Келісемін Бекітемін



Дата21.12.2022
өлшемі14,64 Kb.
#163561
Байланысты:
квн ережесі
2 СРО, ақындар сайысы-1, бағалау, раскраска

Келісемін Бекітемін
«Panfilov jastary» КММ жетекшісі Колледж директоры _________ М.Ыбраймолдаев _________ Б.Саурамбаева


«Жарайсың Колледж жастары!» атты колледж студенттері арасындағы
Жайдарман ЕРЕЖЕСІ
Сайыстың өту мерзімі: «Жарайсың Колледж жастары!» атты сайыс 7 желтоқсан сағат 15:00 Колледж АКТ залында өткізіледі. Редакторлық тексеру 6 желтоқсан 14:00 де.
Мақсаты: Студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласу, достық қарым-қатынастарын жетілдіру арқылы сахна мәдениетін меңгеру.
Сайыстың талаптары: Команданың аты, команда капитаны болуы міндетті және музыканты болуы шарт. Команданың аты, қатысушылардың тізімін өткізуі керек. Тіркелу 2 желтоқсан аяқталады. Тіркелу үшін Жастар ісі жөніндегі инспектор Жомарт Арайға жаздыру керек. Телефон: +77788049664
Сайыс үш кезеңнен тұрады

  1. Сәлемдесу кезеңі

Тақырыбы: «Әлеуметтік желі! Түйгенім...» (5 мин)

  1. Қайым айтыс кезеңі

Тақырыбы: «Жаңа Қазақстан!» (3 мин)

  1. Музыкалық үй тапсырмасы

Тақырыбы: «Жас келсе іске!» (5 мин)
Ескерту:

  1. (ПЛАГИЯТ) Қазақстан КВН одағы, КТА және Ресей КВН ойындары әзілдерін қолдануға болмайды. (керісінше тақырыпқа сай өз өңіріміздегі, қоғамдағы әзілдерді ойлап тапқаны абзал.)

  2. Командалардың ойындары алдын ала редактордың қадағалауынан өткізіледі. (анайы және жағымсыз әзілдер қиылады.) Команданың атауы және біркелкі киім үлгісі болуы тиіс.(басқа топтан жайдарманшы жалдауына болмайды)

  3. Команданың музыканты болуы міндетті.

Сайыс кезеңдерінің бағалануы:
Әділқазылар алқасы кезеңдерге сәйкес топтардың сөйлеу, сахна мәдениеті, уақыт үнемділігі, әзілдің сапасына қарай 10-30 баллдық жүйе арқылы бағалайды.
Байқау жүлделі орындармен қортындыланады.
І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын.
Ең үздік ойыншы мараптталады!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет