III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ
Қазақ тарихындағы рәміздердің қалыптасу кезеңдері
Діни наным түсінігіне байланысты белгілер. (ежелгі түркілер көкбөрінің басын байрақ етіп, бас киімінің төбесіне үкі қадаған)
Рәміздік нышандар айшықталған металл теңгелер (Отырар, Тараз қалаларынан) Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады.
Ру-тайпаның таңбасы мен рулық ұраны сол ру-тайпаның басты рәмізі болды. Меншіктік таңбаларды дәстүрлі қазақ қоғамында әр ру-тайпа иелігіндегі мал-мүлікке, қару-жараққа ен, таңба, белгі салып отырған.
4. Мөрлер . Өзге ұлыстармен, көрші елдермен сауда-саттық, дипломатиялық байланыстар орнауына орай қалыптасты. Қазақ хандары, билері, сұлтандары, батырларының жеке мөрлері негізінен жүзік түрінде болған