Өзіндік жұмысы
1. Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткерлік, дене бітімі рухани дамыған және табысты азаматты қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мақсатты индикаторларды жазыңыз. Кестені толтырыңыз.
Мақсатты индикаторлар
|
2020 жыл
|
2025 жыл
|
Кадрлық әлеуетті дамыту
|
76000
|
19400
|
Педагогтердің педагогикалық шеберлігі
|
123000
|
420000
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын дамыту
|
63 млрд.тг (95%)
|
84 млрд.тг (100%)
|
Балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдай
|
67%
|
100%
|
Мектеп
|
200000 орын
|
650000 орын
|
Интернат (жататын орын)
|
12100 орын
|
11400 орын
|
Компьютер кабинеті
|
45 %
|
100 %
|
Мұғалімдердің сандық білім беру ресурстары мен журналға толыққандықолжетімділігі
|
75 %
|
100 %
|
2. «Информатика мұғалімінің қызметін Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» жол картасын әзірлеңіз.
Нормативтік құжат
|
Енгізілген күні
|
Мақсаты
|
|
|
|
|
|
|
3 . «Білім туралы» ҚР Заңын (жаңа редакция) зерделеу негізінде: «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мақсатын анықтаңыз. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
4. Оқыту әдісін таңдау оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ма? Дәлелдеңіз, мысал келтіріңіз.
5. Информатиканы оқытуда құзыреттілік тәсілдемені жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологияларына сипаттама беріңіз.
Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті жатқызуға болады.
Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;
Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;
Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;
Компьютер және Интернет –технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
Интернет технологиялары арқылы оқушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.
6. ҚБТ технологиясын пайдалана отырып, информатика бойынша еркін таңдалған оқыту мақсаты бойынша практикалық-бағытталған тапсырма құрастырыңыз.
7. Java тілінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Java — Sun Microsystems компаниясының жасап шығарған объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт-кодта компиляцияланады, сол себепті олар кез келген виртуалды Java-машинасында (JVM) компьютерлік архитектурасына тәуесіз орындалады. Ресми шығу күні — 23 мамыр 1995 жыл. Әзірлеуді Java қауымдастық процесі арқылы ұйымдастырылған қауымдастық жүргізеді, тілі және оны жүзеге асыратын негізгі технологиялар GPL лицензиясы бойынша таратылады. Сауда белгісіне құқықтар Oracle корпорациясына тиесілі.
Тілдің негізгі ерекшеліктері: Java - дағы бағдарламалар, байттық кодты өндейтін және жабдықтамаға нұсқамаларды беретін интерпретатор болып табылатын (JVM) Java виртуалды машинасында орындалатын байт-кодқа трансляцияланады.
Бағдарламалау ерекшеліктері: Бағдарламалау - қандай да бір тілде код құру процесі, бұл код арнайы бағдарлама - транслятор арқылы файлға өзгертіледі. Транслятордың екі типі бар: компилятор және интерпретатор. Компилятор код тілінде жазылған мәтінді файлға аударады. Ал интерпретатор код тілінде жазылған мәтінді машиналық кодқа ауыстырады да оның орындалуын қамтамасыз етеді. Java - компиляциалайтын тіл болып табылады. Javaда бағдарламалаудың жақсы жақтарының негізгісін айта кетсек, кодың ауысу ерекшелігі:
Java тіліндегі КОД –→(арнайы бағдарлама - транслятор)–→БАЙТТЫҚ КОД –→ (JVM – Java Virtual Mashine) –→МАШИНАЛЫҚ КОД , сондықтан бұл тілде жазылған бағдарлама кез келген жүйелі кез келген компьютерда жұмыс істей алады, тек ол компьютерда JVM орнатылған болу керек. Осыдан Javaда жазылған бағдарламалардың жақсы қасиеті - әр түрлі компьютерларда жұмыс істей алу қабілеттілігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: |