Жобалау. Жобалаудың түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі101,16 Kb.
#91252
Байланысты:
Жобалау

Жобалау. Жобалаудың түрлері

Жайнақ І.Н.

«Жобалау» дегеніміз-

  • «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.
  • «Жобалау» жаңа идеяларды іске асыру жəне жаңа білімдерді берудің құралы – жаңа үлгілерді құруға байланысты теориялық іс-əрекет болып табылады.

Жобалаудың маңызы-

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселесін шешуде педагогикалық жобалаудың маңызы зор. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ол оқытушының маңызды кәсіби- педагогикалық функциясы ретінде қарастырылады және педагогтың өзінің әрекеттерін және әдістемелік даярлығын талдау негізінде көрсетіледі.

Педагог өз қызметін жобалай отырып, шәкіртіне сапалы білім бере алады. Білім беру үдерісінің бірте-бірте,оңайдан қиынға,жеңілден ауырға дамуының жобасы сапалы білімге жетелейді.

Жобалаудың объектісі- орта және процесс

Жобалаудың мақсаты-

Жобалау нысандары-

  • Жобалау кезінде алдыға қойылған жемісті «өнім».
  • Білім беру бағдарламалары;
  • Білім беру стандарттары;
  • Білім беру орталықтарының түрлері;
  • Әдістемелік орталықтар ж/е т.б.

Жобалаудың түрлері
Әлуметтік-педагогикалық жобалау
Психологиялық-педагогикалық жобалау
Білім беруді
жобалау

Педагогикалық-психологиялық жобалау

Қандай да бір жас ерекшеліктегі білім беруді жоспарлау.

Оқу- негізгі іс-әрекет ретінде;

Қалыптасу- кемелденген әрекетті меңгеру;

Тәрбие-есею және қоғамға бейімделу.

В. И. Слободчикова


Психологиялық-педагогикалық жобалар,тұлға және тұлғааралық қатынасты қайтажасаумен байланысты, мотивация, ақпаратты қабылдау,білімді меңгеру, іс-әрекетте қатысу, қарым-қатынастан шығатын процестердің үлгісін құруды қарастырады. Психологиялық-педагогикалық жобалау, негізінде тиімді оқыту мен тәрбиелеудің шарты, педагогикалық технологиялар; оқушылар мен оқытушылардың өзара әрекеттесулерінің формасы, тұлғаның өзін жобалау амалы ретінде педагогикалық процесті қарастырды.

Әлуметтік-педагогикалық жоспарлау

Қандай да бір білім беру институттары мен қалыптасу ортасын жобалау. Жобалауда білім беру ортасының ерекшелігін,негізін,ұлттық нышандары мен ерекшеліктерін, өмір қалыбын әрі қоғамдық-мәдени ерекшеліктерді ескере отырып білім беруді мақсатты жобалайды.


Алғашқы кездерде әлеуметтік–педагогикалық жобалар, педагогикалық өзара әрекет барысында, балалар мен үлкендердің күнделікті өмірде кездесетін, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысуымен көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы оның негізгі функциясы адамның әлеуметтенуіне, қалыптасуына, дамуына әсер ететін, сыртқы факторлар мен жағдайларды айқындау және өзгерту негізіндегі қоршаған ортаны түзету болып табылыды. Жиі әлеуметтік педагогикалық жобалар, педагогикалық процестердің потенциялдық мүмкіндігін өзгертуге, мүмкіндік беретін жетекші білім беру жүйесін ұйымдастыруға негіз болады.

Білім беруді жобалау

қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет. Білім берушілік жобалар шеңберінде,тоұтас мемлекет және бөлен аймақтардағы білім беруді дамытудың жобалары жасалады. Білім беруді басқару оргондарының реформалары және оларды қадағалайтын ұйымдармен, білім беру ұйымдарының құрылу жобалары жасалады. Осылайша барлық деңгейде білім берудің мазмұны мен білім беру стандарты қалыптасады.


Психологиялық-педагогикалық жобалау

Әлуметтік-психологиялық жобалау

Білім беруді жобалау

Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын қайта жасау.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік жағдайларды өзгерту.

Білім беруге мемлекеттік- қоғамдық талаптарды қалыптастыру.

Оқыту мен тәрбиелеу амалдарын жасау және модификациялау.
Педагогикалық іс - әрекетті ұйымдастырудың формасын жасау.
Педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қайта жасау.

Педагогикалық құралдармен әлеуметтік мәселелерді шешу.

Жобалау білім берудің сапасы.
Білім беру институттарын құрастыру.
Білім беру стандарттарын жасау.

Айырмашылықтары


Психологиялық-педагогикалық жобалау – адам баласының болмысын және білім беру шеңберіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту.

Әлуметтік-педагогикалық жобалау- қоғамдық социумды өзгерту әлде қоғамдағы келеңсіздіктерді педагогикалық жолмен шешу.

Білім беруді жоспарлау- білім беру жүйесі мен институттарында инновациялық және сапалық өзгерістер алып келу.

Қорытынды

Жобалаудың үш түрі де өз айырмашылықтарна ие екенін айтып өттік, десек те педагогикадағы жобалау түрлерінің үшеуі де бір мақсатқа негізделіп, қандай да бір өнімді алу үшін бір-бірін толықтырып отырады.


Жобалаудың түрлері
Психологиялық-педагогикалық жобалау
Білім берудегі жобалау
Әлуметтік-педагогикалық жобалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет