Жоба әдістемесіне қойылатын талаптар. Жобаны жасау құрылымы
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау;
4) зерттеулердің, шығармашылдық міндеттері бойынша өздік жұмысы, бақылау;
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу;
6) қорғау.
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар:
-зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету;
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері;
-оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі;
-жобалаудың мазмұнының құрылымы.
Жобалау әдісінің алгоритмі:
1.Проблема
2.Жобалау
3.Ақпарат көздерін іздестіру
4.Нәтижені қорытындылау
5.Презентация.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы орындалатын жұмыстарды өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру үшін олардың типтерін білу – басты талап. Жоба түрлері: 1) әрекет түріне қарай: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, моножоба, пәнаралық; 2) пәндік-мазмұндық сипатына қарай: моножоба және пәнаралық; 3) қарым-қатынас тәсіліне қарай: тікелей қарым-қатынас; коммуникациялық технология; 4) үйлестіру сипатына қарай: тікелей, жанама; 5) байланыс сипатына қарай: аймақтық, оқу орнында орындалатын және халықаралық; 6) қатысатындардың санына қарай: жекелік, жұптық, топтық; 7) орындалу уақытына қарай: қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік деп іштей топтастырылады. Бұл жобалар мазмұндық сипаты жағынан іштей екі үлкен топқа: ғылыми-ізденіс және қолданбалы-практикалық болып біріктіріледі.
Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Тапсырма
Жоба әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |