Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып



бет1/9
Дата16.10.2019
өлшемі1,31 Mb.
#49995
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
!26-ОШ СОР Химия 8 кл каз -2
!26-ОШ СОР Химия 8 кл каз -2



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Химия

8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныс жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.




Мазмұны


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............. 4

«Атомдағы электрондардың қозғалысы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................... 4

«Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................................................ Ошибка! Закладка не определена.8

«Металдар белсенділігін салыстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау … … … 12

2 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……...16

«Зат мөлшері» және «Стехиометриялық есептеулер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау .................................................................................................................................. 16

«Химиялық реакциядағы энергиямен танысу» бөлім бойынша жиынтық

бағалау..................... .............. ........ .............. .... .............. ..... ..... ........... ........... ....... ..... .. .20

«Сутек. Оттек және озон» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………………………… 24

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 28

«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..... 28

«Химиялық байланыс түрлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................ 32

«Ерітінділер және ерігіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау........................... …………. 36

4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 40

«Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................................................................. 40

«Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................ 44 «Су» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................................................ ……........ 49

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


8.1А «Атомдағы электрондардың қозғалысы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

8.1.3.2 Әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну

8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу

8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу

8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

8.1.3.6 «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

  • s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

  • Қосып алатын немесе беретін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

  • Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

  • «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады



Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану




Орындалу уақыты

Тапсырма



20 минут



  1. Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондардың максимал саны: A) 1

    1. 2

    2. 8

    3. 18



  1. Электрондар өздерінің энергияларына сай ядроны белгілігі бір ара қашықтықта айналып жүреді, мұны электрондық бұлт немесе орбиталь деп атайды. Кеңістікте ядроны айналатын электрондардың белгілі бір пішіні болады. Орбиталдардың тұсына кеңістіктегі пішінін және белгіленуін жазыңыз.



Орбиталдардың кеңістіктегі пішіні

Белгіленуі

1. _____________тәрізді





2._____________ тәрізді







  1. Сыртқы электрондық қабатын аяқтауға қажетті қосып алатын немесе беріп жіберетін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті табыңыз.



Атом

Электрон береді / қосып алады

А) Алюминий

В) Оттегі



1) 2 электрон беріп жібереді

2) 3 электрон беріп жібереді

3) 2 электрон қосып алады

4) 3 электрон қосып алады

А_________ В________





  1. Берілген атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясы мен электронды – графикалық формуласын жазып кестені толтырыңыз.



Химиялық элемент атомы

/ ионы


Электрондық

конфигурациясы





Электронды –

графикалық формуласы

Na+








О








AI3+










5(а) Алюминий және күкірт атомдарынан түзілетін иондардың түзілу схемасын жазыңыз.

+13Al )2e)8e)3e

+16S )2e)8e)6e

(b) 5(а) тапсырмасында түзілген иондар бойынша «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын жазыңыз.

_____________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

1

екінші энергетикалық деңгейде орналасатын максимал электрондар санын анықтайды;

1

s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

2

s орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін жазады;

1

р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін жазады;

1

Қосып алатын немесе беретін электрондардың саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

3

Оатомы және электрондар арасындағы сәйкестікті анықтайды;



1

AI атомы және электрондар арасындағы сәйкестікті анықтайды;

1

Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

4

Na+ ионының электрондық конфигурациясын жазады;

1

Na+ ионының электронды – графикалық формуласын сызады;

1

О атомының электрондық конфигурациясын жазады;



1

О атомының электронды – графикалық формуласын сызады;



1

AI3+ ионының электрондық конфигурациясын жазады;

1

AI 3+ионының электронды – графикалық формуласын сызады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

5

Алюминий мен күкірт атомынан түзілетін иондар схемасын жазады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастырады.

1

Барлығы

13




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет