Клиникалық психотерапия түсінігі және моделі психотерапия



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі3,71 Mb.
#122389
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-практикалық сабақ. Психологиялық кеңес беру және психотерапия негіздері.


КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МОДЕЛІ


Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді.


Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады.
Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар.

Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен санасезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет