Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы



Дата21.07.2020
өлшемі181,5 Kb.
#63535
түріСабақ


Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы :

Тақырыбы: СЫН ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау.Сын есімді сөйлем ішінен тауып , қай сөзбен байланысып тұрғанын және дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты,таза жазуға дағдыландыру;

  2. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту, шығармашылықтарын шыңдау;

  3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа баулу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: қайталау

Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, әңгімелеу, талқылау.

Көрнекіліктері: ағаш,қасқыр,түлкі,қоян т.б. суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу:

Қонақ келсе құт келер,

Бұны бүкіл жұрт білер.

Қонаққа сәлем бермесек,

Әдепсіз екен деп күлер.

Бүгін бізде болады,

Қазақ тілі сабағы.

Сабаққа жақсы қатысқан,

Жақсы баға алады.

Мұғалім:

- Балалар, Ыбырай атамыз қандай өсиет қалдырып еді?

Балалар:

-Кел, балалар,оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Мұғалім:

- Олай болса бүгінгі сабақты ықыласпен тыңдап, бәрін көңілімізге тоқып алайық.

Біз доспыз. Достар бір-біріне жақсы тілек тілейді. Олай болса, бір-бірімізің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмып, іштей бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Енді көзімізді ашып, бір –бірімізге күлімдей қарап, сәттілік тілейік. Мен де сендерге сәттілік тілеймін.

Мұғалім:
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтарға ұқсамайтын ерекше сабақ болғалы отыр. Оны өздерің де сезіп отырсыңдар. Өйткені бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген сөз бар. Олай болса, әдеп сақтап, тәртіпті болып отырайық.

Біз бүгінгі сабақта сын есім туралы алған білімізді пысықтаймыз. Олай болса іске сәт.

Ә) түгендеу;

Б) психологиялық ахуал туғызу;

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау. Суретті салып келу.


Мұғалім:

  • Балалар, сендер көктем суретін салып, көктемде табиғатта өзгерістер болатыны жайлы айттыңдар.Сонымен қатар көктемде адамдар үй жанына,көшеге, сая-бақтарға тал отырғызады. Қазақта мынадай бір жақсы сөз бар: «Бір тал кессең,он тал ек» деген. Жасыл желекті ағаштарымыз көп болса, ауамыз таза болады. Адамның ең бірінші байлығы денсаулық емес пе?!

Бізде бүгін тал отырғызып, табиғатқа пайдамызды тигізіп, жақсылық, қайырымды іс жасайық. Бұл ағашқа «сын есім» деп ат қойғым келіп тұр. Сонымен сын есім туралы не білдік ?




ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

-Міне, балалар сендер бір тал отырығызып табиғатқа пайдаларыңды тигіздіңдер, жақсылық, қайырымдылық жасдыңдар. Ылғи жақсылық,қайырымдылық жасап жүретін адамдардың жүрегіне имандылық ұялайды екен. Ал жүрегіне имандылық ұялаған адамды «нағыз адам» деп есептейді екен. Сендерде жүрегіне иманлықы ұялаған «нағыз адам» боп өсіп келе жатыр екенсіңдер. Мен өте қуанып тұрмын. Рахмет сендерге. Сонымен сын есімді қайталаймыз. Ойлай отырып, ойнай отырып жаттығулар орындаймыз.



IV.Білімді тиянақтау

(Күн реті жазылады)

Сынып жұмысы,

Сын есімді қайталау



Жаттығу. « Кім тапқыр?» Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Сын есімді байланысқан сөзімен қоса көшіріп жазу

Жібек арқан, темір атты, көк лағым, жарық түнде.

Жаттығу. «Кім шапшаң?»

Үшкір тұмсық,

Сұр шымшық.

Сордан ұшты,

Құрт шымшып.

Жаттығу. «Кім білгір?» (ауызша)

Биіктігі бойынша: биік емен, аласа емен.

Дәмі бойынша: лимон ащы, бал тәтті.

Көлемі бойынша: жолбарыс үлкен, мысық кішкентай.

Жаттығу. «Кім зерек?» (ауызша)


Топтамамен жұмыс.

-Балалар енді ән тыңдап, серігіп алайық. Мен ән орындаймын, сендер ынта қойып тыңдаңдар. Өйткені мен айтатын әннің ішінде де сын есімдер кездеседі.( Сендер менің шығармашылығымды көрдіңдер. Енді сендердің шығармашылықтарыңды көрейін.)
ҮІ.Сабақты қорыту

Практикалық өз бетімен жұмыс. «Кім шығармашыл?» (үйден немесе еңбек сабағында жасаған жұмыстарын таныстырып, сөйлем құрау, сын есімді анықтау)

Мысалы: Инелік (табиғи материалдан жасалынған)

Инеліктің құйрығы жіңішке. Қанаты кішкентай.

Соңында сын есімнің ережесін 2-3 оқушыдан сұраймын.

V. Үйге тапсырма:

Жаттығу. беті . Мәтінді көшіріп жазу. Сөз таптарына талдау.



Бағалау.

Оқушылар орындаған әр тапсырмасына,сауатты, көркем жазуына алған жұлдызшаларын санайды.

Қоңырау соғылғанда балалар орындарынан тұрып, хормен көңілдене:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Алақайау,алақай



Үзіліске шығамыз.
Каталог: uploads -> doc -> 062d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
062d -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет