Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Вариативтік компонент Өнер көзі халықта Тақырыбы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет5/6
Дата04.07.2018
өлшемі121,43 Kb.
#46465
1   2   3   4   5   6

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Шелпек

Мақсаты: Балаларға ұннан жасалған шелпек жайында қарапайым түсініктер беру. Асты қадірлеуге тәрбиелеу.Үзік сызықтар арқылы шелпекті бейнелеу.

Көрнекіліктер: Ұннан жасалған тағамдардың суреттері

Құрал-жабдықтар: Әртүрлі майлы қарындаштар, әр балаға сары түсті қарандаштар,қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: Қамыр, домалақ


Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

шығармашылық

Балаларға ұннан жасалаған тағамдардың суретін көрсете отырып, Мынау ненің суреті?

Балалар шелпек неден жасалады?

Шелпектің пішіні қандай?

Шелпектің түсі қандай?


Шелпек


Педагогтың көмегімен жауап береді «қамырдан»

Дөңгелек


Сары , қызыл


Ұйымдастыру-ізденістік

Алдарыңда шелпектің бейнесі бейнеленген парақ қағаз бар.

Тәрбиеші үлгі суретті көрсетеді.

Сары қарындаштармен шелпекті бояйды.

Қолынан келмей отырғандарға көмектеседі.

Балаларға салған суреттері бойынша әңгімелетеді.
Сергіту сәті:

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық.

Біз тынығып алайық.

Тынығып біз болған соң,

Әсем сурет салайық.

Балалар педагогтың айтып көрсеткенін қайталайды





Рефлексиялық- түзетушілік

Тәрбиеші балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын бағалап қорытындылайды.

Балалар өз жұмыстарын тамашалайды.


Күтілетін нәтиже:

Білді: Шелпектің көлемін түсін

Игереді: ұлттық тағам туралы қарапайым түсініктерді

Меңгереді: Қарандашпен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Күннің мол шуағы

Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты , көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екеінін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «күн сәлулесі» суреті

Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, қылқалам, гуашь, су, сүлгі.

Сөздік жұмыс: Жылы түс реңктері


Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

шығармашылық

Педагог жұмбақ жасырады:

Тұрғанымен жырақ өзі,

Таусылмайтын шырақ көзі.

Күн





Ұйымдастыру-ізденістік

Топқа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Педагог күн шуақтары «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.

-Күн- бүкіл Жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес.Күннің көзң де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары немесе сары түспен саламыз.


Сергіту сәті:

Қылқаламды қояйық

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық (алға, жанына созады)

Оңга қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық.
Педагог Күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.Үлестірмелі материалдағы күнге шуақтарын саламыз.

Қимылдармен жасайды.


Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызу арқылы шуақтарды салады.






Рефлексиялық- түзетушілік

Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.
Педагог балалармен бірге таныс алу жаттығуларын жасайды.

Балалар өздері жасаған жұмысты талдап, ұнаған суреттерін айтады. Тыныс алу жаттығуларын екі- үш рет қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Білді: Жылы түстердің реңктерін атайды

Игереді: -Күн- бүкіл Жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы екенін

Меңгереді: Түс бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Көк шөптер, дала гүлдері

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, көктемнің келбетін бақылаудағы түсініктерін тиянақтау, шөппен гүлдің салу тәсілімен таныстыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал- жабдықтар: қылқалам, бояулар, сүрткіштер, қағаздар.

Сөздік жұмыс: көк шөп.


Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларды ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырады. Сұрақ- жауап арқылы көмек келіп, күн жарқырап тұрғанын, шөптердің өскенін анықтайды.

Педагог балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызады. Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіндеп жап- жасыл түске енетінін, құстар келіп, жан- жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіреді.

Балаларға көктемгі таза ауамен деп алып, тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.





Балалар терезенің алдына келіп, далада күннің жарқырап тұрғандығын, шөп өсе бастағанын көреді.

Көктемде күннің жылитынын, құстардың келетінін, гүлдердің, шөптердің өсетінін айтады.


Тыныс алу жаттығуларын орындайды.

«Жарқырап», «шөптер», «гүлдер» сөздерін сыбырлап айтып, қайталайды.


Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасайды. Содан соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып береді. Ол суретте күннің, ұшып жүрген жәндіктердің бейнеленгенін айтады. Педагог бұл суретте ненің жетпей тұрғанын сұрайды. Балалар жерде өсіп тұрған шөп жоқ екенін айтады. (Егер балалар таба алмаса педагог жетектеу сұрақтарын қояды.) Педагог шөпті салып, суретті толықтыруды ұсынады. Содан соң қылқаламды жасыл түсті бояуға матырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетеді. Шөптің ұшына қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетеді. Шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назараны аударады. Яғни, түп жағын салғанда қылқаламды батырыңқырып, ал шөптің басына қарай қылқаламның ұшымен ғана бояу жағу тәсілін орындап көрсетеді. Шөптерді көбірек салсаңдар суреттегідей аралар, көбелектер бізге де қонаққа келеді деп қызықтырып қояды.

Сергіту сәті:

БІз кішкентай баламыз,

Өсіп- өніп, толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.


Балалар суреттегі табиғат көрінісі туралы әңгімелейді. Сұраққа жауап береді.

Қолдарына таратылып берілген суретте күн, жәндіктер бейленгенін айтады. Суретті толықтыру үшін шөпті салу керектігін айтады. Дайын үлгідегі шөптің қалай салынғанына талдау жасайды. Шөптің ұзынды- қысқалы екеніне көңіл бөледі. Түп жағы жуандау, ұшына қарай жіңішкере беретінін айта алуы тиіс.


Шөпті салу тәсілімен танысқаннан кейін қолдарына қылқаламды алып бояуға матырып алып, төменнен жоғарыға қарай салады.
Өлең жолдарының мазмұнын қимылмен көрсетеді.


Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардың күнді, шөпті қалай салғандарына тоқталып, суреттері әдемі болып шыққанын айтады. Кешке ата- аналарына көрсету үшін көрме жасап қоюды ұсынады.

Барлығы шеңбер құрап тұрып, бір- бірінің салған суреттеріне қарайды. Кімнің суреті әдемі екенін өздері айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктем мезгілі басталғанын, күннің жылығанын.

Игереді: көктемде күн көзі жарқырап, шөп өсетінін.

Меңгереді: бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: камзолды әшекейлеу

Мақсаты: Ұлттық киім-кешек заттарымен таныстыру. Камзолды әшекейлеу, іскерлік дағдыларын меңгерту. Коркемдік талғамын арттыру.

Көрнекіліктер: Қамзолдың суреті (үлгі), түрлі түсті бояу, қағаз, қылқалам, су.

Сөздік жұмыс: ұлттық киім, камзол, ою-өрнек атаулары т.б.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балалармен отбасы мүшелері жайында әңгімелеседі. Ұлттық киімдерге тоқталып әр түрлі сұрақтар қояды. Отбасы мүшелері киетін ұлттық киімдердің ерекшелігін әңгімелеп, оның әдемілігіне тоқталады.

Балалар отбасы мүшелері жайында айтып береді. "Бұл қандай ою" атты дидактикалық ойынды ойнайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

Ұлттық киімдерге, камзол оюларына назар аударып отырғаңда қонаққа кішкентай Әйгерім қыз кіріп, балалармен амандасып, не істеп жатқанын сұрайды, сабақта балалар ұлттық киімдердің әсемдігімен танысып жатқанын айтады. Әйгерім: - Менің өзімнің қуыршағыма әдемі камзол керек еді, балалар, сендер менің қуыршағыма әдемі камзол жасап беріңдерші - деп өтінеді. Тәрбиеші балаларға камзолдың жеке суретін көрсетіп, Әйгерімге балалармен бірге ситаттап шығады. Бәрі бірден үлгіге қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін естеріне түсіреді. Бояу түстерін таңдап, қағаз бетіндегі кеңістікті пайдалану, негізгі бөліктерін түсіру; қосымша бөліктермен толықтыру, бояу тәсілдерін тиімді қолдану (көлденең, тік, айналдырып, т.б.) камзолдың көлемін ұқсата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге бағыт беріледі.

Балалар камзолдың суретін салуға кіріседі. Әйгерім қыздың айтқан өтінішін орындайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Дайын болған камзолдарды тақтаға қатар қойып салыстырады. Әйгерім жақсы салынғандарын мақтап, кейбір кемшілігін айтып, талдау жасайды.


Іс-әрекет соңында Әйгерім балалармен "Дүкенші" ойынын ойнайды.


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Ұлттық киімдер жайында мағлұмат алады.

Қандай түсініктерді игерді: Отбасы мүшелері жайындағы түсініктерді игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Камзолдың суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік-дағдыларын меңгертеді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: кемпірқосақ

Мақсаты: балаларды түрлі-түсті қарандаштармен ұзын сызықтар сызу арқылы кемпірқосақтың салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кемпірқосақтың суреті,

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет салатын қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, мольберт т.б.

Сөздік жұмыс: кемпірқосақ


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация

лық

қозғаушы

лық

Педагог балаларға кемпірқосақтың суретін көрсетіп бұл не деп сұрайды?

Кемпірқосақ балалар жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады .

-Балалар қане түстерін атап көрейікші.


-Балалалар ойланып жауап береді.
Балалар атап береді.

Қызыл, сары, көк,жасыл



Ұйымдастыру-ізденістік

Тәрбиеші: М.Байділдановтың "Түрлі-түсті бояулардың айтысы" ертегісін мәнерлеп айтып береді. Күні бойы жасаған еңбектерінен әбден қалжырап жатқан түрлі-түсті бояу қарындаштар өзара әңгімеге кіріседі:

- сұмдық шаршап тұрғаным - деді қызыл бояу қызара біткен бетінің ұшын сүйріктей саусақтарымен сипап өтіп;

- қызыл бояусыз ешбір суреттің сәні кірмейді- деп қостап қойды оны сары түс сабырлы сөйлеуге тырысып, әр сөзін салмақтап;

- мына менсіз де бірде бір бүлдіршін аспаннан сәулелі нұрын шашқан күнді әсемдеп сала алмайды;

- ал мен болмасам, көктемгі жер бетін қағаз бетіне көшіру мүмкін емес. Бұл жантайып жатқан жасыл бояудың сөзі.

- Бояудың бояудан артығы болушы ма еді,-деп күбірледі ақ


бояу.

Өмірде әркімнің өз орны бар емес пе?

Соны ұмытпаңдар - деп тәрбиеші шығарманың негізгі желісі және идеясы жайында қысқаша баяндап балалардың қораптағы қарындаштарын алып көріп, түстерін анықтап қарауды және қандай түспен ненің суретін салуға болатынын ойлауды ұсынады.

Түрлі-түсті қарандаштарды пайдалана отырып ұзын сызықтар сызу арқылы кемпірқосақтың суретін бейнелейміз.



-балалалар ертегіні тыңдайды.

Түрлі-түсті қарандаштармен кемпірқосақтың суретін салады.



Рефлексивті түзетушілік

Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.


Суреттерін аяқтап, талқылайды.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: бояулар жайлы түініктер қалыптасып, олардың түрлері жайлы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: сүйріктей саусақтары, сабырлы, "Сәулелі нурын", жантайып, "тастай қараңғы" аптығын т.б. игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:бояуларды дұрыс таңдап сурет салуда сүйкеп жағу тәсілдерін және қол икемінің дұрыс дағдылануын менгереді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Қуыршақтың жастығы

Мақсаты: Қуыршақтың жастығының үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе қылқаламен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, қуыршақтың жастығы

Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, қағаздар.

Сөздік жұмыс: жастық

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады.

Педагог балаларға қуыршақ Айсананың қонаққа келгенін айтады.

Айсана: Сәлеметсіңдер ме, балалар.


  • Балалар менің жастығымды әшекейлеп бересіңдер ме, мен әдемі жастықта жатқым келеді.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

Жастық


Шеңбер құрап тұрып, бір- біріне күлімсірей қарап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Сәлеметсіз бе

Иә.


Жастық

Ұйымдастырушы

лық- ізденістік


Педагог жастықтық дайын үлгісіне назарларын аударып, Тік төртбұрыштың ішіне түрлі-түсті қарандаштармен түзу сызықтар жүргізу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел есті,

Кіп- кішкентай балалар

Үлкен болып өседі.

Педагог балаларға қуыршақ

Тегіс бояуларына назар аудару керек. Жастықты әдемілеп салуды және ұқыптылық ережелерін сақтауды үйрету қажет.

Педагогтың айтқанын қайталайды.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Сурет дәптеріндегі солдан оңға қарай түзу үзік сызықтарды қосып сызады.

Тік төртбұрыш ішіне әр түсті қарындаштармен параллель сызықтар жүргізеді.





Рефлексиялық- түзетушілік

­ Балалар, сендер салған жастық қуыршақ Айсанаға ұнады. Кім қандай түсті пайдаланды?

Педагог балалар салған әр суретке көңіл бөліп, мадақтайды.

«Қуыршты ұйықтат » дидактикалық ойынын ойнатады.


Балалар не салғандарын, қандай түспен бояғандарын айтады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: қуыршақтың жастығын сәндеуді.

Игереді: жастықты салуды.

Меңгереді: бояу қарындашпен біркелкі бояуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Аққу суда жүзіп жүр

Мақсаты: Аққу құсы туралы түсінік беру. Аққудың үнін, қимыл- қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аққу , қамқорлық.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларды терезе алдына шақырып, даладан естіліп тұрған көктемгі құстардың сайрағанын тыңдатады. Терезені жауып, орындарына отырғаннан кейін көктемде құстардың жылы жақтан келуі, балалардың құстарға арнап ұя жасап жатқан суреттерін көрсете отырып көктемдегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

Аққу құсының суретін көрсете отырып балаларға таныстырады. Балаларға аққу құсының қалай ұшатынын, дыбысын, қимыл- қозғалысын көрсетеді. Құстарды қорғап, қамқор болу керектігін түсіндіреді.


Сөздік жұмысын жүргізеді.

Аққу, қамқорлық



Терезе алдынан көктемдегі құстардың сайраған дыбыстарын естігендерін айтады. Суретке қарап өздеріне таныс құстарды атайды.
Құстардың қанат жайып ұшуын, жем шоқып жеуін, торғай сияқты секеңдеп жүруін қимылмен көрсетеді.

Аққу, қамқор сөздерін қайталап айтады.



Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог балаларға аққудың бейнесін салуды ұсынады.Дайын сурет үлгісі бойынша аққудың денесі сопақша, дөңгелекке, тұмсығы, қанаттары, құйрығының үшбұрышқа ұқсайтындығын түсіндіреді. Аққудың бейнесін ауада салып көрсетеді. Балаларға дайын аққудың суреті салынған дәптерді таратады. Дәптердегі аққудың суретін бояуды тапсырады. Бояу қарындашпен тегіс, біркелкі бояу тәсілін көрсетеді.


Сергіту сәті:

Торғай болып ұшайық,

Ұшып- ұшып алайық.

Бүркіт болып аң аулап,

Қыран құс боп самғайық.


Балалар суретке қарап құстардың дене бітімін сипаттап айтады.

Ауада аққудың бейнесін салып көреді.

Сурет дәптеріндегі аққудың дайын суретін түрлі түсті қарындашпен сызықтардың шетіне шығармай бояйды.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балалардан қазір жылдың қай мезгілі екендігін, қандай құстарды білетіндерін сұрайды. Құстарға әрдайым қамқор болу керектігін айтады. Еңбек нәтижесінде балалармен бірлесе талдау жасап, қандай құстың суретін салғанын сұрап, жақсы сурет салған балаларды мадақтайды.

Қазір жылдың қай мезгілі екендігін, өздері білетін құстарды атап айтады.
Кім қандай сурет салғаны жайында өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстарды қорғап, қамқорлық жасау керек екендігін.

Игереді: құстардың көктемгі тіршілігі жайындағы түсініктерді.

Меңгереді: аққудың суретін сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет