Курс бойынша: табиғатқа қатысты «Күш», «Жарық және дыбыс», «Энергия», «Күн және Жер» тақырыптары қамтылған



Дата03.02.2023
өлшемі42,69 Kb.
#167317
Байланысты:
Аннотация
5 сынып Қалыптастырушы бағалау 2023-2024, Қалыптастырушы бағалау 5 сынып 2023, ATL Skills 6 grade 2 unit



Рецензия

Бұл тақырыптың негізгі бағыты физика пәнімен қатар қоршаған ортада кездесетін қызықты табиғат құбылыстарына мысалдар келтіру арқылы тек қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де тереңірек ақпарат беру. Курстан алған білім мен білік дағдыларын кеңейту арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Оқушылар курс тақырыптарын үйрене отырып, қоршаған орта туралы түрлі мәліметтермен танысып, білімін тереңірек дамытады. Оқу барысында табиғатта болып жатқан құбылыстарды бақылап, тәжірибелер жүргізіп, білімдерін, қызығушылықтарын арттырады. Заңдылықтармен таныса отырып, табиғаттың көптеген ерекшелігін, олардың арасындағы байланыстар жайлы көптеген ақпарат алады. Бағдарламадағы қазақша-ағылшынша жаңа ұғымдарға көңіл бөле отырып, сабақ барысынды қолданып көреді.
Курс бойынша: табиғатқа қатысты «Күш», «Жарық және дыбыс», «Энергия», «Күн және Жер» тақырыптары қамтылған.
Жалпы курстың мақсаты: мұғалімге физикамен қатар, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қазақ тілінде ғана емес, ағылшын тілінде түсіндіріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Рецензент:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
«Инженерлік ғылымының магистрі»
Көк Есенкелді ____________ «06» қазан 2022ж.


Рецензия
Ғажайып физика әлемі тақырыбындағы қолданбалы курс оқушыларға физика пәнінен алған білімдерін әрі қарай дамытуға және ағылшын тілімен байланыстыра отырып білімдерін тереңдетеді.
Курстың негізгі мақсаты оқушыларға мектеп бағдарламасы бойынша физика пәнімен қатар қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қарапайым тілде түсінуге мүмкіндік береді.
Курсты өту барысында физиканың заңдылықтарын ғана емес, сондай – ақ айналамызда болып жатқан процестерді әр түрлі тәсілмен, қызықты ойынтармен және сергіту жаттығуларымен түсіндіру. Сонымен қатар оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана алуға үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде физикалық терминдермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Қолданбалы курс ағылшын тілінде сабақ өткізетін мұғалімге қөмекші материал болады. Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қазақ тілінде ғана емес ағылшын тілінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Курс 36-сағатты қамтитын төрт тараудан тұрады. Сонымен қатар күнделікті болып жатқан процестің барлығы физикалық процесс екенін білген оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

Рецензент:


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің
«Жаратылыстану ғылымының магистрі»
Бидірахымова Еркежан Бейбітқызы ____________ «06» қазан 2022ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет