Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет1/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)


«№9 Бөбекжай-бақшасы»

Жоба:
«Ұлттық құндылықтар»



Дайындаған: Шукирбаева Ж.А.
Алғы сөз
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақ жайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан ақ аңыз болып тараған.Қазақтың қай ұлттық тағамын алсаң да, ерекше қасиетін біліп таң қаласың.Сондықтан біз бүгін ұлттық тағам құрт жайлы айтпақпыз.Өйткені сыныпта оқушылар қалталарына кәмпит орнына құрт әкеп ,үзілісте жейтінбіз. Балалар құртты жақсы көреді. Бір күні үзілісте құртты жеп отырып, осы құртты қалай істейді екен,неге осылай тәтті болады екен деген ой барлығымызда туындады. Осы ойымызды мұғалімге айттық. Мұғалім білгілерің келсе ,кәне барлығымыз осы құртты зерттеп көрсек қайтеді деді.Сөйтіп , құрт жайлы тереңірек білу мақсатымен осы жұмысты бастап кеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет