Жалпы орта білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Абайтану» курсының авторлық оқу бағдарламасы
Түсінік хат
«Абайтану» курсы бағдарламасы ұлы ақын шығармаларын терең түсіну арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін таныту арқылы жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеуді көздейді.
Курсты оқытудың міндеттері:
Абайдың шығармасымен, аудармаларымен терең танысу, қазақтың сөз өнерінің құдіретін білу, сөз мәйегін танытуды оқушыларға, жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
Адамның кемелденіп дамуындағы көркем сөздің өзіндік орнын түсіну, бағалау, адамның толысу жолында сөздің берер қуаты арқылы рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту;
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы, ақындық мектебінің поэзиясындағы өзіндік дәстүрі мен жаңашылдығын үлгі ету;
Ақынның шығармаларындағы нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, сол нақыл сөздердің адам өміріндегі мәнін, шығармаларының адамгершілік идеяларын таныту;
Қазіргі Абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету.
Абайды тану, оның шығармаларының мәні мен маңызын сезіну, күллі азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, терең бойлай білу, жан-жақты талдау, ол – ұрпақтың міндеті болмақ.
Абайтану материалдары негізінде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бар. Оқушыға ізденіс тапсырмасын бере отырып, танымдық-шығармашылық қабілетін ұштаймыз, өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызамыз. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін үлкен жетістік.
«Абайтану» таңдау курсында оқушылар үшін алдыңғы сыныптардан қалыптасып келе жатқан өз бетінші оқу, өз бетінше іздену, өз бетінше шешім табу, өз бетінше сараптау, өз бетінше бағамдау сияқты оқу әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі. Бұл тұлғаның жетілуіне мүмкіндк береді.
Абайтану оқу-әдістемелік кешенінде бүкіл дүние тынысы бар: сұлулық та, сүреңсіздік те, қаталдық та, қайырымдылық та, елдік, адамгершілік – бәрі-бәрі бар. Абай шығармаларын оқығанда адамгершілік мәселесіне тәнті болып, оқушыларға адами құндылықтар туралы баса айтылады. Оқушылар кейіпкерлерді салыстыра отырып, оны шығармашылықпен пайдалана алады. Міне, оқушы осылай сөз құдіретін бойына сіңіреді, бұл әрине, ең нәтижелі сабақ болмақ. Қазіргі жаһандану кезеңінде мұғалім жұмысының нәтижелілігі:
Оқушы ойлау қабілетінің ұшқырлылығы;
Өз ойын еркін айту, пікірін дәлелді түрде қорғай алу, басқаның пікіріне өз ойын нақты жеткізе алу;
Зейініне көңіл бөле отырып, әр ғылым саласында баланың қабылдауын анықтау;
Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуіне назар аудару, ол үшін ғылыми жобалар сайысы мен ғылыми конференцияларға қатыстыру;
Оқушының өзіндік ізденуіне мүмкіндік жасау, бағыт, бағдар беру;
Оқушының қабілет деңгейіне қарай күрделі тапсырмалар бере отырып, ғылым сырларына жетектеу арқылы көрініп, бағаланбақ.
Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды нақтылап, оның маңайындағы ақын шәкірттерімен байланысын алып қарастырғанда, ақындық дәстүрден де басқа, ұстаз бен шәкірт арасындағы күнделікті қарым-қатынастардың нақтылы көріністері бой көрсетеді. Яғни, Абай поэзиясының кейінгіге әсер-ықпалы деген мәселеден басқа, Абайдың тікелей тәрбиесі, ұстаздық ұлағаты, тіпті оның өлең жазуға баулу, үйрету әрекеттері айқындалды.
Абайды зерттеуші ғалымдар ұлы ақынды халық ұстазы деп біледі. Ақынның шығармашылық қызметі – халықтың рухани қазынасы. Осы халықтың рухани қазынасын, Абайдың асыл мұрасын 7-сынып оқушыларының деңгейіне қарай ықшамдеп беріп отырмыз.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Реті
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
7-сынып
|
1
|
М.Әуезов. Ақын шығармашылығының қалыптасуы
|
1
|
06.09
|
2-3
|
Абайдың қырық екінші және жиырма тоғызыншы қарасөздері
|
2
|
13.09-
20.09
|
4
|
А.Құнанбайұлы. Жастықтың оты жалындап
|
1
|
27.09
|
5
|
А.Құнанбайұлы. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
|
1
|
04.10
|
6
|
Б.Ердембеков. Абай қалыптастырған өнер ортасы
|
1
|
11.10
|
7
|
А.Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
|
1
|
18.10
|
8
|
А.Құнанбайұлы. Сабырсыз, арсыз, еріншек
|
1
|
25.10
|
9
|
А.Құнанбайұлы. Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ
|
1
|
08.11
|
10
|
Б.Ердембеков. Абай мектебіндегі айтыс жанры
|
1
|
15.11
|
11
|
Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы.
|
1
|
22.11
|
12
|
М.Жолдасбеков. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
|
1
|
29.11
|
13
|
М.Жолдасбеков. Халықтың сүйген ақыны
|
1
|
06.12
|
14
|
М.Ысқақова. Қажырлы еңбек
|
1
|
13.12
|
15
|
М.Әуезов. Абай Сүйіндік ауылында
|
1
|
20.12
|
16
|
Ә.Тәжібаев, Ш.Сәтбаева. Рухани тірек
|
1
|
27.12
|
17
|
Ш.Құдайберді. Анық пен танық
|
1
|
10.01
|
18
|
М.Жолдасбеков. Абайдың тілегені – халықтың бірлігі
|
1
|
17.01
|
19-20
|
Б.Ердембеков. Абайдың аудармалары
|
2
|
24.01-
31.01
|
21
|
М.Әуезов. Бөжей асы
|
1
|
07.02
|
22
|
Қ.Мұхамедханов. Мағауия – Абайдың ақын шәкірті
|
1
|
14.02
|
23
|
М.Абайұлы. Еңлік-Кебек дастаны
|
1
|
21.02
|
24
|
Е.Мұқашев. Уәйіс – Абай шәкірті
|
1
|
28.02
|
25
|
У.Шоңдыбайұлы. Шыңғыстау
|
1
|
06.03
|
26
|
Қ.Мұхамедханов. Тұрағұл – ақын, аудармашы
|
1
|
13.03
|
27
|
Ж.Әубәкір. Абайдың шәкірті - Көкбай
|
1
|
20.03
|
28
|
К.Жанатайұлы. Сабалақ
|
1
|
10.04
|
29
|
Б.Ердембеков Абай өнегесін жалғастырушы
|
1
|
17.04
|
30
|
Ә.Тәңірбергенұлы. Еңбек туралы
|
1
|
24.04
|
31-32
|
А.Құнанбайұлы. Масғұт
|
2
|
01.05-08.05
|
33
|
Қ.Аманжолов. Абай арманы
|
1
|
15.05
|
34
|
Қ.Шаңғытбаев. Атады таң, батады күн.
|
1
|
22.05
|
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 2005.
Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. – Алматы: Дәуір кітап, 2012.
Жүсіпов Қ. Өлең сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991.
Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Көркем әдебиет, 1957.
Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: Жазушы, 1989.
Мұхаммедханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. Т.1. – Алматы: Атамұра, 1993.
Ғабдуллин Н. Абай тағылымы. – Алматы: Жазушы, 1998.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997.
Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988.
Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра, 1984.
«Қазақстан мектебі» журналы. №8, 1997. №4, 1988.
«Абай» энциклопедиясы. «Атамұра» 2000.
«Абай» журналы. №5 1999, №1, 2, 3, 4. – 1996.
«Абай» журналы. №10 1994, №5, 12. – 1998.
Құрманбаева Г. Абайдың Тәрбиелік тағылымы. – Алматы: Рауан, 1996.
«Семей таңы» 12 тамыз, 2005 жыл.
Ерзакович Б.Г. Айттым сәлем, қаламқас. – Алматы: Өнер, 1986.
Ұлылар мекені. Суретті, деректі кітапша. – Астана: Елорда, 2005.
Сапаралы Б. Құнанбай қажы. – Астана: Ер-Дәулет, 1995.
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы, 1968.
Жиреншин Ә. «А.Құнанбайұлы» // «Абай» журналы №11
Абайұлы Т. Әкем Абай туралы. – Алматы, 1993.
Алдажаров Қ. «Олжай ұрпақтары» // «Абай» журналы №5
М.Иманжапаров. Семей өңірінің ақын-жазушылары. – Семей: Үш биік, 2010.
Ердембеков Б. Абайтану. – Астана: Фолиант, 2012.
Ахметов З., Шаңбай Т. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |