«Үш тұғырлы тіл- біздің болашағымыз »»тaқырыбы бойыншa коучинг- сессия
Күні: 10.2016.
Caғaт: Уақыт: 60 мин
Caбaқтaқырыбы:
Үш тұғырлы тіл
Жaлпы
мaқcaт:
Оқушылардың тілге деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсінуге ықпал жасау
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Коучинг міндеттері:
1.Оқушыларға үш тұғырлы тілдің қажеттілігін ұғындыру
2. Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілін үйренуге қолдау көрсету;
Күтілетін
нәтиже
Сөйлеу түрлерін ажырата біледі.
Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ,сөйлеу арқылы көп нәрсені ұғынатындығын түсінеді.
Пайымдай білу дағдылары дамиды.
Топпен жұмыс ынтымақтастық таныта алады. Сын тұрғысынан ойланып, өз пікірін айта алады.
Түйінді
идеялaр:
Тіл-қатынас құралы
Caбaқтaқолдaнылaтынмaтериaлдaр:
Үлестірме материалдар, постер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер, видеоролик, музыка
Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп сәлемдеседі.Сәлемдесу әр тілдерде(орысша, қазақша, ағылшынша) болады
Өзімізді бүлдіршінге балайық,
Бірден екіге дейін санайық.
Өзара топтасып алып,
Топ намысын қорғайық.-
Психологиялық тренинг
«Сәлемдесу »
Топтастыру
Білу
Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) (2 ұпай)
«Стикерлермен диалог»
Сұрақ жазылған стикерлер таратылады.
№ 1 стикер Ана тіліңіз қалай?
?№2 стикер Мемлекеттік тіл қай тіл? Оған көзқарасың қалай?
№ 3 стикер Ағылшын және орыс тілін үйренгің келе ме?
№4 стикер Орыс ертегілерін білесің бе? Орысшасын , қазақшасын айтшы.
№ 5стикер Неліктен басқа тілді үйренгің келеді?
№ 5 стикер осы тілдерді қашан меңгеремін деп ойлайсың?
Топтық жұмыс
СТО
Диалогті оқыту
Түсіну
( Неге? Неліктен? Себебі ? Не
үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)
(4 ұпай)
«Айналмалы бекеттер» әдісі
Әр топқа постер таратылады.
«Орыс тілі-ұлтаралық тіл» , «Ағылшын тілі- жаһандық эканомикаға ойдағыдай кіру тілі » атты тақырып және әр топтың нөмірі жазылады.
Сағат тілімен айнала жүріп бір топ екінші топтың жазғандарына толықтырулар қосады.
Диалогті оқыту
СТО
Қолдану
( оқулық, тақтамен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалары)
( 10 ұпай)
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға
тиіс » -делінген. Елбасының жолдауын қолдау үшін неден бастау керек?
Ең алдымен нені түсіну керек?
Сатылап көрсетер болсақ, қандай қадамдар жасауға болады?
Осы үш сұраққа жауапты жазбаша сызба арқылы түсіріп, ортада қорғайды
Практикалық жұмыс,
Өздік жұмыс
Талдау
(салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек)
(6 ұпай)
«Шеңбер әдісі»Дөңгеленіп отырып, сағат тілімен айтады. Білмей қалған әріптес «Мен өткізіп жіберемін» деуі керек. Бұл сөзді үш рет айтуға болады. Одан соң тағы жауап бере алмаса, шеңберден шығады
«Жеті жұрттың тілін біл» (мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек) І топ:
1. Тіл тәтті, бауыр қатты. ( тіл - язык - hanguage) 2. Егер тілім ертең болса құрымақ Мен дайынмын өлуге бүгін - ақ ( ертең - завтра - tomorrow) 3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word) 4. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ( оқы - читай - read) 5. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)
ІІ топ 1. Алтын күн бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың. ( күн - солнце - day ) 2. Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік. (адам - человек - person) 3. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желік бас Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас. (халық - народ - people ) 4. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand) 5. Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз. (Ақыл - ум - mind)
Басбармақ арылы топ арасында бағалау болады.
Салыстыру
Талдау-жинақтау
Өзін-өзі бағалау
Жинақтау
( қорытынды шығар, кесте толтыр,тірек сызба сыз, сөзжұмбақ , сұрақтар құрастыру тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)
(4,6,8 ұ)
Стоп-кадр» әдісі
Сағат тілімен 1 топ үш тұғырлы тіл туралы өз пайымдауларын айта бастайды. Стоп-кадр дегенде келесі топ ойды жалғастырады, негізгі идеяны толықтыруға мүмкіндік алады.Қайталау болмауы тиіс.
Міне, балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге қызығушылық танытайық.
СТО
Дарынды оқушымен жұмыс
Бағалау
«Бағдаршам » арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.ғяғни сткерге атын жазып, бағдаршам көзіне іледі. Жасыл түс- өте жақсы, сары түс-жақсы, қызыл түс қанағаттанарлық.
ОүБ
Рефлексия
«3,2,1» стратегиясы.Маған ұнаған 3 нәрсе, есімде қалған 2 нәрсе, мен түсінбеген 1 сұрақ