Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Күні



Дата07.02.2022
өлшемі18,58 Kb.
#90592
түріКонспект
Байланысты:
03.11.2020


Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 03.11.2020
Тәрбиеші: Бекболат Б.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мен қамқор баламын»
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік ретіндегі мәнін ашу
Міндеттері:
Білімділік: «қамқорлық» ұғымы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер, жұмыс дәптері
Билингвальді компонент:  достық-дружба, достар-друзья.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Достармен бір жолда,
Иықтасып жүреміз.
Қамқор болып әркімге
Жүреріне сенміз!

  • Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Бізге үйде, балабқшада кімдер қамқорлық көрсетеді?

  • Ал сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

  • Жақсылық жасап бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған ісінен танимыз.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Әңгімелеу:
Балаларға В.Осееваның «Жай ғана әжей» әңгімесін оқып беремін
Мұқият тыңдайды

  • Әңгімедегі балалар туралы не айтып берер едіңдер?

  • Ұл баланы әдепті, тәрбиелі бала деп айта аламыз ба?

  • Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Балалардың жауаптары
Сергіту сәті: «Сәлем берем үлкенге»
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем,
Жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
“Ассалаумағалейкум!”, - деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейілеп
Сәлемдесем сол тұста:
“Есенсіз бе, әжей!”, - деп.
Кім кезіксе көшеде,
Таныс емес демеймін.
Аға, тәте, көкеге,
“Сәлеметсіз бе!”, - деймін.
Дәптермен жұмыс
Ойын-жаттығу: «Мен қамқор баламын»

  • Қамқор бала ағашқа (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады.

  • Қамқор бала әжесіне, атасына су (орындық, таяқ) әкеледі.

  • Балалар достарының дұрыс жауаптарын қолдап, қолдарын шапалақтайды.

Өз қалаулары бойынша суреттерді ңбіреуін таңдап алып,, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.


Жүректен-жүрекке:
Балаларға өлең жолдарын бірге қайталауды ұсынамын.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрамыз.
Айналаға, бар адамға,
Тек мейірім сыйлаймыз.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды


Жаңылтпаш жаттау:
«Не деген таңғажайып бақша бұл,
Төбеден алма қарша жуып тұр».

Рефлекстік түзетушілік

- Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорымыз қайырымымыз, ешқашан ізсіз кетпейді. Қайта соның бәрі бізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс.
Тыныштық сәті:
- Қане, балалар, бір сәт тыныштың сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет