Күнтізбелік – тақырыптық жоспар 8 сынып
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
1
|
Химия – заттар туралы ғылым. Кіріспе
|
1
|
|
2
|
Таза заттар және қоспалар
|
1
|
|
3
|
Химиялық элементтер
|
1
|
|
4
|
Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
|
1
|
|
5
|
Зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлық масса.
|
1
|
|
6
|
Химиялық элементтердің валенттігі.
|
1
|
|
7
|
Химиялық формулалар.
|
1
|
|
8-9
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
|
2
|
|
10
|
Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.
|
1
|
|
11
|
Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергетикалық деңгейлер
|
1
|
|
12
|
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі және заңы.
|
1
|
|
13
|
Күрделі заттардың молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.
|
1
|
|
14
|
Күрделі заттың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу.
|
1
|
|
15-16
|
Заттың құрамына кіретін элементтердің белгілі массалық үлестері бойынша олардың химиялық формулаларын қорытып шығару.
|
2
|
|
17
|
Қалыпты жағдайда көлемі белгілі газдың мөлшерін табу және зат мөлшеріне сүйене отырып оның көлемін есептеу.
|
1
|
|
18
|
Газ тәрізді заттың массасы бойынша оның қалыпты жағдайдағы көлемін есептеу.
|
1
|
|
19
|
Газдардың көлемдік қатынастары
|
1
|
|
20
|
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер
|
1
|
|
21
|
Тотығу дәрежесі
|
1
|
|
22-23
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
2
|
|
24
|
Су, ерітінділер
|
1
|
|
25
|
Ерігіштік
|
1
|
|
26-27
|
Ерітінділердің концентрациясы
|
2
|
|
28-29
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
|
2
|
|
30-31
|
Ерітіндінің массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша есептеулер
|
2
|
|
32-33
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша есептеулер
|
2
|
|
34
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыстар.
|
1
|
|
«Химия әлемі» 8 сыныпқа арналған бағдарлама
Түсінік хат
Жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту жаппай енгізілді. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады.
Бағдарлама бойынша 8 сыныпта химия пәніне 2 сағат аптасына бөлінеді. Бұл сағатта есепке теориялық және практикалық сағаттан көп ауыспайды. Ал қазіргі заман талабына сай химия бағдарын таңдаған оқушы теориямен қатар әр түрлі деңгейлі есептерді де тез жәәне тиімді жолдармен шығара білу керек. Соған байланысты 8 сынып оқушыларының жаратылыстану – математикалық бағытының химия бағдарына «Химия әлемі» бағдарламасын ұсынып отырмын. Ол 6 тараудан тұратын 34 сағатқа есептелген.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
Ғылыми дректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
Химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.
Осы арнаулы курсты меңгерген оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, газдардың көлемі және салыстармалы тығыздығы т.б. ұғымдарын есептерді шығаруда дұрыс пайдалана біледі деп сенемін.
Химия пәнін оқып-үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдаландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Оқушылардың теориялық білімін баянды етуде, ой-өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептер шығарудың маңызы зор, сондықтан бағдарламада есептер теориялық материалға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.
Курстың маңыздылығы
Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісі артады, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырады, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістетеді, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.
Курстың міндеттері:
Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;
Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;
Оқушының жеке интеллектуалды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.
Курстың мақсаты:
оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейту;
ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқу процесін ұйымдастыру
Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:
Курсқа қызығушылықты арттыру;
Белсенді қатысу;
Еркіндік және диалогқа дайындық;
Өз ойына сеніммен қарау;
Әдістер:
Зерттеушілік – ізденіс;
Есептер шығару, талдау.
Жұмыс түрлері:
Теориялық сабақтар (дәрістер)
Есептер шығару.
Бағалау барысы:
Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;
Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;
Химиялық терминдердің, формулалардың дәл қолданылуы;
Дербес жауап;
Материалдық логика;
Дәлелді баяндау және озіндік икемділік.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі;
Танымдық қабілеттері дамиды;
Мазмұны бар есептерді шеше біледі;
Есептердің бірнеше шығарылу жолдарын біледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.Е.Темірболатова. Есептер мен жаттығулар жинағы. 8 сынып. Алматы, 2012 ж.
Ә.Е.Темірболатова. Есептер мен жаттығулар жинағы. 9 сынып. Алматы, 2009 ж.
М.Б.Усманова. Химия. Сандық есептер шығару әдістемесі. 8 – 11 сынып. Алматы, 2004 ж.
Химия мектепте. Әдістемелік журнал. 2012 – 2014 жж.
Химик анықтамалығы. Әдістемелік журнал. 2012-2016 жж.
М.М.Матаев, Н.О.Мырзахметова, З.М.Арғынбаева. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Алматы, 20
Достарыңызбен бөлісу: |