Кәсіпкердің құқықтарын қорғау



Дата08.02.2022
өлшемі141,77 Kb.
#98781
түріКодекс
Байланысты:
6 Такырып бзк Талипжан Сабина

Кәсіпкердің құқықтарын қорғау

Орындаған: Талипжан Сабина


Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі.

ҚР Азаматтық кодексі 9-бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейтін:


сот
арбитраж
Аралық сот

ҚР Азаматтық кодексінің 10-бабының 3-тармағында кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады:


1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі.
2) кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі.
3) мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу.
4) кәсіпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату.
5) заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу.
6) мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту.
7) атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға келісім-шартқа тұруға тыйым салу.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары:


заңдылық
Кәсіпкерлік еркіндігі
Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі
Меншікке қол сұғылмаушылық
Адал бәсекелестік
Және т.б.
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде және ҚР заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
  • Заңдарда арнайы көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен (өзiн-өзi қорғау) жүзеге асырылуы мүмкiн.
  • Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн ҚР Азаматтық процестік кодексінде белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау ҚР заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:


төрелікте
партисипативтік рәсім тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін
медиация қолдану арқылы
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде және ҚР өзге де заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге, омбудсменге жүгінуге құқылы.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі:


заңдылыққа
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығына
Объективтілікке
жариялылыққа негізделеді

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметті жүзеге асыру кезінде:


ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға
кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар қолдануға
өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға
өзiн қорғау үшін жүгінген адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде:


кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды, оған мыналар: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар алдын ала қарамаған; құқықтарын басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бұзу фактілері жөніндегі өтініштер қосылмайды
өтініш берушілерге олардың өтініштерінің уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілгені туралы ақпарат береді
өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпарат береді

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге тиіс:


ҚР азаматтығын иеленуге
жоғары білімі болуға
кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс

глоссари

  • Омбудсмен - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын адам.
  • Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. 

Қолданылған әдебиеттер

  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Омбудсмен
  • https://egov.kz/cms/kk/articles/legal_relations/mediation

Назарларыңызға рахмет
https://youtu.be/3FbLPLYTFLY

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет