзілік қауымдастықта өзіне лайық орнын алуға ұмтылған көпұлтты мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы бола тұра, тағы да Қазақ елінің тарихы.
Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әртүрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқталып өтті. «Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», - деп атап өткен болатын. Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді.
«Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады.
«Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті.
Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абс¬трактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-сая¬си ұстаным. Басқаша айтқанда, ол - ұлттық идеологияға пара-пар нәрсе. Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде бір идеология болғаны белгілі. Ол идеология социа¬лизм жүйесінің күйреуімен бірге тарих саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық тұрпаттағы «реформаторлар», Қазақстан мемлекеттік идеологияға мұқтаж емес, мемлекет идеологиядан тысқары болуы керек, тоталитарлық идеология мен демократия ұғымдары өзара сәйкес келмейді деген ойларды айтқаны белгілі. Тоталитарлық идеология мен демократиялық құндылықтар арасында қайшылық бар екені және олар бір-бірімен келіспейтіні, тіпті, антогонистік сипатта екені белгілі. Бірақ, бұдан жалпы қоғам, мемлекет дамуына идеология керек емес деген ой тумаса керек. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «идеологиясыздандыру» үдерісі және тәуелсіз ел идеологиясын қалыптастыру мен дамыту қатар жүргені белгілі. Идеология туралы нақты айтылмаса да тәуелсіз мемлекет құрудағы идеологиялық ұстанымдарды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру іс-әрекеті болғанын мойындауымыз керек. Бүгінгі күнге келер болсақ, ұлттық идеология туралы еркін айтуға мүмкіндік бар. Бұл жолдағы ең басты ұстаным ұлттық идеологияны қазақстандықтардың дүниетанымдық бағытына айналдыру болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы.
Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз дұрыс. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. Мұны «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. «Мәңгілік Ел» идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының бас¬ты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың тағы бір негізі халық пен билік арасындағы сенімді нығайту. Халықтың билікке сенімі күшті болған сайын, қоғамды ортақ мұратқа жұмылдыру жеңіл болады. Халықтың билікке сенімсіздігін көрсететін бірден-бір фактор - сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық қоғамды рухани тұрғыдан ірітіп, тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Адамдардың ментальдық болмысын өзгертіп қоғамның барлық саласына өзінің жағымсыз әсерін тигізеді. Сондықтан да жемқорлық мінез-құлыққа қарсы күресті күшейту арқылы адал еңбекке негізделген іс-қимыл «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға көмектеседі.
«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік пен кісілікті, бірлік пен татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс. Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде мойындалуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзега асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер жұмыстың салмағы өте ауыр. Ұлт зиялылары ұлт мүддесін қорғай алатын жағдайда болуы тиіс. Бұл жолда Қазақстанға инновациялық, креативті тұрғыдан ойлайтын элита қажет. Ол дәстүрлі емес, пассионарлық рухта тәрбиеленген элита болуы тиіс. Бұл жолдағы басты бағыт - құлдық санадан арылу, жалтақтық пен жағымпаздық дертінен ада сана қалыптастыру. Ұлтты руға бөлшектемейтін, трайбализм дертінен арылған, ұлт болмысына сын көзбен қарайтын ұлттық ойлау жүйесі қалыптасуы керек. Қазақ біртұтас, мемлекет құраушы ұлт деген ой жетекші күшке айналуы тиіс. Бұл - басқа этностық топтар алдындағы артықшылық емес, керісінше, асқан жауапкершілік әрі бұл қазақтан асқан саяси мәдениеттілікті талап етеді.
Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея болып табылады.

2. ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ


Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халықаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», - деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады.
Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруына вропажағдай жасалды. Қазақстанды әлемнің 120 елі таныды. Алматы және Астанада 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды.Мемлекет басшылығы сыртқы саясат арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады. Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі ядролық мұра туралы болды. Бұл ретте 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері - Ресей, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында атап көрсеткендей, «қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің сыртқы саяси қызметке және Қазақстанның оның көршілермен, әлемнің жетекші елдерімен өзара тиімді берік қатынас орнатуына» бағытталды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың 6-сы шілдесінде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 жылы Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 жылы қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 жылы стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас байланысы да көп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «төрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан - Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын 2002 жылы 23 желтоқсанда қабылданған «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарты», 2002 жылғы «Қауіптің алдын алу туралы келісімі», 2003 жылғы 2003-2008 жылдарға арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы», 2005 жылғы «Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімі жан-жақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті. 2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі - жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында Европалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Евроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 жылы қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Қазақстан мен Европалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, Европалық Одақта маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық келісімге келісті. Қазақстан Европалық Одақтың сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек.
2011 жылы Қазақстан мен Европалық Одақ елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 және 2011 жылдар аралығында Европа Одағы елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд АҚШ долларына жетті.Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция болды.
Егемен Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас.1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 жылы ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойылды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті. Елдің табиғи байлықтарын игеру үдерісіне американдық компаниялар тартылды. Американдық «Шеврон» мұнай компаниясы Қазақстан нарығына бірінші болып енді. 2000 жылы екіжақты қатынастарда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес іс-қимылы бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді. АҚШ Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,743 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғары (2,181млрд. АҚШ доллары).
Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-қатынас ерекше орын алады. 1994 жылы Қазақстан мен Түркия арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының маңызы зор.
2009 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан Азия және европалық сондай-ақ американдық бағыттағы мемлекеттер мен екі жақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, оның нәтижесі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның салынуы үшін алғышарттар туды.
Евразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Евразиялық Экономикалық Қауымдастық құру туралы шартқа сәйкес құрылды. Евразиялық Экономикалық Қауымдастық негізі 1994 жылы Қырғызстандағы Чолпан ата қаласында Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет ретінде танылған. Евразиялық Экономикалық Қауымдастық құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты Евразиялық Экономикалық Қауымдастықтың басқару органдары болып белгіленді. 2003 жылы мамыр айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Евразиялық Экономикалық Қауымдастықты халықаралық ұйым ретінде мойындады.
2003 жылы 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Евразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Евразиялық Экономикалық Қауымдастық ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда Ұжымдық Қаіпсіздік туралы Шарт Ұйымының маңызы зор.
2003 жылы қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада Бірыңғай экономикалық кеңістік дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
Евразиялық Экономикалық Қауымдастық шеңберінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын күшейтті. 2009 жылы маусымда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары Дүниежүзілік Сауда Ұйымына бірыңғай кеден кеңістігі ретінде, яғни Кеден комиссиясы атынан кіру келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдады.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден Одағы өз қызметін бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган - Кеден одағы комиссиясы жұмысын бастады. 2009-2014 жылдары Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда айналымы 24 млрд. долларды құрады.
Қазақстан Республикасы, бұрыңғы кеңестік республикалар сияқты, 1992 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесіне қатысушы болды.бұл сол бойда Қазақстанды осы халықаралық ұйымның 48 мүшесінің барлығы бірдей қабылдап, тануын білдірді. Қазақстан 1992 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің барлық басты құжаттарына, бірінші кезекте, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне, Жаңа Европа үшін Париж Хартиясына қол қойып, сол арқылы өзіне Кеңес мүшесінің барлық міндеттемелерін алды. 1994 жылы Будапешт саммитінде Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі - Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымы болып өзгертілді.
2007 жылы күзде Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымы басшыларының Мадридте өткен кездесуінде Қазақстанның 2010 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымы төрағасы болатыны жарияланды. Ел халқы Қазақстанның Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымына табысты төрағалық етіп, Астанада осы беделді халықаралық ұйымға кіретін 56 елдің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммиті өткеніне куә болды.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. Біртұтас экономикалық кеңістікті құру - бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады.
2016 жылы 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмасының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.
Сонымен, тәуелсіздіктің жиырма алты жылы ішінде жас қазақстандық сыртқы саясат өзі өткен үлкен жолда елімен бірге, халқымен бірге есейіп, дамыды. Оның үстіне, бұл әр жыл тұтас онжылдыққа татыған жедел есею кезеңі болды.

Дәріс№6
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РУХАНИ, ШАРУАШЫЛЫҚ «ТОҚЫРАУЛАР» ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАР


1. Экономиканы экстенсивті дамыту үлгісі
2. Қоғамдық - саяси өмір ерекшеліктері
3. Экологиялық дағдарыстың асқынуы
1.ЭКОНОМИКАНЫ ЭКСТЕНСИВТІ ДАМЫТУ ҮЛГІСІ 1962-1969 жылдар реформашылдық дүрбелең кезеңі деген атпен тарихта қалды. Бұл кезеңдегі реформа жүргізудегі жіберілген кемшіліктер: экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көрсетілмеді. Проблемалар негізінен ұйымдық қайта құруға есептелген субъективтік әрекеттер жолымен шешілді.Қайта құрулар шалағай ойластырылып, тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. 50-жылдардың ортасы мен 60-жылдардың ортасы -басты екі бағыт арасында текетірестік орын алды:1.Қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгерту.2.Қоғамдық құрылымдардың қатып-семуі, төрешілденуі, демократияны тежеу, 30-40 жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалу.
Кеңестерді дамыту мен нығайту басты мәселеге айналды. Кеңес мемлекеті жалпыхалықтық мемлекетке ұласып, дамудың жаңа сатысына аяқ басты. Қоғамдағы осындай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын құрамына шопандар, колхозшылар, жұмысшылар, техникалық зиялылар, ғылым мен өнер қайраткерлері, партия және шаруашылық басшылары енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтады.
1964 жылғы 14 қазан – КОКП ОК-нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. Н.С.Хрущевке тағылған айыптар:
- Ұйымдық басшылық ұстанымдарын бұзды.
- Халық шаруашылығын басқаруда волюнтаризмге жол берілді.
- ҚХР-мен қарым-қатынасты нашарлатты.
КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л.И.Брежнев, Кеңес үкіметінің басшылығына А.Н.Косыгин сайланды.
1964 жылғы қараша – КОКП ОК-нің пленумы, партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік ұстаным бойынша бөлінуін тоқтатып, аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлді.Н.С.Хрущев басшылығы кезінде енгізілген қайта құру, өзгерістер, жетілдірулер идеясы мұқият ойластырылған шешімдер саясатымен ауыстырылуға тиіс болды.
60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар – соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс болды.
1965 жылғы қыркүйекте өткен КОКП ОК-нің пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. Оның міндеттері: Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару; Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру; Кәсіпорындар дербестігін арттыру; Шаруашылық есепті дамыту; Экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтауларды көбейту.
1965 жж экономиканы басқарудағы енгізілген өзгеріс: Одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бұл шаралар экономикадағы жағдайды көтеруге алғышарттар туғызды. КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумында экономикадағы әкімшілік айыпталып, өндіріс салалары бойынша одақтық, республикалық және жалпы одақтық министрліктер құру туралы шешім қабылданды.
Сөйтіп, ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.
«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады.
Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды.
Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады.
Өндірісті электірлендіру - ҒТП-ның басты бағыттарының бірі болды. Бұл саланың нәтижелері: Қарағандыдағы екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. 45 мың шақырымнан астам жоғары қуатты электр тасымалдау жүйелері салынды. Көмір өнеркәсібінде көмір өндіру процесі механикаландырылды. «Қарағандауголь» комбинатында механизмдерді автоматтандыру еңбек өнімділігін 6%-ға көтеруге және 2700 адамды босатуға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісінде озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. ҒТР жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды. 1985 жыл – Ащысай полиметалл комбинатының жұмыскерлері мен ғалымдар тобы прогрестік технологиялық процестерді өндіріске енгізгені үшін Лениндік сыйлықтың иегерлері атанды. Бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері; Электротехникалық машина жасаудағы ірі кәсіпорындар пайда болды: Өскемен конденсатор зауыты, Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды.
Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Бірақ, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады.
Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Атырау химия зауытының алғашқы цехтары іске қосылды. 1963 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатында және Шымкент қорғасын зауытында күкірт қышқылы цехтары жұмыс істеді. Қарағанды металлургия зауытында коксхимия өндірісі өркендеді. Маңғыстау - Одақтағы аса ірі мұнайлы аудандардың біріне айналды: 1965 жылы Өзен кен орнында алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылы мұнай шығару 3 млн. т-ға жетті. 1970 жылға қарай республика халық шаруашылығының мұнай өндіру мен химия салалары одақтық маңызға ие болды.
Республика Одақтағы минералдық тыңайтқыштар өнеркәсібін дамытудан жетекші орынға шықты: Қаратау комбинаты – еліміздегі ең ірі фосфорлы шикізат өндіруші. Жамбыл суперфосфат зауыты өнім беруді бастады. 1963 жылы Ақтөбе хром қоспалары зауытының екінші кезегі іске қосылды.
Жеңіл өнеркәсіп жаңа кәсіпорындармен толықтырылды: Алматы, Шымкент мақта-мата кәсіпорындары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе трикотаж фабрикалары, Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 14 ірі фабрикасы мен комбинаты іске қосылды. Бірақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру еліміз бойынша орташа дәрежеден 2 есеге аз болды.
Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың екінші жартысында 40 кәсіпорын салынып, іске қосылды. Жамбыл, Теміртау азық-түлік кәсіпорындары т.б.
60-жылдары күрделі құрылыс көлемінің едәуір өсуі құрылыс индустриясын жасауды талап етті: 1965 жылы Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Шымкент цемент зауыттары іске қосылды. Әр облыс орталықтарында ірі панелді үйлер жасайтын комбинаттар салынды. Қарағанды, Семей, Шымкент асбест-цемент бұйымдары зауыттары өнімдерін шығара бастады.
Республикада жаңа өнеркәсіптік аудандар, жаңа қалалар пайда болды: Қостанай облысындағы Рудный қаласы, 1966 жыл, 21 қазан –Алматы қаласын селден сақтау үшін Кіші Алматы шатқалында су тоғаны бағытталған жарылыс тәсілі арқылы салына бастады.
1970 жылдары республикадағы халық шаруашылығының жалпы одақтық маңызға ие болған саласы мұнай өндіру мен химия болды.XX ғасырдың 70 жж. Қазақстан аумағында пайда болған ірі аумақтық-өндірістік кешен Маңғыстау болды.Осы кеңестік кезеңде Қазақстан аумағындағы Каспий теңізі жағасында әлемде тұңғыш рет атамдық су тұшыту қондырғысы салынды.
1965 жылғы наурыз – КОКП ОК-нің пленумы тиімді аграрлық саясат әзірлеуге әрекет жасады. Онда ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын 2 есеге өсіру, жоспардан тыс сатылған өнім үшін үстеме ақы төлеу, табыс салығын алу шарттарын өзгерту, ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. Сом бөлінді. Материалдық-техникалық базаны нығайту: тракторлар -198 мың, комбайндар -10 мыңға көбейді.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды.
60-жылдың ортасынан бастап енгізілген колхозшылар еңбегіне кепілді ақы төлеу-маңызды әлеуметтік жетістік.60-ж7ж. 2-жартысында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өсімі 28%-ға жетті. 1960 жылғы мал саны -36,4 млн. XX ғасырдың 70 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттің жоспарлы сатып алуы кедергі болды.
Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді.
КСРО мемлекеті 1966-1970 жж. сегізінші бесжылдық жылдарына өтті. Сегізінші бесжылдық кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіліп, бұл кезең «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 1970-1985 жж.арасында Қазақстан өнеркәсібінің 50% одақтық министрліктердің қарауында болды.
1971-1985 жж тарихта «тоқырау» кезеңі деген атпен қалды. 1970-80 жж. Республика экономикасында тұтастай алғанда Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімділіктің барлығы көріне бастады.
Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді.Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты.
Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

2. ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ХХ ғ. 70-80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды. 1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.
Л.И.Брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы – кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді. Бұл тұжырымдаманың ерекшелігі: қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екендігін мойындау, коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту.
1977 жылғы мамыр –КСРО Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Нәтижесінде 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы 7 қазан – КСРО Конституциясы қабылданды. Міндеттері: коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, социалистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру және коммунистік қатынастарға айналдыру, коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу.
Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде евроцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді.
Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм «өз» ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады.
Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады.Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың «АзиЯ» деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» (1975ж), еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» (XIIғ) зерттей келе мынадай түйін жасады:
-Бұл жыр славяндық және түркілік этникалық әлем шекарасында дүниеге келген;
-Жырда екі көрші мәдениеттің шындықтары айқын көрініс тапқан.
Ұлыдержавалық шовинизм идеологтары О.Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орысқа қарсы жазылған ұлтшылдық көрініске толы деп айыптады. «АЗиЯ» кітабын оқуға тыйым салынды.
Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды.
1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті.Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. 1979 жылғы көктем –КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс Автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Бұған қарсы 1979 жылғы 16-19 маусымда Ақмола (Целиноград) жастарының наразылығы өтті. Демонстрацияға қатысушылар Автономияны құруға қарсы үндеулер көтерді. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясы болмасын!» және басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) және тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республиканың басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады. Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ.
70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді. . 1954-1986 жж. Республикада 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектеп жабылды. 1970-80 жж. Республикада кітаптың 95% - пайызы орыс тілінде басылды. 1970-1980 жж. Республикадағы орыс тілді теледидар хабарларының көрсеткіші -70% жетті.
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды.
ХХ ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.
«Ботакөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты.
Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті.
70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық «Қазақ КСР тарихы», он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», он бір томдық «Қазақстанның металлогениясы», тоғыз кітаптан тұратын «Қазақстанның сүт қоректілері», тоғыз томдық «Қазақстанның өсімдіктері» және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды. 60-жылдардың соңында Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталықтарының біріне айналды.
Бірақ, Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өршіді.

3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ АСҚЫНУЫ



Халықтың экологиялық қауіпсіздігі қоғамның қалыпты жағдайының міндетті шарты болып табылады. Алайда 60-жылдарда өсе түскен ауқымда адамның тіршілік әрекеті үшін табиғи ортаның қолайсыздығы байқала бастады. Таза тұтынушылықты, ал дәлірек айтқанда табиғи ортаға ымырасыздықпен қарайтын экстенсивті экономика, өсе түскен урбандану процесі мен индустрияландыру және қорларды қажетсінетін технологияландырудың келеңсіз салдарлары Қаззақстанда экономикалық шиеленістің аса қомақты кеңістігін туындатты.
Әскери-өнеркәсіп және қорғаныс нысандары бұрын-соңды болып көрмеген зиянды экологиялық күйзелістердің көздеріне айналды. Солардың қатарынан, ең алдымен Семей ядролық сынақ полигонын (СЯСП) атап өту керек.
Семей ядролық сынақ полигоны құрылысы КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 1 тамыздағы шешіміне сәйкес Семей (полигонның жалпы көлемінің 54%), Павлодар (39%) және Қарағанды (7%) облыстарының аумағында қанат жайды. 1949 жылғы 29 тамызда Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ жарылысы өткізілді.
1949-1963 жылдарда Семей полигонында 124 жер үсті жарылыстары өткізілді, ал КСРО атмосфера ядролық сынақтарға тыйым салу туралы халықаралық келісімшартқа қол қойғаннан кейін (1963 жыл) 354 жер асты сынақ жарылысы жасалынды. Семей атом полигонында 200 зиянды жер асты нысаны штолия болды.
Қазіргі белгілі болғандай, жер үсті жарылыстарын жүргізген кезде бірқатар жағдайларда ядролық сынақтың зардапты әсері полигонның аумағынан шығып, оған іргелес аудандарға тараған. 354 жер асты жарылысының 30%-ында радиоактивті газ сыртқа шығып, аумақты зақымдаған. Әуе ядролық сынақтарын жүргізу кезінде де радиоактивтік қалдықтар тараған (87 жарылыстың 11-інде): радиациялық ыдыраудың бірқатар элементтері атмосфераға жайылып, содан біртіндеп жерге түсіп, топырақ пен суды бүлдірген.
Қазақстан аумағының 3 млн га-ға жуығы Капустин Яр полигонына бөлінді, онда 5,5-тен 30 км-ге дейінгі биіктікте 11 рет әуе ядролық жарылыстары жасалынды (олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған 65 бомбаға тең болды). Полигонда 24 мыңға жуық басқарылатын зымыран сынақтан өткізіліп, қарусыздану туралы келісімшарт бойынша 619 зымыран жойылды.
1966-1979 жылдары Каспий ойпатындағы Азғыр («Галит» нысаны) полигонында 17 жер асты ядролық сынақтары жүргізілді. Жарылыстар 160-тан 1500 метрге дейінгі тереңдікте жасалды, осындай скважиналардың төртеуінен ғана жердің үстіне 10 млн кюриден жоғары радиоактивтік заттар тарады. «Лира» (Қарашығанақ) нысанында 1983-1984 жылдары алты жер асты ядролық сынағы жасалды.
Полигондарға іргелес аумақтарға ядролық сынақтар тигізген зардаптардың ауқымын анықтау мақсатымен жүргізілген түрлі мониторингтер, осындағы апатты (өте мүшкіл) ахуалды айқындады. Мәселен, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында цезий радиоактивті элементтерінің құрамы – 137-ге жетіп, жаһандық мөлшерден 8 есе көп болып шықты, плутоний - 239 ПДК-ден (шекті межедегі концентрация) жүздеген есе асып түсті. Капустин Ярға іргелес аудандарда цезий радиоактивті элементінің құрамы - 137-ге жетіп, ол жаһандық өлшеммен салыстырғанда 220 есе жоғары болса, ал плутоний – 239 болды. Радиоактивті қалдықтардың салдарынан аумақтың зақымдануы халықтың денсаулығына қатты зиян келтірді. Семей ядролық полигон радиусында 100 мыңға жуық адам 100-ден 160 бэр-ге дейін радиоактивті сәуле алған. «Қайнар феномені» алаңдаушылық туындатты. Қазақ КСР өлкелік патология ҒЗИ-нің директоры Б.А. Атшабаров және Республика Денсаулық сақтау министрлігінің бас радиологы С.Б. Балмұханов бастаған ғалымдар тобы 1957 жылы-ақ Семей облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ, Сарыжал және Қайнар елді мекендеріне тексеру жүргізді. Полигонға іргелес аумақтарда тұратын халыққа 1957-1959 жылдарда жүргізген медициналық тексерудің нәтижелері бойынша сынақтардың бүкіл аймақтың экологиясына апатты әсер ететіні туралы есеп дайындалды, соның негізінде Қазақстан КП Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.А.Сужиков қол қойған баяндама Кремльге жіберілді. Хатта тұңғыш рет белгісіз аурулардың көбейгені, сондай-ақ сонда тұратын қазақтардың тұқым қуалаушылығына сәуле әсерінің тигізген зардаптары туралы айтылды.
КСРО-да жасалған 715 ядролық жарылыстың 470 Қазақстанда жасалды.
Қазақстанда радиацияға ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу 1962 жылы басталды.
1963 жылғы 5 тамызда Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында ауада, космоста, су астында ядролық сынақ жасауды жою туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде Семей полигонындағы сынақты жер астына өткізуге көшірілді.
Қазақтан экологиясында зымырандық-ғарыштық жобаның келеңсіз рөлін де айтпауға болмайды. 50-жылдардың орта шенінде Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталды. Негізгі және көмекші нысандарымен орасан алып кешен қазіргі Мәскеу сияқты 12 қаланың аумағына тең келді.
Ғарыштық кешенге сондай-ақ олардың қозғалыс бағыты бойынша зымырандардың пайдаланылған сатыларын тастауға арналған: Қазақстанда-4,6 млн га, Түркіменстанда -1,2 млн га, Ресейде – 5,3 млн га аумақ та жатты. Зымырандардың осы бөлшектері жерге құлағанда жарылыс болады да, жанар-жағармайдың қалдықтары едәуір қашықтыққа шашырап, атмосферадан жері беті қабатына түседі. Арнайы зерттеулер жер асты суларында гептилдің (зымыран отынының құрауышы) болуын және оның мал азығы шөптерін залалдайтынын анықтады. Тек Қазақстанда ғана соның салдарынан шаруашылық айналымынан 180 мың га жайылым шығарылуы тиіс еді.
Оның үстіне, ғарыш айлағы (космодром) осы аудандағы су мен энергияның аса ірі тұтынушы болып табылады. Осы күн сайын 160 мың текше метр су жұмсады. Ғарыш айлағының суы тартылып бара жатқан Арал теңізі мен деңгейі төмендей түскен Сырдария өзеніне жақын суы аз мекенде орналасуы ауыр зардапқа жеткізді.
Ал әскери-өнеркәсіп кешеніне байланысты емес өндірістердің техногендік әсеріне келетін болсақ, олардың экологиялық бүлдіргіш әсерлері де ауқымды. Жерге, жерт қойнауына, орман мен суға жалпыхалықтық меншік ұраны, сайып келгенде, құр насихаттық даурықпа ғана болып шықты. Министрліктер мен ведомстволар, ірі өнеркісіп орындары мен бірлестіктер табиғи ресурстардың шын қожайындары еді, олар өз қолдарына орасан үлкен билік пен қомақты материалдық-техникалық құралдырды жұмылдырып, табиғатты бүлдірудің қоғамға қарсы саясатын жүргізді. Жүздеген зақымданған су қорлары, миллиондаған гектар эрозияға ұшыраған құнарлы жерлер, аса ауқымды орман алқаптарын аяусыз қырқу, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы, әуе алабының ластануы- солардың шаруашылық қызметінің жағымсыз қорытындысы еді.
КСРО мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің тікелей кінәсынан Арал аймағы өлі мекенге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 метрге төмендеп, су айдынының аумағы 40%-ға, судың көлемі 65%-ға азайды. Егер 1950 жылдарда теңізге балықтың 24 түрі өсірілсе, солардың 12-сі өнеркәсіптік құндылықтың қатарына жатады, ал балық шаруашылығы маңызын жоғалтты. Теңіздің кепкен табаны тұз жиналатын аса алып ошаққа және тұзды шаң дауылдарының көзіне айналды.
Арал теңізінің құрғаған табанда қалған орасан үлкен сорлардың бетінен атмосфераға жыл сайын 65 млн тоннаға жуық улы майда тұз тозаңы көтеріледі. Бұл Арал маңында тұратын халықтың тұрмысы мен денсаулығына әсер етті. Мамандар іш сүзегі ауруының 30 есе, вирусты гепатиттің 7 есе өскенін тіркеді, қатерлі ісікпен ауырғандардың саны одақтық көрсеткіштен 15 есе жоғары.
Шамамен 70-жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығы өндірісін ары қарай экстенсивтендіруге байланысты егін шаруашылығынан ауыспалы аталатын әдісі қолданыла бастады. Табиғи топырақ құнарлығын жоғалтқан алқаптар шаруашылық айналымнан шығарылды, ал олардың орнына бұрынғы жайылымдар жыртылды. Өз кезегінде, жайылымдар тапшылығының орнын толтыру үшін Сырдария, Жанадария, Қалғандария және Қуаңдария өзендерінің жайылма алқаптарындағы реликтілік орман-тоғайлар өртелді. Соның салдарынан орман алқаптары толық дерлік жойылды. Мәселен, Сырдария өзенінің жағалауларында олардың бастапқы алқабының 1,5-тен азы сақталды. Осы өзендердің сағаларындағы қамысты алқаптар да жойыла бастады, қамысты қағаз өндірісі үшін қырықты. Арал маңындағы құрақ (саға) батпақ пен тақырға айналды. Біршама бөлігі КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген, осы өңірді мекендейтін жануарлардың 173 түрінен небәрі 38-і ғана қалды. Әмудария және Сырдария өзендері суларының қайтарымсыз салдарынан болған антропогендік экологиялық апат өңіріндегі негізгі ауызсу көздерін осы күнге дейін химиялық ластауын, өзендерге минералданған ағынды суларды жіберуін тоқтатқан жоқ, олар улы химикаттармен, минералды және органикалық тыңайтқыштардың ыдырау өнімдерімен ластанған, сондықтан осы өзендердің сағаларындағы өмір адам төзгісіз дерлік.
Жылдан-жылға «КОКП-ның аграрлық саясаты» бойынша түрлі бағдарламаларда жергілікті суландыру жөніндегі іс-шараларды ары қарай ұлғайту туралы тармақ әрдайым айтылып келді. Бірақ сол экстенсивті экономикалық үлгінің салдарынан ойдағыдай нәтиже болмады: су, ақша сияқты, тікелей құмға сіңіп кетті. Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанға 1985 жылы бүкіл су жиналымының 20%-ға жуығы бөлу нүктесіне дейінгі тасымал кезінде ысырап болған. Суға «жалпыхалықтық» меншік оны іс жүзінде тегін қорға айналдырды. Сондықтан судың талапайға салынғанына алаңдаушылар өте аз болды. 80-жылдардың орта шенінде Алматы және Қызылорда облыстарында жүргізілген тексерулер 237 су өлшеуіш аппаратурасы жетіспейтінін көрсетті. Осы облыстарда іріктемелі тексерілген 20 ауыл шаруашылық кәсіпорнының 16-сының суару нормаларынан асқаны кездейсоқ емес , ал жерлерді суару кезіндегі суды артық жұмсаудың жалпы көлемі 30 млн текше метрге жуық жиынтық шаманы құрады.
Өнеркәсіп орындарының зиянды газ тәріздес, сұйық және кристалл қалдықтары қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізді. Тек 60-жылдардың бірінші жартысында ғана, ауыр индустрияның аса ірі кәсіпорындарын пайдалануға енгізудің салдарынан, атмосфералық ауаны ластайтындардың саны Қазақстанда 2,5 есе көбейді. Бұл ретте өндірісі қоршаған ортаны ластаумен байланысты 959 кәсіпорынның тек 76 ғана газ тазалаушы құрылғылармен және 97 ішінара жабдықталды. Қоршаған табиғи ортаны қорғау үшін көбіне техникалық ескірген, уақытша шаралар қолданылды, мәселен, биік түтін мұржаларын орнату, «санитарлық» және «жасыл» аймақтар құру, зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге өтемақылық жеңілдіктер беру және т.б. Осы ең қарапайым шаралардан болатын нәтиже өндірістің экстенсивті өсуінің жаңа табиғи шарттық өндірістер құрудың аумақтық және салалық басқарудағы қателіктердің, көпшілік жағдайларда қажетті, анағұрлым жүйелі шешімдердің қабылданбауының, экологияның талаптарына сай техникалық және экономикалық саясатты уақтылы түзетпеудің салдарына байланысты барған сайын құлдырай түсті.

Дарiс №2
Кенестiк Казакстаннын тарихи бастаулары: казактандыру киыншылыктары


1. 1917 жылгы казан революциясы кезенiндегi Казакстан. Екiншi букiлказак съезi жане Алашорданын курылуы
2. Казакстан Азамат согысы жылдарында
3. Кенестiк улттык-мемлекеттiк курылыс улгiсiнiн жузеге асырыла бастауы
1.1917 жылгы Казан революциясы кезенiндегi Казакстан. Уакытша укiметтiн халык куткен аграрлык маселенi шеше алмауы, езiлген халыктарга озiн-озi билеуi немесе автономия алу маселесiн кун тартiбiне коюга тырыспауы, жумысшыларга 8 сагаттык жумыс кунiн енгiзу сиякты кокейкестi маселелердi шешпеуi халык наразылыгын одан арi кушейттi.
1917 жылдын жазынын соны мен кузiнiн бас кезiнде букiл Ресейдiн жер жерiнде букаранын Уакытша укiметке деген карсылыгы осе тустi. Бул Кенестердегi большевиктердiн ыкпалынын артуына жагдай жасады. Ал Корнилов булiгiнiн талкандалуы большевиктер беделiн бiржолата котердi. Осындай жагдайда большевиктер партиясы 1917 жылгы шiлде окигасынан кейiн алынып тасталган «Барлык билiк Кенестерге берiлсiн» деген уранды кайта котердi. Бул уран карулы котерiлiске, Уакытша укiметтi кулатуга, пролетариат диктатурасын орнатуга багытталды.
1917 жылы 24 казанда (6 карашада) Петроградта большевиктер дайындаган карулы котерiлiс басталды. Келесi кунi котерiлiске шыккан жумысшылар, солдаттар мен матростар ел астанасынын аса манызды объектiлерiн басып алды. 25 казан (7 караша) кунi танертен Петроград кенесiнiн аскери-революциялык комитетi Уакытша укiметтiн кулаганы жане барлык билiк толыгымен оз колына откенi туралы хабарлады.
Осыдан кейiн откiзiлген Кенестердiн Букiлресейлiк II съезiнде Кенес окiметiнiн жогаргы органы Букiлхалыктык Орталык Аткару Комитетi сайланды, В.И.Лениннiн басшылыгымен алгашкы Кенес укiметi – Халык Комиссарлары Кенесi курылды.
Петроградта Казан карулы котерiлiсiнiн женуi жане орталыкта Кенес окiметiнiн орнауы, сондай-ак Казакстанмен iргелес жаткан, сонымен бiрге олкенiн жекелеген акiмшiлiк орталыктары болып табылатын Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахан сиякты iрi калаларында билiк толыгымен Казакстан Кенестерiнiн колына отуi ушiн шешушi манге ие болды. Бiрак Казакстаннын облыс жане уезд орталыктарында Кенес окiметiн орнату 4 айга – 1917 жылгы казаннын аягымен 1918 жылгы наурызга дейiн созылды.
1917 жылгы 26 казанда Петроградта откен Кенестердiн Букiлресейлiк II съезiнде Бейбiтшiлiк жане Жер туралы кабылдаган декреттерi аштык пен шаруашылык куйзелiстен калжыраган халыктын басым копшiлiгiнiн жана билiктi бiрден колдап шыгуын камтамасыз еттi.
Казан революциясынан коп бурын-ак казактын улттык-демократиялык козгалысынын косемдерi оз багдарламалык козкарастарын Казакстаннын алеуметтiк-экономикалык жане саяси дамуы жайлы оз багдарламалык козкарастарын кенiнен насихаттаган болатын, ал карулы курес Петроградта женiске жеткеннен кейiн-ак 1917 жылы 21 карашада «Казак» газетiне А.Бокейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов, Е.Гумаров, Е.Турмухамедов, Г.Жундiбаев, жане Г.Бiрiмжановтар курастырган «Алаш» партиясы багдарламасынын жобасы жарияланды. Багдарлама жобасында он тарау бар. Олардын аркайсысына такырыпша койылган.
1) Мемлекет калпы, 2) Жергiлiктi бостандык, 3) Негiзгi кукык, 4) Дiн iсi, 5) Билiк хам сот, 6) Ел коргау, 7) Салык, 8) Жумысшылар, 9) Гылым-бiлiм уйрету, 10) Жер маселесi.
«Алаш» партиясы басшыларынын арасында да Кенес укiметiне карсы курес идеясы мен тактикасы бiрден калыптаса койган жок. Алаш козгалысынын олкелiк косемдерi калыптаскан саяси жагдайды оздерiнiн таным-бiлiгi тургысынан багалады. Алаштын онтустiк канатынын басшылары Мухаметжан Тынышбаев пен Мустафа Шокай «Шура-ислами» партиясы басшылыгынын букiл Туркiстан колемiнде большевизмге карсылык куресiн баскару жонiндегi усынысын кабылдады. М.Тынышбаев 1917 жылы 28 карашада курылган кенестiк тарихнамада «Кокан автономиясы» ретiнде белгiлi болган Кокан каласында откен IV Тотенше олкелiк мусылмандар съезiнде курылган Туркiстан автономиясынын премьер-министрi жане iшкi iстер министрi болып тагайындалды. М.Шокай алгашында Туркiстан автономиясы укiметi сырткы iстер министрi (Туркiстан автономиясы Уакытша укiметi сырткы катынастар болiмiнiн бастыгы) кызметiн аткарды.
Шамамен сол туста Г.Н.Потанин баскаратын Сiбiр облыстык думасынын – сiбiрлiк автономистi укiметiнiн курамына «Алаш» партиясы орталык басшылыгынын окiлi А.Ермеков кiрдi.
Курамында Казакстаннын онтустiк облыстары – Жетiсу мен Сырдария енген Туркiстан олкесiнде жагдай мулде шиеленiсiп кеттi.1917 жылы 26-29 карашада Коканда откен IV Тотенше олкелiк мусылмандар съезi Туркiстан (Кокан) автономиясы-Мухтариаттын курылганын жариялады. Туркiстан Автономиясы мусылман дiнiн мемлекеттiк дiн деп ресми жариялады. Автономиялык Туркiстан Уакытша укiметiнiн торагасы болып М.Тынышбаев жарияланды. Кейiннен М.Тынышбаев отставкага шыгып, Жетiсуга кеткен сон премьердiн орнына келген М.Шокай билiгi Кокан мен уезд колемiнде гана шектелiп калган укiметтi азгана уакыт баскарды. Туркiстан автономиялык укiмет билiгiне карсы болган Кызыл гвардия отрядтары 1918 жылы 5 акпанда шабуыл жасап, отрядтарынын аздаган кушiн талкандап, басшыларынын бiр болiгiн атып, калгандарын камауга алды, Мустафа Шокай эмиграцияга кетуге мажбур болды. Сойтiп, Туркiстан автономиясы кушпен таратылды.
Ал Ташкентте кескiлескен шайкастар натижесiнде Кенес окiметi 1917 жылы 1 карашада орнады.
Алаш партиясынын косемдерi Петроградта карулы куштердiн женгенi туралы хабар алысымен Казакстанда билiк Кенестердiн колына отiп кетпеуi ушiн накты кадамдар жасады. Бул киын жагдайдан шыгу ушiн Алаш партиясынын басшылыгы II Букiлказак съезiн шакыруга шешiм кабылдады. II Букiлказак съезi Орынбор каласында 1917 жылы 5-13 желтоксан аралыгында оттi. Съезге казактын он облысынан – Орал, Торгай, Акмола, Семей, Жетiсу, Фергана, Сырдария, Закаспий жане Астрахань губерниясындагы Бокей ордасынан 80-ге жуык делегат катысты.
1917 жылы откен Съезд Казак (Алаш) автономиясын куру туралы шешiм кабылдап, онын курамына Бокей Ордасы, Орал, Торгай, Акмола жане Семей облыстары, сондай-ак Закаспий облысы, Алтай губерниясындагы казактар мекендеген аудандар енгiзiлдi. Съезд делегаттары Уакытша укiмет кулаганнан кейiн калалар мен селоларда, кырда казактардын этнос ретiнде омiр суруiне зор кауiп тондiретiн анархиянын осуi куннен-кунге кушейе тусiп отырганын атап корсеттi. Осыдан келiп съезд «халыкты аман сактап калу максатында» Уакытша халык кенесiнiн тиянакты билiгiн куруга каулы кабылдап, оны «Алашорда» (Алаш автономиясынын укiметi) деп атады да, Алашордага «казактар туратын жерлердегi барлык аткарушы билiктi оз колына алуын тапсырды».
Уакытша халыктык кенес – «Алашорда» 25 адамнан туруга шешiм кабылданды. Съезд укiметiнiн 15 мушесi сайланды, ал 10 орын Казакстанда туратын орыс жане баска улт окiлдерiне калдырылды. Алаш Орда укiметiнiн алгашкы орналаскан жерi - Орынбор каласы.Алашорданын шыгыс болiгiнiн орталыгы Семейде орналасты. А.Бокейханов Казак (Алаш) автономиясы укiметiнiн торагасы болып сайланды.
Съезд казак милициясын куру жоспарын жасады. Съезд кужаттарынын iшiндегi ен маныздысы казак автономиясын куру жонiндегi шешiм болып табылады. Съезд делегаттары автономияга улттык-аумактык мемлекеттiк курылым ретiнде аныктама беруде бiрауыздан келiстi.
1918 жылы кыркуйекте Алашорданын батыс болiгi курылды. Алашорда укiметi елде II Букiлказак съезiнiн шешiмiне сайкес улттык карулы куш – халык милициясын куруга кiрiстi. Милицияга 30-дан 35 жаска дейiнгi ер адамдар кабылданды.
Бiрак осы кезенде негiзiнен жумысшылар мен гвардия отрядтарына суйенген Казакстандагы Кенестер облыстык жане уездiк орталыктардагы билiктi басып алып, сонынан ауыл-селолык жерлерде де Кенес окiметi орнаганын жариялады. Жана окiмет жагындагылардын кушi басымдыкка ие болган Сырдария, Акмола облыстарынын басым болiгiнде, Бокей Ордасында онын карсыластарынын бiр-бiрiнен байланысы узiлiп калып, лайыкты карулы карсылык корсете алмады, Кенес окiметi негiзiнен «бейбiт жолмен» жергiлiктi кенестердегi большевиктер мен олардын жактастарынын санынын коптiгiмен женiп шыкты.
Торгай, Орал, Жетiсу облыстарында окига баскаша сипатта орбiдi, онда большевиктерге карсы куш бiршама жаксы уйымдастырылган арi жеткiлiктi каруланган едi. Бул облыстардын коптеген аудандарында (атап айтканда олардын орталыктарында) Кенес окiметi карулы котерiлiстiн натижесiнде жане ескi укiмет жактастарынын карсылыгын каталдыкпен басып-жаншу аркылы орнады.
Перовскiдегi (казiргi Кызылорда каласы) окига Кенес окiметiнiн «бейбiт жолмен» жеуiнiн мысалы болып табылады. Мунда казан карулы котерiлiсiне дейiн-ак жумысшы жане солдат делегаттарынын калалык Кенесi негiзiнен жумысшылар мен темiржолшылардан туратын согыска кабiлеттi Кызыл гвардия отрядын курган едi. Кенес жергiлiктi гарнизон солдаттарынын комек беремiз деген уадесiне суйенiп жане жергiлiктi кенестiк кушке карсылардын бытыранкылыгын пайдаланып, 1917 жылы 30 казанда каладагы билiктi оз колдарына алды.
Кенес окiметi Перовскiдегiдей «бейбiт жолмен» кейiн Аулиеатада (казiргi Жамбыл каласы) орнады. Коп кешiкпей Кенес окiметi осылайша «бейбiт жолмен» Черняевта (казiргi Шымкент), Туркiстанда, Казалыда жане Сырдария облысынын баска да калаларында орнатылды.
Солтустiк-Шыгыс Казакстанда (Акмола мен Семей облыстарында) Кенес окiметi аса курделi жане узакка созылган курес натижесiнде орнады.
1917 жылы желтоксаннын аягында большевиктер И.Демецкий мен В.Порох баскаратын Кокшетау жумысшы жане солдат депутаттарынын Кенесi билiк калада да уезде де оз колдарына откенi туралы хабарлады. 23 желтоксанда жергiлiктi Кенестiн бастауымен уйымдастырылган Акмола революциялык комитетi Уакытша укiметтiн уездiк аткару комитетiн туткынга алып, билiктiн оз колдарына откенi туралы хабарлады. Атбасарда 1918 жылы 2 кантарда билiк толыгымен Кенестiн колына оттi.
Кенес окiметi Семей облысында сал кейiндеу орнады. Семейдегi билiктiн ауысуын тездету ушiн, Казакстаннын Солтустiк-Шыгыс калаларындагы сиякты, Омбы партия уйымы 1917 жылдын аягы мен 1918 жылдын басына карай 100-дей большевиктi аттандырды, онын iшiнде Семейге батыс Сiбiр олкелiк Кенесiнiн корнектi екi кайраткерi-большевиктер А.А.Звездов пен К.А.Шугаев жiберiлдi, онын бiрiншiсi Балтык матростарынын отрядтарымен Петроград пен Москвага астык жiберу ушiн келдi. Звездов пен Шугаев билiктiн Кенестерге отуi туралы майдан мен тыл жумыстарынан оралгандар коп жиналатын Онтустiк Ертiстiн ар турлi калаларында откен митингiлерде бiрнеше рет соз сойледi.
Павлодарда билiк Кенестердiн колына 1918 жылы 19 кантарда коштi, Семей 17 акпанда, ал Оскемен 1918 жылы 14 наурызда жана окiмет Кенестер колында болды.
Семей облысындагы Кенестер женiсi революция толкынын Жетiсуга жеткiздi. Большевиктер мен солшыл эсерлер жагындагы топтар мунда да тонкерiс жасауга арекеттендi. Сойтiп, 1918 жылы 2-13 кантарда откен екiншi облыстык шаруалар съезi туптеп келгенде билiк жумысшылар мен шаруаларга берiлсiн деген шешiмге келдi. Бiрак казак аскери болiмдерiне арка суйеген аскери укiмет большевиктерге тойтарыс бердi. Осыдан сон астыртын жумыска кошкен большевиктер 15 акпанда оздерiн колдаган 2-Жетiсу казактар полкiнiн курамасы, жумысшы жане кала кедейлерi арасында митинг откiздi. Митингке катысушылар аскери укiметтi тарату, бурынгы Уакытша укiметтiн комиссарларын (Шкапский мен Ивановты) туткындау туралы каулы кабылдады.
Жетiсуда Кенес окiметiн орнатуды арнайы курылган астыртын тонкерiстiк комитет жузеге асырды, онда 1917 жылы наурыз-казан айларында Ташкентте саяси курес тажiрибесiнен откен П.М.Емелев шешушi рол аткарды. Арнайы дайындалган солдат, жумысшылардан жане казак кедейлерiнен курылган дружиналар 3 наурызга караган тунде Верныйдын манызды деген пункттерiн басып алды. Аскери революциялык комитетбилiктi оз колына алганы туралы хабарлады. Уакытша укiметтiн комиссарлары мен «аскери укiметтiн» басшылары каладан кашып кеттi. Наурыз iшiнде Кенес окiметi уездiк орталыктар-Капал, Жаркент, Сергиополь, жане Жетiсудын баска да елдi мекендерiнде орнады.
Торгай облысында Кенес окiметiн орнату ушiн болган курес бiршама жузеге асырылды. Мундагы карсы куштердiн тагдыры кен-байтак Торгай облысынын орталыгы саналатын жане Орта Азия мен Казакстанды Ресейдiн орталык онiрлерiмен байланыстыратын Орынбор каласы ушiн куреспен тыгыз байланысты болды. Мунда Кенеске карсы атаман Дутовтын карамагындагы орынборлык казак офицерлерiн, А.Бокейханов баскарган Алашорданы, сондай-ак эсерлер мен меньшевиктердi бiрiктiрген улкен куш топтасты. Атаман А.Дутовтын казактары карашанын 14-iнен 15-iне караган тунi каладагы билiктi басып алды, жергiлiктi Кенестi куып таратты, онын басшыларын (С.М.Цвиллинг жане т.б) туткынга алды, казак аскери болiмшелерiн Актобе, Челябинск жагына аттандырды жане Кенес окiметiне карсы согыс операцияларын орiстеттi. В.И.Ленин бастаган Кенес окiметi улкен ман берген «Орынборлык акгвардияшы куштердi» жою маселесi туындады. Тек 1918 жылы 18 кантарда гана бiрiккен куштермен Орынборды дутовшылар мен онын одактастарынан азат етудiн жане мунда Кенес окiметiн орнатудын сатi тустi.
Дутовшылармен арадагы курестiн кызган кезiнде-1918 жылгы 8 акпанда (Актобе кенесi каладагы билiктi оз колына каратты, будан бурын 1917 жылы 25 желтоксанда женiске жеткен болатын).Жергiлiктi большевиктiк куштер В.М.Чекмарев баскарган Балтык тенiзшiлерiнiн азык-тулiк жинау отрядтарынын колдауына суйене отырып, Костанайда Уакытша укiмет органын кулатып, Кенес окiметiн жариялады. 1918 жылдын аягы мен 1918 жылдын басында Кенес окiметi Торгай уезiнде толык орнатылды. Кенес окiметiн орнатуда А.Иманов, О.Асауов жане Н.Токаревтер ерекше козге тустi. Сол кезде Астрахан губерниясынын курамындагы Бокей ордасында кенестiк куштерге карсы туру арекетi коршi Орал облысына караганда алсiз болды. Бокей Ордасынын орталыгында 1917 жылы 2 желтоксанда большевиктiк букаралык митинг отiп, Уакытша укiметтiн жергiлiктi органы-аткару комитетiн тарату, Кенес окiметiн орнату туралы шешiм шыгарды. Бул iсте С.Мендешев, И.П.Варламов белсендiлiк танытты.
1918 жылы коктемге карай большевиктерге Казакстаннын бiр гана онiрi –Орал онiрiн толык каратып алудын сатi тусе коймады. Мунын басты себебi жергiлiктi большевиктердiн алсiздiгi гана емес, генералдар А.Михеев, Н.Савельев, М.Мартынов жане баскалар баскарган Орал казак аскерлерi тонiрегiне топтаскан большевиктерге карсы куштердiн тыгыз ынтымактастыгында едi. 1918 жылы кантар-наурыз аралыгында бiркатар уездiк орталыктар мен елдi мекендерде (Темiр, Доссор, Гурьев) Кенес окiметiнiн женгенiне карамастан революциялык куштердiн жагдайы Оралдын озi мен негiзiнен казактар коныстанган онiрлерде аса киын болды.Сойтiп 1917 жылгы казаннын аягынан 1918 жылгы наурызга дейiн Кенес окiметi негiзiнен Казакстаннын калалары мен iрi елдi мекендерiнде (Орал мен онын кейбiр айналасындагы елдi-мекендерден баска) орнатылды. Казакстанда бiркатар онеркасiп орындарын улттандыру 1918 жылы коктемде жузеге асты. Бул туста Кенес окiметiнiн женуiне жергiлiктi гарнизондардын солдаттары жане шаруаларга жер мен шалгайдагы улттарга оз тагдырын озi шешуге кукык беруге уаде еткен окiметке шын берiлген бурынгы майдангерлерден куралган Кызыл гвардия отрядтары шешушi рол аткарганын ерекше атап оту керек.

2. КАЗАКСТАН АЗАМАТ СОГЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА


Жумысшы-шаруа Кенестерiнiн орталыктагы жане жергiлiктi жерлердегi билiктi басып алуы алгашкы куннен-ак кулатылган таптардын карулы карсылыгын тугызды.
Азамат согысы дегенiмiз - бiр мемлекет iшiндегi алеуметтiк топтар мен таптар арасындагы окiмет билiгi жолында жургiзiлетiн карулы курес.
Азамат согысы 1918 жылы басталып, 1920 жылы аякталды. Буткiл Ресей империясынын Кенес окiметiне откен территориясын камтыган бул согыста екi тап окiлдерi бiр-бiрiне карсы согысты Олар: Кызыл Армия (гвардияшылдар) - большевиктер– ягни Кенес одагын курушылар жане Акгвардияшылдар – меньшевиктер Уакытша жане патша укiметiн колдаушылар. Буларды Алашорда, казактар колдады.
Азамат согысы басталысымен Алашорда бастаган жане Кенестер мен большевиктердi колдаган екi жак бiр-бiрiне карсы турды.
Кенеске карсы куштер Орынбордан баска Жетiсу мен Оралда да топтасты. Бул аймакта антикенестiк куштердiн алеуметтiк базасын Жетiсу мен Оралдагы казак аскерлерi, копестер мен саудагерлер курады. Кенес окiметiне жергiлiктi алашордашылар да карсы шыкты.
Азамат согысымен катар Ресей жерiне одактасы Антантанын колдауымен шетел интервенциясы кiрдi.
Казакстандагы азамат согысы мен шетел интервенциясынын жандануында Чехославак корпусынын бас котеруi большевиктерге карсы барлык куштердi козгалыска келтiрдi. Интервенттер Ресейге басып кiргеннен бастап iшкi контрреволюция куштерiмен одактасты. Ак гвардияшыларды кару-жаракпен, каржымен жабдыктады. Бiрiккен согыс операцияларын жоспарлады.
Азамат согысы жагдайында барлык материалдык ресурстарды, бiрiншi кезекте азык-тулiктi майдан кажетiне жумылдыру халыктын ар турлi топтары арасында азык-тулiктi тутынудын жана адiсiн енгiзу кажеттiгi туындады. Бул курделi мiндеттi шешу ушiн Кенес укiметi Азамат согысы басталысымен «аскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында тотенше шаралардын тутас жуйесiн енгiздi.
«Аскери коммунизм» саясатынын негiзгi манi азык-тулiктi жоспарлы турде болу болып табылады. Кенес окiметi В.И.Лениннiн буйрыгымен «шаруалардын ондiрген онiмiнiн оздерiнiн кункорiсiне жететiн шагын болiгiнен баскасынын барiн армия мен онеркасiптiн муктажы ушiн мажбурлеу жолымен» алуга тиiс болды. 1919 жылы кантарда Азамат согысы жылдарында Кенес окiметi азык-тулiк салгыртын енгiздi.
Бул кезенде Азамат согысы елде кенiнен канат жайды. Казакстанмен шектесетiн аумактарда бiркатар аймактык кенеске карсы укiметтер пайда болды.
Казакстаннын коптеген онiрлерiнде Азамат согысынын етек жайып, Кенес окiметiн кулату жагдайларында Алашорда (Алаш автономиясынын укiметi) Кенестерге карсы бiрiгiп куресу ушiн Орынбордан атаман Дутовпен одак курды. Омбыдагы Уакытша Сiбiр укiметiмен жане Самарадагы Курылтай жиналысы комитетiмен (Комуч) тыгыз байланыс орнатты, Кенестерге карсы бiрлесе курес жургiзу максатымен Орал, Сiбiр жане Жетiсу казактарымен байланысын ныгайта тустi.
Алаш косемдерi А.Бокейханов пен А.Ермеков аскери болiмнiн менгерушiсi Х.Токтамышевпен бiрге 1918 жылы шiлде мен тамызда Самарадагы Курылтай жиналысынын комитетi жане Омбыдагы Уакытша Сiбiр укiметiмен Алашорда карулы куштерiн куруга комек корсету маселесi бойынша келiссоздер жургiздi. Алашорданын батыс болiмшесiнiн басшылары Жанша мен Халел Досмухамедовтер Самарадан Курылтай жиналысынын комитетi аркылы 600 винтовка мен пулемет алды жане жакын уакытта 2000 адамнан туратын казак аскерiн уйымдастыруга уаде еттi. Дутовтын комегiмен екi атты полк: Бiрi Костанай, екiншiсi Ыргыз уезiнде куру iсi колга алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уакытша Сiбiр укiметiнiн сенiмдi окiлi Давыдовтын комегiмен екiншi бiр атты полк курылып, онын курамы 38 офицер мен 750 жауынгерден турды.
1918 жылгы 29 наурызда ак гвардияшылар Орал каласын жаулады. Сауiрде оларга карсы «Ерекше армия» курылды. 1918 жылы 3 шiлдеде Атаман Дутов Орынборды басып алып, Кенестiк Туркiстанды Орталык Ресейден болiп тастады. 1918 жылы наурызда генерал В.Толстов озiн Орал казактарынын атаманы деп жариялап Гурьев каласын басып алды.
Алашорда укiметi Орынбордагы Дутовпен, Омбыдагы Сiбiр Уакытша укiметiмен, Самарадагы Курылтай жиналысынын Комитетiмен (Комуч) одактасып, Кенес окiметiне карсы шыкты.
1918 жылдын жазындагы Кенес елi ушiн ен басты майдан Шыгыс майданы болды. 1918 жылы тамызда Семей каласында 1-Алаш атты аскер полкi уйымдастырылды.
1918 жылы карашада атаман Колчак армиясы Жетiсу багытында операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетiсуды шабуылдады.1918 жылы карашада «Сiбiр армиясынын» Екiншi Жеке Дала корпусы Ташкенттi басып алу максатымен Жетiсу майданына атаман Анненковтын дивизиясын жiбердi. Солтустiк Жетiсуда табан тiрескен урыстар оршiдi. Дутовка карсы барлык аскери кимылдарга жетекшiлiк еткен тотенше комиссар – П.Кобозев болды.
Кенес окiметi Казакстан майдандарында согысып жаткан кызыл Армия болiмдерiне кажеттi аскери комегiн аямады. Бундай аскери комектiн бiрi А.Жангелдин экспедициясы. А.Жангелдиннiн экспедициясы Актобе майданына кару-жарак пен ок-дарi жеткiзуде манызды рол аткарды: Ол 1918 жылы 20 шiлдеде мол кару-жаракпен Москвадан темiржол аркылы шыгып, 1 тамызда Астраханга келедi. 21 тамызда экспедиция екi желкендi кемемен Каспий аркылы Бозашыга келiп, Жандауыр муйiсiне жеттi. 11 карашада, 57 куннен кейiн, аса киын дала жолымен журiп откен экспедициялык отряд озiн асыга кутiп отырган Актобе майданы турган Шалкар станциясына келiп жеттi. Казак жерiне атаман Дутов пен Анненков баскаруындагы казактар тобы ерекше катыгездiк корсеттi. 1918 жылгы казанда атаман Анненков буйрыгымен 28 туткынды кеме трюмiне камап, Оскемен уездiк Кенесiнiн тунгыш торагасы Яков Ушановты сулы киiзге орап, кеменiн ошагына тастады. Дутов, Анненков, Колчак топтарына карсы партизан согысы орiстедi. Партизан козгалысына аскерден кайткан солдаттар, матростар, Акпан революциясы мен Казан тонкерiстерiне, 1916 жылы улт-азаттык козгалысына катыскандар басшылык еттi. Партизандык астыртын жумысты уйымдастырушылар: А.Айтиев, С.Аргыншиев, А.Майкотов, М,Жанiбеков тагы да баскалар. Жетiсу жерiндегi 1918 жылы маусым мен 1919 жылы казанда откен партизан карсылыгы Черкасск корганы деген атпен тарихта калды. Партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс бердi. 1919 жылгы тамызда Жетiсу майданынын колбасшысы Л.П.Емелев аскерлерi комекке келуге арекет жасап, сатсiздiкке ушырады. Шайкас барысында Л.П.Емелев ерлiкпен каза тапты. 1919 жылгы казан анненковшылдар Черкасскiнi алды, оларга карсы шыккан 1800 адам каза тапты . Черкасск корганысынын тарихи манызы:
- Колшакшылардын Жетiсуга шабуылы токтатылды;
- Сiбiр контрреволюциясынын Орта Азия контрреволюциясымен бiрiгуiне жол берiлмедi.
- Солтустiк Жетiсуда Кенес окiметiн орнатуда улкен рол аткарды.
1919 жылгы 5 сауiрде 25 мындык партизан отрядтары Костанайды колчакшылардан азат еттi. Бiрак жаксы каруланган Колчак топтары Костанайды кайта жаулап алып, 18 мын адамды катыгездiкпен олтiрдi.
Казак жерiндегi Колчак аскерiн талкандау Шыгыс майданынын Солтустiк жане Онтустiк топтарына жуктелдi. 1919 жылгы маусымда Онтустiк топ (колбасшысы М.В.Фрунзе) аскерлерi Уфаны азат еттi. 1919 жылгы шiлдеде 25-шi Чапаев дивизиясы мен казак атты аскер бригадасы Оралды жау коршауынан босатты. 1919 жылгы жазда Кызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра куып тастады.
1919 жылдын сонында Орал облысы ак гвардияшылардан толык азат етiлдi. 1920 жылгы 5 кантарда Туркiстан майданынын аскерлерi кушiмен Атырау азат етiлдi. 1920 жылы кантарда Орал майданы жойылды.
1919 жылгы кузде Шыгыс майданынын 5-армиясынын колбасшысы М.Н.Тухачевкий Солтустiк жане Шыгыс Казакстанды азат етiп, Петропавл, Акмоланы жаудан босатты. 1919 жылгы карашада Семейде Колчак окiметi кулатылып, Кенес окiметi кайта орнады. 1920 жылгы наурыздын аягында Семей облысынын солтустiгi азат етiлiп, Жетiсу майданы жойылды. 1920 жылгы маусымда Верныйда контрреволюциялык булiк уйымдастырылып, Верный бекiнiсiн жаулап алды. Кызыл Армия кушiмен булiк токтатылды.
1920 жылдын наурызында азамат согысынын Казак жерiндегi ен сонгы майданы Солтустiк Жетiсу майданы жойылды. 1920 жылы Кызыл Армия Колчак аскерiн талкандап, Колчак Иркутск ревкомынын укiмi бойынша атылды. Азамат согысынын барысында Кенес укiметi улт аймактарындагы жана окiметтiн окшаулануын ескере отырып, Алашордамен келiссоз жургiздi.
Ак гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болган катыгездiк пен зорлык «Алаш» окiлдерiн бастапкы багыттарын озгертуге итермеледi. А.Байтурсынулы «Тонкерiс жане казактар» макаласында «алаш» зиялыларын Кенес окiметi жагына шакырып, улттык келiсiм тактикасына кол жеткiздi. А.Байтурсынов 1920 жылы наурызда оз жактастарымен бiрге Кенес окiметiнiн жагына шыкты.
1919-20 жылдары Кенес окiметi Алашорда мушелерiне бiрнеше марте ракымшылык жариялады. Алгаш рет, 1919 жылгы 4 сауiрде Букiлодактык Орталык Аткару Комитетi каулысында Кенес окiметiне карсы куреске катыскан Алашорда мушелерiне кешiрiм (амнистия) жариялады. Екiншi марте 1920 жылы сауiрде Алаш козгалысы мен Алашорда катысушыларына кешiрiм берiлдi. 1920 жылы наурызда Алаш автономиясы жане Алаш орда укiметiн тарату жонiнде кенес окiметiнiн каулысы кабылданды.
Азамат согысынын салдары натижесiнде: 8 млн адам каза тапты. Мал саны курт азайды. Казак ауылдары мен кыстактар материалдык жокшылыкка ушырады. Катыгездiк пен зорлык-зомбылыктын кушейтiлуi урей жане ертенгi кунге сенiмсiздiк тугызды.

3.КЕНЕСТIК УЛТТЫК-МЕМЛЕКЕТТIК КУРЫЛЫС УЛГIСIНIН ЖУЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАУЫ



Ресей империясынын улттык аймактарында, онын iшiнде Казакстанда Кенес окiметi орнаганнан кейiн Коммунистiк партиянын улттык багдарламасына сайкес бурынгы отар халыктардын мемлекеттiгiн куру маселесi турды.
Азамат согысы большевиктерге шет аймактар халыктарынын улттык мемлекеттiгi туралы идеясымен санаспауга болмайтынын корсеттi.
Шыгыстагы алгашкы Кенестiк коп ултты республика Кенестердiн Туркiстан олкелiк V съезiнде (Ташкент каласы, 1918 жылгы 20 сауiр-1 мамыр) жарияланган Туркiстан АКСР-i болып табылады. Оган казiргi Казакстаннын онтустiк жане онтустiк-шыгыс облыстары (бурынгы Сырдария мен Жетiсу) кiрдi.
1919 жылы 10 шiлде де В.И.Лениннiн кол коюымен Кыргыз (Казак) олкесiн баскару жонiндегi революциялык Комитет туралы Декрет шыкты. Онын курамында: Астрахань губерниясынын казактар туратын болiгi, Орал, Торгай, Акмола, Семей облыстары кiрдi. Ол олкедегi ен жогаргы аскери-азаматтык баскарма болып саналды. Казревком басшысы болып С.Пестковский сайланды. Мушелерi: В.Лукашов, А.Жангелдин, А.Байтурсынулы, М.Тунганшин, С.Мендешев, С.Сейфуллин, В.А.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Каратаев, А.Айтиев, А.Алiбеков, С.Аргыншиев, Х.Габбасов, Т.Седельников.
Казревком мiндеттерi: Контрреволюция мен интервенцияга карсы куресу, Олкеде мемлекеттiк, шаруашылык, мадени курылыс ушiн жагдай жасау, олке Кенестерiнiн Курылтай съезiн азiрлеу.
1919 жылы 19 кыркуйекте Орынбордын Казак олкесiне косылуы туралы шешiм кабылданды. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешiмi кабылданды. Казревком мадени курылыста бiршама жумыстар аткарды: «Ушкын» газетiн шыгарды, Актобе уезiнде 300 мектеп ашылды. Калаларда мугалiмдер даярлайтын мектептер жумыс iстедi. Казревком казак жерлерiн бiрiктiру жонiнде жумыстар аткарды. 1920 жылы 7 шiлдеде Орынбор республика курамына енгiзiлдi.
Казревком 1919 жылы 10 шiлдемен -1920 жылгы 10 казан аралыгында 15 ай кызмет еттi. Ол курылган кунiнен бастап Курылтай съезiн шакыру жонiндегi бар жумысты озi аткарды. Казревкомнын iс-кимыл ерекшелiгi сол кез ушiн алгашкы кезектегi аскери-саяси проблеманын маныздылыгынан туындады, озiнiн бар мумкiндiгiн, куш-жiгерiн олкеде Кызыл Армиянын женiсiн камтамасыз етуге жумсауы тиiс болды. Казревком мушелерi Кызыл Армия болiмдерiмен бiрге калалар мен елдi мекендердi актардан азат етуге катысты жане жергiлiктi жерлерде Кенес окiметi аппаратын куруга комектестi.
Казак революциялык комитетi Казакстан Кенестерiнiн Курылтай съезiн шакырудын, болашак республиканын шекараларын аныктаудын барлык дайындык жумыстарын жургiздi.Бул курделi мiндеттердi жузеге асыруда Казревкомнын жанында уйымдастырылып, Ахмет Байтурсынов басшылык еткен Казак республикасынын шекараларын аныктау жонiндегi Комиссия улкен рол аткарды.
Сонымен катар Казак революциялык комитетiнiн жанынан Букiлказак съезiн шакыруга дайындык маселесi бойынша курамына А.Байтурсынов, Б.Каралдин, С.Мендешов, В.Лукашев, жане Петров кiрген Ерекше комиссия курылды.
Комиссияга съездi шакыру маселесi бойынша нускау азiрлеу тапсырылды. 1920 жылы 23 тамызда Казак революциялык комитетi Кенестердiн Букiлказак съезiн сайлау маселесi бойынша нускауды тубегейлi бекiттi.Ол бойынша съезге делегат сайлау кукыгы Орал, Торгай, Семей, Акмола облыстарынын, Астрахань губерниясынын казактар туратын болiгiнiн (Бокей ордасы) барлык енбекшi халкына берiлдi.Олкелiк баскарудын курамына кiрмейтiн облыстар мен уезд казактарынын (Жетiсу мен Сырдария, сондай-ак Туркiстан АКСР-iнiн кейбiр облыстарынын тургындары) съезге кенесшi дауыс кукыгымен катысатын болды. Сайлауга жане сайлануга дiни сенiмi мен мекенжайына карамастан, 18 жаска толган, енбекшi табына жататын ер жане айел азаматтар кукылы деп есептелдi.
1920 жылы 26 тамызда «Кыргыз (Казак) Автономиялы Кенестiк Социалистiк республикасын куру туралы» декретке В.И.Ленин мен М.И.Калинин кол койды. Астанасы: 1920-1924 жж Орынбор каласы болды.
Аумагы: Семей, Акмола, Торгай, Орал облыстары, Мангышлак уезi, Красноводск уезiнiн бiр болiгi, Астрахань губерниясынын бiр болiгi. 1920 жылы 4 казанда Орынборда Кыргыз (Казак) АКСР Кенестерiнiн Курылтай съезi откiзiлдi. Кыргыз (Казак) Автономиялы Кенестiк Социалистiк Республикасы жарияланды. Жогаргы окiмет органдары сайланды: Орталык Аткару Комитетi торагасы болып С.Мендешев, Халык Комиссарлары Кенесiнiн торагасы болып –1889 жылдан берi партия мушесi В.А.Радус-Зенькович сайланды.
Казакстан Кенестерiнiн Курылтай съезi кабылдаган аса манызды кужат: «Кыргыз (Казак) АКСР енбекшiлерi кукыктарынын декларациясы» болды. Кыргыз (Казак) АКСР-iнiн курылуынын тарихы манызы:
- Казак халкынын гасырлык арманы орындалганынын корiнiсi;
- Отаршылдыкка карсы курес натижесi;
- Улттык кайта орлеу жолындагы алгашкы кадам.
Арнаулы комиссия курылып, республика шекарасын белгiлеумен айналысты. Бул озгерiстер кезiнде ар турлi козкарастар туындады: Казак олкесiне Акмола, Семей, Орал облыстарынын косылуына карсылык., Республика курамына Омбы облысын, Орта Азиянын коп болiгiн, Барнаул уезiн, Алтай олкесiн косу маселесi котерiлдi.
Костанай аймагын республика курамына косу кажеттiгiн А.Байтурсынулы мен М.Сералин жан-жакты далелдедi. Батыс Сiбiрге енiп келген Акмола мен Семей облыстарын олке курамына енгiзу маселесi 5 рет каралып, А.Бокейханов, А.Байтурсынулы, А.Ермеков, М.Сералиндердiн тарихи деректемелер аркылы дайектi далелдер келтiргенiнен кейiн гана шешiлдi. 1921 жылы Акмола жане Семей облыстары Сiбiр ревкомы карамагынан КазАКСР-не берiлдi. 1921 жылы Жайык, Ертiс озендерi бойындагы бурын казактар иеленiп келген 10 шакырымдык онiр казак халкына кайтарылды.
1921 жылы маусымда Орал губерниялык партия комитетi Жайыктын сол жагалауындагы 10 шакырымдык онiрдi кайтару туралы декретке наразылык бiлдiрiп, Орал облысын КАКСР-iнен болу туралы отiнiш бердi. Бiрак партиянын Орталык Комитетi отiнiштi кабылдамады.
1921-1922 жж КазАКСР курамына енгiзiлген аймактар: Семей, Акмола облыстары Омбы уезiнiн бiр болiгi. Торгай, Орал облысыстары уездерiмен кiрдi. Республиканын курамына бул облыстардан баска Мангыстау уезi, Закаспий облысы Красноводск уезiнiн 4,5 –Адай болыстары, сондай-ак Астрахань губерниясынын бiр болiгi (Каспий тенiзiнiн солтустiк-шыгысы), Бокей Ордасы жане Каспий тенiзi жагасындагы болыстар енгiзiлдi.
Орта Азияны улттык-мемлекеттiк жагынан межелеудi жане Онтустiк аймакты республика курамына косуды азiрлеу жонiнде казак зиялылары уйымдастыру шараларын жургiздi. Натижесiнде: 1924 жылы Орта Азияны улттык-мемлекеттiк межелеу жургiзiлiп, Кенестiк Шыгыста улт республикалары курылды. Сырдария мен Жетiсу облыстары казак АКСР-i курамына енгiзiлдi. Казак жерiнiн бiртутас Казак республикасы болып калыптасуы аякталды. 1924 жылы КазАКСР курамына енгiзiлген аймактар: Сырдария облысы: Казалы, Акмешiт, Туркiстан, Шымкент уездерi, Аулиеата (Жамбыл) уезiнiн коп болiгi, Ташкент, Мырзашол уездерiнiн бiр болiгi.
Самаркан облысы: Жизак уезiнiн бiрнеше болiгi, Жетiсу облысы: Алматы, Жаркент, Лепсi, Капал (Талдыкорган) уездерi, Пiшпек уезiнiн бiр болiгi. КазАКСР курамынан халкы негiзiнен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы болiндi. 1925 жылгы 26 кантарда РК(б)П Ок-i Казакстанды аудандастыру жонiндегi комиссия усынган жобаны карады жане маселенi одан арi зерделеу ушiн Букiлодактык Орталык Аткару Комитетiнiн орталык акiмшiлiк комиссиясына тапсырды. Казак АКСР-iнiн астанасын Кызылорда каласына кошiру туралы шешiм кабылданды.1925 жылдын бiрiншi жартысында республиканын негiзгi мемлекеттiк мекемелерi Кызылордага кошiрiлдi.1925 жылы 15-19 сауiрде республиканын жана астанасында Кенестiк Казакстаннын V съезi оттi. Съезд байыргы халыктын-казактардын тарихи атауын калпына келтiрдi. Кыргыз АКСР-iнiн аты Казак Автономиялык Кенес республикасы деп озгертiлдi. Съезд сонымен бiрге республиканын жана астанасынын атауын да озгерттi. Перовск каласы Кызылорда деп аталатын болды.
24. Казак АКСР-i одактас республикаға айналуы. 1936 жылгы 9 акпанда КАКСР Орталык Аткару Комитетi Каулысымен «казактар» атауы берiлдi.1936 жылы 5 желтоксанда Кенестердiн VIII Букiлодактык Тотенше съезiнде жана Конституция кабылданды. Жана Конституцияга сайкес, 1937 жылы 26 наурызда Казак АКСР-i одактык республика болып, ягни Казак Кенестiк Социалистiк Республика болып кайта курылды.1937 жылы наурыз айында Казакстан Кенестерiнiн Тотенше X съезi Казак КСР Конституциясын бекiттi.

Дәріс №4
ФАШИСТІК БАСҚЫНШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЕРЛІГІ МЕН ҚАСІРЕТІ



1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
2. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру
3. Халықтың тылдағы ерлігі
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі - Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер- Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
1939 жылы 1-ші қыркүйекте екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияның Польшаға басып кіруі себеп болды. Германия 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Белгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. 1940 жылғы 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Оның мақсаты: 1. КСРО-ға қарсы соғыс ашу; 2 «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау болды. Фашистік жоспар бойынша КСРО: сансыз көп ұлттық жасанды және тұрақсыз бірлестік; ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат болды. Гитлердің жоспары бойынша КСРО аумағын бірнеше рейхкоммиссариатқа бөлуді көздеді: 1. Остланд-Беларус пен Балтық жағалауы, 2. Украина, 3. Москва-Ресей жері.4. Кавказ.5. Еділ-Орал.6. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан). Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан «Үлкен Түркістан» отарлық елдің құрамына кіруі тиіс болды.
«Барбаросса» жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. «Солтүстік» тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті «Орталық тобы» Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған «Оңтүстік тобы» Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл аумақты славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған аумаққа тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күш адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан - 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. 1941 ж. 22 шілде күні соғыс тарихында ең бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық-танк әскерінің генерал-майоры К.А.Семенченко болды.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты.
Ұлы Отан соғысында шешуші роль атқарған үш ірі шайқас: Москва түбіндегі шайқас, Сталинград шайқасы, Курск иініндегі шайқас болды.
Москва шайқасы 1941 жылы 30 қыркүйектен - 1941 жылдың 6 желтоқсанына дейін созылды. 1941 жылы Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар ерлікпен шайқасты.Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі - Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен ерлікпен соғысты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, каһарман командир и.В.Панфиловке Кеңес одағының Батыры атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғыста Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9- гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқталды. Б.Момышұлы соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, 1990 жылы ең соңғы Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ жазушысы. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқастан М.Ғабдуллин 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдулин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойы ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбегіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жангозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқаста қазақстандық 238- дивизия, 19-атқыштар бригадасы да қатысты.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты 310-атқыштар дивизиясы (1941ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
1941 жылғы қыркүйектегі-Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылғы қаңтар - 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1944 жылы-Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
«Барбаросса» жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылданды. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады.
Сталинград шайқасы 1942 жылы шілде -1943 жылғы ақпан аралығын қамтыды. Немістер 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда - 69, ал қыркүйекте-81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытта шоғырланды. 3-атқыштар бригадасы Сталинград түбіндегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. 1942 жылдың 19 желтоқсанда Боковская-Паномаревна ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жай танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты.
Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Ұлы Отан соғысы жылдары Орал облысы -Қазақстанның майдан шебі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 1942 жылғы күзде – Каспий бассейнінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен соғыс жағдайы енгізілді.Сталинград - Қазақстан аумағына ең жақын майдан болды.
Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
Курск иініндегі шайқас - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шешуші рөл атқарған шайқастардың бірі. Ұрыс 1943 жылы 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылып, екі жақтан 4 млн-нан аса адам, 69 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 13200-ден аса танк пен өздігінен жүретін қондырғы, 12 мыңға жуық ұшақ қатынасты. 5-шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. Сталинград, Курск иініндегі шайқастарға Кеңес Одағының Батыры, маңғыстаулық жауынгер Мәди Бегенов қатысты.
1. Соғыстың төртінші кезеңі (1944 жыл 1 қаңтар - 1945 жыл мамыр) Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасады. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік - батыс Францияда екінші майдан ашты. 1944 жылы Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Словакия аумағын жаудан азат етуге 4 - Украина майданы құрамында қазақстандық 8 - атқыштар дивизиясы қатысты. 72 - және 73 - гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты. Шетел мемлекеттеріндегі қарсыласу қозғалыстары кезінде ерліктерімен көзге түскен қазақстандық жауынгерлер А.Егоров пен З.Хұсайынов Кеңес Одағының Батырлары атағын алды.Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5 - әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Ұшқыштар: Т.Я. Бигелдинов, И.Павлов, Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Қазақстандық ұшқыш С.Луганский-әуе шайқасында қарсыластың 37 самолетін құлатқан екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алды. Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі И.Н.Кожедубқа берілді. 1945 жылы 16 сәуір - 2 мамыр аралығында Кеңес армиясының Берлин операциясы нәтижесінде Берлин алынды. Берлин операциясына 3,5 млн адам қатысты. Берлин операциясына қазақстандық 118, 313 - атқыштар дивизиялары және 209- атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка алғаш Г.Булатовпен бірге Жеңіс туын тіккен қазақ батыры Р. Қошқарбаев болды. Қазақ қыздары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Зеңбірекшісі М.Мәметова Невель қаласы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты. 54-атқыштар бригадасының мергені Ә.Молдағұлова Нева өзені бойындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты.Екеуіне де Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы Халық Қаһарманы - Х.Доспанова авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты.1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК «Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру» туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды.
2. 29. Қазақстандықтар – партизан қозғалысына дем берушілер
1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі болып сайланып, Украина аумағында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ұлы Отан соғысына қазақстандық жазушы-партизан Ж.Саинда қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарында 1 млн.200 мың қазақстандық шайқасқа қатысты, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы әсіресе адам шығыны бойынша алапат соғыс болды. КСРО соғыста 26,6 адам жоғалтты. Біріншіден, Кеңес адамдары шығындарының үштен екісі қарапайым халықтың үлесіне тиді (17,9 млн. адам). Екіншіден, Шығыс майдандағы неміс фашистерінің шығындары 9,1 млн-ға жуық солдаттар мен офицерлерді, ал қаза тапқан бейбіт тұрғындар – шамамен осы санның үштен бірін құрайды.

2. РЕСПУБЛИКА ЭКОНОМИКАСЫН СОҒЫС МҮДДЕСІНЕ БАҒЫНДЫРУ



Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айырылды. Бұл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын әскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық және адам ресурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салаларында негізінен әйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді. Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды және еңбек демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары майданға жіберілгендіктен, халық азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.
Соғыстың бастапқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуация жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркәсіп орындарын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жазынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты әкелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына әсіресе, 1941 жылғы тамыз-желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға орналастырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті өкімет ұйымдары эвакуациямен келген халықтың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Қазақстан - КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. Түркістан-Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді . Орталықтағы өнеркәсіп аймақтарының жау шебінде қалуы көмір, мұнай, металл өндірудің азаю қаупін төндірді.
Соғыстың бірінші кезеңінен бастап Қазақстанға батыс аудандардағы өнеркәсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасайтын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан аумағына көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье ферросплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады. Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941жылдың соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан күзіне дейін.1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-нен, БКСР-нен, Ленинград пен Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның XX жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, №24 заводтың Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу заводы, «Трансвязь» электромеханикалық заводы, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау заводы, Киев ет комбинаты және т.б. болды. Москва және Москва облысынан рентген, Дзержинский атындағы электротехникалық завод, Курчатовск мехзаводы, «Изолит» заводы, «Красный факел» заводы көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, «Парижская коммуна» аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделіп құрылды. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркәсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды.
Отанға төнген қауіп Кеңес Одағының барлық ұлттары мен халықтарын тығыз біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан еңбекшілері жоғары ұйымшылдық көрсетіп, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК Повольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия аудандарына 1941 жылдың 4-тоқсанына және 1942 жылға арналған жоспарды бекітті. Бұл жоспар бойынша әскери техника, жабдықтар, оқ-дәрі өндіруді ұлғайту және металлургия, көмір салалары өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО аумағының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынған аумақтарда өндірілетін шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Москва түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлығы Қарағанды көмір бассейніне түседі.
1942 жылғы 24 тамыз - Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндірудің арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.
Қарағанды облысындағы ФЗО желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы 18 мың адам кенші мамандығын алды. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. 1943 жылғы сәуір - қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданды.
Қарағанды көмір бассейні соғыс жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С.Макаров әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск-Халиловск, Поволжье өнеркәсіп орындарын, темір жол транспортын отынмен қамтамасыз етті.
Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. «Қазақстан мұнай» ұжымы тәулігіне 12 сағат жұмыс істеді. «Ақтөбе мұнай» ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гурьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыруды қолға алды. Ұжымдар арасында социалистік жарыстар кеңінен қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайшының 5800-і жұмыс нормасын 101 - 200%, 218-сі - 200 - 300%, 23 мұнайшы 300% асыра орындады. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып, тәуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге көбейтті. Соғыстың тек алғашқы жылы жаңа 4 мұнай өңдеу орындары жұмысқа қосылды.
1942 жылы неміс-фашистер әскері Волгаға шығып, Солтүстік Кавказ аумағын басып алуына байланысты, мұнай өнеркәсібінің жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнай өндіруге Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары 1942 жылы тәулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы - Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасын орындау барысында мұнай өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жылы 18 мамырында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Қазақстан мұнай комбинатында мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары» деген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту және комбинат жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. Нәтижесінде осы жылы Кавказ және Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолдары салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы «Қазақ мұнай» ұжымы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуге жоғары көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы «Қазақстан мұнай комбинаты» ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет ОАК мен Қазақстан коммунистік партиясының Туларын иемденді.
1944-1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс Комитетінің Туын иемденіп, бүкілодақтық жарыстың 2,3-орындарын жеңіп алды.
Соғыс жылдары қорғаныс өнеркәсібі үшін Қазақстан металлургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тоннасын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары Одақ бойынша өндірілген барлық қорғасынның - 85%, полиметалдың - 70%, висмуттің - 50%, вольфрамның 20% өндірді.
Қазақстан 1942 жылы одақта өндірілген қорғасынның 85%, көмірдің 1/8 бөлігін, молибденнің 60%-ын, оқтанды мұнайдың 1 млн. тоннаға жуығын берді.
Түркістан - Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді. Орталықтағы өнеркәсіп аймақтарының жау шебінде қалуы көмір, мұнай, металл өндірудің азаю қаупін төндірді.
Тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бәрі – халықтық депортациялау, яғни күштеп көшіру, бір халықты күштеп жер аудару-оның этноәлуметтік және аумақтық бірлігін күштеп бұзу болды.30- жылдары жүзеге асырыла бастаған депортациялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті. 1937 жылы Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан бүкіл халыққа «жапон тыңшылары» деп заңсыз айып тағылып, 100 мың корей халқы көшірілді. Негізсіз айыппен 1941 жылы тамызда поляктар мен 360 мыңнан астам Еділ бойының немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-мүлік толығымен тәркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. 1942 жылдан бастап 15 – 60 жас аралығындағы немістер еңбек армиясына мобилизацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерьлерінде тұрды және оларды IIXK-ның қарулы әскер бөлімшелері күзетті.
1943-1944 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың қарашайлықтар, балкарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Жүздеген чешендер емен ингуштар Ембі кәсіпшілігінде, таулы Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жұмыс істеді.
Әкімшіл-әміршіл жүйе бұл халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаздады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар достығы, теңдігі туралы көп айтылғанмен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді.
Қазақстан және Орта Азия еңбекшілерін еңбек колонналарына шақыру көбіне 1916 жылғы шығыс халықтарын тыл жұмыстарына «реквициялау» туралы патша жарлығын еске түсірді. Тылда ретке келтірілген шаруашылық құруда бауырлас республикалар арасында кадрлар алмасу орасан үлкен рөл атқарды. Сібір мен Оралдың металлургия заводтарынан 1944 жылы қазақ қара металлургия заводынан болашақ 2000 металлургы тәжірибеден өтті.
Еңбек армиясында тек арнайы қоныс аударушылар ғана болған жоқ. Оған 200 мыңнан аса қазақ шақырылды, олардың көпшілігі колхозшылар болды. Мыңдаған қазақтар Горький, Свердловск, Нижний Тагил, Магнитогорск заводтарында, Кубасс шахталарында. Челябинск көмір бассейннің шахталарында еңбек етті. Еңбек армиялары жеңіс жолында басқалары сияқты жан аямай еңбек етіп, соғыс экономикасын жасауда өз үлестерін қосты.
Осындай халықтың жанқиярлық ерлігінің нәтижесінде кеңестік экономиканың өсу қарқыны соғыс алдындағы бес жылдықтар көрсеткіштерінен жоғары болды. Нәтижесінде тек 1942 жылдың өзінде КСРО Германиямен салыстырғанда танкті 3,9 есе, ұшақты 2 есе, артиллериялық қару-жарақты 3 есе артық өндірді. Ал, 1944 жылы кеңестік индустрия сөткесіне бір танк бригадасы мен полкін, 3 авиация полкін жабдықтауға жарайтын әскери техника шығарды. Оған Қазақстан экономикасы да өз үлесін қосып, соғыс өнімдерінің басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға жеткізіп тұрды.
3. ХАЛЫҚТЫҢ ТЫЛДАҒЫ ЕРЛІГІ
Майдандардағы жеңіске тыл еңбекшілерінің қосқан үлесі зор болды. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600.000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі-20%, әйелдер - 58%, жасөспірім - 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге мал, тіпті, ауылшаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығынды республика ауыл шаруашылығынан 411 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындак барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64.369 адамға еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68.598 адамға дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана - Анар Садықова - жұмыс істесе, семей облысы, Абай ауданының «Шолақ еспе» артелінде 70 жасар қария - Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының «Құрман» колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы - 1 га- 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, «Авангард» колхозының данқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га –дан 172 центнер күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106.000 сомды Ы.Жақаев қоғаныс майданына жберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. «Ойыл» ауданы, «Кемерші» совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы «Төңкеріс» колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 центнер тары мен күріш алды.
1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%- ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6.809 колхоз болды оларда еңбек етуге жарамды 4 млннан астам ерлер, 593.407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Кызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындалды. 1943 жылдан бастап, республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6.039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жыдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, кортоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда, 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкеніс, 150. 000 центнер мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды.
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемелекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды.
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы» деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн.сом ақша жинады. Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты коллоннаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады.Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып,бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловка, Н.Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп,20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефтікке алып ,жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім , 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен «Красный октябрь» зауыты қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д.Греков, С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украйна, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызы», М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» повесі, Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: «Cекретарь райкома», «Они защищают Родину», «Воздушный извозчик», «Два бойца», «Фронт», «Жди меня», «Парень из нашего городка» т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаевтің қатысуымен «8-гвардиялық», «Абай өлеңдері», «Жауынгер ұлы», «Саған, майдан» фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И. Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдарды тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде - Москва авиация институты, Москва түсті металл және алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Дәріс №1
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары


1. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
3. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға тигізген ықпалы
1. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды.
XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы –Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары –Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.
Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысында 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3% , ал 1907-1916 жылдарда – 15,3% ; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0% 1917 жылғы 55,7% дейін өскенде, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда -25,7%, Сырдарияда -25,6%, Оралда -20%, Семейде-15,6%.Сөйтіп, Қазақстанның жергілікті халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украин және басқа ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігі байқалды.
Ал жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87% -ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар және басқа ұлт өкілдері қоныстанды.
Ерекше назар аударатын тағы бір жайт –ол өлке тұрғындарының 90% -нан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Сонымен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған.
XX ғасырдың басындағы Ресей капитализмінің отары ретінде революцияға дейінгі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізатттар саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ.
XX ғасырдың басында жалпы кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, алғашқы кезекте мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік қоғамдарының қолына көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың бірі – 1904 жылы Лондонда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, XIX ғасырдың екінші жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған «Спасск мыс балқыту зауытымен қоса Спасск-Воскресенск мыс кенішін және Успенск мыс кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі темір кенішін сатып алды. Қоғам аралас құрамды-ағылшын-француз қоғамы болды және Франция президенті М.Ф.Карноның ұлы, француз капиталисі Клод Эрнест Жан Карноның байланыстары мен ықпалы арқасында құрылған еді.
1906 жылы кәсіпкер Рязановтың мұрагерлерінен сатып алынған Жезқазған мыс рудалары кеніштерін пайдалану үшін Лондонда тағы да «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Қоғам Жезқазғанға Ескөл алқабындағы темір кенішін, 18 әк шығаратын карьерді және Байқоңыр алқабындағы 4 таскөмір кенішін пайдалану құқығын сатып алды. Қоғам 1913 жылы Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын сала бастады, ол Қазақ революциясына дейін салынып бітпеген күйінде қалды. 1911 жылға қарай бұл қоғамакцияларының 40%-ы «Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының» қолына түсті. Ол 1913 жылы оны толық сіңіріп алып, кәсіпорындарымен қоса Жезқазған кеніші Спасск компаниясының меншігіне көшті.
1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын қол астына қаратқан «Орыс-азия корпорациясының» концессиясына көшті. 1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады.1915-16 жылдарда Риддерден Өскеменге қорғасын-мырыш концентраттарын тасуға арналған Риддер темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолымен Екібастұз зауыттарына жеткізілді.
Қарағанды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту зауытының отын базасы болды. Қарағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін 1906-1907 жылдарда тар табанды темір жол салынды. Бұл көмір өндіру мен тасуды көбейтуге едәуір ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам өсті.
Қоңыр көмір кен орындары да игерілді. 1913 жылы Жезқазған мыс кеніштерінен 120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына бастаған Қарсақбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді.
Қазақстанда мыс өндіру негізінен Спасск зауытында жүзеге асырылды, ол Нілді алқабындағы Успенск кенішінің базасында жұмыс істеді. 1904 жылдан 1917 жылға дейін бұл кеніштің бай кені түгелдей қазып алынды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң Спасск зауыты мыс балқытуды қысқартты, ал 1916 жылы өз жұмысын тоқтатты.
Тұз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы Коряков, Поволжье, Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылар саны көп, әрі ірі капиталистік кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы (Бөкей хандығы) Басқұншақ және Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряков кәсіпшіліктері болды.
Орал-Жем мұнай ауданы да ағылшын капиталының қолында болып шықты. Ол мұнда өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де, үлес қосып қатысып, орыс компаниялары арқылы да енген болаты. 1911 жылы 2 сәуірде Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұның өзі Жемде ірі көлемді мұнай өндіруді бастап берді.
Патша өкіметінің бірқатар акзиздік жеңілдіктер беруі, арзан жұмыс күші, күшті бәсекелестердің болмауы арқасында мұнай өндіру шетел компаниялары үшін өте тиімді болды, олар қанаудың жыртқыштық әдістері жағдайында зор пайда келтірді.
Сонымен Қазақстанның кен өнеркәсібі жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.
Қазақстанның кен-зауыт өнеркәсібіне қарағанда ауыл шаруашылық шикізатын ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз байланысты болды және өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі бір ықпал жасады. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топқа бөлуге болады:
1) Ресейдің еуропалық бөлігіне және шет елге шығару үшін мал шаруашылығы шикізатын алғашқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындар: бұған жүн жуатын, мал майын қорытатын, ішек-қарын тазартатын және басқа кәсіпорындар жатты.
2) Ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұтыну үшін ұқсату жөніндегі кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайқайтын, спирт-арақ зауыттары, темекі фабрикалады.
Жетісу, Ақмола және Семей облыстарында пайда болған біршама ірі жүн жуу орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Қазақ губерниялары мен басқа да губерниялардың мәуіті фабрикалары иелерінің қолында болды. Шикізатта соларға тасылды. Москваның «Стукен және К0 сауда үйі» Семей облысының жүн рыногында шексіз монополияны иеленді. Жүн негізінен әскери ведомство үшін дайындалды және оған сұраныс бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мықты артты. Ал Қазақстанда Верныйға жақын жерде Қарғалы кентінде бір ғана шұға фабрикасы салынды. Фабрика «Шахворостовтың сауда үйі» серіктестігінің иелігінде болды және қой мен түйе жүнінен солдаттарға арналған сұрғылт шинель шұғасын өндірді.
Қазақстанның метрополия орталық аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуына темір жолдар маңызды рөл атқарды, олар бір мезгілде Ресейдің артта қалған отар аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралы және нәтижесі де болды. Шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталды.
Қазақстанда дамыған қатынас жолдарының болмауы өлкенің өндіргіш күштерін дамытуда үлкен қиындықтар туғызды, оның жекелеген аудандары арасында да, Орталық Ресеймен де экономикалық және сауда байланыстарының кеңеюі мен нығаюын тежеді, Қазақстанның орыс капитализмін шикізатпен ұдайы қамтамасыз етіп отыруын және фабрикалық бұйымдарының тұтынушысына айналуын кешіктірді. Темір жолдар салынғанға дейін сауда заттарын тасудың негізгі құралы мейлінше өнімсіз және қымбат тұратын көлік түрі – түйе керуендері болды. Жүк болмашы мөлшерде тасылды және көп уақыт алды. Кей керуендер Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік аудандарынан Орынборға немесе Орскіге дейін 90-100 күн жүретін еді.
Темір жолдар салу Қазақстанға (және Сібірге) «кіретін» магистральдардан басталды. 1874-76 жылдарда Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен байланыстырған Орынбор темір жолы (Самара-Орынбор) салынды. Кез келген жол сияқты, ол да Қазақстанның өзіне жақын жатқан аудандарын Ресейдің өнеркәсіптік облыстарымен тікелей сауда қатынастарына тартуға, қоныс аударушылардың ағылып келуіне себепші болды. 1891-93 жылдарда Рязань-Козлов темір жолының акционерлік қоғамы Покровская Слобода-Орал жолын, 1897 жылы Урбах-Астрахань жолын салды. Бірінші жол тұйық жол болған еді, ал екінші жол Орал облысының батыс жағының біраз жерін ғана кесіп өтті.
1893-1895 жж. салынған Сібір темір жолының Қазақстан шекарасының 178 шақырымын басып өтті. Қазақстан аумағында темір жол желілері XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басынан ірі Сібір темір жолының салынуына байланысты тартыла бастайды.Сібір магистралі құрылысының бірінші Батыс Сібір учаскесі Ақмола облысының Петропавл және Омбы уездерінің жерімен 178 шақырым бойы өтіп, Челябі-Қорған бағыты бойынша Петропавл-Омбы арқылы Обь өзеніне дейін жетіп, әрі қарай Шығысқа қарай бағыт алды.
Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Бұл жолды салудың алдында Орта Азия магистралі жүргізілді. 1880-1888 жылдардың өзінде-ақ Красноводск фортынан Самарқанға дейін Закаспий темір жолы салынған болатын, ол 1899 жылы Ташкентке дейін жеткізілді. 1900 жылдан ол Орта Азия темір жолы деп атала бастады.Бұл жолмен Түркістаннан Ресейге мақта, жемістер, былғары мен тері, қарақөл елтірісі, шарап және басқа да ауыл шаруашылық тауарлары тасып апарылды. Әкелінентін заттар мануфактура бұйымдары, астық, қант, темір, ағаш болды.
Қазақстандағы темір жол құрылысы құрылысшы жұмысшылардың сан мыңдаған армиясын аса қатаң қанауға, алдау мен тонауға негізделді, құрылыстарда озбырлық пен зорлық-зомбылық жайлап, қазынаны талан-таражға салу етек алды.
Сонымен қатар темір жолдар салу жергілікті еңбекшілерден жерді жаппай тартып алуға әкеп соқты, олар құнарлы жерлерінен және ғасырлар бойы мекендеп келген орындарынан қуылды.
Қазақ шаруаларының ыдырауы ауылда жаңадан екі әлеуметтік халық санатының: байлар мен жұмысшылардың пайда болуын туғызды. Қазақстанның бірқатар облыстарында ондаған мың қазақ кедей шаруалары табыс табуға шетке кетті. 1880-1890 жылдарда Семей облысында олардың саны 18-25 мың адамға, ал Сырдария облысында 1910 жылы -39 мың, 1911 жылы -41653 адамға жетті. Семей облысынан шетке кәсіп іздеп кетушілердің көпшілігі кен зауыттары, рудниктер, өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары және әр түрлі кәсіпшіліктер шоғырланған Семей және Өскемен уездеріне шығып отырды. Бұл орайда Қазақ ауылдарынан шет кәсіпке кетушілер өз уездері мен облысында ғана жалданып жұмыс істеген жоқ, олардың табыс іздеп туған өлкесінің шегінен алысқа да кетулеріне тура келді.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда темір жол құрылысында үнемі немесе көбінесе жұмыс істеген қазақ жұмысшыларының жекелеген топтары бірте-бірте қалыптаса бастайды.
Маусымдық кәсіпорындар қатарына мақта тазалау зауыттары, жүн жуатын, шөмеле құрғататын кептіру кәсіпорындары және басқалар жатты. Май шайқайтын, сабын қайнататын, күріш тазартатын және басқа зауыттар, диірмендер де шикізаттың жетпеуі себепті жыл бойы жұмыс істей алмады. Сонымен бірге жылдың жекелеген кезеңдеріне, олардың бірқатарына анағұрлым көп мөлшерде жұмысшылар керек болды.
Қазақстан жұмысшыларының ең ұйымдасқан және саяси белсенді бөлігі «деполықтар», яғни темір жол деполары мен шеберханалардың жұмысшылары болды.
Жергілікті жұмысшылардың бір бөлігін тау-кен және кен-зауыт өнеркәсібінің жұмысшылары құрады, оларда жұмысшылар неғұрлым мол шоғырланып, өңдеуші өнеркәсіпке қарағанда тұрақты кадрлар көп болды.
Жұмысшылардың жағдайы ауыр болды. Жұмыс күнінің ұзақтығын кәсіпорындардың қожайындары өз бетімен белгіледі, ол Жем мұнай кәсіпшіліктерінде 12 сағатқа дейін, алтын кеніштерінде -10-12, тұз кәсіпшіліктерінде 14-16 сағатқа дейін жетті. Теміржолшылардың басым көпшілігі үшін ресми түрде 12 сағаттық жұмыс күні белгіленді. Құны бірдей жұмыс үшін қазақ жұмысшылары орыс жұмысшыларына қарағанда ақыны едәуір кем алды. Жұмысқа кірген кезде қазақ жұмысшыларына тұрғын үй алу құқығынан бас тартылды, сөйтіп олар өздерінің киіз үйлерінде тұруға міндеттенді, ал жұмысшылардың көпшілігінде әдетте киіз үйлер де жоқ болатын. Осындай еңбек жағдайының ауырлығы жұмысшыларды өздерінің экономикалық және саяси жағдайын жақсарту жолындағы наразылыққа итермеледі.
XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына әсер еткен жағдайдың бірі ішкі Ресейден орыс және басқа европалық тұрғындардың қазақ жеріне қоныстандыру ісінің қарқын алуы болды. Патша өкіметі Сібірді, Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы Ресейдің ішкі губерниялары мен Украинадан шаруаларды көшіріп, солар арқылы Оралдан арғы шет аймақта әлеуметтік тірек жасауды ойлады.
Жаңадан құрылған облыстардың бәріне дерлік орыс-украин шаруаларын нысаналы түрде қоныс аударту XIX ғасырдың 70-жылдарының басында басталып, 80-жылдарда ол жаппай сипат алды. 1889 жылғы 13 шілдеде патша өкіметі село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерде еркін түрде қоныстануы туралы арнаулы ереже әзірлеп, оны бекітті.
Жаңа ережеде Томск, Тобыл губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қоныстану аудандары нақты белгіленді.
XX ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрыңғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылы 10 маусымда «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді.
Қазақстанда XIX ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерге қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болатын. «Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспедиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспедициясы анықтауы керек еді. Қазақтың белгілі ғалымы, сайси қайраткер Ә.Бөкейханов Қазақстандағы қоныс аудару ісінің жағдайымен терең таныс болды. Ол Ф.А.Щербина экспедициясының жұмысына белсене қатысты, 1 Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Экспедицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескерту жасады. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы алты қоныс аудару округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді.
Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту болатын.
Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда, Қазақстанға жаппай көшуі болды. Столыпиннің аграрлық реформасының нәтижесінде қазақтар 17 млн десятина жерінен айрылды. Столыпиннің реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеяларының бәрі де сәтсіздікке ұшырады.
1913 жылдың өзінде А.Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі мәселеге айналды»-деп жазған болатын.
Қазақ халқының жаппай жерсіз қалуы, қайыршылануы және соның салдары ретінде әлеуметтік шиеленістің өсуі реформаның күйінішті қорытындысы болды.
2.ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСТАР.
XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
XX ғасырдың басында Қазақстан қалаларында жасырын билікке, яғни патша үкіметіне қарсы жасырын құпия ұйымдар пайда болды. 1896 жылы Атбасарда жасырын марксистік ұйым құрыла бастады. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға-1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қаңтар, Петербург оқиғасы) болды.
Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты қазақстан жұмысшыларының бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендері мен Успенск руднигіндегі басқа ереуілдерді жатқызуға болады.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді.1905 жылғы саяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә.Бөкейханов: «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» деп жазған болатын.
Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда алғашқы қарсылықтар болып өтті.
1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттаттын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына Міржақып Дулатұлы белсене қатысты. Перовскіде (Қызылордада), Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды. 1905 жылғы 17 қазандағы «Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы» патша манифесінің халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифеске арналған саясишерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралы мен Павлодардағы манифеске қарсы шыққандар белсенді болды.
1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен шеру «Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.
1905 жылы 25 қазанда Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір әкімшілігін қатты қорқытып тастады.
1905 жылы қазан айындағы Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді.
Қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселені әділ шешу жолындағы күресімен тығыз астасып кеткен ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының маңызын атап өту қажет. Олардың кейбіреулері, негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды.
XX ғасырдың басында Қазақ зиялыларының ықпалды бөлігі либерал-демократиялық позицияны ұстанды. Бұлар негізінен дала аристократиялық топтарының өкілдері: Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев және басқалары болды. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы депутатарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасады. Ол 17 қазандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиіс болатын. 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі болды, ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, бірақ оған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы да басқа талаптар енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды жақтады.
Бұл жылдары қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес нысанына да ие болды, оның барысында Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, діни мектептер ашу, қазақ тіліндегі мектептерде ислам дінін уағыздау, Меккеге қажылыққа баруға арналған шетелдік төлқұжаттар беру туралы талаптар қойылды.
XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін көтеріп, сонымен бірге Европадағы білім мен тұрмыстың жақсы жақтарын да өз елінде енгізгісі келген қоғамдық-саяси және діни қозғалыс жәдиттер белсенділігі артты. Мұсылман дінбасылары мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болған Семей, Петропавл, Ақмола, Верный және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейді. Съезд «Бүкілресейлік мұсылман одағын» құрды. Ол өзінің үшінші съезінде (1906 жылғы тамыз) рухы жөнінен кадет партиясының идеяларына жақын бағдарлама қабылдады. Патша өкіметі Ресейдің, соның ішінде Қазақстанның да мұсылман қауымына бірқатар жеңілдіктер жасауға барды. Мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы және мәдени-автономиялық даму туралы мәселе көтерді.
Ресейде 1905 жылы бірінші орыс революциясы басталып, жұмысшы- шаруалардың бас көтеруі қызып жатқан кездерде қазақ халқы да елдің тұрмыс-тіршілігіне, ауыр жағдайына, жүргізіліп отырған қоныстандыру саясатының озбырлығына, жердің талан-таражға салынып бара жатқандығына ашық наразылықтарын білдіріп, патша өкіметіне бірнеше арыз, шағым жазған еді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде 14,5 мың (екінші деректе 16 мың) адам қол қойған Қарқаралы петициясы.
Петицияны дайындап, халық өкілдеріне қол қойғызғандарының ішінде Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болған Қоянды жәрмеңкесінен жазылып, Ресей патшалығының атына жіберілген петиция тарихта «Қарқаралы петициясы» деген атпен қалды.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы да айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлаушылар тең емес 4 курияға: егіншілік (помещиктік), қалалық (буржуазия, үй иелері, пәтер жалдаушылар), шаруа және жұмысшы курияларына бөлінді.
Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай талаптарымен өткізілді. I Мемлекеттік Думаға (1906 жылғы 8 шілдеде таратылды) Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов, және Б.Құлманов сайланды. Орыс халқы 5 депутат сайлады: В.И.Ищерский И.Лаптев, В.Недоносков, Н.Дыхнич, Н.Коншин.
1906 жылы аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына бастама болған патша әкімшілігінің ағартушылықты дамыту туралы заңы қабылданды.
Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырған I Мемлекеттік Дума оның үмітін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.
Бірінші Дума помещиктердің жерлерін мемлекет пайдасына беру туралы ұсынысынан бас тартпаған соң, патша II Николай 1906 жылы 9-шілдеде Думаны тарату туралы Манифеске қол қойды. 1906 жылғы желтоқсанның соңында екінші Думаға сайлау науқаны басталды. Оған қазақ даласынан алты қазақ: Ақмола облысынан –Ш.Қосшығұлов, Семей облысынан –Т.Нұрекенов, Орал облысынан –Б.Қаратаев, Торғай облысынан екінші рет –А.Бірімжанов, Сырдария облысынан –Т.Аллабергенов, Жетісу облысынан-М.Тынышбаев сайланды.Бірақ екінші Думаның жұмысы, бірінші Думамен салыстырғанда, әлсіздеу болды. Қазақ депутаттары: Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев орыс және украин шаруаларын Қазақстанға қоныстандыруды және қазақ халқының жерлерін тартып алуды тоқтатуға мүмкіндік беретін аграрлық заңды өткізу мақсатында Дума трибунасын белсенді пайдаланды.
Жер мәселесі бойынша қызу да тартысты пікірсайыстар басталды, ол кезде депутаттар помещиктерді жерлерінен айыру туралы мәселені қайтадан көтерді. Екінші Думаның 1907 жылғы мамырдың 16-сындағы мәжілісінде Б.Қаратаев қоныстандыру шарасының қазақтардың шаруашылығына тигізетін зияны туралы баяндама жасады. Мәжіліс төрағасы депутаттың сөзін бөлген кезде, Б.Қаратаев «шаруалардың жерге мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, жеке иеліктерге берілген жерлерді тәркілеу жолында күресетін кез келген ресейлік қарсылық қозғалыстарын қазақтардың қолдайтыны» туралы әйгілі мәлімдемесін жасады.
Демократиялық оппозициямен келіскісі келмейтін патша 1907 жылғы маусымның 3-інде екінші Думаны таратып, «Үшінші Думаға сайлау туралы Ережелер» шығарды.
Жаңа сайлау заңы бұрыннан бар куриялық теңсіздікті одан сайын ушықтырып жіберді. Енді помещиктің бір дауысы –ауқатты қалалықтардың төрт дауысына, қала тұрғындарының -68 дауысына, шаруалардың -260 дауысына және жұмысшылардың 543 дауысына теңестірілді. Орталық Азияның тұрғылықты халқының, оның ішінде қазақтардың мүлдем сайлау құқы да, Думаға сайлану құқы да болмады.
Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін реакция кезеңі туды.
Ұлттық –отаршылдық езгінің күшеюі, патша өкіметінің аграрлық саясаты, өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне капиталистік қатынастардың енуі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне жеткізді. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті болған жоқ, оған әр түрлі идеялық-саяси ағымдар қатысты, оған ұлттық зиялылар өкілдері, Петербург, Москва, Қазан, Томск және Орынбор университеттері мен училищелерінің түлектері ұйытқы болды. Ұлттық зиялылардың әр түрлі идеялық саяси ағымдарының пікірін «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті мейлінше толық білдірді.
1912 жылы қазақтарда демократиялық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды.
1911-1915 жылдарда шығып тұрған «Айқап» журналы шығарушысы және редакторы Мұхаметжан Сералин Қазақстандағы идеялық-саясм ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді.Оған Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин,Б.Майлин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде аграрлық қатынастардың, оқу-ағарту мен білімнің, қазақ ауылындағы тауар-ақша қатынастары дамуының проблемалары көрсетілді, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.
1912 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған «Қазақ» газеті либерал-демократиялық бағыт идеяларын білдірді. «Қазақ» газетінің редакторы –А.Байтұрсынов болды. 1910-1917 жылдар межесінде А.Байтұрсынов Орынбор қаласында тұрды. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалары қызмет істеді. Ең басты аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік меншіктің (Ресей империясының) күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.
XX ғасырдың басында «Айқап» журналы Қазақстан халқы арасында ағарту және білім беру идеяларын уағыздады. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін көрсете білді.
Осындай қиын сәтте 1914 жылы 19 шілдеде (1 тамызда) бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішнара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми түсті.
Ресей империясы соғыста Антанта әскери соғыс одағы құрамында, яғни Англия, Франция, Ресей болып «Үштік одаққа» қарсы соғысты. «Үштік Одақ» әскери одағы жағында: Германия, Австро-Венгрия, Италия болды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа 38 мемлекет қатысты, оның 34 «Антанта» жағында, 4-і «Үштік одақ» жағында шайқасты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан әрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтардан тартып алынған жерлерге капиталистік үлгідегіірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады. Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығындағы мал саны жылдан-жылға азая берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кен өндіру болды. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру:
- 1914 жылы 265560 тонна,
- 1915 жылы 80 мың тоннаға кеміді.
Соғысқа кеткендер есебінен өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды.
Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар таратып, ұлтаралық араздықты ушықтырды.
1914 жылы 9 қазанда «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.
Патша үкіметінің аграрлық және отарлық саясатына қарсы қазақ еңбекшілері бас көтерді.1915 жылғы маусымда Екібастұз, Спасск мыс кеніштеріндегі, Орынбор-Ташкент темір жолдарында ереуіл өтті. 1916 жылғы қаңтарда Верный, Семейде толқулар болды. 1916 жылы Орынбор облысының Ақбұлақ мекенінде, Лепсі, Верный уездерінде солдатқа алынғандар әйелдерінің бас көтерулері басталды.
Соғыс жылдары Австро-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық-саяси жағдайына әсер етті. 1916 жылы наурызда Түркістан өлкесінде 200 мың әскери тұтқын тіркелген.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайды дағдарысқа ұшыратты. Семей, Ақмола облыстарында –жұмысшылардың 50%, Орынборда-40%, Жетісуда –үштен бірі әскерге шақырылды. Соғыс жылдары еңбекке жарайтын майданға шақырылған қоныстанушы ер адамдардың үлесі - 55%.
Әскери тұтқындарды арзан жұмысшы күші ретінде пайдалану шаруашылық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіншілік берді.
1916 жылы Петропавл уезінде (Ақмола облысы) 4000 тұтқын, ал Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауылшаруашылық жұмысына тартылды.
Әскери тұтқындардың ауыр тұрмыс жағдайына қарсылықтары болып жатты.
1915 жылғы мамырда –Риддер кен орнында, қазанда әскери тұтқындар лагерінде ереуілдер болып өтті. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» атанды. Әскери тұтқындардың ұлттық құрамы: славян тектес тұтқындар басым болды. Одан басқа түрік, румын, итальян, неміс, венгрлер болды.
Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нәтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді.
Ә.Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі мақаласы: «Тағы соғыс» деп аталды. Бұл мақалада: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ».
1915-1916 жж. қазақ зиялылары «Қазақ» газеті беттерінде қазақтардың I Дүниежүзілік соғысқа қатысуы жайлы атта әскерде әскери бөлімдер құру жайлы пікір білдірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қазақстанның дамуына кері әсерін тигізді. Соғыстың нәтижесінде елде экономикалық дағдарыс күшейді. Әлеуметтік қайшылық тереңдеді. Революциялық күрес үшін алғышарттар жасалды. Ер адамдардың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді.
Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысты сылтау етіп, жұмысқа «ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. Оның аяғы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске әкеліп соқты.
1916 жылғы көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.
Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: (Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Б.Алманов, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
Либералдық-демократиялық зиялылар: (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша үкіметімен келісімпаздық (ымыраластық) бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары:
1. Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту.
2. Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.
3. Ұлттық автономия құру.
Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша 2 топқа бөлінген:
1. Жұмысшы топтар мен қалың бұқара бұйрықты қолдамады.
2. Байлар, ауыл старшиндары патша жарлығын қолдады.
Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып өтті.
Ұлт-азаттық революцияның негізгі қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы. Жетекші күші-халықпен тығыз байланысты ел басшылары, негізінен үстем тап өкілдері. Ұлттың аман қалуы және рухани түлеу проблемалары күрестің өзегіне айналды. Көтеріліске қатысқан революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері:
Жетісуда Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Б.Әшеккев, Ұ.Саурықов, Ж.Мәмбетов, Торғайда Ә.Жангелдин, А.Иманов. Орал облысы мен Бөкей Ордасында С.Меңдешев, Ә.Әйтиев. Маңғыстауда Ж.Мыңбаев, Ақтөбеде Ә.Майкөтов көтерілісті ұйымдастырды.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қaмтыды. Оған қатысқан қазақ жұмысшыларының шаруа қожалықтарымен байланысы көтеріліске стихиялы қозғалыс сипатын берді.
Жетісу облысындағы қарулы қақтығыс шілде-тамызда бұқаралық сипат алды. Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде-стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз-оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деп үш кезеңге бөлуге болады.
Жетісуда қоныстанушылардың 94-і көтерілісшілердің шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыс салдарынан 25 мыңнан астам орыс пен украин өліп, жараланды. Көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды.
10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мащеры, Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды.
Көтерілістің ірі ошағы Қарқара аймағы болды. 5 мыңнан астам көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршады. 1916 жылы 11 тамызда Кравченконың жазалау отрядтарын талқанды.
1916 жылы 10-12 қыркүйекте Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220 ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Мойынқұмда Мерке, Әулиеата көтерілісшілері шайқасты. Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Верный уезінде: Б.Әшекеев, Т.Бокин.
Қарқара аймағында: Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов. Мерке ауданы, Құрақты болысында А.Қосанов.
Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді: 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. 1916 жылғы қазанда патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешімі шықты. Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды;
Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2 млн.510 мың 360 десятинасы тартып алынды.
1916 жылғы көтеріліс кезінде патша өкіметімен қудаланған 300 мыңнан астам халық Жетісудан Қытайға көшуге мәжбүр болды.
-37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды.
Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді.
1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты. Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаппен өлтірілді. Жетісудағы көтеріліс кезінде Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. 1916 жылы қазанда Жетісу көтерілісі талқандалды. Нәтижесінде: Жетісу губерниясы 53 мың шаруаға кеміді. Мал азайып 1/3 бөлігі ғана қалды.
1916 жылғы шаруалар көтерілісі Қазақстанда кең тараған облыс Торғай болып табылады.Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин басқарған 1916 жылғы Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.
Көтерілістің Торғай ошағы шырқау шыңына жеткен кезінде (көтерілісшілер Торғай облысының Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерін және көршілес облыстардың бірқатар уездерін басып алған)көтерілісшілер саны 50 мың адамға жуық болған. Көтерілістің орталығы Торғай уезі болды. Көтерілістің басталуына қарай Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қараторғай, Сарыторғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды. Көтерілістің етек жаю барысында Ә.Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы, ал Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланды. Кейіннен 1916 жылғы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшақ, 6-болыс арғын және 1 болыс найман)өкілдерінің құрылтайында халық арасында атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланды. 1916 жылғы 22 қазанда А.Иманов басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, 1916 жылы қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. 1916 жылдың қарашасы мен 1917 жылы ақпанда көтерілісшілердің негізгі бөлігі А.Иманов штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.
1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды. Көтеріліс салдары нәтижесінде: 3 мыңға жуық адам жауапқа тавртылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді. 162-каторгаға айдалды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
Көтерілістің тарихи маңызы: қазақ халқының таптық санасы өсті. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты отаршылдыққа қарсы күрес болып табылады.

3. РЕСЕЙДЕГІ АҚПАН БУРЖУАЗИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ТИГІЗГЕН ЫҚПАЛЫ


1917 жылғы 24-27 ақпанда Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде, монархия құлатылды (II Николай билігі). 1917 жылы Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейін Қосөкімет орнады (1917 жылы 5 наурыз). Ол Уақытша үкімет және Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі.
Қос өкімет дегеніміз – бір мезгілде билікке екі тап өкілдерінің келуі. Бұл жерде нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады.
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар, Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті.
Уақытша үкіметте, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіліктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті.Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймақтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айрыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты. Уақытша үкімет буржуазияның мүддесін көздеді.
Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет – Кеңестерді құруға шақырған жеделхаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.
Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың өрістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиялық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы комитеттер мен революциялық билік органдары-Кеңестер құрады.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда: «Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрлым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрыңғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады»,-деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиелік шектеулерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. «Қазақ» газеті 9 наурыздағы санында: «....Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстардікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылдық, бәріне тегіс қуаныш» - деп жар салды.Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: «Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларда өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді», - деп түсіндірді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті.
Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастады. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды.
1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мысалы, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комиттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады.
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастады. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.
Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды.
Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә.Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.
1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары құрайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н.Н.Шепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші Дума мүшесі М.Тынышбаев, үшінші Дума мүшелері С.Максудов, В.С.Елпатский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және генерал-майор А.Дәулетшин енді. Комитетің төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды.
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де, Уақытша үкіметтің органдарымен де ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов-Торғай облысы бойынша, М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы – А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы –И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы –Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір – 5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы-А.Тұрлыбаев) қазақ съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары менқарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленеді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде «Алаш» қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.
Сонымен қатар, байырға қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енді. Съезд осы жылы мамыр айында Москвада өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады.
1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандар съезі болып өтті.Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды.
Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.
Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі, қазақ облыстарының автономиялылығы туралы, жер мәселесі, халық милициясын ұйымдастыру, земство туралы,халық ағарту ісі, сот ісі, дін мәселесі, әйелдер мәселесі, қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау, бүкілресейлік мұсылман съезі туралы, қазақ саяси партиясын құру туралы, тағы басқалары. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Тарихта, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. 10 баптан тұратын «Алаш» партиясының бағдарламасы құжат ретінде қабылданып, 1917 жылы партияның басылым органы болып съезде бекітілген «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды.
1917 жылдың аяғында Құрылтай жиналысына сайлаудың нәтижесінде Қазақстанның көпшілік уездерінде «Алаш» партиясының өкілдері жеңіске жетті.
1917 жылдың көктемі мен жазында қазақ даласында барлық қоғамдық топтардың қозғалыстары арта түсті. Бұл кезеңде аймақта көппартиялық жүйе орын алды. 1917 жылы наурызда түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и-ислам» партиясы құрылды. 1917 жылдың күзінде Қазақстанда өзін «Қырғыз» (Қазақ) социалистік партиясы» деп атаған және 1918 жылдан бастап Алашорда үкіметіне қарсы большевиктердің одақтасы болған ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы құрылды. Оның басшысы болып Қ.Тоғысов сайланды.
Көптен күткен саяси тәуелсіз зайырлы ұлттық мемлекет құруға мүмкіндіктер туды. Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Бірақ, біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде «ұлтшылдықтың», «буржуазияшылдықтың» ешқандай да белгісі болған емес. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

Дәріс №3
КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: СИПАТЫ, ШАРАЛАРЫ, САБАҚТАРЫ

1. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
2. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары
3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
4. Қоғамдық-саяси өмір

1. ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖЫЛДАРЫНДА


1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндірудегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.
Ауыл шаруашылығы да өте күрделі дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. Басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.
Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 жылы бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн пұт деңгейінде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. Пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920-1921 жылдар аралығындағы жұттан кейінгі мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75 процентке кеміді.
Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тартып алынып отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып астық сатып алуға мәжбүр болды.
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында -100 мың, Оралда-400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор-445, Ақтөбеде-300 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрыңғы бірнеше болысты біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеуші тарихшылар 2 млн. 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.
1920 ж. бастап Ақтөбе, Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді.
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан Т.Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрік атқару комитеті Т.Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылды. Оның төрағасы болып Т.Рысқұлов тағайындалды.
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрыңғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.
Қазақ Орталық Атқару Комитеті де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. Қазақ Орталық Атқару Комитеті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комисссияны Қазақ Орталық Атқару комитетінің төрағасы Меңдешов басқарады. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп тағы да басқа мемлекеттік салықтардан босатты.
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем-жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Большевиктерсіз Кеңестер үшін!», «Ерікті саудаға жол берілсін!»,-деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды.
1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті.
Бұл және Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін «контрреволюциялық баскөтерулер» деп бағалады.
Бірақ, большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді.
1921 жылы 8 наурызда өткен Партияның X съезі (көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Партияның X съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сауда бостандығы жүзеге асырылды, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылды. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.
1921 жылғы наурыз-сәуірдегі жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде өндірілген салықтың натуралды түрін 1923 жылы сәуірдегі партияның XII съезі ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді.Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына –Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20-23 млн.сомды құрады. Сондай-ақ осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.
Қазақстанда 1921-22 жылдары Жаңа Экономикалық Саясат аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Партшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган –Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылды. 1921 жылғы жер-су реформасының барысында Жетісудың жергілікті халқына 460 мың десятина жер қайтарылды.
1921 жылғы жер-су реформасының негізгі мақсаты: шаруаларға патша өкіметінің тартып алған жерлерін қайтару. Жер-су реформасын жүргізуге қатысқан Қазақстан қайраткерлері А.Асылбеков пен Д.Бәрібаев белсенді қатысты.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
1925 жылы 18-31 желтоқсан аралығында өткен партияның XIV съезі елдің алдына социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Нәтижесінде Қазақстан 1925 жылы индустрияландыру бағытына көшті. Техникамен жабдықтау арқылы халық шаруашылығының барлық салаларын дамытып, завод, фабрикаларды салу- индустрияландыру деп аталды.
1928-1932 жылдары алғашқы 1-ші бес жылдық жоспар енгізіліп, халық шаруашылығын дамытумен бірге елді индустрияландыру қиыншылықтарымен қоса жүргізілді.
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті. Ол аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. «Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет» деген идеясын насихаттады.Қазақ тарихында Ф.Голощекин «Кіші Қазан» идеясының авторы ретінде қалды.Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады. «Кіші Қазан» төңкерісінің негізгі бағыты 2 топқа бөлінді:
1) Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту.
2) Қазақстанда өнеркәсіп елді негізінен шикізат өндіру бағытында дамыту.
Осы жылдары ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов пен Ж.Мыңбаев «Кіші Қазан» бағытына қарсы шықты.
Смағұл Сәуақасов «Кіші Қазан» бағытына байланысты өз идеясын ұсынды: Онда: Қазақ оппозициясы «Кіші Қазан» бағытына қарсы өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату идеясын және Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру мәселесін көтерді. Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында С.Сәдуақасов:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды - деп өз ойын ашық білдірді. Бірақ, тарихта жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді.
Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы – 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді.
Академик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданына барлау жүргізді. Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеді. Ол бұл өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
Кеңестік тарихнамаға партияның 15- съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Бірақ, большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.
Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.
Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Индустрияландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды.
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы салына бастады. «Түрксіб» темір жолы – Қазақстандағы индустрализацияның алғашқы нысаны болды.
Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Осы жылдары: Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов –Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы, РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы қызметін артқарды. М.Тынышбаев – темір жол маманы, инженер қызметін атқарды. Түркістан-Сібір темір жолын салу 1930 жылы аяқталды. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды.Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. 1931 жылы қаңтар айында Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған Т.Қазыбеков кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілді.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрылыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Бірақ, соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.
Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Ембі мұнай орны игерілді. Ал мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды.
Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км-ге жетті.Қазақстанның 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізілді.
Дегенменде Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері болды. Халық дәстүрі бұзылды, қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады, лагерьлер жүйесі орнықты, Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру үдерісі орталыққа қарағанда жәй жүрді. Ол 1927-1928 жж. аяқталды. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.

3. ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ


Большевиктер ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді.
Бірақ, большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық және жайылымдық жерлерді бөліске салды. Бұл саясат елде елеулі қарсылыққа ұшырады.
1927 жылы желтоқсанда Компартияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Сонымен 1927 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру басталды. Қазақстандағы ұжымдастыру күшпен жүргізілді.
Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде негізінен:
- Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі еңбек шаруашылықтарын отырықшылыққа көшіру үрдісін толығымен аяқтау 1932 жылдың көктеміне дейін аяқтау белгіленді.
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т.б. кірді.
ҚОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен 1928 жылғы 27 тамызда: «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Бұл декрет бойынша: бай шаруашылықты тәркілеу, шаруашылық иелері мен отбасы мүшелерін жер аударуға рұқсат берді, бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. Нәтижесінде: 657 бай жер аударылды. 145 мың мал тартып алынды. Олардың ауылшаруашылық құралдары - 877 ұжымшарға, 24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: орташалар байлар қатарына жатқызылды, тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді. Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 жылқысы болғандар да енгізілді. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отырықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70–тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.
Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Қазақстанда 1929-1931 жылдарда күштеп ұжымдастыруға қарсы жаппай қарулы көтерілістер болып өтті. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпір, 1929 жылы қыркүйек Сырдария округіндегі Бостандық, 1929 жылы қарашада Қостанай округіндегі Батпаққара, 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақ, 1930 жылы ақпанда Ақтөбе округіндегі Ырғыз, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта қазақтар көтерілді. Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды: 1930 жылғы ақпан-наурыз аралығында Шемонаиха, Бұқтырма, Қазалы, Қармақшы, Көкпекті, Зайсан, Ырғыз, Шалқар, аудандарында толқулар болды.1930 жылы Торғайдағы Батпаққара көтерілісі бүкіл Республикаға әсер етті. Бұл «бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8-дивизия күшімен талқандалып, 175 адамды атуға 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтеріліс басшысы Жақыпов болды.Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын жазалады. 1931 жылғы Семей өңірінде Абыралы көтерілісі болды. 1929-1932 жж. Маңғыстау қазақтарының көтерілісі болды. Күштеп ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда барлығы 372 толқулар мен көтерілістер болған. 1929-1931 жылдары жазалау шараларының салдарынан 5551 адам жауапқа тартылып, 883-і атылды. Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Жазалау саясаты этноцид – халықты түгелге жуық қырып тастау болып есептеледі.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. Нәтижесінде 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн.мал қалды. Аштықтың салдарынан 1930-1932 жылдары барлығы 1 млн.750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. 1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды.1933 жылғы наурызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың, И.Сталинге жазылған хаты түсті. Т.Рысқұловтың хатта көрсетілген деректері: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда»: Орта Волгада - 40 мың, Қырғыз жерінде -100 мың, Батыс Сібірде -40 мың, Орта Азияда -30 мың, Қарақалпақ жерінде -20 мың қазақ. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барды. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы» деп жазды.Ашаршылық пен ұжымдастыру науқанының барысында жіберілген асыра сілтеудің салдарынан алыс және жақын шет мемлекеттерге 1 млн.30 мың қазақ көшіп кетті.
1932 жылы наурызда Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қызмет еткен Москва Қызыл Крест отрядының баяндамасы бойынша Торғай, Балқаш халқын аштық пен індет жайлағаны айтылды. Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді. Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді. Республиканың 6,2 млн халқының 1931-1933 жж. аштықтан 2,1 млн адам қырылды.Оның ішінде қазақтан басқа халықтың шығыны -0,4 млн. Қазақтың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. 1930-1932 жылдардағы аштық тарихта «ұлт жұт» ретінде қалды. Ұжымдастыру салдары нәтижесінде: ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты күйреді.Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды.Ғасырлар бойы көшпелі көшпелі өркениет жасаған тірек жойылды.

4. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР



Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі бейбіт өмірге көшкен кезеңде халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселелерін шешумен қатар сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, еңбекші бұқараның мәдени дәрежесін арттыру сияқты мемлекеттік маңызды міндеттер алда тұрды. Бейбіт өмірдің орнауы сауатсыздықты жою науқанын жандандырды. Қазревкомның халық ағарту бөлімі 1920 жылы өлкедегі сауатсыздықты жою туралы нұсқау әзірледі. Сол жылы Қазревком өлкедегі сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар туралы бұйрық шығарды. Көп ұзамай сауатсыздықты жою комиссиялары құрылды. Бірнеше айдың ішінде Қостанай губграмчекасы бастауыш білім беретін 347 мектеп, Орал губграмчекасы 328 мектеп ашты. Сол мектептерде 653 оқытушы 15 мыңнан аса адамды оқытты.
25Білім беру жүйесінің қалыптасуы, сауатсыздықпен күрес, 1924 жылы сәуірде - «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Коммунистік партияның ұлттық саясатын түсіндіру мен Кеңес үкіметі декреттерін үгіттеу үшін қазақ даласына1922 ж. Ә.Жангелдиннің басшылығымен ҚазАКСР-інің Қызыл Керуені ұйымдастырылды. Бұл Қызыл Керуен 20 мамырдан 9 тамызға дейін Орынбор, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қарқаралы арқылы Семейге дейін барды. Керуеншілер ауыл жұртшылығына Кеңес өкіметінің декреттерін түсіндірді, жергілікті кеңестер жұмысын жолға қоюға көмектесті және оны жақсарту шараларын белгілеп, ашыққандарға көмектесу, қазақ, орыс кедейлерін жерге орналастыру, оларды байлардың кіріптарлығынан қорғау, мекемелерде ана тілінде іс жүргізуді үйрету, бұқара арасында жұмыс жүргізу үлгісін көрсету, сот органдарының жұмысын ұйымдастыру, халыққа дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарымен айналысты. 1921-1927 жылдары 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 жылдың аяғында сауатты адамдар – 25%, оның ішінде қазақтар - 10% болды.
1926 жылғы мамырда Республикалық Халық Комиссарлар Кеңесі – «Қазақ АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қабылдады. Бұл ретте, үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту, қазақ қыздарына арнап мектеп ашу мәселесі жолға қойылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралда ашылды. Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды. А.Байтұрсынов пен оның пікірлестері 20-жылдарда мәдениет және білім саласында еңбек сіңірді. Сол жылдардағы мамандар жоғары бағалаған Байтұрсыновтың араб әліпбиі араб жазуын сәтті реформалаудың және оны қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімдеудің жарқын үлгісі болды. А.Байтұрсынов – суретті әліппені, мысал-жұмбақтар жинақтарын жазып шықты, Ж.Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін, Ә. Бөкейханов-география оқулығын, Сол кезеңдегі Томск университетінің студенті Қ.Сәтпаев - алгебра оқулығының қазақ тіліндегі алғашқы оқулығын құрастырды.Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды.Ол жылдары Қазақстанда баспа болмады.
1929 жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды. Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты игеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-1930 жылдары арап әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист» деп жарияланып, қудалауға ұшырады.
ОАК-нің алқа Кеңесі және ҚазАКСР Халық комиссарлар Кеңесінің шешімімен республикада сауатсыздықты жою үшін 1931 жылғы желтоқсанда - «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді.1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы -65%, қазақтар арасында - 40%-ға жетті. (1924 жылы қазақтардың 10%-ғана сауатты болған). 1940 жылы Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою негізінен аяқталды.
Республикада жоғарғы оқу орындары ашылды. 1928 жылы тұңғыш қазіргі Абай атындағы қазақ педагогикалық институт ашылды, 1929 жылы - Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институы ашылды. 1930 жылы - Қазақтың ауылшаруашылық институты – Алматыдағы тұңғыш малшаруашылығын дамытуға арналған жоғарғы оқу орны ашылды. 1931 жылы наурызда Алматы медицина институты ашылды. 1931-1932 жылдары Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. 1934 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.1934 жылы Қазақ кен-металлургия институты ашылып, инженер-техник кадрлар даярлаудың негізі қаланды. 1925-1932 жылдары педтехникумдар саны 14-тен 29-ға жетіп, 4821- оқушы оқыды. 1933 жылы 2 қыркүйек – «Қазақстан үшін кадрлар даярлау» туралы Қаулы жарияланды. Кен, қаржы, мұнай, ауылшаруашылық, тасымал техникумдары ашылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды.1926 жылы М.Е.Массон Әулиеатада (Тараз) қазба жұмыстарын жүргізді. 1926-1927 жылдар КСРО Ғылым Академиясының кешенді экспедициясы өлкеде статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Оның алғашқы екі секторы: зоология және ботаника секторлары ашылды. 1935 жылы С.Асфендияровтың авторлығымен «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегі жарыққа шықты.
Бұл жылдары мәдени мұра арасында қазақ әдебиеті ерекше орын алды. Қазақ кеңестік әдебиетінде елеулі прозалық шығармалар дүниеге келді. 1927 жылы С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», Ж.Аймауытов «Қартқожа», С.Мұқанов «Жұмбақ жалау», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім» шығармалары жарияланды. Қазақ кеңестік поэзиясы толыға түсті. С.Сейфуллиннің «Көкшетау», С.Мұқановтың «Сұлушаш», І.Жансүгіров «Құлагер», И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмалары дүниеге келді.
1934 жылғы 12-18 маусым-Қазақстан жазушыларының I съезі өткізілді. 1925 жылы Әміре Қашаубаев Париждегі концертте ән шырқап, күміс медаль иеленді.1934 жылы тұңғыш рет хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жыл бірінші дыбысты фильм «Амангелді» түсірілді.1934 жылы қаңтарда - Қазақ мемлекеттік музыкалық опера және балет театры ашылды. 1934 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Оркестрді композитор А.Жұбанов басқарды -1936 жылы мамыр Москвада қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өткізіліп, онда Е.Брусиловскийдің қазақ эпикалық шығармасына негіздеп жазған операсы «Қыз Жібек» («Жалбыр»)көрсетілді. Осы сапарында Күләш Байсейтова тұңғыш рет қазақтар арасынан – КСРО Халық әртісі атанды. Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің «Амангелді сарбаздары», «Түрксіб» суреттері әлемге танылды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.1939 жылы А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды.Осы жылдары «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағы жарыққа шықты. Жинақтың авторы А.Затаевич.20-30 жылдары мәдениет саласында күрделі және қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды.
23. Ұлт зиялыларына қарсы Сталиндік қуғын-сүргін.
1930 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Елде «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түсті» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде: жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауға өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов зор «үлес» қосты. Атап айтқанда: 1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж.Мыңбаев - Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С.Сәдуақасов-Ағарту халық комиссары қызметінен, Ж.Сұлтанбеков-Жер ісінің Халық комиссары қызметінен алынды. 1937 жылы жаппай жазалауға Н.И.Ежов белсене кірісті.
1928 жылы - Қызылордада «қызыл астананы» салушылардың қаскүнемдігі ашылды. Талантты сәулетшілер мен инженерлер М.Тынышбаев, П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, С.А.Баграков жауапқа тартылды. 1930 жылғы 4 - сәуір кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шықты (тарихта ол 1-ші атылған қазақ!), 1930 жылғы сәуірде ОГПУ шешімі бойынша - Міржақып Дулатовты ату жазасына кесіп, кейін 10 жыл қамауға ауыстырылды. 1935 жылғы 5-қазан М.Дулатов Соловки лагерінде қайтыс болды. Қазақ тарихи білімінің негізін салған С.Асфендияровта репрессияның құрбаны болды. 1930 жыл - Ахмет Байтұрсынов Архангельск облысына жер аударылып, 1934 жылы Е.Пешкованың өтініші бойынша босатылды. 1937 жылғы 8-қазанда А.Байтұрсынов қайта қамауға алынып атылды. 1937-1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар- С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов ату жазасына кесілді. 30-40 жылдар мен 50-жылдарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті. 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды.Қазірде сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, 31 мамыр -Ұлттық аза күні болып белгіленді.

ДӘрiс №2
Кенестiк Казакстаннын тарихи бастаулары: казактандыру киыншылыктары


1. 1917 жылгы казан революциясы кезенiндегi Казакстан. Екiншi букiлказак съезi жане Алашорданын курылуы
2. Казакстан Азамат согысы жылдарында
3. Кенестiк улттык-мемлекеттiк курылыс улгiсiнiн жузеге асырыла бастауы
1.1917 жылгы Казан революциясы кезенiндегi Казакстан. Уакытша укiметтiн халык куткен аграрлык маселенi шеше алмауы, езiлген халыктарга озiн-озi билеуi немесе автономия алу маселесiн кун тартiбiне коюга тырыспауы, жумысшыларга 8 сагаттык жумыс кунiн енгiзу сиякты кокейкестi маселелердi шешпеуi халык наразылыгын одан арi кушейттi.
1917 жылдын жазынын соны мен кузiнiн бас кезiнде букiл Ресейдiн жер жерiнде букаранын Уакытша укiметке деген карсылыгы осе тустi. Бул Кенестердегi большевиктердiн ыкпалынын артуына жагдай жасады. Ал Корнилов булiгiнiн талкандалуы большевиктер беделiн бiржолата котердi. Осындай жагдайда большевиктер партиясы 1917 жылгы шiлде окигасынан кейiн алынып тасталган «Барлык билiк Кенестерге берiлсiн» деген уранды кайта котердi. Бул уран карулы котерiлiске, Уакытша укiметтi кулатуга, пролетариат диктатурасын орнатуга багытталды.
1917 жылы 24 казанда (6 карашада) Петроградта большевиктер дайындаган карулы котерiлiс басталды. Келесi кунi котерiлiске шыккан жумысшылар, солдаттар мен матростар ел астанасынын аса манызды объектiлерiн басып алды. 25 казан (7 караша) кунi танертен Петроград кенесiнiн аскери-революциялык комитетi Уакытша укiметтiн кулаганы жане барлык билiк толыгымен оз колына откенi туралы хабарлады.
Осыдан кейiн откiзiлген Кенестердiн Букiлресейлiк II съезiнде Кенес окiметiнiн жогаргы органы Букiлхалыктык Орталык Аткару Комитетi сайланды, В.И.Лениннiн басшылыгымен алгашкы Кенес укiметi – Халык Комиссарлары Кенесi курылды.
Петроградта Казан карулы котерiлiсiнiн женуi жане орталыкта Кенес окiметiнiн орнауы, сондай-ак Казакстанмен iргелес жаткан, сонымен бiрге олкенiн жекелеген акiмшiлiк орталыктары болып табылатын Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахан сиякты iрi калаларында билiк толыгымен Казакстан Кенестерiнiн колына отуi ушiн шешушi манге ие болды. Бiрак Казакстаннын облыс жане уезд орталыктарында Кенес окiметiн орнату 4 айга – 1917 жылгы казаннын аягымен 1918 жылгы наурызга дейiн созылды.
1917 жылгы 26 казанда Петроградта откен Кенестердiн Букiлресейлiк II съезiнде Бейбiтшiлiк жане Жер туралы кабылдаган декреттерi аштык пен шаруашылык куйзелiстен калжыраган халыктын басым копшiлiгiнiн жана билiктi бiрден колдап шыгуын камтамасыз еттi.
Казан революциясынан коп бурын-ак казактын улттык-демократиялык козгалысынын косемдерi оз багдарламалык козкарастарын Казакстаннын алеуметтiк-экономикалык жане саяси дамуы жайлы оз багдарламалык козкарастарын кенiнен насихаттаган болатын, ал карулы курес Петроградта женiске жеткеннен кейiн-ак 1917 жылы 21 карашада «Казак» газетiне А.Бокейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов, Е.Гумаров, Е.Турмухамедов, Г.Жундiбаев, жане Г.Бiрiмжановтар курастырган «Алаш» партиясы багдарламасынын жобасы жарияланды. Багдарлама жобасында он тарау бар. Олардын аркайсысына такырыпша койылган.
1) Мемлекет калпы, 2) Жергiлiктi бостандык, 3) Негiзгi кукык, 4) Дiн iсi, 5) Билiк хам сот, 6) Ел коргау, 7) Салык, 8) Жумысшылар, 9) Гылым-бiлiм уйрету, 10) Жер маселесi.
«Алаш» партиясы басшыларынын арасында да Кенес укiметiне карсы курес идеясы мен тактикасы бiрден калыптаса койган жок. Алаш козгалысынын олкелiк косемдерi калыптаскан саяси жагдайды оздерiнiн таным-бiлiгi тургысынан багалады. Алаштын онтустiк канатынын басшылары Мухаметжан Тынышбаев пен Мустафа Шокай «Шура-ислами» партиясы басшылыгынын букiл Туркiстан колемiнде большевизмге карсылык куресiн баскару жонiндегi усынысын кабылдады. М.Тынышбаев 1917 жылы 28 карашада курылган кенестiк тарихнамада «Кокан автономиясы» ретiнде белгiлi болган Кокан каласында откен IV Тотенше олкелiк мусылмандар съезiнде курылган Туркiстан автономиясынын премьер-министрi жане iшкi iстер министрi болып тагайындалды. М.Шокай алгашында Туркiстан автономиясы укiметi сырткы iстер министрi (Туркiстан автономиясы Уакытша укiметi сырткы катынастар болiмiнiн бастыгы) кызметiн аткарды.
Шамамен сол туста Г.Н.Потанин баскаратын Сiбiр облыстык думасынын – сiбiрлiк автономистi укiметiнiн курамына «Алаш» партиясы орталык басшылыгынын окiлi А.Ермеков кiрдi.
Курамында Казакстаннын онтустiк облыстары – Жетiсу мен Сырдария енген Туркiстан олкесiнде жагдай мулде шиеленiсiп кеттi.1917 жылы 26-29 карашада Коканда откен IV Тотенше олкелiк мусылмандар съезi Туркiстан (Кокан) автономиясы-Мухтариаттын курылганын жариялады. Туркiстан Автономиясы мусылман дiнiн мемлекеттiк дiн деп ресми жариялады. Автономиялык Туркiстан Уакытша укiметiнiн торагасы болып М.Тынышбаев жарияланды. Кейiннен М.Тынышбаев отставкага шыгып, Жетiсуга кеткен сон премьердiн орнына келген М.Шокай билiгi Кокан мен уезд колемiнде гана шектелiп калган укiметтi азгана уакыт баскарды. Туркiстан автономиялык укiмет билiгiне карсы болган Кызыл гвардия отрядтары 1918 жылы 5 акпанда шабуыл жасап, отрядтарынын аздаган кушiн талкандап, басшыларынын бiр болiгiн атып, калгандарын камауга алды, Мустафа Шокай эмиграцияга кетуге мажбур болды. Сойтiп, Туркiстан автономиясы кушпен таратылды.
Ал Ташкентте кескiлескен шайкастар натижесiнде Кенес окiметi 1917 жылы 1 карашада орнады.
Алаш партиясынын косемдерi Петроградта карулы куштердiн женгенi туралы хабар алысымен Казакстанда билiк Кенестердiн колына отiп кетпеуi ушiн накты кадамдар жасады. Бул киын жагдайдан шыгу ушiн Алаш партиясынын басшылыгы II Букiлказак съезiн шакыруга шешiм кабылдады. II Букiлказак съезi Орынбор каласында 1917 жылы 5-13 желтоксан аралыгында оттi. Съезге казактын он облысынан – Орал, Торгай, Акмола, Семей, Жетiсу, Фергана, Сырдария, Закаспий жане Астрахань губерниясындагы Бокей ордасынан 80-ге жуык делегат катысты.
1917 жылы откен Съезд Казак (Алаш) автономиясын куру туралы шешiм кабылдап, онын курамына Бокей Ордасы, Орал, Торгай, Акмола жане Семей облыстары, сондай-ак Закаспий облысы, Алтай губерниясындагы казактар мекендеген аудандар енгiзiлдi. Съезд делегаттары Уакытша укiмет кулаганнан кейiн калалар мен селоларда, кырда казактардын этнос ретiнде омiр суруiне зор кауiп тондiретiн анархиянын осуi куннен-кунге кушейе тусiп отырганын атап корсеттi. Осыдан келiп съезд «халыкты аман сактап калу максатында» Уакытша халык кенесiнiн тиянакты билiгiн куруга каулы кабылдап, оны «Алашорда» (Алаш автономиясынын укiметi) деп атады да, Алашордага «казактар туратын жерлердегi барлык аткарушы билiктi оз колына алуын тапсырды».
Уакытша халыктык кенес – «Алашорда» 25 адамнан туруга шешiм кабылданды. Съезд укiметiнiн 15 мушесi сайланды, ал 10 орын Казакстанда туратын орыс жане баска улт окiлдерiне калдырылды. Алаш Орда укiметiнiн алгашкы орналаскан жерi - Орынбор каласы.Алашорданын шыгыс болiгiнiн орталыгы Семейде орналасты. А.Бокейханов Казак (Алаш) автономиясы укiметiнiн торагасы болып сайланды.
Съезд казак милициясын куру жоспарын жасады. Съезд кужаттарынын iшiндегi ен маныздысы казак автономиясын куру жонiндегi шешiм болып табылады. Съезд делегаттары автономияга улттык-аумактык мемлекеттiк курылым ретiнде аныктама беруде бiрауыздан келiстi.
1918 жылы кыркуйекте Алашорданын батыс болiгi курылды. Алашорда укiметi елде II Букiлказак съезiнiн шешiмiне сайкес улттык карулы куш – халык милициясын куруга кiрiстi. Милицияга 30-дан 35 жаска дейiнгi ер адамдар кабылданды.
Бiрак осы кезенде негiзiнен жумысшылар мен гвардия отрядтарына суйенген Казакстандагы Кенестер облыстык жане уездiк орталыктардагы билiктi басып алып, сонынан ауыл-селолык жерлерде де Кенес окiметi орнаганын жариялады. Жана окiмет жагындагылардын кушi басымдыкка ие болган Сырдария, Акмола облыстарынын басым болiгiнде, Бокей Ордасында онын карсыластарынын бiр-бiрiнен байланысы узiлiп калып, лайыкты карулы карсылык корсете алмады, Кенес окiметi негiзiнен «бейбiт жолмен» жергiлiктi кенестердегi большевиктер мен олардын жактастарынын санынын коптiгiмен женiп шыкты.
Торгай, Орал, Жетiсу облыстарында окига баскаша сипатта орбiдi, онда большевиктерге карсы куш бiршама жаксы уйымдастырылган арi жеткiлiктi каруланган едi. Бул облыстардын коптеген аудандарында (атап айтканда олардын орталыктарында) Кенес окiметi карулы котерiлiстiн натижесiнде жане ескi укiмет жактастарынын карсылыгын каталдыкпен басып-жаншу аркылы орнады.
Перовскiдегi (казiргi Кызылорда каласы) окига Кенес окiметiнiн «бейбiт жолмен» жеуiнiн мысалы болып табылады. Мунда казан карулы котерiлiсiне дейiн-ак жумысшы жане солдат делегаттарынын калалык Кенесi негiзiнен жумысшылар мен темiржолшылардан туратын согыска кабiлеттi Кызыл гвардия отрядын курган едi. Кенес жергiлiктi гарнизон солдаттарынын комек беремiз деген уадесiне суйенiп жане жергiлiктi кенестiк кушке карсылардын бытыранкылыгын пайдаланып, 1917 жылы 30 казанда каладагы билiктi оз колдарына алды.
Кенес окiметi Перовскiдегiдей «бейбiт жолмен» кейiн Аулиеатада (казiргi Жамбыл каласы) орнады. Коп кешiкпей Кенес окiметi осылайша «бейбiт жолмен» Черняевта (казiргi Шымкент), Туркiстанда, Казалыда жане Сырдария облысынын баска да калаларында орнатылды.
Солтустiк-Шыгыс Казакстанда (Акмола мен Семей облыстарында) Кенес окiметi аса курделi жане узакка созылган курес натижесiнде орнады.
1917 жылы желтоксаннын аягында большевиктер И.Демецкий мен В.Порох баскаратын Кокшетау жумысшы жане солдат депутаттарынын Кенесi билiк калада да уезде де оз колдарына откенi туралы хабарлады. 23 желтоксанда жергiлiктi Кенестiн бастауымен уйымдастырылган Акмола революциялык комитетi Уакытша укiметтiн уездiк аткару комитетiн туткынга алып, билiктiн оз колдарына откенi туралы хабарлады. Атбасарда 1918 жылы 2 кантарда билiк толыгымен Кенестiн колына оттi.
Кенес окiметi Семей облысында сал кейiндеу орнады. Семейдегi билiктiн ауысуын тездету ушiн, Казакстаннын Солтустiк-Шыгыс калаларындагы сиякты, Омбы партия уйымы 1917 жылдын аягы мен 1918 жылдын басына карай 100-дей большевиктi аттандырды, онын iшiнде Семейге батыс Сiбiр олкелiк Кенесiнiн корнектi екi кайраткерi-большевиктер А.А.Звездов пен К.А.Шугаев жiберiлдi, онын бiрiншiсi Балтык матростарынын отрядтарымен Петроград пен Москвага астык жiберу ушiн келдi. Звездов пен Шугаев билiктiн Кенестерге отуi туралы майдан мен тыл жумыстарынан оралгандар коп жиналатын Онтустiк Ертiстiн ар турлi калаларында откен митингiлерде бiрнеше рет соз сойледi.
Павлодарда билiк Кенестердiн колына 1918 жылы 19 кантарда коштi, Семей 17 акпанда, ал Оскемен 1918 жылы 14 наурызда жана окiмет Кенестер колында болды.
Семей облысындагы Кенестер женiсi революция толкынын Жетiсуга жеткiздi. Большевиктер мен солшыл эсерлер жагындагы топтар мунда да тонкерiс жасауга арекеттендi. Сойтiп, 1918 жылы 2-13 кантарда откен екiншi облыстык шаруалар съезi туптеп келгенде билiк жумысшылар мен шаруаларга берiлсiн деген шешiмге келдi. Бiрак казак аскери болiмдерiне арка суйеген аскери укiмет большевиктерге тойтарыс бердi. Осыдан сон астыртын жумыска кошкен большевиктер 15 акпанда оздерiн колдаган 2-Жетiсу казактар полкiнiн курамасы, жумысшы жане кала кедейлерi арасында митинг откiздi. Митингке катысушылар аскери укiметтi тарату, бурынгы Уакытша укiметтiн комиссарларын (Шкапский мен Ивановты) туткындау туралы каулы кабылдады.
Жетiсуда Кенес окiметiн орнатуды арнайы курылган астыртын тонкерiстiк комитет жузеге асырды, онда 1917 жылы наурыз-казан айларында Ташкентте саяси курес тажiрибесiнен откен П.М.Емелев шешушi рол аткарды. Арнайы дайындалган солдат, жумысшылардан жане казак кедейлерiнен курылган дружиналар 3 наурызга караган тунде Верныйдын манызды деген пункттерiн басып алды. Аскери революциялык комитетбилiктi оз колына алганы туралы хабарлады. Уакытша укiметтiн комиссарлары мен «аскери укiметтiн» басшылары каладан кашып кеттi. Наурыз iшiнде Кенес окiметi уездiк орталыктар-Капал, Жаркент, Сергиополь, жане Жетiсудын баска да елдi мекендерiнде орнады.
Торгай облысында Кенес окiметiн орнату ушiн болган курес бiршама жузеге асырылды. Мундагы карсы куштердiн тагдыры кен-байтак Торгай облысынын орталыгы саналатын жане Орта Азия мен Казакстанды Ресейдiн орталык онiрлерiмен байланыстыратын Орынбор каласы ушiн куреспен тыгыз байланысты болды. Мунда Кенеске карсы атаман Дутовтын карамагындагы орынборлык казак офицерлерiн, А.Бокейханов баскарган Алашорданы, сондай-ак эсерлер мен меньшевиктердi бiрiктiрген улкен куш топтасты. Атаман А.Дутовтын казактары карашанын 14-iнен 15-iне караган тунi каладагы билiктi басып алды, жергiлiктi Кенестi куып таратты, онын басшыларын (С.М.Цвиллинг жане т.б) туткынга алды, казак аскери болiмшелерiн Актобе, Челябинск жагына аттандырды жане Кенес окiметiне карсы согыс операцияларын орiстеттi. В.И.Ленин бастаган Кенес окiметi улкен ман берген «Орынборлык акгвардияшы куштердi» жою маселесi туындады. Тек 1918 жылы 18 кантарда гана бiрiккен куштермен Орынборды дутовшылар мен онын одактастарынан азат етудiн жане мунда Кенес окiметiн орнатудын сатi тустi.
Дутовшылармен арадагы курестiн кызган кезiнде-1918 жылгы 8 акпанда (Актобе кенесi каладагы билiктi оз колына каратты, будан бурын 1917 жылы 25 желтоксанда женiске жеткен болатын).Жергiлiктi большевиктiк куштер В.М.Чекмарев баскарган Балтык тенiзшiлерiнiн азык-тулiк жинау отрядтарынын колдауына суйене отырып, Костанайда Уакытша укiмет органын кулатып, Кенес окiметiн жариялады. 1918 жылдын аягы мен 1918 жылдын басында Кенес окiметi Торгай уезiнде толык орнатылды. Кенес окiметiн орнатуда А.Иманов, О.Асауов жане Н.Токаревтер ерекше козге тустi. Сол кезде Астрахан губерниясынын курамындагы Бокей ордасында кенестiк куштерге карсы туру арекетi коршi Орал облысына караганда алсiз болды. Бокей Ордасынын орталыгында 1917 жылы 2 желтоксанда большевиктiк букаралык митинг отiп, Уакытша укiметтiн жергiлiктi органы-аткару комитетiн тарату, Кенес окiметiн орнату туралы шешiм шыгарды. Бул iсте С.Мендешев, И.П.Варламов белсендiлiк танытты.
1918 жылы коктемге карай большевиктерге Казакстаннын бiр гана онiрi –Орал онiрiн толык каратып алудын сатi тусе коймады. Мунын басты себебi жергiлiктi большевиктердiн алсiздiгi гана емес, генералдар А.Михеев, Н.Савельев, М.Мартынов жане баскалар баскарган Орал казак аскерлерi тонiрегiне топтаскан большевиктерге карсы куштердiн тыгыз ынтымактастыгында едi. 1918 жылы кантар-наурыз аралыгында бiркатар уездiк орталыктар мен елдi мекендерде (Темiр, Доссор, Гурьев) Кенес окiметiнiн женгенiне карамастан революциялык куштердiн жагдайы Оралдын озi мен негiзiнен казактар коныстанган онiрлерде аса киын болды.Сойтiп 1917 жылгы казаннын аягынан 1918 жылгы наурызга дейiн Кенес окiметi негiзiнен Казакстаннын калалары мен iрi елдi мекендерiнде (Орал мен онын кейбiр айналасындагы елдi-мекендерден баска) орнатылды. Казакстанда бiркатар онеркасiп орындарын улттандыру 1918 жылы коктемде жузеге асты. Бул туста Кенес окiметiнiн женуiне жергiлiктi гарнизондардын солдаттары жане шаруаларга жер мен шалгайдагы улттарга оз тагдырын озi шешуге кукык беруге уаде еткен окiметке шын берiлген бурынгы майдангерлерден куралган Кызыл гвардия отрядтары шешушi рол аткарганын ерекше атап оту керек.

2. КАЗАКСТАН АЗАМАТ СОГЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА


Жумысшы-шаруа Кенестерiнiн орталыктагы жане жергiлiктi жерлердегi билiктi басып алуы алгашкы куннен-ак кулатылган таптардын карулы карсылыгын тугызды.
Азамат согысы дегенiмiз - бiр мемлекет iшiндегi алеуметтiк топтар мен таптар арасындагы окiмет билiгi жолында жургiзiлетiн карулы курес.
Азамат согысы 1918 жылы басталып, 1920 жылы аякталды. Буткiл Ресей империясынын Кенес окiметiне откен территориясын камтыган бул согыста екi тап окiлдерi бiр-бiрiне карсы согысты Олар: Кызыл Армия (гвардияшылдар) - большевиктер– ягни Кенес одагын курушылар жане Акгвардияшылдар – меньшевиктер Уакытша жане патша укiметiн колдаушылар. Буларды Алашорда, казактар колдады.
Азамат согысы басталысымен Алашорда бастаган жане Кенестер мен большевиктердi колдаган екi жак бiр-бiрiне карсы турды.
Кенеске карсы куштер Орынбордан баска Жетiсу мен Оралда да топтасты. Бул аймакта антикенестiк куштердiн алеуметтiк базасын Жетiсу мен Оралдагы казак аскерлерi, копестер мен саудагерлер курады. Кенес окiметiне жергiлiктi алашордашылар да карсы шыкты.
Азамат согысымен катар Ресей жерiне одактасы Антантанын колдауымен шетел интервенциясы кiрдi.
Казакстандагы азамат согысы мен шетел интервенциясынын жандануында Чехославак корпусынын бас котеруi большевиктерге карсы барлык куштердi козгалыска келтiрдi. Интервенттер Ресейге басып кiргеннен бастап iшкi контрреволюция куштерiмен одактасты. Ак гвардияшыларды кару-жаракпен, каржымен жабдыктады. Бiрiккен согыс операцияларын жоспарлады.
Азамат согысы жагдайында барлык материалдык ресурстарды, бiрiншi кезекте азык-тулiктi майдан кажетiне жумылдыру халыктын ар турлi топтары арасында азык-тулiктi тутынудын жана адiсiн енгiзу кажеттiгi туындады. Бул курделi мiндеттi шешу ушiн Кенес укiметi Азамат согысы басталысымен «аскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында тотенше шаралардын тутас жуйесiн енгiздi.
«Аскери коммунизм» саясатынын негiзгi манi азык-тулiктi жоспарлы турде болу болып табылады. Кенес окiметi В.И.Лениннiн буйрыгымен «шаруалардын ондiрген онiмiнiн оздерiнiн кункорiсiне жететiн шагын болiгiнен баскасынын барiн армия мен онеркасiптiн муктажы ушiн мажбурлеу жолымен» алуга тиiс болды. 1919 жылы кантарда Азамат согысы жылдарында Кенес окiметi азык-тулiк салгыртын енгiздi.
Бул кезенде Азамат согысы елде кенiнен канат жайды. Казакстанмен шектесетiн аумактарда бiркатар аймактык кенеске карсы укiметтер пайда болды.
Казакстаннын коптеген онiрлерiнде Азамат согысынын етек жайып, Кенес окiметiн кулату жагдайларында Алашорда (Алаш автономиясынын укiметi) Кенестерге карсы бiрiгiп куресу ушiн Орынбордан атаман Дутовпен одак курды. Омбыдагы Уакытша Сiбiр укiметiмен жане Самарадагы Курылтай жиналысы комитетiмен (Комуч) тыгыз байланыс орнатты, Кенестерге карсы бiрлесе курес жургiзу максатымен Орал, Сiбiр жане Жетiсу казактарымен байланысын ныгайта тустi.
Алаш косемдерi А.Бокейханов пен А.Ермеков аскери болiмнiн менгерушiсi Х.Токтамышевпен бiрге 1918 жылы шiлде мен тамызда Самарадагы Курылтай жиналысынын комитетi жане Омбыдагы Уакытша Сiбiр укiметiмен Алашорда карулы куштерiн куруга комек корсету маселесi бойынша келiссоздер жургiздi. Алашорданын батыс болiмшесiнiн басшылары Жанша мен Халел Досмухамедовтер Самарадан Курылтай жиналысынын комитетi аркылы 600 винтовка мен пулемет алды жане жакын уакытта 2000 адамнан туратын казак аскерiн уйымдастыруга уаде еттi. Дутовтын комегiмен екi атты полк: Бiрi Костанай, екiншiсi Ыргыз уезiнде куру iсi колга алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уакытша Сiбiр укiметiнiн сенiмдi окiлi Давыдовтын комегiмен екiншi бiр атты полк курылып, онын курамы 38 офицер мен 750 жауынгерден турды.
1918 жылгы 29 наурызда ак гвардияшылар Орал каласын жаулады. Сауiрде оларга карсы «Ерекше армия» курылды. 1918 жылы 3 шiлдеде Атаман Дутов Орынборды басып алып, Кенестiк Туркiстанды Орталык Ресейден болiп тастады. 1918 жылы наурызда генерал В.Толстов озiн Орал казактарынын атаманы деп жариялап Гурьев каласын басып алды.
Алашорда укiметi Орынбордагы Дутовпен, Омбыдагы Сiбiр Уакытша укiметiмен, Самарадагы Курылтай жиналысынын Комитетiмен (Комуч) одактасып, Кенес окiметiне карсы шыкты.
1918 жылдын жазындагы Кенес елi ушiн ен басты майдан Шыгыс майданы болды. 1918 жылы тамызда Семей каласында 1-Алаш атты аскер полкi уйымдастырылды.
1918 жылы карашада атаман Колчак армиясы Жетiсу багытында операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетiсуды шабуылдады.1918 жылы карашада «Сiбiр армиясынын» Екiншi Жеке Дала корпусы Ташкенттi басып алу максатымен Жетiсу майданына атаман Анненковтын дивизиясын жiбердi. Солтустiк Жетiсуда табан тiрескен урыстар оршiдi. Дутовка карсы барлык аскери кимылдарга жетекшiлiк еткен тотенше комиссар – П.Кобозев болды.
Кенес окiметi Казакстан майдандарында согысып жаткан кызыл Армия болiмдерiне кажеттi аскери комегiн аямады. Бундай аскери комектiн бiрi А.Жангелдин экспедициясы. А.Жангелдиннiн экспедициясы Актобе майданына кару-жарак пен ок-дарi жеткiзуде манызды рол аткарды: Ол 1918 жылы 20 шiлдеде мол кару-жаракпен Москвадан темiржол аркылы шыгып, 1 тамызда Астраханга келедi. 21 тамызда экспедиция екi желкендi кемемен Каспий аркылы Бозашыга келiп, Жандауыр муйiсiне жеттi. 11 карашада, 57 куннен кейiн, аса киын дала жолымен журiп откен экспедициялык отряд озiн асыга кутiп отырган Актобе майданы турган Шалкар станциясына келiп жеттi. Казак жерiне атаман Дутов пен Анненков баскаруындагы казактар тобы ерекше катыгездiк корсеттi. 1918 жылгы казанда атаман Анненков буйрыгымен 28 туткынды кеме трюмiне камап, Оскемен уездiк Кенесiнiн тунгыш торагасы Яков Ушановты сулы киiзге орап, кеменiн ошагына тастады. Дутов, Анненков, Колчак топтарына карсы партизан согысы орiстедi. Партизан козгалысына аскерден кайткан солдаттар, матростар, Акпан революциясы мен Казан тонкерiстерiне, 1916 жылы улт-азаттык козгалысына катыскандар басшылык еттi. Партизандык астыртын жумысты уйымдастырушылар: А.Айтиев, С.Аргыншиев, А.Майкотов, М,Жанiбеков тагы да баскалар. Жетiсу жерiндегi 1918 жылы маусым мен 1919 жылы казанда откен партизан карсылыгы Черкасск корганы деген атпен тарихта калды. Партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс бердi. 1919 жылгы тамызда Жетiсу майданынын колбасшысы Л.П.Емелев аскерлерi комекке келуге арекет жасап, сатсiздiкке ушырады. Шайкас барысында Л.П.Емелев ерлiкпен каза тапты. 1919 жылгы казан анненковшылдар Черкасскiнi алды, оларга карсы шыккан 1800 адам каза тапты . Черкасск корганысынын тарихи манызы:
- Колшакшылардын Жетiсуга шабуылы токтатылды;
- Сiбiр контрреволюциясынын Орта Азия контрреволюциясымен бiрiгуiне жол берiлмедi.
- Солтустiк Жетiсуда Кенес окiметiн орнатуда улкен рол аткарды.
1919 жылгы 5 сауiрде 25 мындык партизан отрядтары Костанайды колчакшылардан азат еттi. Бiрак жаксы каруланган Колчак топтары Костанайды кайта жаулап алып, 18 мын адамды катыгездiкпен олтiрдi.
Казак жерiндегi Колчак аскерiн талкандау Шыгыс майданынын Солтустiк жане Онтустiк топтарына жуктелдi. 1919 жылгы маусымда Онтустiк топ (колбасшысы М.В.Фрунзе) аскерлерi Уфаны азат еттi. 1919 жылгы шiлдеде 25-шi Чапаев дивизиясы мен казак атты аскер бригадасы Оралды жау коршауынан босатты. 1919 жылгы жазда Кызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра куып тастады.
1919 жылдын сонында Орал облысы ак гвардияшылардан толык азат етiлдi. 1920 жылгы 5 кантарда Туркiстан майданынын аскерлерi кушiмен Атырау азат етiлдi. 1920 жылы кантарда Орал майданы жойылды.
1919 жылгы кузде Шыгыс майданынын 5-армиясынын колбасшысы М.Н.Тухачевкий Солтустiк жане Шыгыс Казакстанды азат етiп, Петропавл, Акмоланы жаудан босатты. 1919 жылгы карашада Семейде Колчак окiметi кулатылып, Кенес окiметi кайта орнады. 1920 жылгы наурыздын аягында Семей облысынын солтустiгi азат етiлiп, Жетiсу майданы жойылды. 1920 жылгы маусымда Верныйда контрреволюциялык булiк уйымдастырылып, Верный бекiнiсiн жаулап алды. Кызыл Армия кушiмен булiк токтатылды.
1920 жылдын наурызында азамат согысынын Казак жерiндегi ен сонгы майданы Солтустiк Жетiсу майданы жойылды. 1920 жылы Кызыл Армия Колчак аскерiн талкандап, Колчак Иркутск ревкомынын укiмi бойынша атылды. Азамат согысынын барысында Кенес укiметi улт аймактарындагы жана окiметтiн окшаулануын ескере отырып, Алашордамен келiссоз жургiздi.
Ак гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болган катыгездiк пен зорлык «Алаш» окiлдерiн бастапкы багыттарын озгертуге итермеледi. А.Байтурсынулы «Тонкерiс жане казактар» макаласында «алаш» зиялыларын Кенес окiметi жагына шакырып, улттык келiсiм тактикасына кол жеткiздi. А.Байтурсынов 1920 жылы наурызда оз жактастарымен бiрге Кенес окiметiнiн жагына шыкты.
1919-20 жылдары Кенес окiметi Алашорда мушелерiне бiрнеше марте ракымшылык жариялады. Алгаш рет, 1919 жылгы 4 сауiрде Букiлодактык Орталык Аткару Комитетi каулысында Кенес окiметiне карсы куреске катыскан Алашорда мушелерiне кешiрiм (амнистия) жариялады. Екiншi марте 1920 жылы сауiрде Алаш козгалысы мен Алашорда катысушыларына кешiрiм берiлдi. 1920 жылы наурызда Алаш автономиясы жане Алаш орда укiметiн тарату жонiнде кенес окiметiнiн каулысы кабылданды.
Азамат согысынын салдары натижесiнде: 8 млн адам каза тапты. Мал саны курт азайды. Казак ауылдары мен кыстактар материалдык жокшылыкка ушырады. Катыгездiк пен зорлык-зомбылыктын кушейтiлуi урей жане ертенгi кунге сенiмсiздiк тугызды.

3.КЕНЕСТIК УЛТТЫК-МЕМЛЕКЕТТIК КУРЫЛЫС УЛГIСIНIН ЖУЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАУЫ



Ресей империясынын улттык аймактарында, онын iшiнде Казакстанда Кенес окiметi орнаганнан кейiн Коммунистiк партиянын улттык багдарламасына сайкес бурынгы отар халыктардын мемлекеттiгiн куру маселесi турды.
Азамат согысы большевиктерге шет аймактар халыктарынын улттык мемлекеттiгi туралы идеясымен санаспауга болмайтынын корсеттi.
Шыгыстагы алгашкы Кенестiк коп ултты республика Кенестердiн Туркiстан олкелiк V съезiнде (Ташкент каласы, 1918 жылгы 20 сауiр-1 мамыр) жарияланган Туркiстан АКСР-i болып табылады. Оган казiргi Казакстаннын онтустiк жане онтустiк-шыгыс облыстары (бурынгы Сырдария мен Жетiсу) кiрдi.
1919 жылы 10 шiлде де В.И.Лениннiн кол коюымен Кыргыз (Казак) олкесiн баскару жонiндегi революциялык Комитет туралы Декрет шыкты. Онын курамында: Астрахань губерниясынын казактар туратын болiгi, Орал, Торгай, Акмола, Семей облыстары кiрдi. Ол олкедегi ен жогаргы аскери-азаматтык баскарма болып саналды. Казревком басшысы болып С.Пестковский сайланды. Мушелерi: В.Лукашов, А.Жангелдин, А.Байтурсынулы, М.Тунганшин, С.Мендешев, С.Сейфуллин, В.А.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Каратаев, А.Айтиев, А.Алiбеков, С.Аргыншиев, Х.Габбасов, Т.Седельников.
Казревком мiндеттерi: Контрреволюция мен интервенцияга карсы куресу, Олкеде мемлекеттiк, шаруашылык, мадени курылыс ушiн жагдай жасау, олке Кенестерiнiн Курылтай съезiн азiрлеу.
1919 жылы 19 кыркуйекте Орынбордын Казак олкесiне косылуы туралы шешiм кабылданды. 1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешiмi кабылданды. Казревком мадени курылыста бiршама жумыстар аткарды: «Ушкын» газетiн шыгарды, Актобе уезiнде 300 мектеп ашылды. Калаларда мугалiмдер даярлайтын мектептер жумыс iстедi. Казревком казак жерлерiн бiрiктiру жонiнде жумыстар аткарды. 1920 жылы 7 шiлдеде Орынбор республика курамына енгiзiлдi.
Казревком 1919 жылы 10 шiлдемен -1920 жылгы 10 казан аралыгында 15 ай кызмет еттi. Ол курылган кунiнен бастап Курылтай съезiн шакыру жонiндегi бар жумысты озi аткарды. Казревкомнын iс-кимыл ерекшелiгi сол кез ушiн алгашкы кезектегi аскери-саяси проблеманын маныздылыгынан туындады, озiнiн бар мумкiндiгiн, куш-жiгерiн олкеде Кызыл Армиянын женiсiн камтамасыз етуге жумсауы тиiс болды. Казревком мушелерi Кызыл Армия болiмдерiмен бiрге калалар мен елдi мекендердi актардан азат етуге катысты жане жергiлiктi жерлерде Кенес окiметi аппаратын куруга комектестi.
Казак революциялык комитетi Казакстан Кенестерiнiн Курылтай съезiн шакырудын, болашак республиканын шекараларын аныктаудын барлык дайындык жумыстарын жургiздi.Бул курделi мiндеттердi жузеге асыруда Казревкомнын жанында уйымдастырылып, Ахмет Байтурсынов басшылык еткен Казак республикасынын шекараларын аныктау жонiндегi Комиссия улкен рол аткарды.
Сонымен катар Казак революциялык комитетiнiн жанынан Букiлказак съезiн шакыруга дайындык маселесi бойынша курамына А.Байтурсынов, Б.Каралдин, С.Мендешов, В.Лукашев, жане Петров кiрген Ерекше комиссия курылды.
Комиссияга съездi шакыру маселесi бойынша нускау азiрлеу тапсырылды. 1920 жылы 23 тамызда Казак революциялык комитетi Кенестердiн Букiлказак съезiн сайлау маселесi бойынша нускауды тубегейлi бекiттi.Ол бойынша съезге делегат сайлау кукыгы Орал, Торгай, Семей, Акмола облыстарынын, Астрахань губерниясынын казактар туратын болiгiнiн (Бокей ордасы) барлык енбекшi халкына берiлдi.Олкелiк баскарудын курамына кiрмейтiн облыстар мен уезд казактарынын (Жетiсу мен Сырдария, сондай-ак Туркiстан АКСР-iнiн кейбiр облыстарынын тургындары) съезге кенесшi дауыс кукыгымен катысатын болды. Сайлауга жане сайлануга дiни сенiмi мен мекенжайына карамастан, 18 жаска толган, енбекшi табына жататын ер жане айел азаматтар кукылы деп есептелдi.
1920 жылы 26 тамызда «Кыргыз (Казак) Автономиялы Кенестiк Социалистiк республикасын куру туралы» декретке В.И.Ленин мен М.И.Калинин кол койды. Астанасы: 1920-1924 жж Орынбор каласы болды.
Аумагы: Семей, Акмола, Торгай, Орал облыстары, Мангышлак уезi, Красноводск уезiнiн бiр болiгi, Астрахань губерниясынын бiр болiгi. 1920 жылы 4 казанда Орынборда Кыргыз (Казак) АКСР Кенестерiнiн Курылтай съезi откiзiлдi. Кыргыз (Казак) Автономиялы Кенестiк Социалистiк Республикасы жарияланды. Жогаргы окiмет органдары сайланды: Орталык Аткару Комитетi торагасы болып С.Мендешев, Халык Комиссарлары Кенесiнiн торагасы болып –1889 жылдан берi партия мушесi В.А.Радус-Зенькович сайланды.
Казакстан Кенестерiнiн Курылтай съезi кабылдаган аса манызды кужат: «Кыргыз (Казак) АКСР енбекшiлерi кукыктарынын декларациясы» болды. Кыргыз (Казак) АКСР-iнiн курылуынын тарихы манызы:
- Казак халкынын гасырлык арманы орындалганынын корiнiсi;
- Отаршылдыкка карсы курес натижесi;
- Улттык кайта орлеу жолындагы алгашкы кадам.
Арнаулы комиссия курылып, республика шекарасын белгiлеумен айналысты. Бул озгерiстер кезiнде ар турлi козкарастар туындады: Казак олкесiне Акмола, Семей, Орал облыстарынын косылуына карсылык., Республика курамына Омбы облысын, Орта Азиянын коп болiгiн, Барнаул уезiн, Алтай олкесiн косу маселесi котерiлдi.
Костанай аймагын республика курамына косу кажеттiгiн А.Байтурсынулы мен М.Сералин жан-жакты далелдедi. Батыс Сiбiрге енiп келген Акмола мен Семей облыстарын олке курамына енгiзу маселесi 5 рет каралып, А.Бокейханов, А.Байтурсынулы, А.Ермеков, М.Сералиндердiн тарихи деректемелер аркылы дайектi далелдер келтiргенiнен кейiн гана шешiлдi. 1921 жылы Акмола жане Семей облыстары Сiбiр ревкомы карамагынан КазАКСР-не берiлдi. 1921 жылы Жайык, Ертiс озендерi бойындагы бурын казактар иеленiп келген 10 шакырымдык онiр казак халкына кайтарылды.
1921 жылы маусымда Орал губерниялык партия комитетi Жайыктын сол жагалауындагы 10 шакырымдык онiрдi кайтару туралы декретке наразылык бiлдiрiп, Орал облысын КАКСР-iнен болу туралы отiнiш бердi. Бiрак партиянын Орталык Комитетi отiнiштi кабылдамады.
1921-1922 жж КазАКСР курамына енгiзiлген аймактар: Семей, Акмола облыстары Омбы уезiнiн бiр болiгi. Торгай, Орал облысыстары уездерiмен кiрдi. Республиканын курамына бул облыстардан баска Мангыстау уезi, Закаспий облысы Красноводск уезiнiн 4,5 –Адай болыстары, сондай-ак Астрахань губерниясынын бiр болiгi (Каспий тенiзiнiн солтустiк-шыгысы), Бокей Ордасы жане Каспий тенiзi жагасындагы болыстар енгiзiлдi.
Орта Азияны улттык-мемлекеттiк жагынан межелеудi жане Онтустiк аймакты республика курамына косуды азiрлеу жонiнде казак зиялылары уйымдастыру шараларын жургiздi. Натижесiнде: 1924 жылы Орта Азияны улттык-мемлекеттiк межелеу жургiзiлiп, Кенестiк Шыгыста улт республикалары курылды. Сырдария мен Жетiсу облыстары казак АКСР-i курамына енгiзiлдi. Казак жерiнiн бiртутас Казак республикасы болып калыптасуы аякталды. 1924 жылы КазАКСР курамына енгiзiлген аймактар: Сырдария облысы: Казалы, Акмешiт, Туркiстан, Шымкент уездерi, Аулиеата (Жамбыл) уезiнiн коп болiгi, Ташкент, Мырзашол уездерiнiн бiр болiгi.
Самаркан облысы: Жизак уезiнiн бiрнеше болiгi, Жетiсу облысы: Алматы, Жаркент, Лепсi, Капал (Талдыкорган) уездерi, Пiшпек уезiнiн бiр болiгi. КазАКСР курамынан халкы негiзiнен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы болiндi. 1925 жылгы 26 кантарда РК(б)П Ок-i Казакстанды аудандастыру жонiндегi комиссия усынган жобаны карады жане маселенi одан арi зерделеу ушiн Букiлодактык Орталык Аткару Комитетiнiн орталык акiмшiлiк комиссиясына тапсырды. Казак АКСР-iнiн астанасын Кызылорда каласына кошiру туралы шешiм кабылданды.1925 жылдын бiрiншi жартысында республиканын негiзгi мемлекеттiк мекемелерi Кызылордага кошiрiлдi.1925 жылы 15-19 сауiрде республиканын жана астанасында Кенестiк Казакстаннын V съезi оттi. Съезд байыргы халыктын-казактардын тарихи атауын калпына келтiрдi. Кыргыз АКСР-iнiн аты Казак Автономиялык Кенес республикасы деп озгертiлдi. Съезд сонымен бiрге республиканын жана астанасынын атауын да озгерттi. Перовск каласы Кызылорда деп аталатын болды.
24. Казак АКСР-i одактас республикаға айналуы. 1936 жылгы 9 акпанда КАКСР Орталык Аткару Комитетi Каулысымен «казактар» атауы берiлдi.1936 жылы 5 желтоксанда Кенестердiн VIII Букiлодактык Тотенше съезiнде жана Конституция кабылданды. Жана Конституцияга сайкес, 1937 жылы 26 наурызда Казак АКСР-i одактык республика болып, ягни Казак Кенестiк Социалистiк Республика болып кайта курылды.1937 жылы наурыз айында Казакстан Кенестерiнiн Тотенше X съезi Казак КСР Конституциясын бекiттi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет