Жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие



бет1/2
Дата31.08.2022
өлшемі56,32 Kb.
#148412
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
тәрбие план 3кл 2021-2022




ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары:

  1. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;

  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;

  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;

  6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;

  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  1. ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Тәрбиенің мақсаты –мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз-өздерін танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеттері:



  • білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие

  8. Дене тәрбиесі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет