Жұмыс бағдарламасы Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Дата24.04.2017
өлшемі257,47 Kb.
#14987
Ақтөбе қаласы

32 мектеп – гимназия



Оқу жұмыс бағдарламасы
Ресми іс қағаздарын

мемлекеттік тілде жүргізу
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдиярова Күлайым


2006-2007 оқу жылы

Құрметті оқушы! Бұл оқу жұмыс бағдарламасы Сіз үшін арнайы жасалынған. Бағдарламадағы барлық тармақтармен мұқият танысыңыз. Сіз бұл бағдарламадан «Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәні бойынша өзіңізге ақпаратты таба аласыз.
Негізгі әдебиетіңіз:

  1. Р.Сыздықова., Қазақ әдебиеті тілінің тарихы. Алматы: Мектеп, 1993 ж.

  2. Д.Х.Ақанова., А.М.Алдашева., З.Қ.Ахметжанова., Қ.ҚҚадашова., Э.Д.Сүлейменова., Ресми әскери қазақ тілі. Алматы: Арман, 2002 ж.

  3. Л.Дүйсембекова., Қазақ ресми іс қағаздары. Алматы: Ана тілі, 2005 ж.

  4. А.М.Алдашева., З.Қ.Ахметжанова., Қ.Қадашева., Э.Сүлейменова., Ресми іс қағаздары. Алматы – Сөздік словарь, 2001 ж.

  5. П.Томанов. Тіл тарихы туралы зерттеулер. Алматы: Ғылым, 2002 ж.

  6. Ә.Ибатов., XIV ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі. Алматы: Ғылым. 1990 ж.

  7. К.Д.Саурықова., Р.Д.Қарымсақов., Б.А.Омарова. Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту – Алматы: Қазақ университеті, 2000 ж.


Қосымша оқитын әдебиетіңіз:

  1. Р.Сыздықова. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы: Мектеп, 1993 ж.

  2. Р.Т.Қожабекова. Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктері: Филол.ғыл.кан.дис. – Алматы: 2002 ж.

  3. Дала уалаятының газеті. Құрастырушы: У.Субханбердина. Алматы: Ғылым, 1994 ж.

Пәннің қосымша сипаттамасы:

Бұл пән 15 практикалық сабақтан, 2 аралық бақылаудан, 5 ОӨЖ тапсырмаларынан, 19 ОМӨЖ тапсырмаларынан, қорытынды бақылау емтиханнан тұрады.



Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларды күнделікті ресми-әскерлік қарым-қатынаста игерілетін қазақ әдеби тілінің лексика-грамматика жүйесімен таныстыра отырып, іс-қағаздарын жүргізу мен ресми құжаттар әзірлеуге үйрету.

Құжаттардың жазылу үлгісімен қатар оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті нәрселерінің бірі- құжаттың жазылу тілін(стилін) меңгеруі. Әрбір құжаттар өзіндік жазылу стилін сақтау мемлекеттік стандарттың талабын орындау.

Барлық құжаттарға тән қолданылатын негізгі жазу үлгісі ресми- іскерлік стиль.



    • әрбір тақырыпта ресми құжаттарының үлгілері, оның қысқаша сипаттамасы беріледі.

    • Ресми құжаттарда қолданылатын тұрақты терминдер мен терминдік сөз тіркестері.

    • Ресми құжаттарға тән тұрақты оралымдар мен терминдерді игеруге дағдыландыратын тапсырмалар.


«Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің мазмұны.

Практикалық сабақарының тақырыптары.


Сабақ



Апта

Сабақтың тақырбы

Сабақ саны

Уақыты

1

1

Жұмыс орны туралы.

Ресми қағаз: Өмірбаян, резюме



1




2

2

Іскерлік кездесу

Ресми қағаз: Бұйрық. Қаулы. Еңбек келісімі



2




3

3

Іссапар

Ресми қағаз: Іскерлікхат. Сенімхат



1




4

4

Іскер топтарға арналған семинар:

Ресми қағаз: Анықтама. Келісім шарт



1




5

5

Көпшілік алдында сөйлей білу.

Ресми қағаз: Тезис. Заң. Жарғы.



2




6

6

Акция – құнды қағаз

Ресми қағаз. Келісім



1




7

7

Жұмыс аптасын жоспралай білу.

Ресми қағаз: хабарлама хат. Талапарыз



2




8

8

Ресми мекемелермен байланыс

Ресми қағаз: Бұйрық. Хаттама. Жеделхат



1




9

9

Қазақстан Республикасының мейрам күндері. Ресми қағаз: Құттықтау.

Мерейтойлық құттықтау хат



1




10

10

«Ақтөбе облысының экологиясы» атты конференция.

Ресми қағаз: Бағдарлама. Шақыру билеті



1




11

11

Телефон арқылы байланыс.

Ресми қағаз: Телефонаграмма. Факс жіберу



2




12

12

Кәсіпкерлермен кездесу.

Ресми қағаз: көрме ұйымдастыру



1




13

13

Маманды қалай таңдайсыз.

Ресми қағаз: Хабарландыру. Анықтама. Мінездеме.



1




14

14

Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу.

Ресми қағаз: Қолхат. Кепілхат



1




15

15

Ресми атаулар мен ұйым аттарының, адамның аты-жөнінің қысқарған сөздерінің жазылу ережесі.

Ресми қағаз: Мекеме, ғылыми зерттеу институттары, оқу орындарының жазылуы, адамның аты – жөнінің жазылуы



1



Пән бойынша сабақ кестесі: 1 рет, 45 минут.






Апта

Практикалық сабақ

МОӨЖ тапсыру мерзімі

ОӨЖ тапсыру мерзімі

1

1

Практикалық сабақ

МОӨЖ №1

ОӨЖ

2

2

Практикалық сабақ

МОӨЖ №2

ОӨЖ

3

3

Практикалық сабақ

МОӨЖ №3




4

4

Практикалық сабақ

МОӨЖ №4

ОӨЖ

5

5

Практикалық сабақ

МОӨЖ №5




6

6

Практикалық сабақ

МОӨЖ №6

ОӨЖ

7

7

Практикалық сабақ

МОӨЖ №7




8

8

Практикалық сабақ

МОӨЖ №8

Аралық бақылау

9

9

Практикалық сабақ

МОӨЖ №9




10

10

Практикалық сабақ

МОӨЖ №10

ОӨЖ

11

11

Практикалық сабақ

МОӨЖ №11




12

12

Практикалық сабақ

МОӨЖ №12

ОӨЖ

13

13

Практикалық сабақ

МОӨЖ №13




14

14

Практикалық сабақ

МОӨЖ №14




15

15

Практикалық сабақ

МОӨЖ №15

Аралық бақылау

МОӨЖ тапсырмаларының қысқаша шолуы






Тақырып атауы

Тапсырма

Тапсыру мерзімі

Жұмысты орындау түрі мен көлемі

1

«Уақыт алтыннан қымбат» деген тақырыпқа эссе жазу.

Өмірбаян - резюме



1

1-2 апта

Ауызша жауап қайтару, эссе

2

Келісім шарт. Бұйрық. Қаулы

2

3-4 апта

Үлгі жазу

3

«Егеменді Қазақстан» газеті тілшісі ретінде мәжіліскермен сұхбаттасыңыз

3

5-6 апта

Талдау жасау

4

«Сыбайлас жемқорлық - өркениетті мемлекетке жат құбылыс» тақырыбына мақала

4

7-8 апта

Мақала

5

Құттықтау хат жазу.

Мерейтойды құттықтау



5

9-10 апта

Талдау

6

Сенімхат. Қолхат. Кепіл хат үлгілері

6

11-12 апта

Талдау

7

Жұмыс аптасын жоспарлау

7

13-14 апта

Айлық, жылдық жоспар

8

«Қазіргі заман азаматы» тақырыбына дискуссия

8

15 апта

Конспект, мәнжазба


«Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәні бойынша

ОӨЖ тапсырмаларының қысқаша шолуы




Тақырып атауы

Тапсырма

Тапсыру мерзімі

Жұмысты орындау түрі мен көлемі

1

Іскерлік кездесу

Бағдарлама, баяндама, сұрақ-жауап тапсырмалары

2-3 апта

Тапсырмалар

2

«Бүгінгі жастар – ертеңгі келешек» пікірталас

Хаттама, жарыссөз

4-5 апта

Хаттама, жарыссөз

3

Маманды қалай таңдайсыз?

әңгімелесу, сұхбат

6-7 апта

Әңгімелесу, сүхбат

4

Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді.

Абайдың 37-ші тақырыпқа алып, эссе жазып келу

8-9 апта

Эссе жазу

5

Жарнама жариялай білесіз бе?

Өз фирмаңыздың қызметін таныстыру, хабарландыру жазып келу

10-11 апта

Хабарландыру, таныстыру

1 практикалық сабаққа тапсырма:

«Жұмыс орны туралы. Ресми қағаз: Бұйрық. Қаулы. Еңбек келісімі»



    1. Танысу рісімі

    2. Визит карточкасы


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүйлейменова., Ресми – іскери қазақ тілі Алматы, 2002. 124-125 бет.

Л.Дүйсембекова., Іс қағаздарын жүргізу. Алматы. 2005.
2 практикалық сабаққа тапсырма:

«Іскерлік кездесу. Ресми қағаз: Бұйрық. Қаулы. Еңбек келісімі»



    1. Ресми құжаттардың тілдік құралдары:

Үнемділік. Ықшамдылық.Нақтылық.

    1. Іскери қарым-қатынас тіліндегі сыпайылықтың нысандары:

Лексикалық және грамматикалық ерекшеліктер.

    1. «Шағын бизнесті дамыту жолдары» іскерлік кездесу


Әдебиеттер

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.


3 практикалық сабаққа тапсырма:

«Іс сапар. Ресми қағаз: Іскерхат. Сенімхат»



    1. «Сіз тендер жөніндегі комиссияның бастығысыз» атты тақырыпта ресми қағаз үлгілерін дайындаңыз.

    2. Сенім хат үлгісін дайындаңыз


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.


4 практикалық сабаққа тапсырма:

«Іскер топтарға арналған семинар: Ресми қағаз: Анықтама. Келісім шарт»



    1. «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны талқылау.

    2. Досыңызбен қазіргі саясат туралы пікірлесіңіз.

    3. Анықтама. Келісім шарт үлгілерін жазу.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

5 практикалық сабаққа тапсырма:

Көпшілік алдында білу: Ресми қағаз: Тезис. Заң. Жарғы.


    1. «Көпшілік алдында сөз сөйлей аласыз ба?» атты мәтінді талдау

    2. «Өнер алды қызыл тіл» атты әңгіме

    3. Берілген тіркестер бойынша сөйлемдер құрату.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

6 практикалық сабаққа тапсырма:

Акция – құнды қағаз. Ресми қағаз. Келісім.


    1. «Акция – құнды қағаз» атты мәтінмен жұмыс

    2. Акционерлер арасындағы сұқбат.

    3. Келісім шарт. Келісім үлгісін жазуға үйрену.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

7 практикалық сабаққа тапсырма:

Жұмыс аптасын жоспарлай білу. Ресми қағаз: Хабарлама хат. Талапарыз.


    1. Жұмыс аптасын жоспарлай білесіз бе? атты мәтінмен жұмыс.

    2. Бір аптаның жоспарын жасау.

    3. Хат және оның түрлерін жасау үлгісі.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

8 практикалық сабаққа тапсырма:

Ресми мекемелермен байланыс. Ресми қағаз: Бұйрық. Хаттама. Жеделхат.


    1. Ресми мекемелерге байланысты құжатты түрлері.

    2. Бұйрық, хаттама, жеделхат үлгілерін жазу.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

9 практикалық сабаққа тапсырма:

Қазақстан Республикасының мереке күндері. Песми қағаз:

Құттықтау. Мерейтойлық құттықтау хат.



    1. Қазақстан Республикасының мереке күндерінің шығу тарихымен танысу.

    2. Құттықтау, мерейтойлық құттықтау хат үлгілері.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

10 практикалық сабаққа тапсырма:

«Ақтөбе облысының экологиясы» атты конференция. Ресми қағаз: Бағдарлама. Шақыру билеті.


    1. «Ақтөбе облысының экологиясы» атты конференциясына тезис жазу.

    2. Бағдарлама, шақыру билеті үлгілерін әзірлеу.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

11 практикалық сабаққа тапсырма:

Телефон арқылы байланыс. Ресми қағаз: Телефонограмма. Факс жіберу.


    1. Жеделхатты жазу үлгісі.

    2. Телефонхат факс арқылы жіберілетін хаттармен жұмыс.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

12 практикалық сабаққа тапсырма:

Кәсіпкерлермен кездесу. Ресми қағаз: Көрме ұйымдастыру.


    1. Кәсіпкерлермен Ақтөбе өңірінің туризм саласын дамыту мақсатында көрме ұйымдастыру.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

13 практикалық сабаққа тапсырма:

Маманды қалай таңдайсыз? Ресми қағаз: Хбарландыру.

Анықтама. Мінездеме.



    1. «Мамандықты қалай таңдайсыз?» атты сұхбат ұйымдастыру.

    2. Әр мамандыққа байланысты қасқаша эссе жазу.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

14 практикалық сабаққа тапысрма:

Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Ресми қағаз:

Қолхат. Кепілхат.



    1. «Қазіргі заман талабына сай азамат» деген тақырыпта диспут ұйымдастыру.

    2. Қолхат және кепілхат үлгілері.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

Вүсалагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.
15 практикалық сабаққа тапсырма:

Ресми атаулар мен ұйым аттарының, адамның аты-жөнінің қысқарған сөздерінің жазылу ережесі. Ресми қағаз: Мекеме, ғылыми зерттеу институтары, оқу орындарының жазылуы



    1. Ресми атаулар мен ұйым аттарының, адамның аты-жөнінің қысқарған сөздерінің жазылу ережесінің үлгілері.

    2. Ресми орындардың, адамның аты-жөнімен танысу ережелерімен танысу.


Әдебиеттер:

Д.Ақанова., А.Алдашова., З.Ахметжанова., Қ.Қадашова., Ә.Сүлейменова. Ресми - әскери қазақ тілі. Алматы. 2002, 124-125 бет. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2005 ж.

Вүсалагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2002 ж.

Бірінші аралық бақылауға арналған коллокиумға сұрақтары


  1. Өзіңіздің өмірбаяныңыз бен өмірбаян – резюме

  2. Оқуға қабылдану туралы бұйрық үлгісі.

  3. Жұмысқа қабылдауға байланысты арыз немесе өтініш.

  4. Өз факультетіңіз туралы газетке жарнама.

  5. Кадрлар жөніндегі жеке іс-парағының үлгісі.

  6. «Депутат болғым келеді» деген тақырыпта сұхбат.

  7. Ісіңіз өнсін десеңіз, әр күнді сағатына дейін жоспарлап көрсет.

  8. «Іскер адам болу үшін не істеу керек?» тақырыбында әңгіме.

  9. Хат және оның түрлері.

  10. Наурыз мейрамына байланысты құттықтау хат дайындаңыз.

  11. Іскер топтарға арналған семинардың қаулысын жазыңыз.

  12. Хаттама, қаулы. Шешімдер жазу үлгісі.

  13. Ақпараттық анықтамалық құжаттар. (Жеделхаттар, баяндаухаттар)

  14. Еңбек қатынастарын құжаттау. (Өтініш, келісім, түйін түрлері)

  15. Анықтама және акт үлгілерін жасау.

  16. Өмірбаян, мінездемелер жазу.

  17. Сенімхат, қолхат үлгілері.

  18. Келісім шарт үлгісі.

  19. Көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптар.

  20. «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі бағдарламаға көзқарасыңыз.



Екінші аралық аттестацияның бақылау жұмысына арналған тапсырма:
Бақылау жұмысы 11-12 лекция, 10, 11, 12, 13 – практикалық жұмыстарына негізделген. Сондықтан да осы тақырыптарға байланысты әдебиеттерді толық оқуларыңыз керек.

  1. Ресми құжаттардың қай түрі хабарламахатқа жатады?

а) өтініш, арыз

ә) жеке іс парағы, өмірбаян - резюме

б) қолхат, баяндаухат, жолдаухат

в) хаттама, қаулы, тапсырма



  1. Сіз мекемеде жұмыс істейсіз. Бастығыңызға шақырухат жіберу үшін төмендегі қаратпа нысандарының қайсысын пайдаланар едіңіз?

а) жоғарғы мәртебелі

ә) құрметті

б) жолдас

в) аяулы


  1. Бірнеше қысқарған сөз беріліп отыр. Олардың қай қатарындағы толық атауды дұрыс екендігін белгілеңіз. ЖШС, БАҚ, ҰҚҚ.

а) жауапты шаруашылық серіктері, барлық ақпарат құралдары, ұлттықты қадағалау комитеті

ә) жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық қауіпсіздік комитеті

б) жалпы шаруашылық секторы, бүкіл аймақтық қалалар, ұйымдық комитеті

в) жауапкершілігі бар шаруашылық серіктестік, балалар аудандық қоғамы, ұйымдық қорғаныс комиссиясы



  1. Әріптеріңіздің пікіріне үзілді – кесілді келіспейтіндігіңізді білдіру үшін бірнеше коммуникативтік репликаны пайдалануға болады. Қай қатардағы варианттарды таңдайсыз?

а) әрине, мүмкін болса, нақты айтқанда

ә) құптамаймын, менің ойымша, тіпті

в) ендеше, айталық, әдетте


  1. Төмендегі қатардағы қайсысында лауазым атаулары берілген?

а) мәжіліс, сенат, құрылтай, отырыс

ә) ардагер, зейтнеткер, майдангер, жетекші

б) оқушы, тыңдарман, оқырман, тыңдаушы

в) бас маман, құрылтайшы, мәжіліскер, төраға, төрайым, көмекші



  1. Кандидатты жұмысқа қабылдай алмайтындығыңыз туралы хабарламағанда, қандай коммуникативтік репликаның қолданар едіңіз?

а) нақты айтқанда

ә) өкінішке орай

б) демекші

в) таңқаларлық



  1. Ресми құжат – анықтама не үшін беріледі?

а) сіздің жұмыс орныңызды нақтылау үшін

ә) жасыңызды көрсету үшін

б) тапсырманы орындау мақсатында

в) демалысқа шығу үшін



  1. «Ресми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркестерді көрсетіңіз.

а) ресми көше, ресми ел, ресми аумақ

ә) ресми мақсат, ресми тіркес, ресми өнім

б) ресми сөз, ресми тіл, ресми топ, ресми қағаз

в) ресми қала, ресми курс, ресми компания



  1. Ресми құжат – хаттама қандай жағдайда жазылады?

а) мәжілістің, жиналыстың өту барысын тіркеу және рәсімдеу үшін

ә) қаулы шығару үшін

б) мәселені талқылау үшін

в) баяндама жасау үшін



  1. Хаттамаға кім қол қояды?

а) жиналыстың төрағасы

ә) хатшы


б) баяндамашы

в) төраға және хатшы



  1. Нотариус қандай жұмыс атқарады?

а) ресми құжатты қуаландыру

ә) ресми құжатты дауыстап оқиды

б) ресми құжатты жазады

в)ресми құжатты береді



  1. «Растау» сөзінің синонимін белгілеңіз.

а) куәландыру

ә) рәсімдеу

б) тіркеу

в) жүргізу



  1. Ресми құжат-кепілхат қандай жағдайда жазылады?

а) белгілі бір құндылықтардың алынғанын (берілгенін) куәландыру үшін

ә) анықтама алу үшін

б) айып төлеу үшін

в) пайыз төлеу үшін



  1. Несие алу үшін кепілдікке не алынады?

а) құжат

ә) жылжымайтын мүлік

б) кепілхат

в) анықтама



  1. Ресми құжат-қолхатты жазудың қай үлгісі дұрыс?

а) Мен – бақыт Мұсақызыымн, паспортым – 707133, кеше әріптесім, Болат Асқаровтан 10.000 теңге алдым.

ә) Мен, Бақыт Мұсақызы, мекенжайым: Астана қаласы, Республика даңғылы, 35-үй, жеке басының куәлігі 707133, Қазақстан Республикасы ІІМ берген, Алматы қаласы Қонаев көшесі, 31-үй, 41-пәтерде тұратын Болат Асқаровтан 10.000 (он мың теңге) алдым.

б) Менің аты-жөнім Бақыт Мұсақызы, мен Болат Асқаровтан жүз мың теңге алып отырмын

в) Мен әріптестерім Болат Асқаровтан 10.000 теңге ақша алдым. Менің аты-жөнім Бақыт Мұсақызы. Төлқұжатымның нөмірі - 707133



  1. «Жарнама» сөзі қай қатардағы сөздермен түбірлес және мағыналас

а) жарқырау, жарық беру

ә) жар салу, жариялау, жарлық

б) жар жағасында, өзеннің жары

в) сүйген жар, адал жар



  1. Еңбек келісімі – ресми құжат. Сіз еңбек келісіміне қол қойдыңыз. Оның күші қандай жағдайда тоқтатылады?

а) өзім қаласам, тоқтатқым келсе

ә) екі жақтың өзара келісімі арқылы, орындаушының іскерлік деңгейі төмен екендігі анықталса

б) егер бастық маған ұнамаса

в) отбасы жағдайыма байланысты



  1. Келісім шарт қандай мақсатты көздейді?

а) адамдардың азаматтық құқықтары мен бостандықтары белгілейді

ә) ТИБ-те тіркеу үшін

б) анықтама сияқты

в) қол қою үшін



  1. Заң құжаттарына қандай ресми қағаздар енгізіледі?

а) анықтама, сенімхат

ә) жарғы, ереже, тұжырымдама

б) өтініш, рапорт, хаттама

в) тіркеу карточкасы, кеден декларациясы



  1. «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын қай қатардағы тіркес бере алады?

а) мақтаныш етеді

ә) әлемге танымал белгілі қайраткер

б) сүйсініс білдіреді

в) тұсаукесер рәсім



Тест жауаптары


  1. б

  2. ә

  3. а

  4. ә

  5. в

  6. ә

  7. а

  8. б

  9. а

  10. в

  11. а

  12. а

  13. а

  14. ә

  15. ә

  16. ә

  17. ә

  18. а

  19. ә

  20. ә


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет