Қазақ күресі
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді.
Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі.
Күрестің тарихы
Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын аңғаруға болады.
Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр-хүреш, Ат-хуреш, Ланса-хуреш, Шабарман-хүреш, Жебе-хүреш, т.б. Ээр – ер күшті мағынасында, Хүреш – балуан күресі мағынасын білдіреді. Біздің дәуірімізден 3 000 жыл бұрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көруге болады.
Көне грек жазушысы Эллиан (б.з.б. II-III ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынандай деректер келтіреді: «...егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді».
Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б.з.б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киім киген.
Көне грек жазушысы Клавдий Элиан: «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты, күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», - деп жазады. Ал, кіндік Азия елдерін шарлап, жиһангерлігімен аты шыққан итальян саяхатшысы Марко Поло да күрес өнері сақ елдерінде өркендеп өсіп, әскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтып, тарих шежіресіне тіркеген. Тағы бір саяхатшы, король Кастилий Генрих III-тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо өте-мөте құнды деректерді келтіреді. Ол даңқты қолбасшысы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдар аралығы екенін ескерсек, белбеуден ұстап күресудің ережесі әлдеқайда ертеден бастау алғанына көз жеткіуге болады. Темір әміршінің белбеуден ұстап күресуге қатты назар аударып, көз салып қарап отыруы туралы тың тарих жылнамасының мәні зор. Атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, басқа да бағалы металлдардан жасалған сыйлықтар, тарту-таралғылар беріліп отырған. Тағы бір құнды жаңалық: атақты тарихшы Әбілқазы Бахадүрхан былай деп жазады: «Чурас деген бектің бірі айтты: «Осында бір күшті бар. Сол онымен күресіп көрсін. Егер ол оны жеңсе, мен мұсылман боламын. Моңғолдың күштісін алып келді. Шейх білекті түрінді. Әлгі балуан өте қарулы екен. Бірақ, Шейх оны кеуде тұсынан қатты ұрып еді, моңғол есінен танып құлап жатты... Әмір Чурас жағдайды көргеннен соң мұсылман дініне енді. Бұл күні 160 мың адам мұсылман дінін қабылдады. СоданберіШағатайұлысында ислам мемлекеттікдінболыпжарияетілді».
Діни-саясимәнгеиеболғанкүрестіңқұдіретіносыдан-ақбілугеболады. Ру, тайпаөкілдерініңдаңқтыбалуандарынбүкілқазақбілген.
Жылдаржылжыпөтті, ғасырларарттақалды. Соданберіқазақтыңұлттықспорты – күресешқашантіршіліктентысқалмай, біргежасасыпкеледі. Тарихижазбалардабалуандықөнертуралыдеректерөтекөп. I.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы мен Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағыбалуандардыңайқастарыхалықтыңбауырынанбастауалғанөнердіңмәңгілікекеніндәлелдейтінбірғанамысал. Батырларжырларыназерсалсаңыздархалықтыңжекпе-жекөнерінеасылмұраретіндеқарағанынакүмәнкелтірмейсіз. Академик, ғалымӘлкейМарғұлан «балуан» сөзінкөнетүркінің «блбл» сөзіненшыққандығынайтакеліп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпіртас» қазіргіуақыттағы «балуан», яғникүшті, мықты, алыпұғымынберетіндігінкөрсетеді.
Қазақ күресінің қысқаша тарихы
Жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық һәм спорттық деп бөлуге болады. мысалы, сумо жапондықтардың ұлттық күресі-де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т.б.) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар — Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған. Сол сияқты моңғолдың ұлттық күресі «бөх»-тің де 1000 жылдан астам тарихы бар екен. Тіпті Шыңғыс заманына қатысты тарихи деректерде ұлттық күрестен сайыс өтіп, қағанның інісі Қасар топ жарғаны жайлы айтылады.
Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілген. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан т.б. дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар.
Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар — күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған.
Сол сияқты байырғы көшпенді ата-бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы — қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ, ол өткен ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады. Арысқа түсу дегенміз — екі қауым, екі ел немесе екі ру өздерінің балуандарын алып келеді. Көрермендерге әсерлі болуы үшін, оны шынжырлап, ноқталап әрі көз-сұқ тимесін деген ниетпен жабулап ұстайды. Балуанды күрес алаңына, яғни арысқа әкеле жатқан мезетте шынжырлы балуан жақтасарын шынжырымен қоса сүйреп, қарсыласын жеп қоярдай өкіреді. Бұл нақтырақ айтқанда психологиялық шабуыл әрі театрланған көңіл көтеру. Осылай екі балуан арысқа түсіп қай жеңгені жүлдені алады, я болмаса, «менімен күш сынасатын тағы кім бар» деп көпшілікке қолқа салады.
Ал, қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталады. Алғаш рет 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған Алматы, Батыс Қазақстан (Орал, Атырау, Ақтөбе), Қостанай, Оңтүстік Қазақстан (бұрынғы Шымкент және Жамбыл өңірі), Семей, Павлодар облысының балуандары қатысыпты. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Жеңіл салмақта М.Құрманбаев (Алматы облысы), орта салмақта Еңсеп Досқалиев (Батыс Қазақстан), ауыр салмақта А.Мусин (Павлодар) жеңімпаз атанады. Түйе балуан атағы үшін алты балуан белдеседі. Еңсеп әуелі оңтүстіктің балуаны С.Қасықбаевты жеңеді. Шешуші бәсекеде Е.Досқалиев өзінен алты жас үлкен, әрі салмағы тоғыз келі ауыр А.Мусинді жеңіп қазақ күресі тарихында тұңғыш ресми «Түйе балуан» атанған екен. Өкініштісі жауырыны жерге тимеген атақты балуан Еңсеп Досқалиев 1944 жылы соғыста қаза тауыпты.
1938 жылы республикалық ауыл Спартакиадасында өтетін болып қазақша күрестің жаңа ережесі қабылданған. 1940 жылы қаңтар айында Алматы қаласында қазақша күрес өкілдері екінші рет бас қосып, жоғарыдағы ережеге өзгеріс енгізеді. Әрі жаңа ереже бойынша бір қана салмақ дәрежесімен Қазақстан чемпионатын өткізеді. Оған, Алматы, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, ОҚО, Павлодар, Өскемен, Семей өңірінің балуандары қатысты. Тағы да орта салмақтағы Еңсеп Досқалиев ешкімге дес бермей бәрін жеңеді. Осы жылы (1940) шілде айында Мәскеу қаласында ҚазССР-ның 20 жылдығына орай орталық «Динамо» стадионында мыңдаған көрерменнің алдында біздің балуандар қазақша күрестің үлгісін көрсетеді.
Бұл жерде, яғни Мәскеуде қазақша күрестен басқа өзбек, тәжік және түркімен халықтары да өз күрес түрлері бойынша көрсетілім жасаған. Бірақ кеңестік спорт мамандары қазақша күрес үлгісін оңтайлы көріп, осы үлгі бойынша 1941 жылы, ақпан айында Фрунзе (Бішкек) қаласында Орта Азия және Қазақстан халықтарының чемпионатын өткізу жайлы шешім қабылдайды. Бұл біріншілікке еліміз атынан 10 балуан қатысып, Еңсеп Досқалиев бастаған біздің азаматтар командалық есепте бас жүлдеге ие болған. Бұлар қазақ күресі тарихында халықаралық жарысқа қатысып, тұңғыш рет чемпион болған тұлғалар.
Осылай қазақша күрес халықаралық дәрежеде қарқын алып келе жатқанда, екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, арада он неше жыл үзілістен кейін 1952 жылы қана Орта Азия және Қазақстан спортшылары Спартакиадасында жоғарыдағы ереже негізінде жарыс өткен екен.
Қазақша күрес тарихында айта жүрерлік оқиға соғыс аяқталған 1945 жылдың күзінде Семейде Абайдың 100 жылы. Дереккөзіне жүгінсек, соғыстан бұрын қазақша күреспен айналысып, балуан атағы шыға бастаған азаматтардың барлығы соғыстан оралған жоқ. Аман-есен келгендердің өзі мүгедектігіне байланысты күреске шыға алмаған. Абайдың жүз жылдық торқалы тойы соғыстың зардабынан әбден еңсесі езілген халықтың рухани сілкінісін оятқан зор оқиға болғаны сөзсіз. Тіпті тойға атақты балуан Қажымұқан атамыздың өзі келіп қатысқан. Күрес 1940 жылы қабылданған ереже бойынша өтіп, Семейдің Ақсуатынан келген балуан Дәулен Әбікенов пен Абыралы елінің жойқын күш иесі Әшкен екеуі шешуші арысқа түседі. Дәулен Әбікенов қарсыласын төңкеріп тастайды. Осы күрестің басы қасында болып, арыстардың айқасын көзбен көрген халық ақыны Төлеу Көбдіковтің:
Балуандар жағаласып жармасқанда,
Алысып айдаһардай арбасқанда,
Балуаны, Ақсуаттың лақтырып,
Шығарды бұрқ еткізіп шаңды аспанға… — дейтін ұзақ жыры бар. Сөйтіп, қарсыласын «шаңды аспанға шығарып» жеңген Дәулен балуан атан түйе бәйгесін Қажыекеңе сыйға тартып, қонақкәде жасайды. Осы той кезінде Қажымұқан балуанды ортаға алып, Дәулен Әбікенов, Мариям Жагорқызы мен оның күйеуі Дүйсен қатарлы көп адам бірге түскен фото сақталған(суретте).
Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.
ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта «итжығыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған.
«Итжығыс» - екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаған жағдайда «итжығыс» болды деп күресті тоқтатқан немесе балуандардың екеуі де бір мезгілде жерге құлаған жағдайда «итжығыс» деп, балуандарды қайта күрестірген.
«Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бірі. Негізгі мағынасы – бір адамның екінші адамның басынан аттауы арқылы «күш» алу. Бұл түсінік бойынша жеңілген адамның «күші» жеңген адамға өтеді. Күресу кезінде жеңген балуан жығылған балуанның басынан аттаса жеңімпаз атанған.
1928 жылға дейін қазақ күресіне арналған бірыңғай ереже болған жоқ. Сондықтан күреске шыққан балуандардың жас ерекшеліктері, салмақ дәрежелері ескерілмеді. Балуандар күресі алдын ала өзара ауызша келіскен шарт бойынша өткізілді.
Әр аймақта күрестің өзіндік ережелері болған. Күрес киімі әр өңірдің дәстүріне сәйкес ойластырылып, киілетін болған. Қандай ережемен белдесетіндерін балуандардың өзара келісімдері бойынша шешіліп отырған. Сондай-ақ, күресудің әдістерін балуандар өзара ақылдаса отырып, алдын-ала айтып отырған. Халық арасында ауыздан ауызға жеткен күрес ережелерін қатаң түрде сақтауға тырысқан. Сол заманда ең мықтыны атайтын «түйе балуан, өгіз балуан» сөзі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр.
Қазақша күрес ережелері
Қазақ күресінің басты ерекшелігі: табан тіреп ұстасқан сәтте тобықтан қағуға, шалуға рұқсат етіледі, ал ұстасқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Қазақ күресінің ауқымы, көкжиегі өте кең. Қазақ күресін жетік меңгерген адам өзге халықтардың күресін еркін меңгеріп кетеді. Кейбір әдістер күрестің классикалық түрлеріне сай келетінін айта кеткен дұрыс. Қазақ күресінің ең бір ерекше тұсы мұнда төрттағандату (партер) жоқ. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді.
Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісін жасайды. Қазақша күрес аудандық, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.
Қазіргі қазақ күресі
Тұңғыш рет қазақ күресі 1938 жылы Алматыда өткізілген колхозшылардың республикалық спартакиадасының бағдарламасына енгізілді. Ұлттық күрестен сайысқа түсушілердің қарасы көп болғандықтан, оларды үш топқа бөліп тастады. Жеңіл салмақтағылар – 65 келіге дейінгі, орта салмақтағылар – 76 келіге дейінгі, аса ауыр салмақтағылар – 76 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде белдесті.
Бұл спартакиадада Семей облысының балуандары: С.Адасқанов, К.Алтыбасаров және И.Түменов республика жеңімпаздары атанды.
Бұл спартакиада Ел мықтыларының есімін көпке танытумен бірге, ұлттық күрес өнерінің өрісін кеңейтуге жол ашты.
Кезекті екінші спартакиада 1939 жылы Семей қаласында жалғасты. Бұл жолы жанкүйер қауым боз кілем үстінде тағы бір таланттардың шоғырына куә болды. Жеңіл салмақта - Құрманбаев /Алматы облысы/, орта салмақта - Досқалиев /Батыс Қазақстан облысы/, ауыр салмақта - Мусин /Павлодар облысы/ қарсыластарын түгелдей тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Дәл осы жарыста «түйе палуан» атағы үшін сын өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіске жетті.
Дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтіп, балуандардың тәжірибесін халық мұратына жаратуға 1940 жылы жақсы мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі құрметіне арналған біріншілікке қатысушылар енді бес салмақ дәрежесі бойынша күрес кілеміне шықты. Жеңіл салмақта – Байдәулетов, жартылай жеңіл салмақта - Құрманбаев, орта салмақта - Төлегенов, жартылай орта салмақта - Мақманов, ал ауыр салмақта - Жұмабаев бас жүлдеге ие болды. 1955 жылы салмақ дережесі сегізге дейін көбейтіліп, қазақ күресі бойынша жарыстың жалпы ережесі бекітіліп, жарыққа шықты. Бұл іске қамқорлықпен қарап, ұйтқы болған Мұзафар Рақымқұлов есімі жанкүйерлердің жадында сақталатыны даусыз.
1952 жылы Түрікменстанның астанасы - Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстан Республикасы спортшылары арасындағы спартакиада ойындарының бағдарламасына ұлттық күрес те енгізілген еді. Бұл жерде бес елдің білікті мамандары өзара ақылдасып, ұлттық күрестің негізгі ережесі етіп қазақ күресі тәсілдерін алуға келісті. Өйткені, қазақ күресінің ережелері классикалық күрестердің табиғатына жақын әрі оның болашағы зор екендігі анық еді.
Күткендей-ақ, бұл дүрмекті, аса тартысты күрес бәсекесінде қазақстандықтар табысты болды. Жеңіл салмақта семейлік К. Бибатыров, орта және жартылай ауыр салмақтарда қарағандылықтар Күлен Бәкіжанов пен Әлімшайх Селімбаев үздік шықты.
1959 жылы Мәскеудегі КСРО халықтарының екінші жазғы спартакиадасын өткізу кезінде ұлттық спорттық күрес түрлері бойынша бапкерлер мен мамандардың Бүкілодақтық бас қосу семинар-жиыны болды. Негізінен онда жарыс ережесін түпкілікті екшеп, хаттау мәселесі қаралды. Мамандардың талқылау барысында қазақ күресімен бірге грузиннің «чидаоба», молдаванның «трынта» күресінің ережелері аса жоғары бағаға ие болды. Одан соң қарағандылық балуандар Ж.Тәтиев пен С.Аманжолов спартакиадаға жиналған қалың жұртшылықтың алдында қазақ күресінің әдіс-амалдарын асқан шеберлікпен көрсетіп, қошеметке бөленді. Бұған дейін 1949 және 1953 жылдары да Қазақстанның біріншілігі болып жатқан тұста республикамыздың беделді мамандары қазақ күресінің ережесін жетілдіріп, пысықтау мәслихатын өткізді.
Қазақ күресінің басты ерекшелігі: табан тіреп ұстасқан сәтте тобықтан қағуға, шалуға рұқсат етіледі, ал ұстасқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Қазақ күресінің ауқымы, көкжиегі өте кең. Қазақ күресін жетік меңгерген адам өзге халықтардың күресін еркін меңгеріп кетеді. Кейбір әдістер күрестің классикалық түрлеріне сай келетінін айта кеткен дұрыс. Қазақ күресінің ең бір ерекше тұсы мұнда төрттағандату (партер) жоқ.
Әрине, осындай ғажап күресі бар қазақтан әлем мойындаған даңқты балуандардың (Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов т.б.) шығуы заңды құбылыс.
Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті. Төл күресімізден тұңғыш рет ұйымдастырылған әлем додасы 2006 жылы Алматы қаласында жалауын көтерсе, екінші Әлем біріншілігі Ресейдің Орск қаласында өтті, үшінші Әлем біріншілігі 2010 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында жалауын көтерді. Ал, Еуропа Біріншілігі 2007 жылы Ресейдің Орынбор қаласында өтті. I Азия біріншілігінің тұсауы тұңғыш рет 2005 жылы Ресейдің Алтай республикасындағы Қосағаш елді мекенінде кесілді. II Азия біріншілігі 2006 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, III Азия біріншілігі 2007 жылы Қазақстанның Қарағанды облысындағы Қ.Сәтпаев қаласында, IV Азия Біріншілігі 2008 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата каласында, V Азия біріншілігі 2009 жылы Қазақстанның Қызылорда қаласында, VI Азия біріншілігі 2010 жылы Қазақстанның Өскемен қаласында, 2011 жылы VII Азия біріншілігі және І Әлем Кубогы Индияның Пуна қаласында, Жастар арасында І Азия біріншілігі мен І Әлем чемпионаты Иранның Машад қаласында болып өтті.
Қазақстан барысы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы керектігін ескертіп, Қазақстан халқына жолдауында спортқа ерекше басымдық береді. «Қазақстан Барысы» жобасы да халықтың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты серік етуіне, өзінің ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, төл спорттың тынысын ашуға серпін беріп келеді. Одан бөлек, «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы бүгінге дейін босағадан сығалап, тек ас пен тойдың көркі болып келген қазақ күресінің мәртебесі асқақтады. «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы қазақ күресінің Олимпиада ойындарының бағдарламасына ену мүмкіндігі де молайды. Себебі, «Қазақстан Барысында» чемпион атанған спортшы еліміздегі Олимпиада жеңімпаздарымен тең дәрежеде құрметтеледі.
«Қазақстан Барысы» жобасы танымал журналист, «КТК» телеарнасының бас директоры Арман Төлегенұлы Шораевтың идеясымен халыққа жол тартты. Кезекті іссапарларының бірінде Моңғолияға жол тартқан Арман мырза сол жақтағы ұлттық мерекенің тойлану сәтіне куә болады. Моңғолияның ұлттық күресінен өтетін доданы тамашалау үшін стадионға он мыңдаған халық жиналады. Бұл алып балуандардың жай ғана күресі емес, үлкен шоу еді. Осы сәттен әсерленген Арман Шораев елге келген бетте ешқандай күрес түрлерінен кем түспейтін қазақ күресінен ірі жобасын қолға алу керектігін ұғынады. Осылайша, «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастыру ісін бастап кеп жіберді. Алдымен «Қазақстан Барысы» турнирін облыстық деңгейде ұйымдастырып көрді. Қызылорда облысының аумағында өткен сында қазақ күресінің шеберлері бұл жоба іске қосылса, ғұмыры ұзақ, көрермені көп болатынын дәлелдеді. Арада көп уақыт өтпей, 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде тұңғыш рет Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.
Еліміздің әр облысынан 4 балуан, жалпы есебі 64 спортшы қатысқан додада Қызылорда облысының намысын қорғаған Ұлан Рысқұл чемпион атанды. Ұлан дзюдодан әлем кубогы бәсекелерінде олжа салып жүрген, қазақ күресінде де қанжығасы жиі қанданатын спортшылардың қатарынан. Финалда ол әккі қарсыласы, Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаевты жеңді. Күміс Бейбітке бұйырса, қола жүлдеге Шығыс Қазақстан облысының батыры Шалқар Жоламанов иеленді. Осылайша, негізінде Алматы облысында дүниеге келіп, кейін Қызылорда өңірінің намысын жыртқан Ұлан Рысқұл тұңғыш «Қазақстан Барысы» ретінде тарихта қалды.
2012 жылы турнир қайтадан жалғасын тапты. Еліміздің әр аймағында іріктеу сындары жүргізіліп, еліміздің әр аймағынан жиналған 33 балуан ақтық сынға қатысу құқына ие болды. Ал, дзюдошы Ержан Шынкеев іріктеу айналымдарына қатыспай-ақ, бірден финалда күресті. Себебі, 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастыру ел спортшыларының Лондон Олимпиадасына дайындалған тұсына тура келді де, көптеген балуандар Олимпиадаға қарқынды дайындалды. Осыдан соң, турнирді ұйымдастырушылар наурыз айында өткен баспасөз мәслихатында Олимпиадаға қатысқан балуандар «Қазақстан Барысында» бақ сынаймын десе, оларды тікелей финалға қатыстырамыз деген болатын.
2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирін жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев ұтып алды. 2011 жылы ақтық сында сүрінген Бейбіт бір жылдан соң барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп отырды. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы Ұлан Рысқұл ширек финалда оралдық Арман Әбеуовке жол берді де, жүлде ауылынан алыс қалды. «Тараз арланы» деген лақап аты бар Бейбіт Ыстыбаев финалда шығыстың шымыры Шалқар Жоламановпен белдесіп, таза жеңіспен кездесуді өз пайдасына аяқтады. «Сарыарқа» велотрегін дүбірге бөлеген сында Бейбіт Ыстыбаев еліміздегі ең адуынды балуандардың бірі екенін дәлелдеп, 2011 жылы финалда кеткен есесін қайтарды. Күміс белбеу Шалқар Жоламановқа бұйырса, қола тұғырдан Шығыс Қазақстан облысының тағы бір өкілі Айбек Нұғымаров көрінді. Айбек қола жүлде үшін күресте Арман Әбеуовпен белдесіп, жеңіске жетті.
2013 жылы турнир ауқымы одан әрі кеңейіп, «Қазақстан Барысының» іріктеу айналымдарына қойылатын талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар, 2 жыл бойы жанкүйер жүрегіне жол тартып, қазақ күресінің абыройын асқақтатқан жобаға қатысам деушілер қатары да тым көп еді. Алайда, еліміздегі ең айтулы спорттық доданың финалына шығу үшін балуандарға 3 іріктеу кезеңін артта қалдыру керек болды. Алдымен еліміздің әрбір ауыл-аймағында іріктеу сындары өтті. Өз ауылында дес бермегендер аудан орталығында бақ сынап, «Қазақстан Барысы» жобасына іріктеу айналымының екінші кезеңін артта қалдырады. Ал, үшінші іріктеу айналымы әрбір облыс орталықтарында өтеді. Міне, тап осы облыстық сында оза шауып, қарсыласынан басым түскен 2 спортшыға «Сарыарқа» велотрегінде өтетін республикалық финалға қатысу мүмкіндігі берілді.
2013 жылы «Қазақстан Барысы» жобасын ұйымдастыру ісінде біршама алға жылжушылық бары байқалды. Себебі, турнирді ТМД аймағына тарайтын «Боец» және Грузияның кабельді «GMG» арналары тікелей эфирде көрсетті. Турнир идеясының авторы Арман Шораевтың мәлімдеуінше, «Боец» телеарнасы арқылы «Қазақстан Барысы» турнирінің биылғы финалдық сынын Ресейде 1,5 миллион, ТМД мемлекеттерінде 1,5 миллион көрермен тамашалапты. Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «КТК» телеарнасы арқылы 6 миллион көрермен финалдық бәсекені жіті қадағалаған. Одан бөлек, республикалық «Сарыарқа» велотрегіне финалды арнайы көру үшін 12 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Мұның бәрі қазақ күресіне деген халық ықыласының, балуандар назарының оң екендігін көрсетеді.
«Қазақстан Барысы» жобасын «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры ұйымдастырады. Енді санаулы айлардан соң, еліміздің бас барысын анықтау ісі қайтадан жаңа парағын ашады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Лондонда өткен 30-шы жазғы Олимпиада ойындарында зор жетістіктерге жеттік. Еліміз спорттық бәсекелерді ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақтады. Былтырғы Қысқы Азия ойындары – осының айқын дәлелі. Сондықтан, «Қазақстан барысы» секілді ауқымды жарыстарды өткізуге барынша қолдау жасалуы керек. Сайыпқыран ерлерге сәттілік тілеймін!» деп батасын берген жоба ұлттық күресімізді ұлықтауды одан әрі жалғастырады!
Қорытынды
Қазақ күресі – нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің келешегі – кемел, болашағы жарқын.Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр.Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнеріҚазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қолданылған әдебиет:
http://www.zharar.com
http://e-history.kz
http://kb.smarty.kz
http://ulttyqsport.kz
Достарыңызбен бөлісу: |