Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату



бет1/3
Дата09.12.2023
өлшемі416,75 Kb.
#196008
  1   2   3
Байланысты:
1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed

Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.
Дәрістің тезистері:

  1. Компьютердің архитектурасы.

  2. Компьютердің қосымша құрылғысы

  3. Компьютерді дұрыс қосу және өшіру

Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б. ).




Компьютердің қосымша құрылғысы;
Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек:
· басып шығарғыш, плоттер
· мәтіналғы
· модем
· дыбыстық бейімдеуіш
· желілік бейімдеуіш

Басып шығарғыш / Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.


1- матрицалық, 2- сия бүріккіш, 3- лазерлік принтерлер
Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады.
Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады.
Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады.
Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.
Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді.


Плоттер
Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет