Жұмыстың мазмұны:
Кіріспе...................................................................................................................3
Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік, Delphi не істей алады?......................................................................................................4
2. Delphi программалау ортасы............................................................................5
2.1. Мәзір пукттеріне енгізілген негізгі командаларды
Орындайтын түймелер.........................................................................................6
2.2. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы......................................7
2.3. Оқиғалар. Программалық код терезесі......................................................8
2.4. Берілгендерді енгізу және шығару. InputBox
функциясы. ShowMessage процедурасы. Типті түрлендіру функциясы...... 10
2.5. Берілгендерді формада енгізу және шығару...........................................13
2.6. Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау..........................................14
2.7. Компоненттер палитрасы жөнінде..........................................................14
3. Жобалардың негізгі файлдары.....................................................................15
4. Database Desktop- тың көмегімен кестелер құру.........................................16
5. Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері........................................... 21
6. Графикалық режимде баспаға шығару. Берілген форманы шығару........ 26
Графикалық мәліметтерді баспаға шығару
(TPrint объектісі)....................................................................................................27
Қорытынды........................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыста Delphi ортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың ерекшеліктері, Delphi жобаларының негізгі файлдары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi-ді өңдеудің интегралданған ортасымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамын. Delphi ортасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Delphi программасы туралы қысқаша мәлімет берейік.
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
Солардың ішінде Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады.
Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Delphi программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 – нұсқалары жарық көрді. 5, 6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым – Delphi-дің негізгі интерфейстік құрылымы бойынша сипаттама жүргізу. Оның барысында сіз бұл күрделі жүйемен таныса аласыз.
Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары жарық көрді. 5,6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
4
1-сурет. Delphi ортасы.
1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.
2. Форма (Form1).
3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).
5. Негізгі мәзір. 6. Аспаптар панелі.
7. Компоненттер палитрасы.
Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Borland Delphi 5 – Delphi 5.
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1-суретті қара).
Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір (5), аспаптар панелі (6) және компоненттер палитрасы (7) енгізілген (1-суретті қара). Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Ортада программа құруға арналған төртінші терезе – модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Бұл модуль терезесі форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды
орындайтын түймелер Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі
Бұл түймелер – пиктографикалық түймелер деп аталады. Пиктографикалық түймелер бас мәзірдің маңызды опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пиктографикалық түймелер келесі командаларды жүзеге асырады:
Бағдарламаның алдында жасалынған жобаны ашады (File/Open опциясы);
Файлды ашады (File/OpenFile);
Жобаны дискіде сақтайды (File/Save Project);
Жаңа файлды жобаға қосады (File/SaveFile);
Жобадан файлды алып тастайды (File/AddFile);
Ағымдағы жобаға байланысты модульдер тізімінен модуль таңдайды (View/Units);
Бағдарламаның код терезесі және форма терезесі арасындағы белсенділігін алмастырады (View/Toggle Form/Unit);
Ағымдағы жобоға байланысты формалар тізімінен форма таңдайды (View/Forms);
Жаңа бас форма құрады және оны жобаға қосады (File/New Form);
Бағдарламаны орындайды (Run/Run);
Шақырылатын бағдарламаша жұмысын қадағалауды және бағдарламаның қадамдық із салуын жүзеге асырады (Run/Trace Into); және тағы басқалар.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті.
Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspecteor) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанаға енгізіген жазулардан оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-суретті қара). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі
Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі.
Font (Шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.
Caption (Тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты.
Color(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады.
Delphi-де оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байлансты оқиғалар саны – 35 (2-суретті қара).
2-сурет Форма оқиғалары
Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick – тышқан батырмасын бір рет басу;
OnDblClick – тышқан батырмасын екі рет басу;
OnKeyDown – пернені басу;
OnCreate – форманы екі рет шерту; т. б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды.Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.
3-суретте форманы екі рет шерткен кезде программмалық код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген.
3-сурет Программмалық код терезесі
Код терезесі программа мәтінін құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелермен құрастырылады және программа жұмысының алгоритімін сипаттайды. Мәтін жазу ережелерінің жиыны бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Borland корпорациясының Паскальдің кең тараған түрін құрайтын Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Бастапқы кезде код терезесі Windows терезесі ретінде нормальды бос форманың жұмысын қамтамасыз ететін минимальді нәтижелік мәтіннен тұрады. Жобада жұмыс жүргізу кезінде бағдарламалаушы программаға қажетті функционалдықты беру үшін қажетті толықтырулар енгізеді. Жай программа жасау үшін де программалық кодты жасау және өзгерту керек болады.
Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |