3)Білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
Білім беру— тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
Нәтижеге бағытталған білім Функциональдық сауаттылық Оқыту процесін ұйымдастыру мен нәтижелерін бағалаудың құралы мен формалары Мұғалімдердің кәсибі біліктіліктерін үнемі арттыруы Оқушы- мұғалім- ата- ана” үштігі ақпараттық- коммуникативті технологияларды сабақта пайдалану Үштілділік- қазіргі заман сұранысы
Білім беру философиясы
Білім философиясы – жалпы философияның бір бөлігі немесе саласы. Ол философияның өзегін құрайтын «адам-әлем қарым-қатынасын» білім алу, білім беру, басқаша айтсақ, білімдеу тұрғысынан қарастырады. Философияның бүкіл тарихында білімнің сипаты, білім мен сенім, білім мен адамгершілік, білім мен іскерлік сияқты сұрақтар жан-жақты қарастырылған
Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздер – білім берудің технологияларының өзгеруі, көлемінің өсуі және қоғам мен білімнен туындаған қайшылықтардың тереңдеуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы, философияның білімге ықпалы сияқты аса маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады.

Білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады
К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде