Жиенқұлова Ақманар Тілеуқызы



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі435,32 Kb.
#44255
  1   2   3



Жиенқұлова Ақманар Тілеуқызы,

Атырау қаласы,

Д.Байбосынов атындағы

№13 ұлттық мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі


Мұхтар Әуезов «Қарагөз» драмасы


Мақсаты

Оқушылар драманы түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйренеді, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамытуға, адалдыққа, адамгершілік-ке дағдыланады. Тақырыпты түсініп оқи білуге баулиды. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын артады.

Жалпы мақсат

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

Дамытушылық: Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорыта алуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Тәрбиелілік: Туған жердің табиғатын сүйе білетін оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз пікірін, ойын ашық айта алады. Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді. Топпен бірігіп, жұмыс орындайды.

7 модульдің қолданылуы

“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, Интервью әдісі, Жұптық әңгіме, Кубизм.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук.

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу;

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту;

Әр топқа бағалау парағын таратып беру;

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру;

«Сандарды бейнеле» әдісі арқылы психологиялық ахуалды жақсарту.



Оқушылар топқа бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топ басшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады, қимылымен бейнелеу.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу
Қызығушылық

тарын ояту

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын сұрап, талқылау үшін сұрақтар беріледі.

Берілген сұрақтарға мүдірмей, топтасып жауап беру арқылы үй тапсырмасын қайталап және топпен жұмыс істеуге дағдылану.

Түсіну

«Интервью» әдісі

арқылы тақырыпты талдау үшін тапсырма беру.




Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру.

Соңында «Интервью» әдісін пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту және сабақты түсіну.



Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін еркін айту. Бұл әдіс бойынша бір-біріне жаңа тақырып көлемінде интервью арқылы сұрақ- жауап жүргізу.

Ол үшін әр топтан ортаға оқушы шығып интервью сәтін жүргізеді.



Қолдану

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (Штурман – басқарушы, Пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазу.



Топқа арналған жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар беру.

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру.


Ақын өмірінен мәлімет

Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат, үлкен дарын, сарқылмас шабыт, мол парасат, шалқар ой, терең сезім иесі, гуманист жазушы. Оның проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің зор қазынасы. Бұл өмірбаянда жазушы шығармаларының бәріне баға беру мүмкін емес, алайда түсінігіміз үстірт болмау үшін Әуезовтың өмірбаяны, 1917-18 жылдары жарияланған мақалалары, «Еңлік-Кебек», «Абай жолы» және Абай туралы жазған ғылыми еңбегі жөнінде кейбір ойымызды ортаға салмақпыз.

Жас шағынан үнемі үйрену, іздену үстінде – қоғам қайреткері, педагог, жазушы, аудармашы болып көрінген Мұхтар Әуезов өмірінің ақырына дейін осы салаларда қажымай еңбек етті. Батыс, Шығыс классиктері, қазақ халқының ұлы демократтары үлгі алды. Оның ойы сараланып, сөз шеберлігі арта түсуіне әсіресе Абай игі әсер етті.

Бір-біріне қара-қарсы екі түрлі қоғам өмірінің қос қыртыс аралығында әдебиет дүниесіне келген Мұхтар Әуезов өмірбаянында алғаш жазған көркем шығармаларының өзімен өрелі, байсалды, дарынды жазушы екенін аңғартқан еді.

Мұхтар Әуезов шығармаларында қазақ өмірінің алуан көріністері, түрлі құбылыстары мол қамтылған. Автор аз сөз, шағын пейзаж, ықшамды суреттерді ұтымды пайдаланудың тәсіліне шебер. Оның шығармаларынан өз ара үйлеспей жүрген көріністерді, оқиғаларды, фактілерді ұшыратпайсыз, жазушының жазғандары өмірдің өзінен алынған.

Оның әңгімелері, романдары, пьесалары – қазақ өмірінің нақтылы құбылыстарын, табиғи қалпын көрсетеді. Жеке кейіпкерлерінің сөздері солардың сана-сезіміне, психологиялық ерекшелігіне, іс-әрекетіне, тәлім-тәрбиесіне сай келеді, бұлар өмірдің бір бөлшегі, қоғам уәкілі ретінде көзге түседі. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов түрлі қоғамдық сатыдан өтті, алуан өмірдің ойын-қырын байымдады.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрь күні дүниеге келді. Үй ішінде «ең кішкентай, момын да ерке болған қоңыр бала» — Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің аялаған немересі болып өседі. Мұхтардың туған жері – Семей облысы, Абай ауданы. Оның жас шағында да, кейін де көп аралап көзінен таса етпеген, бақытты, шабытты ыстық күндерін өткізген, талай құпиясын ашқан, өнер әлеміне ұшырған аймағы – қазақ халықының байтақ өлкесі. Ол «Еңлік-Кебек», «Абай жолы», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» сияқты шығармаларын осы өзі туған өлкеден тапқан.



Жаңа тақырыпты түсіну

Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды.

М. Әуезовтің жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.

«Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық тарихы, қойылымдары, тарихи негіздері жайында Әбділда Тәжібаев, Рымғали Нұрғалиев, Бағыбек Құндақбаев, Тұрсын Жұртбай, т.б. көптеген зерттеушінің еңбектері бар. Жан-жақты зерттелген. Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Көркемдік компоненттерін барлық жағынан алғанда әлемдік драматургияның үздік үлгілерімен еркін салыстыруға болады. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетіледі. Әрине, осындай шығарманың жаңа нұсқасы дегенде көрерменнің елең ете қалатыны заңды.

М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады. Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.



Глоссарий

Ұрын келуКүйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғаш баруы.

ӘзәзілАзғырушы, сайтан.

ЛағынетҚарғыс.

АйбалтаСоғыс қаруы.

ШоқпарТақымға басып немесе жең ішінде жүретін бес қарудың бірі.

НайзаЖақын қашықтықта, бетпе-бет айқаста түйреу мақсатында қолданылатын қару түрі.

ЛашынСұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет