Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?



Дата21.07.2017
өлшемі69,2 Kb.
#21666
түріСабақ

Күні: 20.02.2016ж

Пәні: әдебиеттік оқу

Класс: 2«Ә»

Тақырыбы:

Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?

Мақсаты:

Сабақтың мақсаты: Өлеңді дұрыс,саналы түрде,түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог сөздерді білу. Өзіндік пікір,көзқарас қалыптастыру ,оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық,адамгершілік қасиетін дамыту. Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

Диалог арқылы оқу дағдылары қалыптасады. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата біледі, тақырыпты өмірмен байланыстыра біледі.

Түйінді идея

Сараңда бар болса да, жоқ,

Жомартта жоқ болса да, тоқ.


Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

1. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Іс-имыл арқылы амандасу.
2. Топқа бөлу.

«Адам болам десеңіз» бөліміне байланысты 3 топқа бөлу.

І-топ Талапты

ІІ-топ Еңбекқор

ІІІ-топ Ойшыл

Таңдау, бөліну, отыру
3.Үй тапсырмасын тексеру:

М.Гумеров. Көк кептер

Жоспар:

І. Бейтаныс балалар

ІІ. Арашашы

ІІІ. Нүсіпбектің досын іздеуі

ІV. Үйге келгендегі іс-әрекеті

І-топ. Әңгімені мазмұндайды

ІІ-топ. Нүсіпбек пен Аймағанның қасиеттерін Венн диаграммасына салу.Нүсіпбек (аңқау, адал, сенгіш) пен Аймағанға (сатқын, арам, қу) ортақ нәрсе ? (дос балалар)

ІІІ- топ. Мәтін кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерін бағалау: Мәтін кейіпкерлері не істеді?



4.Үй тапсырмасын бекіту:

Сендерің пікірлерің?

От шашу


Балалардың қолдарына жұлдызшалар жапсыру арқылы бағалау.


Балалар бір –бірімен қолдарын, иықтарын және де аяқтарын түйістіріп амандасады.



Жаңа материалдың таныстырылымы(оқушылардың жаңа тақырыпты оқып үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

5.Сөзжұмбақ шешу:

1. Төрт түліктің бірі не малдың қасқасы ? (жылқы)

2. Еңбек етуге ең керекті не? (қол)

3. Не өмір шырағы? (білім)

4. Тіршіліктің тірегі кім? (ана)

5. Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)

6. Не тас жарады,

Тас жармаса бас жарады. (тіл)



6.Оқушыларға видеоролик көрсету. 

7.Ой қозғау:

Сараңда бар болса да, жоқ,

Жомартта жоқ болса да, тоқ.

-Мына мақалды қалай түсінеміз?

-Қане, жауап беріп көрелік.

-Сараң адам бай болып тұрса да дүниесін ешкімге қимайды екен.

-Ал, жомарт- өзі кедей болса да үйне келген қонағына барын алдына қойып риза қылып жібереді екен.


Жұлдызшалар

арқылы бағалау




Жаңа материалды қолдану (сабақта қолднылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б.)

8. Оқулықпен жұмыс

1.- Ендеше, бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.

Жомарттық деген не?

Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.



-Кабуснама деген не?

- Оны кім жазды?



Қайқауыс туралы түсінік беру.

Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама –қарсы сөз – сараң сөзі.



2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.

Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның халық жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды.



3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.

9.Сергіту сәті /Көңілді күн/

-Диалог деген не ? / екі немесе бірнеше адамның әңгімелесуі диалог деп аталады/

Пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.

Мадақтау


Жұлдызшалар арқылы



4.Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс қолдану)

10. Постер қағазына 

Топтық жұмыс

І-топ

”Кім жомарт? Не жомарт?” сөзіндегі кім? не? сұрақтары қай сөз табына қойылады? (зат есімнің ережесін еске түсіру)

ІІ-топ

Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Осы сұрақтарға өз беттеріңше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көріңдер



ІІІ-топ

Өлеңді сурет түрінде бейнелеу.

-Батырды неліктен жомарт дейміз? (Халық үшін жанын бергендіктен)

-Ұстазды неліктен жомарт дейміз? (Бар балаға тәлім бергені үшін)

-Жерді неліктен жомарт дейміз? (Адамзатты асырағаны үшін)

-Күнді неліктен жомарт дейміз? (Жерге нұры шашырағаны үшін)



Жұлдызшалар арқылы



Оқулық


Әдебиеттік оқу 2 кл

Рефлексия

Формативті бағалау.

«Бұлттар әлемі» әдісі




Бағалау




Жиынтық баға жинаған жұлдызшаларына қарай




Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу







Не сәтті өтті?

Нені дамыта аламын?

.







Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет