Жұманғазы Айсара Логопедия 3 топ СӨЖ № Тапсырмалар



Дата17.02.2023
өлшемі0,85 Mb.
#169194
түріҚұрамы
Байланысты:
Жұманғазы Айсара сөж 13 дәріс
8 БӨЖ, № 9 Тәжірибелік сабақ, Синергетикалық парадигманың қалыптасуы, 8 Демографиялық дамуды болжау

Жұманғазы Айсара Логопедия 3 топ
СӨЖ № 6. Тапсырмалар
Арнайы мектептің 1-4 сыныптарында сөз құрамынан берілген материалдарды талдау.

Тақырып

Сағат саны

Түсіндірме

Түбір

2

Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі екендігі түсіндіріледі. Бұл түбір сөз түпкі негіз есебінде сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйытқысы болып есептелінеді. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бір де біреуі яғни, бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайтындығы айтылады.

Қосымша

2

Түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема екендігі түсіндіріледі. Мағыналық, тұлғалық, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылатындығы айтылады.

Жалғау

2

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: жұмыс-жұмыста, ойын-ойынға, етік-етікті мысалдар келтіре отырылып, түсіндіріледі. Сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар екендігі айтылып өтіледі.

Жұрнақ

3

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деп түсіндіріледі. Мысалы: жұмыс-жұмысшы, ойын-ойыншық, етік-етікші мысалдар келтіріледі.Жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымшаны айтамыз.

Қысқарған сөз

2

Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Америка Құрама Штаттары АҚШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ болып, Машина-трактор станциясы МТС болып, қысқартып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейміз.

Қос сөз

4

Қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздерді қос сөз деп айтамыз. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әртүрлі. Мысалы: ата-ана, құрт-құмырсқа, ертелі-кеш, анда-санда, күні-түні, салт-сана т.б. мысалдар келтіре отырылып түсіндіріледі.

Біріккен сөз

3

Екі, кейде одан да көп сөздердің бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөзді атайды. Біріккен сөздер сөз табының барлығында ұшырасады. Мысалы: теміржол, қырықаяқ, үшбұрыш, өнеркәсіп, қолхат т.б. мысалдар келтіріледі.

Түбірлес сөздер

3

Бір түбір арқылы жасалған туынды сөздер макросемалы бір буынды түбірден түрлі сөзжасамдық тәсіл негізінде алуан түрлі семаларға жіктеліп, бір семантик өріске жататын ортақ мағыналы туынды сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: Су-сушы-суат-сусыз-сусын-суар-сулы, Біл-білім-білгіш-білімпаз, Сый-сыйлы-сыйлық-сыйлау т.б. мысалдар келтіре отырылып түсіндіріледі.

Туынды сөздер

2

Туынды сөз- сөзжасам саласының негізгі ұғымы. Қазақ тілінің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Қазіргі қазақ тіліндегі бір буынды атаулардың өзі туынды сөз ретінде танылады. Мысалы: тау, ат, су, ақ, жақ т.б. жатады.

Дара және күрделі сөздер

4

Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз деп айтатындығы түсіндіріледі. Мысалы: әке, жолдас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептелінеді. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, құрбы-құрдас, қара торы, боз торғай сияқты мысалдар келтіріліп түсіндіріледі.


2
. «Түбір мен қосымша» тақырыбына көрнекілік жасау















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет