Бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
С-О-5 санаты үшін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
C-O-5
|
83282
|
112430
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, 150000, Петропавл қ., Парк к., 57-в, анықтама телефоны 8 (7152) 53-42-48, факс 8 (7152) 53-36-00 е-mаіl: d.kirpb.sko@mid.gov.kz, «Б» корпусына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Нан өнімдерін, көтергіш ғимараттарын, газ шаруашылығын және қазандық нысандарын мемлекеттік қадағалау бөлімнің бас маманы, 1 бірлік, С-О-5 санаты.
Қызметтік міндеттері: Қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстарымен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақытылы жүргізілуін және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупі мен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға еңгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысу, қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысу. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларға тексеріс ұйымдастыруды және жүргізуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыру. Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру. Қауіпті өндірістік объектілердің қауіпті өндірістік заңды тұлғалары басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты қолданыстағы емтихан комиссиялары мүшелерінің бөлімдеріне тексеру жүргізу. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілердің техникалық құрылғыларды пайдалану мен байланысты қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін ерекше жағдайда тоқтату немесе тыйым салу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары бейіндері бойынша: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау, құрылыс) немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдары» (Аграрлық техника және технология). Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңдарын, сәйкес категория үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге кандидаттарды тестілеу бағдарламасымен қарастырылған, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы нақты лауазымдар міндеттеріне сәйкес, байланыстарын реттеу саласы бойынша, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін біліу. Нақты санаттың лауазымдары бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті басқада міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары:
С-О-5 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне үш жұмыс күні ішінде талапкерлердің әңгімелесуге өткізілгені жайлы рұқсат хабарлама беріледі.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстың комиссиясының отырысына қадағалаушылар жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Парламент депутатары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері , аккредиттік тәртіпте, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, басқа мемлекеттік органдар,біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік орган қызметкерлері конкурс комиссия отырысы қадағалаушылары ретінде қатыса алады.
Конкурстық комиссия отырысына қадағалаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Департаменттің Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінде тіркеледі. Тұлға тіркелу үшін Департаменттің Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөліміне жеке куәлік көшірмесін, ұйымға қатыстылығын растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.
Департамент басшығының келісімі бойынша конкурс комиссиясы отырысына сарапшының қатысуына рұқсат етіледі. Сарапшы ретінде Департамент жұмысшысы болып табылмайтын, тиісті функционалды жұмыс тәжірибиесі бар бос лауазымға жолдамамен тұлға соның ішінде, ғылыми салада, сондай-ақ, персоналдарды өзге мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихат депутаттары іріктеу мен жылжытуды қатыса алады.
Конкурстың кезеңдері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің көпшілікке көрінетін ақпараттық стендінде орналасатын болады, сонымен қатар, comprom.gov.kz интернет ресурсында.
Конкурсты өткізу ережесі мен құжаттардың үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілді және kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланды.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінt қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе онын аумақтық бөлімшелеріне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |