Кіріспе. Каустикалық соданың маңызы



бет1/8
Дата14.04.2022
өлшемі335,48 Kb.
#139181
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бағызбай Ақмаржан Каустикалық сода
охр труд срс

МАЗМҰНЫ

1

Кіріспе. Каустикалық соданың маңызы...............................................

4

2.

Каустикалық соданың және электролиздердің сипаттамасы............

6

3

Каустикалық соданы электролиз әдісімен алудың технологиялық тіртібі.......................................................................................................

7


4

Материалдық баланс есебі....................................................................

10

5

Технологиялық жобасын жасау...........................................................

12

6

Қорытынды.............................................................................................

21

7

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................

22

Кіріспе
Каустикалық соданың маңызы. Қазіргі заманғы химиялық өндіріс, негізі химиялық технология болатын, көптоннажды мамандандырылған өндіріс болып табылады.


Химиялық технология табиғи материалдардың өндіріс құралдарына (өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қолданылатын өнімдер, жартылай өнімдер) және тұтыну құралдарына дейін өңделу процестерін қарастырады. Химиялық технологияда өңделетін заттардың химиялық құрамының өзгеруімен байланысқан процестер қарастырылады. Химиялық технологияның процестерінің мысалдары: синтетикалық аммиакты азот пен сутектен алу, кальцийленген соданы ас тұзы мен әк тастан алу және т.б.
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясында минералды материалдарды өңдеу процестері қарастырылады: күкірт қышқылын колчеданнан, күкірттен, күкіртқұрамды газдардан өндіру; аммиакты ауа азотынан және суды электролиздеу нәтижесінде алынатын, сутектен өндіру.
Өндіріс орындарының ескіру деңгейі жоғары (43-80) және олардың жаңартылу деңгейінің төмендігі (2%);
ішкі нарықтың сұранысының төмендігі;
отандық химия өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігі және өнім түрлерінің аздығы;
саланың үдемелі белсендік деңгейінің төмендігі;
химия өнеркәсібі салаларына технология трансфертін тартудың қалыптасқан жүйесінің болмауы;
өнеркәсіпті дамыту үшін өндіріс орындарының өз қаражатының жетіспеушілігі;
жаңа және істеп тұрған өндіріс орындарына қажет мамандарға деген сұранысты анықтаудың ғылыми негізделген жүйесінің болмауы;
жоғары көлік шығындары;
отандық химия өнімдердің әлемдік нарықтағы танылу деңгейінің төмендігі;
химиялық өнімдерді өндіру мен айналымы жайлы технологиялық реттеу нормативті базаның аздығы.
Қазақстан Республикасында өндіруі едәуір бәсекеге қабілеттілікке ие өнім түрлерін анықтау 2009 жылы жүргізілген маркетингтік зерттеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы жағдайында таяудағы бес жылда химия өнімдерін өндіру төмендегі бағыттар бойынша барынша тиімді болып қалады:
1) Бейорганикалық химия өнімдерін өндіруді дамыту:
Тыңайтқыштар:
фосфорлы тыңайтқыштар;
азотты тыңайтқыштар;
калийлі тыңайтқыштар;
азотты-фосфорлы, кешенді тыңайтқыштар;
Күкірт қышқылы;

Хлор - сілтілі өнімдер:


каустикалық сода;
хлор;
тұз қышқылы;
натрий гипохлориті;
Хром қосындылары;
Кальциленген сода.
Минералды тыңайтқыштар
Азотты, калийлі және фосфорлы тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін қолданылады. Азотты тыңайтқыштар табиғи және ілеспе газдар негізінде, азот қышқылын бөліп алу арқылы өндіріледі. Фосфатты тыңайтқыштар күкірт қышқылын бөліп алу арқылы фосфорит негізінде өндіріледі. Калийлі тыңайтқыштар калий негізінде дайындалады. Қазіргі кезде өсімдіктерге пайдалы заттардың барлық түрі қажет болғандықтан, құрамында барлық негізгі үш компоненті және қажетті микроэлементтері бар кешенді тыңайтқыштарды қолдану үрдісі байқалады.
Минералды тыңайтқыштар қолдану көлемін арттыру үшін мемлекет тарапынан отандық ауылшаруашылық өнім өндірушілерге жәрдем беру бағдарламасы жасалынды, ол өз кезегінде ойдағыдай іске асып, жыл сайын артып келеді.
Химиялық өнеркәсіп басқа салалардың арасында ең маңызды орындардың біріне ие. Химиялық өнеркәсіптің маңыздылығы ол қазіргі заманда қоғамның өміріне өте қажетті көптеген өнімдерді дайындайды.
Қазақстан ендігі қарқынды индустриализация бесжылдығы жұмысына кірісті. Қазір Қазақстанның химия өнеркәсібіне 41 ірі кәсіпорын (“Қазфосфат”, “ҚазАзот”, “Ақтөбе хром қосындылары заводы” және басқасы) және бірқатар шағын, орташа кәсіпорындар кіреді. Менделеевтің бүкіл кестесі бар және мұнай экспорты бойынша әлемде алға шықпақ болып отырған ел үшін бұл аздық етеді. Саланы дамыту үшін дағдарысты кезеңде үкімет 2009-2015 жылдарға “Жол картасы” атты кезекті іс-қимыл жоспарын әзірледі. Егер бәрі де жоспардағыдай болса, елімізде 6 жылдан кейін минералдық тыңайтқыштар және органикалық емес қосындылар өндіру жөнінде жаңа өндірістер қосылатын болады.
Павлодарда мембранды технология әдісі бойынша әлемдік озық жетістіктер негізінде каустика­лық сода және хлор шығаратын заманауи өндіріс жұмыс істей бастады. Мұнда бүгінгі заманның озық қондырғылары орнатылды. Химиялық жаңа өндіріс орнының экологиялық тазалығы жағынан, өндірістік қуаты жағынан елімізде баламасы жоқ. Зауыт толық қуатында жұмыс істей бастағанда еліміздің химиялық шикізат – каустикке деген сұранысының 80 пайызы, хлор, тұзды қышқыл жә­не гипохлоритке деген ішкі ры­нок сұранысының 100 пайызы қам­тамасыз етіледі. Жалпы, зау­ыт­тың өндірістік қуаты жылына 26 457 тонна хлор, 6600 тонна гипохлорит натрий, 45000 тонна тұзды қышқыл, 30000 тонна каустикалық сода шығаруға негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет