Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Күні: Білім беру саласы



Дата25.12.2016
өлшемі114,31 Kb.
#4509
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:



Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Мен осындай баламын»

Мақсаты –

Білімділік: Отбасы құндылығы, адамның бойындағы жақсы қасиеттері (шыншылдық, қамқорлық, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік , тәртіптілік) туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: Баланың бойындағы жақсы қасиеттерін жанашыр сезімдерін, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, қағазды орау арқылы қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Жақсылық жасауға, өзін құрметтей, бағалай білуге, ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Болайықшы осындай» әнінің сөзін қайталау, «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу, ертегі кейіпкерлерінің бет перделерін дайындау.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, ертегі қойылымын сахналау, ойын, ғажайып сөздер, жағдаяттарды талдау.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті жүрекшелер, ертегі кейіпкерлерінің бет перделері, күн, смайликтер, слайдтар, «жақсы баланың істері» бейнеленген суреттер.

Билингвальдық компоненті: жақсылық -добро-kindness; қызыл-красный-red, қызғылт-оранжевый-orange, жасыл-зеленый-green, сары-желтый-yellow, көгілдір-голубой-light blue, көк-синий-blue, күлгін-феолетовый-purple; кемпірқосақ-радуга-rainbow, қасқыр-волк-wolf, ақтиін-белка-squirrel.


Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық


қозғаушы

Шаттық шеңбері «Кемпірқосақ»

Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Сондықтан шын көңіліммен сіздерді шатттық шеңберге шақырамын. Балалар, қараңызшы мына қобдишада әр түрлі түсті жүрекшелер бар.

- Жүрекшелердің түсі неге ұқсайды?

- Кемпірқосақ неше түстен тұрады?

- Енді түстердің нені білдіретінін есімізге түсірейік.

Қызыл түс - достарға деген сүйіспеншілік

Қызғылт түс– отбасына деген сүйіспеншілік

Жасыл түс – табиғатқа деген сүйіспеншілік

Сары түс – күнге деген сүйіспеншілік

Көгілдір түс – Отанға деген сүйіспеншілік

Көк түс – өмірге деген сүйіспеншілік

Күлгін түс – өзіне деген сүйіспеншілік

Осы жүрекшелерді өздеріңіз таңдап алып, биікке көтеріп аспанға лақтырамыз, қараңдаршы қаңдай керемет!

Біздің бөлме алуан түсті сүйіспеншілік пен

шаттыққа толғандай.Түсті жүрекшелердің ұшуы сіздерге мерекелік керемет бір отшашуды еске түсірмей ме? Ендеше бәріміз отшашу шашайық. Осы сүйіспеншілігімізді айналамызға сыйлайық.



Кемпірқосақтың түстеріне ұқсайды.

Кемпірқосақ жеті

түстен тұрады.



Іздену-ұйымдасты

рушы



Балалар, бүгін біздер «қандай баламыз?» деген сұраққа жауап тауып, жақсы бала болу үшін не істеу керектігін үйренетін боламыз.
Ендеше, «Болайықшы осындай » әнін бәріміз бірге орындаймыз.



  • Өлеңдегі бала қандай бала екен?



  • «Жақсы, үлгілі бала» деп қандай баланы айта аламыз?

Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылау:

Балалар, біз сендермен алдыңғы ҰОІӘ-де адам бойындағы кездесетін жақсы адамгершілік құндылықтармен кеңінен таныстық.Түрлі шығармалар оқып, ондағы кейіпкерлердің бойындағы құнды қасиеттер жайлы әңгімелестік.Үлкенге құрмет көрсетіп,

кішіге қамқор болып, сыйлап, достарына адал болу - әр баланың адамдық міндеті. Әдепті, ұқыпты, әдемі, адамгершілігі мол адамдарды жаны сұлу, жақсы адамдар деп айтамыз.
Жағдаяттарды талдау.


  1. Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге, достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетіпті. Ол қандай сөз?

2. Топтағы бөлме гүлін суарамыз деп, Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып алды. Ертеңінде оны байқаған апай: «Балалар, мына гүлді кім сындырды?» - деп сұрады...

Айгүл мен Айжанның орнында болсаңдар, сендер осы сұраққа қалай жауап бересіңдер?

3.Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді, Аслан оны қайтадан шашып тастады. Сәуле мен Асланды қаңдай балалар деп ойтуға болады?

Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылау:

Адал, шыншыл, қайырымды, тілалғыш адам ғана қайырымды жақсы істер жасай алады.

Олар ешкімді алдамайды. Қайырымды жақсы істер жасаған адамның, өзіне жақсылық болады. Қайырымды болсаң ғана жетістікке жетіп, жақсы адам боласың. Өзіміздің де бойымызда адамгершілік құндылықтардың бар екеніне көзіміз жетті. Осындай адамгершілігі мол, жақсы азамат болайық.
Ғажайып сөздер

Жақсылық жаса бәріне, кімге жасай аласың,

Жақсылық жаса бар жерде, қайда жасай аласың,

Жақсылық жаса бәріне, қашан жасай аласың,

Жақсылық жаса, қаншалықты жасай аласың.
Делай добро всем, кому можешь,

Делай добро везде, где можешь,

Делай добро, когда только можешь,

Делай добро, насколько хватит тебя.


Do all the good you can,

By all the means you can,

In all the ways you can,

In all the places you can,

At all the times you can,

To all the people you can,

As long as ever you can.

«Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін тамашалайық (ағылшын тілінде 3 бала сахналайды: автор –Румина, ақтиін – Аделия, қасқыр – Мансур)


-Ертегі не туралы?
-Ақтиін не себептен көңілді жүреді?
-Ал, қасқыр ше?
Сергіту сәті: «Жақсы немесе жаман»

Адамның жақсы қасиетін айтса, балалар қол шапалақтайды. Адамның жаман қасиетін айтса қолын артқа тығып, басын шайқайды.




Ұжымдық шығармашылық жұмыс:

Қағаздан күннің шуақтарын жасау.



Суретпен жұмыс:

Балалар, сендердің барлығыңның жақсы бала екендеріне сенімдімін.

Жақынырақ келіп, үстелдің үстінен «жақсы баланың істері» бейнеленген суреттерді таңдап алып, күнің айналасына жабыстыру қажет. Содан кейін,таңдауларыңды түсіндіріп берулеріңіз сұралады.

Орыс тілінде ойын-жаттығу

Хорошо, что солнце светит? (изображают солнце)

Хорошо! (хлопают в ладоши)

Хорошо, что дует ветер?

(изображают руками ветер)

Хорошо! (хлопают в ладоши)

Хорошо, идти с друзьями? (шагают)

Хорошо! (хлопают в ладоши)

Хорошо, при жаться к маме?

(обнимают себя)

Хорошо!

(хлопают в ладоши)

Хорошо, кружиться в танце?

(кружаться, руки на поясе)

Хорошо!

(хлопают в ладоши)

Хорошо,быть добрым, честным?

(выставляют большие пальцы)

Хорошо!

(хлопают в ладоши)


Ойын: «Мен қай кезде өзімді бақытты сезінемін»

1.I am happy when I hug my mummy



Мен анамды құшақтағанда бақыттымын

2.I am happy when the sky is sunny



Мен күн жарқырап тұрғанда бақыттымын

3.I am happy when I meet my friend



Мен досымды көргенде бақыттымын

4.I am happy when I help my granny



Мен әжеме көмектескенде бақыттымын

5.I am happy when people are kind



Мен адамдардың мейірімділігін көргенде бақыттымын

6.I am happy when stars are bright



Мен жарқыраған жұлдызды аспанды көргенде бақыттымын

7.I am happy when see the rainbow



Мен кемпірқосақ көргенде бақыттымын

8.I am happy when babies smile



Мен сәбилер күлгенде бақыттымын

9.Here are some rules for you and me!



Міне баршамызға ортақ ережелер

10.See how important they can be



Олардың қаншалықты маңызды екенін түсін

11.Always be honest be kind and fair



Әрдайым шыншыл мейірімді бол

12.Always be good and willing to share



Әрдайым жақындарыңмен бөліс

Барлығы бірге:

These are the rules we all should know



Бұл барлығымыз білу керек ережелер

We follow these rules wherever we go.



Қайда жүрсек те ұстануымыз қажет.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер-азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай!

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы, досым-ай!




  • еңбекқор бала;

  • қиындықты жеңетін;

  • таза;

  • ұқыпты;

«Жақсы, үлгілі бала» деп: киімдерін реттеп жинайтын, ойыншықтарын ұқыпты ұстайтын, гүлге су құятын, ата-анасына көмектесетін, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсететін баланы айтамыз.

Сәлеметсіз бе?- сөзі

Таңертеңгілік топқа келгенде амандасу керек.


Гүлді сыңдырған бала мойындап, апайдан кешірім сұрауы керек.
Сәуле ақылды, тілалғыш, қайырымды, ұқыпты қыз, ал Аслан тентек, ұқыпсыз, айтқанды тыңдамайтын бала.

Балалар ғажайып сөздерді үш тілде айтады.


Ақтиін мен қасқыр туралы.

Өйткені, ол әрдайым жақсылық жасайды.

Қасқыр ешкімге жақсылық жасамайды, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітеді, сондықтан да әрдайым көңілсіз, ашулы жүреді.


Мысалы: адал, мейірімді, әділ, қайырымды, қатал, қатыгез, өтірікші, ұқыпты, ұқыпсыз, әдепті, әдепсіз, тілалғыш, еңбекқор, ашушаң, ақылды, ақылсыз.

Балалар сары түсті размері А4 қағаздан, орама жасап, оны ватманға жапсырып, күннің бейнесін жасайды.


Мыс: майысқан ағаштың бұтағын байлап жатқан, үлкен кісіге амандасып тұрған, орын беріп жатқан, мысықты, балықты тамақтандыруда, киімдерін жинап жатқан, атаның таяғын алып беріп тұрған баланың суреттері ұсынылады.
Балалар, орыс тілінде өлең жолдарын жатқа орындап, мағынасына байланысты қимылдар жасайды.

Балалар тілектерін ағылшын тілінде жатқа айтып, смайликтерді көрсетеді.




Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар, бүгінгі ҰОІӘ-де не туралы білдік, немен айналыстық? Және кімге не ұнады?

Енді балалар, осынау әсерлі өткен ҰОІӘ-ді, барлық жақсы сезімдермен, игі істерді табиғаттан үлгі алып, соған қарап үйренейік деген оймен, мына бір даналық сөздермен аяқтағым келіп тұр.



  • Күн баршамызға жарық пен жылу сыйлайды. Әркімге сүйіспеншілік сыйлап, Күндей бол!

  • Теңіз кең, оған лай түссе де,ол өз тазалығын сақтайды. Теңіздей бол -

Сенің ойларың таза болсын!

  • Бұлбұл өз әнімен бәрін баурап алады.

Бұлбұл құстай бол - бәрімен сыпайы, биязы сөйлес!

  • Аққу өте талғампаз. Аққудай бол:

Өмірден тек жақсысын таңда, жақсыға ғана қара, жақсыны тыңда және тек жақсылық жаса!

  • Құмырсқа тауып алған дәнін өзі жалғыз жемейді, ол достарын шақырады. Құмырсқадай бол-

Басқалармен бөлісе біл!


  • «Жақсы, әдепті бала қандай бала болуы керектігі туралы білдік;

  • «Болайықшы осындай» деген ән айттық;

  • Бәріміз бірігіп күн жасадық;

  • Ойындар ойнадық;

  • Ағылшын тілінде ертегіні тамашалаған ұнады;

  • Ғажайып сөздер ұнады;

  • Жақсы іс-әрекеттерді ілген ұнады;

  • «Хорошо» жаттығуы ұнады;

  • Бақытты кездерімізді Смайликтермен көрсеткен ұнады.


Жомарт болуды - күннен

Бір орнында тұрып қалмауды - сыңғырлап аққан өзеннен,

Жарқырай білуді – жұлдыздан,

Ізденуді – жерден.

Көк аспаннан— самғауды.

Тазалықты – жаңбырдан.

Гүлдерден — сүйе білуді,

көкжиектен — арманды,

Табандылықты— желкеннен,

Ал кешірімді— ананың

мөлдір қара көзінен,

Үйренейік балалар,

Сөзіме құлақ салыңдар!


Күтілетін нәтеже –

Біледі: «Жақсы», «жаман» іс-әрекеттерді айыра біледі және үш тілде «Ғажайып сөздерді», орыс, ағылшын тілдерінде ойын-жаттығуларды жатқа орындайды, ертегіні ағылшын тілінде сахналайды.

Игереді: Балалар қағаздан орама жасап, оны ватманға жапсырып, күннің бейнесін жасауды, сурет арқылы әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгереді: Отбасы құндылығы, адамның бойындағы жақсы қасиеттері (шыншылдық, қамқорлық, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, тәртіптілік) туралы түсініктерді меңгерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет