22.04.2020
Сынып жұмысы
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы
1-тапсырма
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы негізгі 3 бөлімнен тұрады. Олар мыналар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Әр бөлікте өзінідк ерекшеліктері болады. Айтылғалы отырған тақырып қалай басталса, аяғы да солай бітеді. Сол себепті айтушыға кіріспеге ерекше көңіл бөлген абзал. Ғалымдарымыздың пайымдауынша, сөйлер сөздің басы мен соңы адам ойында жақсы сақталады және көпке дейін ұмытылмайды. Яғни, сөйлеушіге кіріспе мен қорытындыны жүйелі әрі қызықты етіп әзірлесе, ары қарай тақырыпты талқылауда еш қиындық болмайды. Тағы бір айта кететін жайт, сөйлегенде нақты факт бойынша сөйлеп, дәлелдер келтірген дұрыс, тақырыптан ауытқып басқа мәселе қозғалып кетсе, тыңдаушыға тақырып мүлде қызық болмай қалуы немесе ол өз назарын басқа тақырыпқа аударуы ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |