Жоспары: I Кіріспе…………………………………………….…………..……………..…..3
II Негізгі бөлім 2.1 Ньюкасл ауруы, қоздырушысы, өтуі және белгілері ………..………...4
2.2 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер, балау.....................................6
2.3 Құс етін сойғанға дейін және сойғаннан кейінгі балау……...……......7
2.4 Өнім қалдықтарына ветеринарлық-санитарлық баға…………..……...8
III Қорытынды………………………………………………………………......9
IV Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..10
I.Кіріспе
Қазіргі таңда құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және де ең қарқынды дамып келе жатқан саласын бірі болып отыр. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше орынға ие болып отыр. Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады.
Құс аурулары — әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады.Сонымен қатар құстардың ішінде көп кездесетін аурулар Ньюкасл ауруы, жұқпалы ларинготрахеит, марек, тұмау т.б.Соның ішінде Ньюкаслды қарастырайық.
Ньюкасл ауруы-тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру. Қоздырғышы: арамиксовирус тобына жататын вирус.. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.Ньюкасл ауруына ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады. Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.Қоздырушысы - Newcastle disease paramyxovirus, парамиксо вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Оның көгершін, тауық, күрке тауық және теңіз тышқанының эритроциттерін агглютинациялайтын қабілеті бар. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылығы әр алуан болғандықтан аурудың сыртқы нышандары мен таралуы да әр түрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруы қоздырушысының штаммдары лентогенді, мезогенді және велогенді деп бөлінеді. Лентогенді түрі - табиғи әлсіреген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штамдар. Дегенмен дүние жүзінің бір қатар елдерінде, сондай-ақ біздің еліміздің құс көп шоғырландырылған өлкелерінде бұл вирус штамдары Ньюкасл ауруына қарсы табиғи, спонтанды, өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын қамтамасыз етедь Мезогенді түрі - табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды зақымдай алады. Велогенді түрі - індет таратқыш аса уытты штаммдар. Бұл барлық жастағы құстарды зақымдай алады. Ньюкасл ауруы вирусының велогенді штаммдары құс ағзаларына бейімделуіне жэне енуіне қарай екіге бөлінеді. Оның бірі (висцеральдық түрі) ішкі ағзаларда өсіп-жетіледі, өте қауіпті, оның азиялық түрі құстың 99-100%-ын қырып кетуі мүмкін. Екіншісі - тыныс жолындық, біріншіден сәл әлсіздеу (американдық) түрі, дегенмен ол да құстың 80-90%- ын қырып кете алады.Ньюкасл ауруымен барлық жабайы тауық тұқымдастар ауырады, ал күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер көп ауыра бермейді. Бұл ауру қаз бен үйрек, көгершіндерде де кездеседі. Әсіресе қауіпті вирусты тоты құстар көп таратады. Көптеген жабайы және сәндік құстар денесінде Ньюкасл ауруы вирусына қарсы антиденелер бар екені анықталып отыр. Сау құстар көбінесе ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде немесе вирус жұққан жем-судан, құрал-сайманнан, балапан шығатын жұмыртқадан жұқтырып алады. Ауру қоздырушысының бастауы - негізінен ауру құстар, ауруға қарсы тұратын иммунитеті жоқ әлсіз балапандар мен осындай сақа құстар болып табылады. Ал қоздырушының берілу факторлары: өлекселер, зарарсыздандырылмаған құс еті, қасап қалдықтары, балапан шығаруға арналған немесе сауда орындарында түсетін жұмыртқалар. Ауру қоздырушысы құс денесіне енген соң 20 сағат ішінде қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары мен ас қорыту ағзалары зақымданады. Осының әсерінен кілегейлі қабықтар жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байла- нысты болады.[1]