Жырау хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі21 Kb.
#110016
  1   2
Байланысты:
Жырау
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Пернеханқызы Балнұр, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2

Жырау, жыршы – ақын сынды халық әдебиетін жасаушылар. Жыраулар поэзиясының табиғаты да дара және өзіндік тақырыптық ерекшеліктері де өзгеше болады. Жыраулар – қоғамдық-әлеуметтік тұлға.

Хандық жүйе кезеңінде жыраулар ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші, көмекші болып, мемлекет істеріне араласып, қоғамда өзіндік роль атқарды.

Жырау – хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.

Жыраулар қазақ хандығы қалыптасып, нығаю процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқарды.

Жыраулар саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болып, қалыптасты.

Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжам өлеңдер.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір айтулы мұра, тот баспас асыл, ағынды да, арналы сала – жыраулар поэзиясы.

Негізінен, жаугершілік уақыттарда туып, тарих көшіне ілескен жыраулық өнер “тұлпар мініп ту байлап, жауға шаптым айғайлап” замандардың атыс-шабыс дерегі емес – өткір, өр, сұлу өлең, аруақты бабаларымыздың арманы мен ардағы жатқан сиқырлы жыр дүниесі.

Жырау поэзиясы әдебиеттану ғылымымызда, әдебиет тарихында көркемдік негіздері жөнінен де, әлеуметтік, тарихи мәні жөнінен де жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері.

Жырау поэзиясы ежелгі түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, тұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына айналды.

Сол себептерден де жырау – өз қоғамының бас идеологы. Бұл миссия қазақ хандығы дәуірінде аса айқын көрініп; қазақ хандығы жойылып, билік жүйе өзгергенде аяқталды. Жалпы жыраудың әлеуметтік статусы, қоғамдық тұлғасы қазақ мемлекетімен аса байланысты құбылыс. 18 ғасырдың аяғында, қазақ хандығы жойылған тұста жыраудың әлеуметтік сипатының бірталайы тарих сахнасына көшті. Жыр түрі, үгіт, өнеге, ел қамын жеу, т.б. құбылыстар, сарындар сақталғанымен, негізгі жырау қызметі – мемлекет, қоғам ісін басқаруға – реттеп отыруға қатысу аяқталды.

Қазақ әдебиетіндегі жыраулар өмірнамасының пайда болу, туу себептері, оның толығу, даму, кемелдену кезеңдері; жекелеген жыраулардың өмірбаян деректерін жүйелеп, шығармашылық мұрасының сақталу, басылым, зерттелу жайы жөнінен, жырау поэзиясының көркемдік өзгешіліктері ұзақ жыл бойы қазақ әдебиетінің бар мұрасын жиып, бағалап, саралап, бастырудың тұтас шаруасының аясында қамтылып келген іс.

Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар өздері “өлең” және “жыр” деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады.

Халел Досмұхамедұлы жиырмасыншы жылдары, халық әдебиеті үлгілерін мазмұн, мән, сипат жағынан клавссификациялап келіп оның бір түрі болжал өлеңдер екенін айтады. Оның шу басында Жәнібек хан тұсында өмір сүрді делінетін Асан қайғы тұрады деседі.

Х. Досмұхамедұлы Асанның Жәнібекке айтқаны дейтін толғауды талдайды.

Поэзияның билер сөзі, ұтымды да тапқыр жауапты түрі бар ол билік сөз дейді. (Жырау көсем, би, т.б. деген тұжырымдар сол негіздерде жатыр – Қ. М.).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет