Өңеш ауруларына дивертикул(буылтық), қабыну (процессі), ісік(карцинома) жиі дамиды. Туа біткен кемістіктерге өңештің бітеу болуы (атрезия) және өңештің арасындағы саңылаудың сақталып қалуы кіреді.
Эзофагит – өңештің кілегейлі қабатының қабынуы. Ол көбіне басқа аурулардың салдары ретінде дамып, анда-санда ғана бірінші ретті, дербес ауру болады. Эзофагит жедел және созылмалы ағымды. Эзофагиттің ерекше бір түрі – рефлюкс–эзофагит. Ол кері аққан (регургитация) асқазан сөлінің әсерінен дамиды(регургитациялық эзофагит). Сөл кілегейлі қабықшаны жидітетіндіктен (пептикалық эзофагит), эрозиялар мен ойық жаралар қалыптпсады (эрозиялы, ойық жаралы эзофагит).
Жедел эзофагит ыстық суықтың,химиялық және физикалық факторлардың әсерінен,жұқпалы аурулардан дифтерия,скарлатина,сүзек және аллергиялық жауап ретінде дамиды.Оның катарлы,фибринді,флеглоналы, ойық жаралы және гангреналы түрлері бар.
Созылмалы эзофагит өңешке ұзақ уақыт әсер етуші зиянды факторлар нәтижесінде тамақтың жеткілікті шайналмай жұтылуы,тістердегі қабыну және де басқа патологиялық үрдістер,бауыр циррозы,өңештің өз сырқаттары рак, жара ,стеноз,дивертикулит және басқа ағзалардың патологиясында мұрын- жұтқыншақ аймағының ,гаймор қуысының қабынуы,өкпедегі және бронхтардағы созылмалы қабынулары және т.б жиі кездеседі. Микроскоппен қарағанда қабыну сіңбесінің арасында плазмалы жасушалардың,лимфоцит және макрофагтардың саны басым болады.