Клиническая медицина М. У. Анартаева, П. Т. Досқараева, М. А. Ақжігітова, Т. А. Асанқұлова



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата14.05.2024
өлшемі132,71 Kb.
#202136
  1   2   3   4
Байланысты:
simulyatsiyaly-disterdi-oldanu-ar-yly-meditsinaly-mamandardy-dayyndau
2 дәріс Экономикалық теория пәні мен әдістері. , Mektepke-deyingi-pedagogika-zh ne-psikhologiya, 1 сор 2 четв 5кл, 178029


178 
Клиническая
 
медицина
 
М. У. Анартаева, П. Т. Досқараева,
М. А. Ақжігітова, Т. А. Асанқұлова,
А. А. Ашірқұлова 
 
СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ 
ДАЙЫНДАУ 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
фармацевтикалық академиясы, Оқу клиникалық 
– зертханалық орталық (Шымкент) 
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында орын 
алған қарқынды технологиялық өзгерістер білім 
берудің мазмұны мен білім беру жүйелерінің 
даму дәрежесінің ғылыми – техникалық 
прогреске ілеспейтінін байқатты. Ал мұның өзі 
бүкіл әлемдегі білім беру жүйесін тоқырауға 
ұшыратты, сол себепті де білім беру ісін 
реформалау баршаның назарына ілікті. Қазіргі 
таңда білім беру саласының даму мәселелеріне 
халықаралық білім беру ұйымдары да ерекше 
назар аударуда. 
Әлемдік тәжірибеде білім беру процесін 
ұйымдастыруға арналған жаңа шара – соңғы 
нәтижеге бағытталған білім берудің біліктілік 
моделін қалыптастыру арқылы шешіліп келеді. 
ХХІ ғасырда информацияның орны мен құны 
артып отырғаны баршамызға белгілі, оны ары 
қарай дамыту инновациялық сипатқа ие болып 
отыр. Демек, біз де осы жолда, осы мақсатта 
ізденіп, жаңа технологияларға сай болуымыз 
керек. Бұл тұста студенттерді оқыту барысында 
жаңа инновациялық және коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың маңызы зор. 
Жаңа технологияларды пайдалану алды-
мен «үйретуден» «білім алуға» көшу керектігін 
меңзейді. 
Үйрету
процесі әдеттегідей ақпарат пен 
дәстүрі құлаққа құю әдістерін алға тартады және 
мұндай әдістеменің болашағы жоқ, ал 
білім алу 
жаратылыстың тұтастық ерекшелігіне мән беріп, 
жеке тұлғаны өздігінен білімденуге мүмкіндік ту-
дырып, оның болашаққа жолын ашады. Иннова-
циялық технологияны қолданып біліммен дағды-
ларды бекіту және қалыптастыру, оларды ақпа-
раттық өрісте, кішіпәндік жағдайларда шешім 
табу қабілетін дамыту; өміршең шешімдерді 
қалыптас-тыру және студенттермен мәселелерді 
жан-жақты зерттеу мақсатында бірлесе отырып, 
белсенді қызмет атқару; қалыпты емес 
жағдайларды қорытындылауда көмектесіп
қабылданған шешімдерді ойланып қалыптастыру-
ға септігін тигізеді. 
Бүгінгі нарықтық экономиканың шарықта-
ған тұсында медицина түлектеріне де қойылатын 
талаптар деңгейі едәуір жоғарылады. Жаңадан 
арнаға қойылған технологиялар мен медицина-
лық аспаптар және құралдар күн сайын әлемдік 
дәрежеге сәйкестене жаңартылуда. Осындай 
әлеуметтік өзгерістер бүгінгі күннің оқушыларын 
даярлауда оқу процессіне жаңашыл әдістерді 
енгізуді талап етеді. Ел басының жолдауында 
нақтылы мәселелер қаралып, соның бірі барлық 
деңгейдегі кәсіптік білімді жетілдірудегі арнайы 
даму бағыттарының көрсетілуі. Осыған орай бә-
секеге қабілетті түлектерді даярлау, ертеңгі тұ-
рақты өзгерістегі еңбек жәрменкесінде сұранысқа 
сай мамандар шығару біздің ең басты мәселеміз 
екені түсінікті. 
Кез-келген ЖОО-ның мақсаты біліктілігі 
мен құзіреттілігі жоғары маман тәрбиелеп шығару 
болып саналса, ал медициналық жоғарғы оқу 
орнының мақсатына – науқастарға жоғары 
дәрежедегі көмек көрсете білетін, қазіргі 
заманның талабына сай түлек дайындау кіреді. 
Майамидегі (АҚШ) симуляциялық білік-
тілікті жоғарылату бағытында ұйымдастырылған 
оқудан соң, симуляциялық технологияны оқу 
үдерісіне енгізу мақсатында, ҚР алты медицина-
лық ЖОО-дағы Оқу клиникалық орталықтарының 
сыныптарында тарату негізделді. Соның негізі 
ретінде ОҚМФА-на алты медициналық ЖОО-ң 
арасында, «Акушер ісі және гинекология» маман-
дықтары бойынша симуляциялық мастер классты 
енгізіп, оны тарату жүктелген. 
Медициналық симуляция ұғымы – өте кең 
мәнде, клиникалық мақсатта пациенттің күй 
жағдайын дәлме- дәл қайталап, жағдайдан тура 
шығуға мүмкіндік береді. 
Соның дәлелі ретінде, 14.05.2010ж. 
ОҚМФА- да алты медициналық ЖОО-ң арасында 
«Симуляциялық әдістерді қолдану арқылы 
медициналық мамандарды дайындау»
атты 
тақырыпта өткізілген ғылыми-әдістемелік 
семинардың жұмысымен таныстырғымыз келеді.
 
Бұл семинардың басты мақсаты меди-
циналық жоғары оқу орындарында қолданылып 
жатқан инновациялық оқыту тәсілдерін ортаға 
салып, бір жүйеге келтіріп, бір- бірімен тәжірибе 
алмасу болып табылады. Студенттердің білім 
алуға құштарлығын белсендіру үшін инновация-
лық тәсілдің тигізер пайдасы орасан зор. Бұл 
тәсілдер студенттерді алған білімдерін тұжырым-
дауға, өз ойын еркін дамыта білуге, оқу материа-
лы ішінен маңыздысын таңдауға және сөйлеу 
мәнерін дамытуға тәрбиелейді.
Семинарға ҚР медициналық алты ЖОО-ң 
Оқу клиникалық орталық басшылары мен акушер 
ісі және гинекология кафедрасының оқытушы-
лары қатысты. Семинар негізгі үш бағытта жүр-
гізілді, қатысқан ЖОО-ң оқу клиникалық орталық 
басшылары мен оқытушылары баяндамасын 
«Power Point» түрінде презентация жасады. 
Екінші бөлімінде семинарға қатысушылар 
оқу клиникалық зертханалық орталықтың 
қабырғасында өткізілген секциялық жұмыстарға 
қатысты. Секция 3 бағыт бойынша жұмыс жаса-
ды. «Эклампсия» – типтік оқу бағдарламасына 
сәйкес дәрігер – интерндердің дәрігерлік көмек 
көрсете білуі туралы бейнетүсірілім ұсынылды. 
Бейнероликтер акушер ісі және гинекология 
кафедрасының профессор оқытушылар 
құрамымен бірге акушер – гинеколог дәрігер – 
интерндердің қатысуымен түсіріліп, көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет