«Мисс-Мияу» (зоологиялық кеш).
Мақсаты: Мысықтың емдік қасиеті ,мысық тұқымдас
жыртқыштар туралы әңгімелеу арқылы оқушылардың
дүние танымын кеңейту,табиғат құбылыстарын түсіне
білуге үйрету.
Көрнекілігі:Мысық тұқымдастардың суреттері,сөзжұмбақ, үн таспа.
Жоспары:
1. Мысықтың туысқандары(оқушылардың әңгімесі)
2. Төрт аяқты дәрігер.
3. «Мисс-Мияу» сайысы.
Өту барысы.
Бастауыш. Құрметті ханымдар мен мырзалар !
Бүгін сіздердің назарларыңызға “Хайуанаттар
әлемінде” хабарының кезекті бөлімін
ұсынамыз.
2).Мысық тұқымдастары туралы хабарлама жасалып,одан кейін жеке оқушылар гепард,қарақал,сілеусін,ілбіс,жолбарыс,леопард т.б туралы айтып берді.
3).Қорғауға алынған жануарлар дауысы тыңдалады (ілбіс,уссурий жолбарысы)
4).”Төрт аяқты дәрігер”әңгіме оқылады.
5).Көрініс “Ит пен мысық”.
6).Оқушылармен әңгіме.
7).Сайыс (мысықтарды ортаға шақырамыз).
1.Мысығын әзілмен таныстырады(көңілді,кербез,сәнқой,тышқан аулағыш т.б.)
2. Костюм киген мысықтар.
3.Мысықтардың өнері.
Үздік шыққан мысықтарға ұпай санын есептеп отыру арқылы орын тағайындалады.Эмблемалар,сыйлықтар тапсырылады.
8). Жұмбақтар.
1.Жол-жол сызық тоны бар,
Кісі қорқар жөні бар. (Жолбарыс)
2.Түссе күннің шуағы,
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Аузын жиі жуады. (Мысық)
Мысық қиял:
Тегін тышқан,тегін сүт,
Бола берсе шіркін-ай.
Ширатылып ,бегімсіп,
Тұрар еді мұртым-ай.
Мысық тұқымдастар жыртқыштар отрядына жататын жануарлар. Олардың дене бітімі ықшам,бұлшықеттері жақсы дамыған, аяғы ұзын болмағанымен күшті,тырнақтары жиырылғыш болып келеді. Олардың ұсақ және ірі түрлері бар.Көру және есту мүшелері жақсы дамыған. Иіс сезімі көпшілігінде нашар жетілген.Мысық тұқымдастардың 3 туысқа бөлінетін 37 түрі бар.Антарктида,Австралия,Жаңа Гвинея,Гренландия, Мадагаскардан басқа барлық құрлықта,ірі аралдарда таралған.
Қорегі сүтқоректілер ,құстар , жорғалаушылар . Терісі үшін ауланады . Қазақстанда мысық тұқымдастардың 8 түрі бар. Гепард , қарақал , барыс,қамыс мысығы ,сабаншы , сілеусін, мәлін, шағыл мысығы.
Гепард-бұрын Азия мен Африкада кең таралған. ХҮІІІ ғ. аяғына дейін Батыс Қазақстанда,Каспий мен Арал теңіздері аралығында шөл далада көп кездесетін.Қазір Маңғыстау мен Үстіртте ол жойылып бара жатқан аң.Қорегі тұяқты жануарлар.Сүтқоректілердің ішіндегі ең жүйрігі.Сағатына 110 км жылдамдықпен жүгіреді.
Қарақол-салмағы 13 кг сілеусінге ұқсас аң,денесі шағын.Аяғы мен құйрығы ұзындау келеді.Құлағының ұшында ұзын қылшықтары бар.Негізгі мекені шөл мен шөлейтті дала,негізінен түнде жортады. Үстүрт пен Маңғыстау өңірінде сақталған.
Сабаншы- Қазақстанда кең таралған жабайы мысық.Ұсақ кемірушілермен қоректенеді.Алтай,Тарбағатай,Жоңғар Алатауы сияқты таулы жерді мекендейді.
Сілеусін-еліміздің орманды аймақтарында таралған . Дене тұрқы
80-100 см құйрығы қысқа,салмағы 8-15 кг.Қорегін түнде аулайды.
Жолбарыс-Иран,Үндістан,Приморье,Приамурье,Орта Азияда сақталған.Қиыр шығыста тау ормандарында мекендейді..Дене тұрқы 800-280 см.Құйрығының ұзындығы 90см.Салмағы 250 кг,2-3 жылда 1-рет көбейеді.Көбіне жалғыз жүреді.
Ілбіс-қатал жағдайларға төзімді жыртқыш.Памир,Тянь-Шань,Алтай, Талас Алатауында кездеседі.Дене тұрқы 120-150 см,салмағы 4 кг дейін. Аң-құстарды аулайды.
Леопард-(қабылан)Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді.Қара түрін- қара пантера деп атайды. Закавказьеде сақталған.
Сервал-Африкада тіршілік етеді.Сілеусінге ұқсас.Биіктігі 1 м-ге жуық. Салмағы 16 кг дейін,құлағы үлкен.Есту мүшесі күшті дамыған,зерттеулерге қарағанда қорқып тұрған тышқанның денесінің дірілін естейді.Аяғы ұзын болмағандықтан түрлі акробатикалық қозға- лыстар жасап ағаштан-ағашқа найзағайша атылады.Салмағы 9 кг-дай болады.
Арыстан-«аңдар патшасы» болып саналады.Салмағы мен ұзындығы жолбрыс сияқты 220кг, 240 см.Аталығын аналығынан оңай айыруға болады.Аталығының басының айналасында жалы болады,аналығында болмайды. Арыстандар Африка мен Үндістанда кездесетін мысық тұқымдастар 25-30 жылдай өмір сүреді.Олар бұталар мен шөпті далаларда топ-тобымен жүреді.Арыстндар 10-20-дан бірігіп жүреді.Олардың ішінде жасы ,кәрісі,күшігі де болады.Топты күшті аталық арыстан басқарады.Басқалары оған қарсылықсыз бағынады.Олар жемін аулауға кеште шығады. Аң аулау кезінде көбіне тәжірибелі аналық арыстан,,тұяқты жануарлардың жел жағына шығып,ақырып дыбыс шығарады.Арыстанның дауысы мен иісін сезген аңдар үркіп кері қашады.Сол кезде оны бағып тұрған басқалары жемін күтіп алады.Ауланған жемді заң бойынша қартайған аталықтар,содан кейін аналықтары, ең соңында жас арыстандар жейді. Арыстандар терісі үшін ауланып азайып кеткен.Сондықтан ол Азия мен Африканың табиғатының тірі ескерткіші болып саналады.Олар қазір тек қорықтарда жүреді.
Мұғалім кешті қортындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |