Жоба блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)



Дата19.05.2020
өлшемі13,75 Kb.
#69671
Байланысты:
4.3 Блум таксономиясы-1


ЖОБА
Блум таксономиясы (қолданылатын етістіктер)

Кесте әр деңгейдің, сондай-ақ, мұғалімнің және оқушының тарапынан біліктілігіне сәйкес жүзеге асыратын әрекеттердің спецификациясын сипаттайды



Деңгейі

Анықтамасы

Мұғалім не істейді?

Оқушы не істейді?

Оқушы талабына қарай қандай түйінді сөздерқолданылады?

Білу

Ақпаратты анықтау және іріктеу

Айтады, көрсетеді,

бағыттайды



Қабылдайды, есінде сақтайды, таниды

Атап өтіңіз, есте сақтаңыз, атаңыз

Түсіну

Ұсынылған ақпаратты түсіну; мәселелерді өз сөзімен тұжырымдау

Салыстырады, қарсы шығады, көрсетеді

Түсіндіреді, қайта жасайды, көрсетеді

Талқылаңыз, анықтаңыз, әңгімелеңіз

Қолдану

Жаңа жағдайдағы түсінікті қолдану

Қадағалайды, көмектеседі, сынайды

Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді

Қолданыңыз, есептеңіз, өзгертіңіз, таңдаңыз, жіктеңіз, аяқтаңыз, көрсетіңіз, табыңыз, сахналаңыз, әрекет етіңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз,суреттермен спаттаңыз, түсіндіріңіз, түрлендіріңіз, пайдаланыңыз, жаттығыңыз, сәйкестендіріңіз, жоспарлаңыз, таныстырыңыз, нобайын жасаңыз, шешіңіз, қолданыңыз

Анализ

Ақпараттарды қатысты бөлімдерге бөлу

Бағыттайды, зерттейді, ақпараттандыра ды

Бөлімдерге бөледі, талқылайды, ашып көрсетеді

Талдаңыз, бағалаңыз, топтастырыңыз, есептеңіз, тиянақтаңыз, жіктеңіз, салыстырыңыз, байланыстырыңыз, қарсы қойыңыз, сынға алыңыз, талқылаңыз, саралаңыз, ерекшелеңіз, бөліңіз, зерттеңіз, эксперимент жүргізіңіз, түсіндіріңіз, жасаңыз, реттеңіз, күмән келтіріңіз, сәйкестендіріңіз, таңдаңыз, бөлшектеңіз, тексеріңіз

Синтез

Ақпараттарды құрастыру

Жинақтайды, бағалайды, пайымдайды

Жинақтайды, тұжырымдайды, жоспарлайды

Топтастырыңыз, жинақтаңыз, құрастырыңыз, қосыңыз, құраңыз, жұмыс жасаңыз, тұжырымдаңыз, жинақтаңыз, біріктіріңіз, ойлап табыңыз, түрлендіріңіз, ұйымдастырыңыз, жоспарлаңыз, дайындаңыз, ұсыныңыз, қайта топтастырыңыз, қайта жазыңыз, құрыңыз, ауыстырыңыз

Бағалау

Критерийлер негізінде бағалау

Нақтылайды, жібереді, теңестіреді

Пікірлеседі, бағалайды, таңдайды

Дәлеледеңіз, таңдаңыз, салыстырыңыз, қорытынды жасаңыз, сендіріңіз, шешіңіз, негіздеңіз, түсіндіріңіз, өлшеңіз, болжаңыз, бейімдеңіз, қайта ұсыныңыз, бөліп көрсетіңіз, есептеңіз, қолдаңыз, тексеріңіз, бағалаңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет