КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылау сӨз табының
мағыналық түрлері
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді.Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақытылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген [22,б.362]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.
Септеулік шылаулар
Септеулік шылаулар шығу тарихы жағынан әуелгі лексикалық мағынасы бар атауыш сөздерден транспозициялық тәсілі арқылы пайда болған туынды тұлғалар болып саналады. Олар тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылып, қосымшалар жалғану арқылы сіңісу процесі негізінде біріктіріліп, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа сөздер құрайды. Мәселен, В.Э.Шерер, М.И.Стеблин-Каменскийдің: «Мы же склонны придерживаться точки зрения тех лингвистов, которые пологают, что послелоги и грамматические значения» деген пікіріне қосылып, оны О.Суник және Дж.Мураталиева құптайтынын айтады [23,б.53-59]. Қ.Ертаев кейбір түркі тілдерінде септеуліктер жеке сөз табы болатындығын және В.Радловтың еңбегінде қырықтан астам септеуліктер барын сөз етеді[24,б.30-34].Ал апача тобына жататын навахо тілінде: «послелоги это показатели ролей неядерных актантов и сирконстантов , так сказать косвенные падежи.Таким образом, это не самостоятельные слова, а префиксы глагола, грамматические единицы » делінген[25,б.246].Сонымен жоғары да берілген ғалымдарың тұжырымдары бойынша пікір білдіретін болсақ, онда жалпы тіл білімінде септеулік шылаулар жайлы аффикс және дербес сөз мағынасындағы екі негіздің барын байқаймыз. Бұған қоса категория дәрежесіндегі септеуліктер бойына лексикалық және грамматикалық мағыналарды сіңдіретіндігі және өз алдына жеке сөз табы ретінде қаралатындығы бар. Мәселен, демеуліктер мен жалғаулықтар өздері тіркесетін немесе байланыстыратын сөздердің грамматикалық тұлғасын талдамайды. Атауыш сөздер қай сөз табына жатса да, қай тұлғада тұрса да жалғаулық пен демеуліктер оны елемей тіркесе береді. Септеуліктер олай емес, атауыш сөздердің арнаулы грамматикалық формада тұруын қалап, меңгеріп барып тіркеседі. Десек те, көне түркі тіліндегі септік жалғаулары бірінің орнына бірі қолданылған. Оларды қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдеріндегідей нақты жүйелік байқалмайды. Сол себептен септеуліктердің грамматикалық көрсеткішпен тіркесуін сөйлемнің мазмұны мағынасы арқылы анықтаймыз. Мысалы: Йағру қоңдуқта кісре аңығ білік анта өйүр ерміс – Жақын қонғаннан кейін жаман ілімді сонда үйренген еді. Осы сөйлемдегі «қоңдуқта кісре» тіркесі жатыс септігінде тұр. А.Кононов септеулік шылаулар сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Яғни септіктердің мағынасын толықтырады деген[26,б.296].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі септеулік шылауларға үчун, тегі, кісре, че, аша, бірле тұлғалары жатады.Сонымен қатар бірде үстеу, бірде септеулік шылау қызметін атқаратын тұлғалар да бар. Олар: тапа, артуқ, өтрү, қоды, ұдұ, өңре. Бұлардың ішіндегі ру/рү және че формалары түріктанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінде шылау есебінде қаралмайды.
Көне түркі тіліндегі септеулік шылау сөздерге жеке – жеке тоқталмастан бұрын, жоғарыда айтылған (ру/рү, че) лексикалық единицалар жайында ойымызды ортға салалық.Ең бірінші мәселе құранды жұрнақ болып танылып келген қару/керу , ғару/геру формаларының құрамындағы ру/рү тұлғасы жөнінде болмақ. Көне түркі тілінен белгілі қару/керу формалары қазіргі түркі тілінің деректерінде үстеулік мән – мағына беретін сөздердің құрамында өлі форма немесе көнеленген құранды септік жалғау есебінде танылған.Ізін жоғалтқан бұл формаларды көне түркі руникалық жазба ескерткіштер мәтіндерінен ғана кездестіре аламыз.Түркітанушы ғалымдардың зерттеу еңбектерінен қару/керу тұлғалары көне жазбалар тілінде бағыттық мағынаны білдіретін барыс септігінің қосымшасы деген негізде орын алған.Г.Рамстедт бұл құранды форманы – ға барыс септігі және – ру бағыттық формасын директив деп көрсетеді де, - ғару тұлғасынан маған, саған, оған, бұған сөздері қалыптасқан дейді[27,б.44].Ғалымның пікірін кейінгі жылдары В.Котвич қолдап, өз болжамын монғол сөз жасаушы - ғаду формасымен сабақтастырады[28,б.324].Зерттеуші В.Банг пен А.Габэн бұл қосымшалардың құрамындағы ру/рү формаларының пайда болу жолын зерттей келіп, көсемшеден шыққан деп қорытындылап, төмендегідей мысалдармен дәлелдей түседі. Кең рү сөзінің құрамындағы – рү барыс септік формасы емес, керісінше кеңүр етістігіне – ү көсемше формасы қосылып, кейіннен үстеуге айналған деп айтады[29,б.264].
Руникалық жазбалардағы ру/рү формаларына қатысты негіздерді жинақтай келіп, аталмыш форманы ғылыми тұрғыдан септеулік шылаулар түріне жатқызамыз.Бұған дәлел ретінде мынандай тұжырым негіздер бар:
а) Септік категориясының формалары түбір сөзге бірден екі рет жалғанбайды.Және – те көне түркі тілінде барыс септігінің жалғауы басқа жалғауларға қарағанда тұрақты болып келеді. Мысалы: Түпітке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.
ә) Көне ескерткіштер жазбаларында кейбір шылау сөздер аралығында тыныс белгі қойылмаған. Мысалы: Йерғару йер Байырқу йеріне тегі сүледім – Солға қарай йер Байырқу жеріне дейін соғыстым.
б) Аударған кезде бергеру – бері қарай , тарқанғару – тарқанға қарай, ілгеру – алға қарай болып өздігінен қарай шылауымен тіркесіп келеді.
в) Алтай тілдеріне жататын аталас монғол мен түркі тілдерін салыстырған кезде монғол тіліндегі ру/рү формалары қарай шылау мағынасындағы сөз ретінде дербес қолданылған. Мысалы: гэр руу – үйге қарай, уул уруу – тауға қарай болып келеді [30,б.807]. Бағыттық мағынадағы таман сөзі де сөздікте руу/рүү деп берілген [31,б.295]. Қарай шылауының құрамындағы қа-ра-й (-ру,-рү,-ры,-рі) бағыттық мағынадағы көне рудиментті байқау қиын емес. Жалпы қорыта көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі құранды жұрнақ немесе барыс септік жалғауы болып осы уақытқа дейін танылып келген ру/рү тұлғасы - лексикалық единица.Нақты айтқанда, барыс септік жалғаулы сөзден кейін келетін бағыт – бағдар мағынасындағы септеулік шылау. Ру/рү және че тұлғалары көне түркі тілдеріндегі атауыш сөздермен тіркесіп келіп, мезгілдік, мекендік, божаулық, бағыттық мәнді грамматикалық мағыналары білдіріп, байланыстырушылық қатарына жатады. Септеуліктерге тән қасиет тіркесетін сөздерінің белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруын талап етеді. Мұндай белгілі бір грамматикалық тұлғада тұратын негізгі сөздер – зат есім, есімдік, етістіктің есімше түрі және қимыл атаулары. Аталмыш шылаулар тобы сөйлемде есім мен етістік арасындағы синтаксистік байланысты білдіреді. Яғни септеулік шылаулар септік жүйемен тікелей байланысты. Олар септіктердің мағынасын толықтырады, нақтылайды. Сонымен бірге септік жалғаулары бере алмайтын синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары мен ерекшеленеді.
Демеулiк шылаулар
Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [32,б.162].Бүгiнде бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады.С.Исаев «күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жаасайтын күшейткiш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынбармен тiркесүi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде күшейткiш буындар да (уп-улкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер де (өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) мағына үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп жiбермейдi» деп тұжырымдайды [33,б.52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады [34,б.162].Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шақаманова,Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [35,б.128]. Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де, аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр. Негiзiнен, ең, тым, өте осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады. Мысалы: қырғыз, ұйғыр, ғағауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сиптттамалық дәрежеде айтылған заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар едi. Мұны айту себебiмiз, көне түркi тiлiнде өте, ең тұлғалары кездесiп, қазiргi дәрежесiнде қызмет атқарған. Мысалы:
Көне түркi тiлi: Ең iлгi Тоғу балықта сүңiшдiм – Ең бiрiншi Тұғы балықта соғыстым. Екiншi сүңiс ең iлгi ай алты йаңқа…- Екiншi соғыс ең бiрiншi айдың алтысында…Көзде йаш келсер өтi де көңүлге сығыт келсер… Көзге жас келсе өте көңiлге шер келер.
Қазақ тiлi:Ескiнiң ең жақсысын ала бiлмей,жаманнан арыла бiлмей жүргендерге ренжiдiм.Ал мұндай күресте жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң алатын орны өте зор.
Екiншi бiр тiлдiк нормаға сәйкессiздiгi – демеулiктердiң қосымшаға айналу мәселесi.Бұл - өзгешелiкте айтылып жүрген мәселелердiң бiрi. Мысалы: Келесiң бе? – келемiсiң, барасың ба? – барамысың. Сонымен қатар кейбiр демеулiктердiң жiктiк жалғауын қабылдап, басқа сөз таптарының қызметiнде көрiну де жоқ емес. Мысалы:
I. Мен ғанамын Бiз ғанамыз
II. Сен ғанасың Сендер ғанасыңдар
Сiз ғанасыз Сiздер ғанасыздар
III. Ол ғана Олар ғана
Сол сияқты әдемi – ақсың, жаман – ақсың ақылшысыдамын, әкесi демiн деген сөздердегi күшейткiш мәндi демеулiктер сөз құрамында келiп, өзiнен кейiн көптiк, жiктiк жалғауларын да қабылдайды.
Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнде кездесетiн күшейткiш мағынасындағы қына (ғана/қана), оқ/өк (ақ), та/де (та/те, да/де) және сұраулық мағынадағы түгүл (түгiл) демеулiктер де бұндай өзгерiстер байқалмайды.
Жалпы тiл ғылымында шылаулар сөз табы бола алмайды деген көзқарасқа, әсiресе, осы демеулiктердiң қосымша формаларына ұқсас болуы себеп болған. Сондықтан да жоғары да айтылған қосымша мәселесiне байланысты кейбiр ғалымдар бiр кездерi демеулiктердi аффикс деп таныған болатын. Түркiтанушы ғалымдардың тiлде бұрыннан қалыптасып, демеулiк қызметiне ежелден енiп кеткен тұлғаларды табиғи деп көрсетуi және сол демеулiктердiң аффикстiк элемент деп қарауы жағынан пiкiрлерi сәйкеседi. Бұл жайлы қырғыз ғалымы А.Карымшаков турголктардың демеулiктердi аффикстiк элемент деп көрсетуiн қостап, «түркi тiлдерiндегi сөздердiң көмекшi сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды құбылыс» деген ойын бiлдiредi [9,б.192].Демеулiктердiң бiразы тұлғалық жағынан қосымшаға ұқсас келгенмен және олардың лексикалық мағыналары солғын, грамматикалық мағыналары абстрактылы болса да, аффикстерге қарағанда дербестiгiнен мүлде айырылып қалмайды. Сөзден бөлек тiркесiп дербестiгiнен қолданылуын сақтап қалғаны бұрынғы дербестiгiнiң қалдығы деп түсiнуiмiз керек. Ал түркологияда жұрнақтардың өзi дербес сөздерден пайда болған деген пiкiр көптен берi айтылып келе жатқаны белгiлi.Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде болымсыздық мағынада қолданылатын түгүл формасы мен шектеу, нақтылау мағынасындағы қына демеулiктерден басқалары тұлғалары жағынан аффикстерге ұқсас келедi.Мысалы оған: та/де, оқ/өк, ба/му, гу/гү/күк, ча/че, ру/рү сияқты бiр буынды формалар жатады. Олар тұлғалық жағынан қосымшаларға ұқсас келгенмен, тiлде атқаратын қызметтер екi басқа. С.И.Соболевский көне грек тiлiндегi демеулiктердiң де қосымшаға ұқсас болғанмен, олардың атқаратын тiлдiк қызметтерi мен дәрежелерiнiң әр түрлi екендiгiн сөз етедi. Көне грек тiлiнде көне түркi тiлiндегi демеулiктермен сәйкес қата, те, бе, ге формалары бар [36,б.273]. Демеулiктердiң ескерткiш тiлiнде септеулiк шылау ру/рү немесе че сияқты сөз құрамында келуi жоқ. Атауыш сөздерге тiркесiп келiп, сол сөздерге әр түрлi грамматикалық мағыналар үстейдi. Демеулiктер де тiлдiң даму эволюциясында бiртiндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы шылау сөздер тобын қалыптастыра бастаған.
Орхон – Енисей жазбаларындағы шылау сөз табының лексикалық құрамына қатысты сөз еткенде, кейбiр шылау сөздер деп танылып келген единицалардың басқа сөз таптарына жататындығы демеулiктерде де кездеседi. Бүгiнгi күнге дейiн зерттеу еңбектерде демеулiк шылаулар деп танылып келген йалаңус, йана, анығ, нең, ерiнч, ерсер сияқты әр түрлi категориялық мағынадағы сөздердi жалпы шылау сөздер қатарына қосып қарастырамыз. Бұлардан да басқа септеулiктер және жалғаулықтар деп танылып келген тұлғалардың барлығына дерлiк түсiнiктер берiлдi. Сонымен бiрге түркологияда қалыптасқан демеулiк атауына қактысты пiкiрлер де айтылған болатын.Қазақ тiл бiлiмiнде бұл атау алғаш А.Байтұрсынов еңбегiнен бастап, «демеу» деген терминмен аталады. Қ.Жұбанов зерттеуiнде «үстеуiштер» деп берiлсе, С.Аманжолов еңбегiнен бастап «демеулiктер» деген атау толық өз атын иемденген. Содан берi Р.Әмiров, К.Амиралиев, Ф.Кенжебаева, Ғ.Иманалиева, В.Исенғалиева, Ы.Шақаманова сынды тiлшi ғалымдар оларды арнайы зерттеген. Олар жалпы шылаулар тарихын сипаттай отырып, бiрi жалғаулықтардың, бiрi септеулiктердiң, ендi бiрi демеулiктердiң әр қырларынан ғылыми зерттеулерiн танытып, өзiндiк құнды пiкiр – тұжырымдарын жасаған. Аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерiне сүйене отырып, көне түркi руникалық жазбалардағы шылауларды салыстырып қарағанымызда, бүгiнгi түркi тiлдерiндегi шылаулар сөз табының қалыптасуындағы алғашқы сатысы болып отыр. Яғни қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердiң қалыптасу тарихы да көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнен бастау алады деген сөз. Орхон – Енисей жазбалар тiлiндегi демеулiктерге та/де, оқ/өк, ба/му, ғу/гү/күк, қына, түгүл тұлғалары жатады. Сонымен қатар та/де демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай жалғаулық шылау мағынасындағы «йеме» формасын да жатқызуға болады. Аталмыш тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: та/де – та/те, да/де; оқ/өк – ақ; ба/му – ма/ме, па/пе, ба/бе; ғү/гү/күк – қой/ғой; қына – қана/ғана; түгүл – түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық мағына үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады. Демеулiктер септеулiктер сияқты өзi тiркесетiн сөздердiң белгiлi бiр грамматикалық формада тұруын талап етпейдi.Атауыш сөздерге тiркесiп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау мағыналарын үстейдi. Қазiргi қазақ тiлiнде демеулiктердiң септеулiктер мен жалғаулықтарға қарағанда дамуы да, қолданылу аясы да бiршама активтенген. Көне түркi тiлiндегi демеулiктердiң сөйлем iшiндегi грамматикалық қатынастағы дәрежелерiн көрсету үшiн қазiргi қазақ тiлiндегi жекелеген авторлардың еңбегiнен мысалдар алып, салыстырып қарастырамыз. Жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың өзара (аз – көп) қолданылуына байланысты Күлтегiн, Тонйұқақ, Бiлге қаған, Құтлық қаған (Онгин), Ырғақ бiтiг, Күлi – Чор, Мойын – Чор, Тариат жазбалары бойынша статистикалық мәлiметтеме жасалынды. Сонымен қатар қазiргi түркi тiлдерiндегi шылау сөздермен салыстырылынып, өзгерген дыбыстық варианттары да көрсетiлдi.
Та/Де: Руникалық жазбадағы та/де демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де формаларындағы күшейткiш демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде та/те, да/де шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты бiрде жалғаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалғаулық шылау қатарына қосқан та/де формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып, демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде болып, оларға күшейту, анықтау, тәтпiштеу мағыналарын үстемелеп отырады [22,б.336].
Жалғаулық шылаулар.
Тiл бiлiмi негiзi алғашқы қазығы есебiнде тiлдiк элементтер мен единицаларды зерттеуден бастайды. Себебi ең бiрiншi тiлдiң құрылымдық бөлшектерiн және олардың ерекшелiктерi мен қағидаларын нақтылы зерттеп бiлмейiнше, ғылымды танып бiлу мүмкiншiлiгi жоқ. Бұл – тiл- тiлдiң қайсысына болмасын қатысты ортақ заңдылық. Бiздiң қарастыратын мәселемiз осы тiлдiк бiрлiк, яғни 5-8 ғасыр аралығындағы руникалық жазбаларда жалғаулық шылау сөздерiнiң бар – жоғына қатысты болып отыр. Көне түркi тiлдерiнде жалғаулықтардың бар – жоғын анықтау үшiн оның ең бiрiншi ғылыми – теориялық негiзiн бiлуiмiз шарт. Келесi бiр шарты – оны дәлелдейтiн деректер, тiлдiк материалдар болу керек. Осы екi негiзде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi жалғаулықтар туралы сөз болмақ. Жалғаулықтар – сөз бен сөздi, сөйлем мен сөйлемдi байланыстыратын, бiр сөздiң аясында қалмай екi сөзге, екi сөйлемге бiрдей мағына қосатын шылау сөздер. Тiл ғылымында олар аналитикалық форманттар есебiнде қарастырылады. Жалпы олардың да қалыптасуы өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексiзденуi, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежеге жетуi өте баяу және бiрте – бiрте даму жолымен болатындығы анық.Тiл бiлiмiнде бұндай номинациялық процестердiң болуын түбегейлi шешiп беру оңайға соқпайды. Ғылым үшiн тiлдiң табиғаты - өте күрделi құбылыс. Тiлдiң табиғи құбылысы тұрақты болғанмен, грамматикалық құрылысы тұрақсыз үнемi даму үстiнде болады. Сондықтан да тiл ғылымында әр түрлi көзқарастардың туындауының өзi – заңды нәрсе.
Орхон – Енисей ескерткiштер тiлiндегi шылауларға қатысты айтылған ғалымдар пiкiрлерiне назар аударалық.Мәселен, Ә.Құрышжанов, М.Томанов бiрлесiп жазған «Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi» атты еңбекте көне түркi тiлiндегi шылауларды қазiргi түркi тiлдерiндегi шылаулармен салыстырады. Олар көне түркi тiлiнде шылаулар категориялық дәрежеде қалыптаспағандағын айта келе, көмекшi есiмдердi қосып қараған. Одан кейiн жазбалар тiлiнде бүгiнгi түркi тiлдерiндегiдей жалғаулықты шылау жүйесi жоқ, сондықтан оларды салаластырушы, құрмаластырушы деп бөлуге негiздiң жоқ екендiгiн айтады. Бiз ғалымдардың жалғаулықты шылау жүйесi жоқ дегенге келiскенмен, категориялық негiзде көрiне алмайды дегенiне қосыла алмаймыз. Әрине, қазiргi қазақ тiлiндегi жалғаулықтар тобы көне түркi тiлiмен салыстырғанда сан жағынан да мол және беретiн мағынасы да сан қырлы. Оның үстiне олардың қолданыс ыңғайы да көне тiлмен салыстыруға келе бермейдi. Сонымен қатар көне түркi тiлiндегi кейбiр шылау сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сақталмаған және олардың орнына басқа сөздер қолданылады. Мәселен, А.Кононовтың осыған қатысты ойы мынандай: «Позднее, начиная с караханидского периода, под воздействием арабского и персидского языков и литературы на этих языках собственно тюркские союзы, модальные слова и частицы были почти полностью вытеснены арабскими и персидскими займствованиями» [26,б.200]. Бұл пiкiрге көз қарасымызды айтсақ, көне түркi тiлiндегi жалғаулық шылаулардың барлығы дерлiк қолданыстан шығып қалмаған. Ал араб – парсы сөздерi орын басқанымен шылау сөздерге зиян келген жоқ, керiсiнше кiрме сөздердiң баламасы ретiнде дамып, бүгiнгi тiлде қолданылып жүр. Ал жалғаулық шылаулар болса, көне ескерткiштер тiлiнде өте сирек.Олар бұл дәуiрде жаңа да iзiн сала бастаған. Тiл құрамы өседi, өзгередi, қайта қалыптасады, ескiредi,кемидi, ақыр соңында ұмытылады, бiрақ ол мүлде жоғалып кетпейдi., бiр күйден екiншi бiр күйге көшiп немесе бiр түрден екiншi бiр түрге ауысып, дамып қалыптасып отырады. Осыған қатысты А.Щербак өзiнiң «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» деген еңбегiнде руникалық жазба ескерткiштерiнде жалғаулық шылаулар кездеспейтiндiгi туралы түйiнi мынандай: «Некоторые экспрессивно – выделительные частицы примечательны тем, что являясь акцентирующим средством, они одновременно выполняют сочинительные и подчинительные функции. И посколько частицы, как акцентирующее средство, имеют тюркских языках длительную, а союзы появились относительно поздно, прочно укоренилось мнения о том, что многие тюркские союзы ведут свое происхождение от усилительных частиц»[37,б.104].Ғалым әрi қарай байланыстырушы элементтердiң басқа тiлдерден де қалыптасатындығын түсiндiредi. В.Насиловтың пiкiрi де осы тәрiздес жалғаулықты шылаулардың орнына демеулiктер қызмет еткендiгiн көрсетедi.: «В грамматическом строе Орхон – Енисейских памятников не являются сложившейся категорий. Синтаксический строй рассматриваемых текстов исключает как соединительно – сочинительные, так и подчинительные союзы, что неоднократно констатировалось многоими тюркологами.Единственными лексическими средствами , приблежающимисяк категории союзов, слушает частицы та – и, да, же и йеме – и, также, еще» дейдi [20,б.44]. В.Кондратьев зерттеуiнде йеме шылауының жалғаулық мағынасында қолданылатындығын айта келе, азу сөзiн жалғаулық шылау деп тұжырымдайды.[38,б.131].Ғ.Айдаров жалғаулықтар қатарына йеме,өк, та/те, да/де – лердi жатқызады [15,б.148]. Ал А.Кононов өзiнiң «Грамматика языка тюркских рунических памятников 7-9 вв.»деген еңбегiнде жалғаулықтарға азу, йеме, тақы, уду, та, артуқы сөздерiн алып, оларды iштей ыңғайластық жалғаулықтар және талғаулық жалғаулықтар деп екiге бөлiп жiктеген. Осылардың iшiндегi уду (ұдұ), та, тақы, йана сөздерiне қатысты ой – пiкiрiмiздi бiлдiре кетейiк.А.Кононовта «артуқы/артуқ» «Большой, больше» - ы афф.принадлежности «еще, кроме того»: Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс – Сорок да еще семь раз ходили они в поход – деп берiлген[20,б.200].Бiздiң ше артуқы сөзiн шылаулар қатарына қосып қарағанына келiскенмен, жалғаулықты шылау түрiне жатқызғаны дұрыс емес. Себебi түркологияда кейбiр сандардың орын алмасып келулерi сияқты немесе санаулық атауының айтылуы жөнiнде өзiндiк ерекшелiктерi мен қасиеттерi туралы айтылған мәлiметтер баршылық.Мәселен, М.Томанов: «Көне түркi тiлiнде санаудың басқа да бiр тәсiлi болған.Әуелi ондықты бiлдiретiн сөз, оған тiркесе артуқ сөзi, сонан соң қажеттi бiрлiк айтылған.Мысалы: Қырқ артуқ жетi (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бiр (31) т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрiздi сан – мөлшерлiк сөз тiркестерi осындай қолданыстың iзi» деген болатын [39,б.205].Сол сияқты Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының «Шипагерлiк баянында» санаудың басқа түрi берiледi. Мысалы: көз мұрын (3), қос қол кем ауыз (9), қыр кем ауыз (40), қос кел есе кез құлақ (10 х 4 =40), қос қол есе көз құлақ, қоспа артқы көз мұрын (10 х 4 +3=43) т.б. болып келедi.Бұдан байқайтынымыз сандық ұғымды беру үшiн анатомиялық сөздер аралығында келiп, лексика – грамматикалық мағынасымен қоса байланыстырушылық қызметiн атқарады.
С.Маловтың еңбегiнде мұндай санаудың түрi қазiргi сары ұйғыр тiлiнен кездесетiндiгi сөз етiледi. Осындай деректерге сүйене отырып, «Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс» - деген сөйлемдегi артуқы сөзiн шылау сөз деймiз. Нақты айтқанда,екi сан есiм ортасында тұрған аналитикалық формант немесе күрделi сан есiм жсау жолындағы мөлшер мәнiндегi шылау сөз болады. Сонда бұл сөйлем «қырық жетi реттен артық жорыққа аттанған» - болып аударылуы керек едi. Дегенмен ғалым шылау екенiн аңғарып зерттеуiнде атап өткен. Артуқ сөзi көне жазба ескерткiштерiнiң iшiнде көбiне Бiлге қағанда кездеседi. Мысалы: Отуз артуқы үч йашыма уқ ертi – Отыздан артық үш жасымда хан болдым. Бұл сөйлемдi «отыз үш жасымда қаған болдым» деп берсе де түсiнiктi. Аталмыш тұлға бұдан басқа сөйлемде шылаулық қызметте көрiнедi. Табғач атлығ сүсi бiр түмен артуқы йетi бiң сүг iлкi күн өлүртiм – Табғаш атты әскерiн бiр түменнен артық жетi мың әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм. Осы сөйлемдi «табғаштың он жетi мыңнан артық атты әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм» деп берсе де, артуқ сөзi шығыс септiктi сөздермен тiркесiп келедi. Көне түркi тiлiнде артуқ сөзi сындық мағынада байқалмайды. Артуқ сөзiнiң шылау екенiне күмән келтiрмес үшiн тағы бiр мысал келтiре кетелiк. Мысалы: Йарақынта йалмасынша йүз артуғ оқун урты – Қарауына, сауытына жүзден артық оқ тидi. Жалпы артуқ (артық ) сөзi қазiргi қазақ тiлiндегiдей шығыс шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылау қызметiн атқарған. Сөйтiп көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiндегi артуқ тұлғасын жалғаулыққа емес, шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылаулар қатарына қосуымыз керек.
Ал та сөзiне келетiн болсақ, көне жазба тiлiнде бұл форма тек демеулiк шылау ретiнде ғана қызмет атқарған. Мұны тiлдiң теориясына жүгiну арқылы тұжырымдадық. Қазақ тiл бiлiмiнде мынадай ереже қалыптасқан: та/да шылауы жалғаулық ретiнде қолданылуында өзара бiр-бiрiмен ыңғайласатын екi сөздiң немесе сөз тiркестерiнiң, сондай-ақ салалас я сабақтас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердiң байланысуына, жалғасуына дәнекер болып, қызмет етедi [22,б.366 ]. Осы тұрғыдан алып қарағанда та/де формалары демеулiк шылау мағынасында болады. Түркологияда та/де-лердiң алғаш жалғаулық шылау қызметiнде болмағанды сөз етiлген. Мәселен, түркi тiлдерiнiң тарихи – салыстырмалы грамматикасында «Вариант та как союз в древнетюркских памятников пока не отмечен. Указонное выше фонетические развитие союза произошло в более позднее время – после 11в. самостоятельно в каждом из тюркских языков» делiнген [29,б.512].
Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де күшейткіш демеуліктердің тек қана та/де дыбыстық варианттары қолданылғын. Олар жалғаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене бастаған. Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана ұшырасады. Олардың білдіретін грамматикалық мағыцналарын мысалдар арқылы та/де демеулігіне тоқтаған кезде бердік. Осыған қатысты көне түркі тіліндегі йеме сөзі нақты та/де демеулік шылауының қызметінде көріне алады. Мысалы: Оғузу йеме танқанч ол тіміс – Оғыздар да дағдаруда депті. Біз йеме сүледіміс – Біз де аттандық. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Ырық Бітіг жазуы мен Тонйұқық және Мойын – Чор ескерткіштерінде кездесетін ұдұ тұлғасы туралы септеулік шылауларға тоқталған кезде айттық. Әйтсе де, А.Кононовтың бұны жалғаулық шылаулар қатарына қосу себебі неде? Мысалы: Ілтеріс қаған қазғанмасар ұдұ бен өзүм қазғанамасар деген сөйлемді алған да, ұдұ сөзін также мағынасында береді. Аудармасы былай: «Если бы Эльтериш каган не приобретел (земель) и я также не приобретал бы…»[20,б.206]. Ал С.Маловтың аудармасында оның мағынасы следуя деген сөзбен беріледі.Жалпы ұдұ сөзі жалғаулықты шылау мағынасында көріне алмаған. Біздіңше, бұл сөз сөйлемдегі (контекстік) мағынасына қарай негізінен үстеу сөз табына жатады.Қазақ тіліндегі жалғаулықтарды зерттеген ғалым Р.Әміров алтай тілі грамматикасы мен М.Терентьевтің еңбегіндегі «қазақ тілінде жалғаулықтар жоқ, сөздер қатар – қатар тізіледі» және П.Мелиоранскийдің көне тілде жалғаулықтар өте аз кездеседі деген пікірлерін айта келіп, руникалық жазбаларында жалғаулықтардың барын, олардың басқа сөз табының орнына жүретіндігін және талғаулықты мағынаны білдіретін «азу» сөзінің әрі жалғаулық, әрі сұраулық демеуліктің қызметін атқаратындығын тап бассып, оның қазіргі тува тілінде кездесетіндігін де айта кеткен болатын.[40,б.70].
Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме, азу сияқты сөздерді жалғаулықты шылаулар деп, аздығына қарамай қазақ тіл білімінде қалыптасқан дербес категория дәрежесінде алып қарастырады.
Сөйлем құрамындағы сөздерді байланыстыруда қызмет ететін шылау сөздердің екі түрі болады. Соның бірі – жалғаулықтар.Өзара тең тұрған сөздерді, сөйлемдерді байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынастарды білдіретін сөздерді жалғаулық шылаулар дейміз. Олардың басқа түрлерден ерекшелік қасиеті – бір сөздің аясынан шығып, екі сөзге, екі сөйлемге бірдей мағына қосып ұштастыра алуы. Жалғаулықтар – аналитикалық сипаттағы байланыстырушы сөздер. Бұлардың ескеретін жері сөз тіркесін құраудан гөрі байланыстырушылық қасиеті басым болады. Қазақ тіл білімінде жалғаулықтардың тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактілі грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы сөздер екндігі айтылады. Жалпы олардың қалыптасуы да өзге грамматикаланған сөздердей грамматикалық жағынан дерексізденуі, лексикалық дербес ұғымнан жалпы категориялық дәрежесіне жетуі өте баяу және бірте-бірте даму жолымен болатындығы анық. Ал септеулік шылауларға қарағанда жалғаулықтану процесі көне түркі тілінде жаңа да ізін сала бастаған. Сондықтан да көне түркі дәуірінде жеке қалыптасқан сөздер болып толық көріне алмайды. Дегенмен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме және азу формалары қазіргі қазақ тіліндегі және мен әлде мағыасындағы жалғаулықты шылау сөздер болып отыр. Оларды синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары жағынан салыстырып қарағанымызда айтарлықтай айырмашылықтары байқалмайды. Түрколог – ғалымдар зерттеулерінде йеме, тақы, йана сөздерінің мағыналарын бір дәрежеде алып қарастырғаны белгілі. Мұнда тақы мен йана сөздері көне түркі тілінде үстеу сөз табымен мағынасында қызмет еткен. Ескерткіштер тілінде бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінбейді. Мысалы: Елін йана бертіміз – Елін тағы бердік немесе елін қайта бердік. Кідізіг субқа суқмыш тақы ур қатығды ба дер – Кигізді суға салғын, тағы ұр қатайды ма дер. Таным түші тақы түкемескен – Танылған түсі тағы аяқталмаған. Табғачқа йана ічікді – Қытайға қайта бағынды. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, әр уақытта тақы мен йана сөздері бірінің орнына бірі жүре бермейді. Олар көне ескерткіштер тілінде етістіктердің алдында келіп іс әрекетті пысықтап тұрады.
Сонымен аталмыш сөздер көне түркі жазба мұраларында үстеу мағынасында қолданылған. Кейінгі бір дәуір кезеңдерінде біртіндеп барып синтаксистік қатынаста грамматикалық мағыналары кеңейіп, сол формаларында шылау сөздер мағынасына ауысқан. Жалғаулықты шылау деп танылып келген йеме, тақы, та, артуқы, азу сөздерінің ішінен тек азу сөзі нақты талғаулықты жалнғаулық шылау сөз де, йеме жартылай мағынадағы немесе жаңа да шылаулық қасиетке бейімделе бастаған жалғаулықты шылау сөздер болып саналады. Енді сол екі формаға түсінік берелік.
Азу: көне руникалық жазба тіліндегі азу тұлғасы қазіргі қазақ тіліндегі әлде талғаулықты жалғаулық шылау мағынасында қолданылған. Ескерткіштердің ішінде тек Күлтегін кіші жазуында ғана ұшырасады. Мысалы:
Көне түркі тілі: Азу бу сабымда ігід бар ғу - Әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма ? Азу жалғаулық шылауы сөйлемнің басында келіп, ойға қатысты іс-әрекеттің шындығына немесе көмескілігіне күмән келтіру және талғау мағынасында қызмет атқарған. Қазақ тілінін грамматикасында азу шылауының мағынасындағы әлде сөзі араб тілінен енген деген болжам бар. Аталмыш тұлға бастапқы да сұраулық мағынадағы демеуліктер қатарында болып, кейіннен әбден зерттелгеннен кейін талғаулықты жалғаулық шылау қатарына қосылғандығы сөз етіледі.Басқа тілдермен салыстырып қарағанымызда, тува және тофалар тілінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегідей сол формада және сол мағынасында қолданылатындығы анықталды. Мысалы:
Тофалар тілі: азы чү ләән ? азы аьт паан, азы инәк поон – что это ? то ли конь, то ли корова ?. азы алыр мен баан , азы албас мен баан ? – или брать мне, или не брать.
Тува тілі:Даарта мен қызылче азы Абаканче чоруур мен – Завтра я поеду в Кызыл или Абакан. Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что- то виднеется не различаю: скот или караганник?
Йеме: Йеме сөзі көне түркі тілінде әртүрлі грамматикалық мағынада қызмет еткен. Мысалы: Күн демей, түн демей желіп барды. Бұл сөйлемді күн де, түн де желіп бардық немесе күн және түн де желіп бардық деп те аударуға болады. Шындығында, йеме сөзі демей формасына сәйкеседі. Түркі тілдер арасындағы фонетикалық өзгешеліктірін ескеретін болсақ, онда дыбыс алмасулары (адақ-айақ-азақ) кездесіп жатады. Осыдан йе-ме, де-мей сөздерінің бір негізді формалар екендігін көруге болады. Осы көне йеме элементінен қазақ тіліндегі және жалғаулықты шылау жасалынған деген пікір де жоқ емес. Біз бұлардың жасалу, шығу тектеріне жеке тоқталамыз. Біздің мұнда қарастыратынымыз оның контекстегі лексика – грамматикалық сипатын анықтау. Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен мысалдар келтіріп, талдауымызды ары қарай жалғастырайық. Мысалы: Түн йеме удусуқым келмез ерті – Түні бойы ұйқым келмеген еді. Бұл сөйлемде йеме – ні демей деп аударуға келмейді. Мұнда йеме сөзінің мағынасы қазақ тіліндегі септеулік шылау бойы сөзімен сәйкес сәйкес келеді немесе көне түркі тілінің заңдылығымен қарастырғанда, «түнде де ұйқым келмеген еді» деп аударуға болады. Көне түркі ескерткіштер тілінде бойы мағынасын беретін қоды тұлғалы шылау сөзі бар. Бұл бірақ нақты дәлел емес, өйткені қоды сөзі тек су, өзен атауымен тіркесіп қана қолданылған. Мезгілдік атаулармен (түн,кеш,түс т.б.) тіркесіп келгенін кездестіре алмадық. Сол себептен де йеме шылау сөзі бойы, та/те (да,де), демей, және сияқты әр түрлі шылаулардың мағынасында көрінеді. Бұл қазіргі қазақ тілімен салыстырып қарағандағы өзгешеліктер емес йеме шылауының Орхон – Енисе ескерткіштер тіліндегі контекстік мағынаға, одан қалды тіркес аралық мағынасына байланысты болып келеді. Яғни аталмыш единица контекстік мағынада бірде септеулік, бірде демеулік шылау қызметінде жүрген. Енді бір сөйлемде жалғаулыққа айналу қасиетін байқатады. Мысалы: Ел йеме будун йеме йоқ ертечі – Ел және халық та жоқ болар еді.
Жалпы йеме сөзі жалғаулықты шылау түріне толық өте қоймағанмен, кейбір контексте жалғаулықты шылау мәнін көрсете алған.Осы орайда, түркітанушы ғалым Н.Гаджиева жалғаулықтардың қалыптасуына байланысты өзіндік бөлу жолдарын көрсетеді:
Постопозитивная частица, присоединяясь к глаголу или к имени
сохраняет усилительное значение, не имея еще союзного значения ;
Развивается союзное значение присохранении еще усилительного
значения ;
Союзное значение, приобретая разнообразные оттенки становится
Ведущим [38,б.216]. Н.Гаджиеваның бұл тұжырымы қазіргі жекелеген тілдердегі жалғаулықтардың тарихи даму жолдары мен қалыптасуына байланысты айтылса керек. Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі йеме тұлғасын осы айтылған тұжырым бойынша қорытындылайтын болсақ, онда «Развивается союзное присохранении еще усилительного значения» деген екінші негізін құптаймыз. Шындығында, йеме жалғаулықты шылаудың бойында айтылған қасиеттердің бары анық. Дегенмен руникалық жазбаларда жалғаулықты шылау септеуліктер мен демеуліктерге қарағанда өте сирек кездеседі.
Сонымен 5-8 ғасыр жазбаларында жалғаулықты шылау мағынасында азу сөзі және енді ғана жалғаулықты шылау қызметінде көріне бастаған йеме сөзі бары анықталды. Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жалғаулықты шылаулар құрамы мен қолданылуы жағынан қазіргі қазақ тіліндегідей дәрежеде көріне алмайды. Атаушы сөздердің де жалғаулықтарға өту барысы белсенді емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-
Қазан:Татгосизд,1926.-127б.
Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,
А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл
білімі институты,1978. – 277б.
Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –
Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының
қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы
мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет
сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР
ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы/ Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в
киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. – 1992.- 192с.
Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-26б.
Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық
ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ҚР ҒА хабарлары , қоғам
ғыл.сериясы.1964. - №4.
Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.-
Алматы:Мектеп,1985.-69б.
Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. –
Алматы:КазГУ,1993. – 136б.
Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских
памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.
Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских
памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука
Каз.ССР,1969. – 296б.
Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/
М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/
Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.
Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-
2том.585б.
Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.
Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во
вост.лит.,1960. – 87с.
Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских
языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана
тілі, 1991. – 382б.
Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. –
Новосибирск:1986. –88с.
Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах
В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.
Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с.
Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с.
Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд
– во иност.лит, 1957. – 254с.
Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во
иност. лит, 1962. – 371с.
Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука,
1988. – 264с.
Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан
салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.
Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен
әдебиет институты, 1977. – 392б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/Қ.Жұбанов. –
Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.
Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/
С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.
Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева,
Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.
Шақаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі
қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің
мәселелері/Ы.Б.Шақаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.
Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во
лит. на иност.яз, 1948. – 614с.
Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.
Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников
древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ,
1981. – 190с.
Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы:
Мектеп, 1988. – 264б.
Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар/Р.Әміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу
пед.баспасы, 1959. – 70б.
Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/
Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.
Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ағманов. – Алматы:
Рауан, 1991. – 238б.
Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым,
1964. – 244б.
Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/
Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.
Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша
курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.
Молгаждаров Қ.К.Шылау сөз табының қалыптасу
тарихы/ Қ.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
КТк. - Күлтегін кіші жазу ескерткіші
КТү. - Күлтегін үлкен жазу ескерткіші
Тон. - Тонйұқұқ ескерткіші
БҚ - Білге қаған ескерткіші
МЧ - Мойын Чор ескерткіші
КЧ - Күллі Чор ескерткіші
ЫБ - Ырық бітік ескерткіші
ТУГ - Түркістан уәлаяты газеті
ДУГ - Дала уәлаяты газеті
Достарыңызбен бөлісу: |