Жоспар: Кіріспе



бет1/6
Дата10.10.2019
өлшемі322,55 Kb.
#49560
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1

Лекция 1.

Жоспар: Кіріспе. Мамандықтың қысқаша сипаттамасы. Астрономия пәні. Астрономия тараулары. Іргелес ғылымдар. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Астрономия әдістемесі. Бақылау мәні. Ғалам құры лымына қысқаша шолу.

Сфералық және тәжрибелік астрономия ның негіздері. Аспан сферасы, сфералық астр.негізі. Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы.Әлем осінің горизонтқа қатысты орналасуы. Аспан сферасындағы нүктелер мен сызықтар. Астрономиялық жүйелер: горизонттық және экваторлық координата жүйелері.Астрономия аспан денелерінің және олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын пайда болуы мен дамуын зерттейтін Әлем туралы ғылым.

Астрономия – шырақтардың көрінерлік орнын және қозғалысын анықтайды. Осы мәселелерді шешу үшін астрономияда аспан сферасы деген ұғым пайдаланылады.Осыған байланысты горизонттық, экваторлық, эклиптикалық координат жүйелері болады.



Горизонттық координаттар. Негізгі жазықтық – математикалық горизонт жазықтығы, бастапқы нүкте – зенит Z. М шырақ, Z зенит және надир арқылы биіктік шеңбер өткізіледі. Шырақ М-ның горизонттық координаттары: биіктік h және азимут А. Биіктік шеңбердің горизонттан шыраққа дейінгі mM доғасы шырақтың биіктігі деп аталады. Биіктік -тан (надир) -қа (зенит) дейін өлшенеді. Биіктік h орнына зениттен қашықтық Z алынады. Зениттен шыраққа дейінгі биіктік шеңбердің ZM доғасы. Зениттен қашықтық -тан (Z) -қа (надир) өлшенеді.

Экваторлық координаталардың 1-ші жүйесі. Мұндағы негізгі жазықтық аспан экватор жазықтығы, негізгі нүкте – дүниенің солтүстік полюсі Р (5-сурет) болып саналады. Солтүстік полюс Р, шырақ М және оңтүстік полюс арқылы ауысу шеңберін жүргізейік. Шырақтың орны сағаттық бұрыш t, ауысу немесе полюстік аралық арқылы анықталады. Ауысу – аспан экваторынан шыраққа дейін алынған ауысу шеңбердің mM доғасы шырақтың экватордан бұрыштық қашықтығы. Тек ол – 900-тан +900-қа дейін есептеледі.Кейде ауысу -ның орына, полюстік аралық қолданылады, олардың қосындысы 900 тең.Полюстік аралық 00-ден 1800-қа дейін есептелінеді.Сағаттық бұрыш дегеніміз аспан экваторының жоғарғы нүктесінен бастап шырақтың ауысу шеңберіне дейін, аспан сферасының айналу бағытымен алынған аспан экваторының доғасы, ол 0-ден 3600-қа дейін не 0h-ден 24h-қа дейін есептелінеді.

Сөткелік айналыстың әсерінен шырақтың сағаттық бұрышы өзгереді, ал ауысу өзгермейді, себебі шырақтың аспан параллелі аспан экваторына параллель. Сағаттық бұрыш t тәуілік бойы бірқалыпты 00-ден 3600-қа дейін өсіп отырады, сондықтан оны уақытты өлшегенде пайдаланады.



Экваторлық координаталардың 2-ші жүйесі. Аспан сферасының тәуліктік айналысы кезінде координаталардың өзгермейтіні ыңғайлы. Сондықтан сағаттық бұрыштық орнына тура шарықтау (5-сурет) алынады, ал бірінші координата ауысу сол күйінде болады. Сонымен, бұл жүйеде ауысу және тура шарықтау

Пайдаланылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер

  1. Кононович Э.В., Мороз В.И. Общий курс астрономии.-М:УРСС,2001.-544бет

  2. Рамазанова С., Тоқсеитова Р. Астрономия. Шымкент. 2009. 238бет.

  3. Рамазанова С., Садық Б. Жалпы астрономия курсынан зертханалық практикум. Шымкент.

2008. 54 бет.

4.Рамазанова С. Астрономия пәнінен практикалық сабақтарға арналған оқу-әдістемелік құрал.

Шымкент. 2010.

5. Дагаев М.М., ДеминВ.Г., Климишин И.В., Чаругин В.М. Астрономия.-М.:Просвещение. 1983,

384бет.

6. Курышев В.И. Практикум по астрономии.-М.:Просвещение.1986, 144бет.

7. Дагаев М,М, Лабораторный практикум по курсу общей астрономии.-М.:Просвещение. 1980,

128бет.


8.Дагаев М.М. Наблюдения звездного неба.-М.:Наука,1980, 454бет.

Қосымша әдебиеттер

1.Климишин И.А. Астрономия наших дней. –М.:Наука,1980,456бет.

2.АндриановИ.К., МарленскийА.Д. Астрономические наблюдения в школе.-М.:

Просвещение.1987, 112бет.

3.КуликовскийП.Г. Справочник любителя астрономии.-М.:Физматгиз.1961, 494бет.

4.Физика космоса. Маленькая энциклопедия.-М.:Советская энциклопедия. 1986, 783бет.

5.Лейзер Д. Создавая картину Вселенной. –М.:Мир. 1988, 324бет.

Сұрақтар:

1. Математикалық горизонт дегеніміз не?

a.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

b.Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының жолы.

d.Зенит, надир, батыс және шығыс нүктелері арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

e.Жазықтығы дүние осі және тік сызық арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

2.Аспан экваторы дегеніміз не?

a.Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының жолы.

d.Зенит, надир, батыс және шығыс нүктелері арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

e.Жазықтығы дүние осі және тік сызық арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

3.Эклиптика дегеніміз не?

a.Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының жолы.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

d.Зенит, надир, батыс және шығыс нүктелері арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

e.Жазықтығы дүние осі және тік сызық арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

4.Бірінші вертикал дегеніміз не?

a.Зенит, надир, батыс және шығыс нүктелері арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

d.Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының жолы.

e.Жазықтығы дүние осі және тік сызық арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

5.Аспан меридианы дегеніміз не?

a.Жазықтығы дүние осі және тік сызық арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

d.Күннің көрінерлік жылдық қозғалысының жолы.

e.Зенит, надир, батыс және шығыс нүктелері арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

6.Зенит және надир –

a.Аспан сферасының тік сызықпен қиылысатын нүктелері.

b.Аспан сферасының дүние осімен қиылысатын нүктелері.

c.Аспан меридианының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

d.Аспан экваторының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

e.Аспан меридианының аспан экваторымен қиылысатын нүктелері.

7.Дүние полюстері-

a.Аспан сферасының дүние осімен қиылысатын нүктелері.

b.Аспан сферасының тік сызықпен қиылысатын нүктелері.

c.Аспан меридианының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

d.Аспан экваторының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

e.Аспан меридианының аспан экваторымен қиылысатын нүктелері.

8.Оңтүстік және солтүстік нүктелері-

a.Аспан меридианының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

b.Аспан сферасының тік сызықпен қиылысатын нүктелері.

c.Аспан сферасының дүние осімен қиылысатын нүктелері.

d.Аспан экваторының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

e.Аспан меридианының аспан экваторымен қиылысатын нүктелері.

9.Шығыс және батыс нүктелері-

a.Аспан экваторының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

b.Аспан сферасының тік сызықпен қиылысатын нүктелері.

c.Аспан сферасының дүние осімен қиылысатын нүктелері.

d.Аспан меридианының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

e.Аспан меридианының аспан экваторымен қиылысатын нүктелері.

10.Аспан экваторының жоғарғы және төменгі нүктелері-

a.Аспан меридианының аспан экваторымен қиылысатын нүктелері.

b.Аспан сферасының тік сызықпен қиылысатын нүктелері.

c.Аспан сферасының дүние осімен қиылысатын нүктелері.

d.Аспан меридианының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

e.Аспан экваторының математикалық горизонтпен қиылысатын нүктелері.

11.Дүние осінің анықтамасы

a.Аспан сферасының тәуліктік айналысының осі.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Аспан сферасының центрінен өтетін және бағыты бақылаушы тұрған пункттің тіктеуішінің бағытымен бағыттас түзу сызық.

d.Оңтүстік және солтүстік нүктелерін қосатын түзу сызық.

12.Тік сызықтың анықтамасы

a.Аспан сферасының центрінен өтетін және бағыты бақылаушы тұрған пункттің тіктеуішінің бағытымен бағыттас түзу сызық.

b.Жазықтығы тік сызыққа перпендикуляр болатын аспан сферасының үлкен шеңбері.

c.Аспан сферасының тәуліктік айналысының осі.

d.Оңтүстік және солтүстік нүктелерін қосатын түзу сызық.

Лекция 2.



Жоспар:Сфералық және тәжрибелік астрономия ның негіздері. Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі. Жарық көзінің көріну шарттары. Аспан сферасының әр ендікте айналуы. Жердің Күнді айнала қозғалуы және Күннің эклиптика бойынша көзге көрінер жылдық қозғалысы. Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптикалық координаталар жүйесі. Тропикалық жыл. Зодиакты шоқжұлдыздар. Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер.

Шырақтар аспан параллельдерімен қозғалып математикалық горизонтты екі нүктеде қиюы мүмкін. Бұл құбылысты шырақтардың шығуы немесе батуы дейді, ал қиылысу нүктелері шырақтың шығу не бату нүктесі деп аталады. Осы нүктелердің біреуі горизонттың шығыс, ал екіншісі – батыс жартысында жатады. Шырақтардың шығуы және батуы олардың ауысу δ-на және бақылаушы орналасқан Жердің географиялық φ ендігіне байланысты (12-сурет) болады.Егерде шырақтың параллелі NM1 параллелден солтүстік дүние полюсіне жақынырақ орналасатын болса, ол батпайтын шырақ болады. Мынау теңсіздікпен сипатталатын батпайтын шырақтардың шарты.



Тәуліктік айналыста барлық шырақтар аспан меридианын екі нүктеде қиып өтеді. Бұл құбылыс шырақтардың кульминациясы деп аталады. Егер шырақ аспан меридианын жартысында қиятын болса, ол жоғарғы кульминацияда, ал жартысында – төменгі кульминацияда болады. Жоғарғы кульминацияда шырақтың зенит аралығы Z минимумға жетеді, ал биіктігі h максимал болады: Төменгі кульминацияда керісінше: зенит аралығы максимал болып, биіктік минимал болады: .

Тәулік сайын аспанда Күн шығыс жақтан шығып, батысқа қарай жүріп отырып, батыс жақтан батады. Бұл Күннің тәуліктік қозғалысы, шындығында Жердің өз осі айналуынан болатын тек көрінерлік қозғалыс екенін ескеру керек.

Тәуліктік қозғалыстан басқа Күннің жылдық қозғалысы да болады, яғни жыл бойы Күн аспанда жұлдыздар арасында батыстан шығысқа қарай қозғалып бір жыл өткен соң аспандағы бастапқы орнына келеді. Сөйтіп Күннің жұлдыздарға қатысты орны өзгеріп отырады. Күннің осындай жылдық қозғалысы болғандығына қалай көз жеткізуге болады? Түн ортасында аспан меридианын басып өтетін жұлдыздар Күнге қарама-қарсы орналасады. Күндер өткен сайын меридианға басқа бір жұлдыздардың кульминациясы болады. Күннің жұлдыздар арасында бір жыл бойында жүретін жолы эклиптика деп аталады. Эклиптика аспан сферасының үлкен шеңбері болады, аспан экваторына 23026 көлбеу орналасады. Бұл бұрышты ε деп белгілеп, эклиптиканың көлбеулігі деп атайды.

Эклиптиканың аспан экваторымен қиылысу нүктелерін көктемгі (γ) және күзгі () күн мен түн теңесу нүктелері деп атайды, ал осы нүктелерден 900 қашықтықта орналасқан нүктелер жазғы (ε) және қысқы () күн тоқырау нүктелері болады.

Эклиптиканың бойындағы жұлдыздарды ертеде 12 шоқжұлдызға бөлген. Осы шоқжұлдыздар алып тұрған аспанның аймағын зодиак («жануарлар дөңгелегі») деп атаған. Күн жыл бойы бұл шоқжұлдыздарды кезек-кезек басып өтеді де, әрқайсысында орта есеппен бір айдай болады.

Жердің кез-келген орнында жыл сайын жылдың 4 мезгілі бірінен соң бірі алмасып келіп отырады. Бұның себебі Жердің осі орбита жазықтығына көлбеу орналасуынан болады. Бірақ Жер Күнді айналғанда ол өзінің осінің параллел күйін сақтап отырады. Ал бір георграфиялық ендіктегі орын үшін Күн сәулелерінің түсу бұрышы жыл бойы өзгеріп отырады.

Сұрақтар:

1.Көктемгі күн мен түн теңесу нүктесінің экваторлық координаттары неге тең?

a.Ауысу 0 градус, тура шарықтау 0 сағат.

b.Ауысу 0 градус, тура шарықтау 12 сағат.

c.Ауысу 90 градус, тура шарықтау анықталмаған.

d.Ауысу +66 градус 34 минут, тура шарықтау 18 сағат.

e.Ауысу минус 66 градус 34 минут, тура шарықтау 6 сағат.

2.Күзгі күн мен түн теңесу нүктесінің экваторлық координаттары неге тең?

a.Ауысу 0 градус, тура шарықтау 12 сағат.

b.Ауысу 90 градус, тура шарықтау анықталмаған.

c.Ауысу +66 градус 34 минут, тура шарықтау 18 сағат.

d.Ауысу минус 66 градус 34 минут, тура шарықтау 6 сағат.

e.Ауысу 0 градус, тура шарықтау 0 сағат.

3.Шырақтардың тәуліктік қозғалыстары қай бағытта және қандай шеңберлермен болады?

a.Шығыстан батысқа қарай аспан параллельдерімен.

b.Аспан меридианымен жоғары.

c.Аспан экваторымен шығысқа қарай.

d.Альмукантараттармен горизонтқа параллель.

4.Шырақтардың аспан параллельдері қалай орналасады?

a.Аспан экваторына параллель.

b.Математикалық горизонтқа параллель.

c.Аспан меридианына параллель.

d.Бірінші вертикалға параллель.

5.Шырақтың батуы дегеніміз не?

a.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың батыс жағынан өтуі.

b.Аспан меридианының надир жағын өту.

c.Аспан меридианының зенит жағын өту.

d.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың шығыс жағынан өтуі.

6.Шырақтың шығуы дегеніміз не?

a.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың шығыс жағынан өтуі.

b.Аспан меридианының надир жағын өту.

c.Аспан меридианының зенит жағын өту.

d.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың батыс жағынан өтуі.

7.Шырақтың жоғарғы кульминациясы дегеніміз не?

a.Аспан меридианының зенит жағын өту.

b.Аспан меридианының надир жағын өту.

c.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың батыс жағынан өтуі.

d.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың шығыс жағынан өтуі.

8.Шырақтың төменгі кульминациясы дегеніміз не?

a.Аспан меридианының надир жағын өту.

b.Аспан меридианының зенит жағын өту.

c.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың батыс жағынан өтуі.

d.Тәуліктік қозғалыста математикалық горизонттың шығыс жағынан өтуі.

9.Қандай шырақтарды батпайтын деп айтады?

a.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт үстінде орналасса.

b.Шырақтың тәуліктік параллельдері математикалық горизонтқа көлбеу орналасады және жартылай горизонт үстінде жартылай горизонт астында болады.

c.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт астында орналасса.

10.Қандай шырақтарды шықпайтын деп айтады?

a.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт астында орналасса.

b.Шырақтың тәуліктік параллельдері математикалық горизонтқа көлбеу орналасады және жартылай горизонт үстінде жартылай горизонт астында болады.

c.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт үстінде орналасса.

11.Қандай шырақтарды батып шығатын деп айтады?

a.Шырақтың тәуліктік параллельдері математикалық горизонтқа көлбеу орналасады және жартылай горизонт үстінде жартылай горизонт астында болады.

b.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт үстінде орналасса.

c.Шырақтың тәуліктік параллелі толық горизонт астында орналасса.

12.Бататын және шығатын шырақтардың шарты?

a.

b.

c.

48.Батпайтын шырақтардың шарты?

a.

b.

c.

13.Шықпайтын шырақтардың шарты?

a.

b.

c.

Лекция 3.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет